Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты "Жеңіс - ертеңгі ел тыныштығы"

Ашық тәрбие сағаты "Жеңіс - ертеңгі ел тыныштығы"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Жеңіс – ертеңгі  ел  тыныштығы»

Сабақтың  мақсаты:

1.     Балаларды  ұлы  мейрам – Жеңіс күнімен, фашистік Германияны жеңген  күнмен  таныстырып, балалардың  білімін  кеңейту.

2.     Отан  қорғаушы  батырлардың іс-әрекеті, тыл  еңбекшілерінің  еңбегі  халықты  жеңіске   жетелегені   жайында  баяндау.

3.     Өз  елінің  тарихын  белгілі  беттеріне, соғыс  пен  еңбек  ардагерлеріне деген  сыйластық  сезімін  тәрбиелеу.

   Тәрбие  сағатының  көрнекіліктері: Ер  есімі – ел  есінде (буклет), суреттер, шығарма, мақал-мәтелдер.

   Тәрбие  сағатының  барысы:

1-жүргізуші: 1945 жылы мамырдың 9-ы  күні Кеңес  әскері  гитлерлік Германияның  ошағы – Берлинді  алды. Сөйтіп адамзат  тарихындағы қанқұйлы  екінші  дүниежүзілік соғыс  аяқталды. Жеңіс  оңайлықпен  келген  жоқ. Соғысқа  қазақстандықтарда өз үлестерін  қосты. 497 қазақстандық  Кеңес Одағының  Батыры  атағына  ие  болып, 410-ы қаза  тапты. Миллиондаған  жастардың  өмірі  қыршын  кетті.  Әйелдер  мен  қарттар  да  жапа  шекті.

2-жүргізуші: әрқайсысымыз  үшін  жақын  да  қымбат  мереке. 1941 – 1945 жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысындағы  Жеңіс  күні   де  келіп  жетті.

3-оқушы: Жеңіске  жету  жолында  Қазақстандықтардың  асқан  ерлігі  мен  әскери жанқиярлығы  Отан  соғысы   тарихындағы  жарқын  беттерге  айналды. Сондықтан  Жеңіс   күні   әрқайсысымыздың жүрегімізге  жақын.

            Өкінішке  орай,  уақыт  сол  ұлы оқиғаларға  қатысушыларды  біздің   қатарларымыздан  алып  кетіп  жатыр. Олар  азайған  үстіне  азайып   барады. Бірақ ешкім  де, ештеңе ұмытпауы  тиіс! Себебі, бұл – біздің  тарихымыз, іздің  мақтанымышымыз, біздің  даңқымыз! Осы  мақсатта  мектебімізде  өткізілгелі  отырған  «Санамызда  Ұлы  Жеңіс алауы, Тарих  болып  мәңгілікке  қалады»  тақырыбындағы  соғыс ардагерлерімен  кездесу  кешіне  қош  келдіңіздер!

4-оқушы: Соғыстан  қасірет   көрген  әрбір  адам  үшін   бейбіт  өмірдің  маңызы зор. Бір  тілек-жерімізде  соғыс болмасын! Міне, бұл  күннің Ұлы  мереке  ретінде  тойлану  тарихы  осы.

    -Құрметті  қонақтар 1 «б» сынып оқушылары  ұйымдастырған «Жеңіс – ертеңгі ел  тыныштығы» атты  ашық  тәрбие  сағатымызды  бастауға рұқсат  етіңіздер.

5-оқушы: -Құрметті  ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бүгінгі  біздің  кешімізге  кеудесін  оққа  тосқан, жеңіс  үшін  жан  пидалық   еткен,  сонау қанды  соғысқа  қатысқан  ардагер __________________________  атамыз  келіп  отыр. Ардагер  атадан қол жайып бата  алайық ағайын! (атаның  батасынан  кейін)

6-оқушы: 1941  жылы  маусымның  22-сінде Гитлерлік  Германия Отанымызға  соғыс  жарияламастан  опасыздықпен  шабуыл  жасады.

7-оқушы: Ұлы  Отан  соғысының  дүние  жүзі  үшін  маңызы  зор  болды. 1945 жылы  8-мамырда  Берлинде  фашистік Германия  жеңілген мойындап  қол  қойды.  1945  жылы  мамырдың  9-ында бұрын – соңды  болмаған  мың  зеңбірек 30  дүркін  салют  атылды. Міне, жеңіс  күні  осылай  келген  еді. Мерекемен  құттықтау  үшін  алғашқы  сөз  кезегі  мектеп  директорына  беріледі.

8-оқушы:  Дүние  жүзі  халқы  бостандық  алды.  Халық  Отан  ұғымын  терең сезіне  түсті.  Қаһарман ерлік  пен  еңбек жеңіп  шықты. Зұлымдық, басқыншылық  тізе бүкті.   Бірлік, ерлік, халықтар  достығы нығая  түсті. Биыл Ұлы  Жеңістің  ____ жылдығын  атап  өтеміз.

9-оқушы: «Ешкім де  ұмытылған  жоқ, еш  нәрсе  де  ұмыт  қалған жоқ». Осынау  сөздер Жеңіс  күнін мерекелеу  кезінде жиі  айтылады, осынау  сөздер соғыста  қаза  тапқандар ескерткіштеріне  де  қашалып  жазылған.

10-оқушы: Жауынгер  біздің саңлақтар,

                   Жауды  жеңген  солдаттар.

                   Ардақты  Отан – ел  үшін,

                  Бақытты  туған  жер  үшін.

 

11-оқушы: Гитлершілдер  соғыстың  бас  кезінде 190  дивизияны,   5  мыңдай ұшақты, 3700  танкті, 50  мыңдай  қару  шабуылға  шығарады. Жерімізге  басып   кірген  жау  әскерінің  жалпы  саны  5,5 миллион  адамға  жетті.

12-оқушы:  Осы  сұрапыл соғыста  жауды  талқандап  Ұлы  жеңіске  жетуге  қазақстандықтар  да  сүбелі  үлес  қосты. Жүздеген  мың  қазақстандықтар  қолына   қару  алып, өз  Отанының  бостандығы  үшін  күресті.

13-оқушы:  Осы  соғысқа  қазақтың  Бауыржан  сынды  ұлы, батыр ағамыз, апамыз  Әлия  мен  Мәншүкте  шайқасқан  болатын  және  де  көптеген  батыр  ағаларымыз  қатысты.

14-оқушы: Кезекті  Әлия  мен  Мәншүкке  арналған  арнауға  берейік.

Әлия: Даламыздың  даңқысын,

           Балауса  қыз  балғын  қыз.

           Жанын  қиып  халқы  үшін,

           Жанып  түскен  ақ  жұлдыз.

Мәңгі  жасап  жерде  енді,

Биік  бол  деп  таулардан.

Сенің  балғын  бейнеңді,

Жасап  қойдық  мәрмәрдан.

   Мәншүк: Қолында  Пулеметі «Максим»  оның

                    Бойында  күш  жігері  тасқын  оның

                    Ерлермен  тізе  қосып  шабуылда,

                    Оғымен  қырғын  майдан  жолын  ашты.

    Көзінен  ұшқын  өрттей  лапылдаған,

    Жауына қаһар  тігіп  қатуланған.

    Отан  үшін шайқасқан  ауыр  күнде,

    Төнседе  өлім  қаупі  жасымаған.

15-оқушы: Жеңіс  деген  жақсылықтың  сыңары,

                   Жігер  менен  құштарлықтың  құралы.

                   Күрескердің  арманы  мен  ұраны,

                   Қуаныш  пен  мерекенің  бұлағы.

16-оқушы: Армысың! От  жалыннан  оралғандар,

                 Аттарың аңыз  болып таралғандар .

                 Тірлікте  жаны  жарқын  алау  жандар,

                 Тойымсыз  ажалға  тосқауыл боп,

                  Топ  жарып  тайсалмай-ақ бара  алғандар.                        

17-оқушы: Кеудесін  шаттық  кернеп  ардагерлер,

                   Тұр  бүгін  алпыс  сегіз  жыл  белесінде.

                   Соғыстың жаңғырығы  әлі  есінде,

                   Отанын  сүйіп, әр-намысын  сақтағаны.

18-оқушы: Шынында  да  бұл  оралған  мыңнан  бірің,

                   Бақ  нұрына  жүзіңді  жуған  күнің.

                   Жеңіс  күні  өзіңдей  көзі  тірі,

                   Майдангерлер  бәріңнің  туған  күнің!

19-оқушы: Біз-бейбіт  ел  ұраны,

                   Өнер,  білім-ұраны.

                   Алдымыздан  жақсы  арман,

                   Күлім  қағып  тұрады.

20-оқушы. Күш-қайраты  қаулаған,

                   Келешекке  арнаған.

                   Алтын  айдың  төріне,

                   Көгілдір  ту  қадаған.

21-оқушы: 1945 жыл 30 сәуір Рақымжан  Қошқарбаев  Рейхстагқа  жеңіс  туын  тікті. Міне, бүгін  де  Ұлы  Отан  соғысының  аяқталғанына 70  жыл  толып  отыр.  Қазір  Қазақстан  көк  байрағы  желбіреген  тәуелсіз  мемлекет.

    ӘН «Көк  тудың  желбірегені»

Батыр  болған бабалары,

Ел  бастаған  даналары.

Байтақ  жерге  жай  тигізбес,

Қазағымның   сарбаздары. – дей  келе  кезекті  биге  берейік. Би «Катюша».

     «Батаменен ел  көгерер»  демекші   атадан  бата  алдық. Енді атамыздың  жүрек  жарды  тілегін  тыңдайық.

     Сөз  кезегін  мектебіміздің   директоры:  Алдибекова  Алма Зікірияқызына береміз.

      Келесі  сөзді  мектеп  директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі   орынбасары: Құдайбергенова  Шахризатқа  береміз.

    Алтын  уақыттарыңызды   бөліп  келгендеріңізге  мың  алғыс!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Жеңіс - ертеңгі ел тыныштығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 637 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.11.2015 1134
    • DOCX 18 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каниязова Миригул Матниязовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каниязова Миригул Матниязовна
    Каниязова Миригул Матниязовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6700
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания литературного чтения в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 197 человек

Курс повышения квалификации

Теория, методика и практика обучения младших школьников основам шахматной игры в условиях реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 188 человек

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов