Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағаты Желтоқсан (6 класс)

Ашық тәрбие сағаты Желтоқсан (6 класс)



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан!»


Мақсаты: Оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну. Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету. Оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.


Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол), интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, шарлар, нақыл сөздер.


Жүргізушілер: Ғаділбеков Нұрсат пен Жұматов Сейтжан

Видео 16 желтоқсан оқиға желісі бойынша.4 минут


Хор: «Желтоқсан желі» (сырт киімдерімен айтады). Берген, Дильназ, Назерке, Эльвира, Ержан (Айнұр, Ақнұр, Дарынхан)


Желтоқсан бірде,
Ел тосқан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы.
Сол жылы бірақ,
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңлы із қалды.

Жоғалтып нуын,
Жоғалтып қуын;
Арал да суын тауысты.
Қаңырап мекен,
Аңырап бөкен,
Өріске бөтен ауысты.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңлы із қалды.

Бабалар өлер,
Балалар келер,
Аналар берер тіршілік.
Гүлденер дала,
Түрленер қала,
Бұтаққа жаңа бүр шығып.

Тоңдырды мені,
Тоңдырды сені
Желтоқсан желі ызғарлы.
Солдырды гүлді,
Оңдырды нұрды,
Көңілде мұңлы із қалды.


2үкімет басшы бұйрығымен келер оқушылар: Мұқаш Олжас пен Аязбай Өркен.

2 үкімет басшысының бұйрығымен келген адамдар жастарға «Барлық жастар алаңнан қуылсын. Бұлардың барлығы дерлік «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар»» деп деген кінә тағып алаңнан шығаруға тырысады. Жастардың қолында «Колбин кетсін» плакаты жазылып тұрады.


Жастардың наразылық білдіріп, шеруге шығуы.


Берген

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдікпен шындықты

Өтірік жала жапқан күн.

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шекккен күн,

Қасқалдақ ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.


Дильназ


Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқ айтуға

Әділет қайдан табамыз?


Назерке

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.


Эльвира

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастан тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ер басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн


Ержан

Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.


Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғұмыр бастаған да –Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан


(оқушылар айтып бола бергенде, үкімет басшысының бұйрығымен келген адамдар )

«Бұлардың барлығы дерлік абақтыға қамалсын» деп алып шығып кетеді.


1-жүргізуші:

Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.


2-жүргізуші:

Бірақ қазақтың өр ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы — 29 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.


1-жүргізуші:

Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш еткен Желтоқсан оқиғасы.


1-жүргізуші:

Ассалаумағалейкум, халқым менің!

Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін


2-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым-Желтоқсан» атты ашық тәрбие сағатымызды ұсынамыз.


2-жүргізуші:

Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын - қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.

1 – жүргізуші:

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

2 - жүргізуші:

Иә, бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. Қазақстан елінің осындай дәрежеге жету үшін шәйт болған құрбандарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық.

Желтоқсан құрбандары бір минут үнсіздікпен еске алынады.


2-жүргізуші: Рахмет.


Айнұр

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.


Күміс

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.


Ханжигит

Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.


Абу

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.


Аина

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында!


Ізбасар Мөлдір

Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның.

Айналайын, алтын әнім,

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді,

Ел болсақ деп талпындың.


1-жүргізуші:

«Тәуелсіз Қазақстанның қуатты ел екенін мойындап жатқандардың саны күн сайын артып келеді. Оған дәлел Лондон олимпиадасы. Спортшылардың жетістігі – нағыз еңбек сүйгіштіктің белгісі. Бұл жеңістер мыңдаған жас жеткіншектердің патриоттық рухын оятады. Лондон төрінде еліміздің әнұраны шырқалып, туы көкке желбіреді. Мұндай сәтті ешқандай ақшаға сатып ала алмайсың.


2-жүргізуші:

Қазақстанда 250 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен айналысады. Мен біздің спортшыларымыздың үлгі - өнегесі стадиондарға жүздеген болашақ чемпиондарды алып келетініне сенімдімін. Жастарымыз салауатты өмір салтымен өмір сүруге бет бұрып, осы чемпиондардан үлгі алуы тиіс».


1-жүргізуші: Сонымен қатар, биыл мектебімізге 30 жыл толуда. Мектебімізді айтулы мереке тойымен шын жүректен құттықтаймыз!!!


2 жүргізуші: Сыныбымыздың өнерлі қызы Алинурова Мөлдірді ортаға сыңғырлаған қобызымен ортаға шақырамыз.


Оқушы 1-Дарынхан

Оқушы2-Ақнұр

Оқушы 1: Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
Күніміз жарқыраған жарқын болсын!
Оқушы 2: Төзілген мейірім мен шапағатқа,
Төрімде тәуелсіздік құтты болсын!
Оқушы 1: Тәуелсіздік жырын жырлап ғарыштан,
Қазағыммен бүкіл әлем танысқан.
Оқушы 2: Келешегі кең өрісті, кемелді,
Жайна мәңгі тәуелсіз ел – Қазақстан!
Оқушы 1: Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,
Мемлекет мерейінің сенген күші.
«Жасасын, еркін Қазақ!»- деп шаттанар,
Шалқалап сол биіктен көрген кісі.
Оқушы 2: Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа,
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Оқушы 1: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,
Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.
Оқушы 2: Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,
Аспандат Атам қазақ Әруағын!



Мұғалім сөзі: Аружан мен Айбек


Домбыра: Күй тартыс

1-жүргізуші: «Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек.

2-жүргізуші: Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.

Оқушыларымызды «Туған жер» әнімен шақырамыз ортаға шақырамыз.


1-жүргізуші: Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.


2-жүргізуші: Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан!» — атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет!



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 31.01.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров117
Номер материала ДВ-397728
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх