Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты: "Жетелі елдің жеті белгісі", 1-2 сынып оқушыларына арналған,

Ашық тәрбие сағаты: "Жетелі елдің жеті белгісі", 1-2 сынып оқушыларына арналған,

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: «Жетелі елдің жеті белгісі»


Сабақтың мақсаты: Қазақтың шежіре, тарихи таңба- белгілері, еліміздің елбелгілері біздің саяси егемендігіміздің белгісі екенін баяндау. Отбасы- Отанды сүю, адамгершіл, еңбекшіл болу, Өз Отанына, халқына адал болуға тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Әнұраны жазылған плакаттар, Ата Заңы, төлқұжат, теңгелер және нақыл сөздер жазылған плакаттар, «Қазақстан 2030» стратегиялық бағдарламасы, Қазақстан картасы
, слайд.
Сабақ барысы:   

Әлішер: «Мен қазақпын» өлеңі  («Қазағым менің» әні жай айтылып тұрады).

Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жүрегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда, күлкіммен түн тірілген.
Мен – қазақпын, жаныммен, жүрегіммен,
Еңбек өмір, ер өмір, жыр өмірмен,
Алабөтен болмаймын өзгелерден
Өзгемен бір өзім боп жүремін мен.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске –
Айта бергім келеді, айта бергім!

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Не құпия сыр барын кім білсін, әйтеуір, қазақ баласы жеті санын қастерлеп, жеті ұғымын киелі санаған екен. Ендеше, балалар, жеті санына байланысты қасиетті ұғымдарды қаншалықты білеміз?

1.     Жеті ата –

2.     Жеті қазына-

3.     Жеті күн-

4.      Жеті жоқ-

5.     Жеті жетекші-

6.      Қазақстанның жеті кереметі-

7.     Жеті жұт-

Балалар, неге біздер жеті белгіге тоқталып отырмыз?! Өздерің білесіңдер, қазақта жеті саны – киелі сан. Қазақ халқында «жеті шелпек» деген ұғым бар. Үлкендер бір нәрседен қауіп қылса, үрейленсе, болмаса жайсыз жатып, жаман түс көрсе, жеті нан, жеті шелпек пісіреді. Жеті нанды қасиетті жұма күндері, сәрсенбінің сәтті күні пісіріп, жеті үйге таратады. Бұл жеті санның киелі қасиеттілігінен болар. Әйтпесе, алты немесе сегіз нан пісіруге болады ғой. Сондықтан біздер бүгін негізгі жеті белгі туралы мәлімет аламыз.

«Жетелі елдің жеті белгісі».

Мақсаты: Қазақтың шежіре, тарихи таңба- белгілері, еліміздің елбелгілері біздің саяси егемендігіміздің белгісі екенін баяндау. Отбасы- Отанды сүю, адамгершіл, еңбекшіл болу, Өз Отанына , халқына адал болуға тәрбиелеу.

 

Біз ұлы жолға шықтық, арманды сапарға аттандық. Қолымызда  -тәуелсіздіктің көк туы. Елтаңбамызда - бар халықтың басын біріктірер киелі шаңырағымыз, арманымызды алға апарар қанатты пырақтарымыз бар.

                                                                                                            Н.Назарбаев

Әлемдегі кез - келген жаңадан пайда болған мемлекет - өзінің ел белгілерін әлемге паш етеді. Бұл елдің саяси егемендігінің белгісі. Елбелгілер халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үміт, арман- тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

Қазақстан Республикасы – демократиялық зиялы және біртұтас мемлекет. Қазақстанның аумағы 2,7 млн шаршы шақырым., онда 120 ұлт өкілдерінен 16 млн халық тұрады. Еліміздің шекарасы құрлықта 12 мың шақырымға дейін, ал суда 3 мың шақырымға созылып жатыр. Қазақстан жері солтүстік-батыста 8,5 мың шақырым шекарасы Ресеймен, оңтүстік-шығысында 2 мың шақырым Қытаймен шектессе, ал 5 мың шақырымнан аса территориясы Орта Азия елдерімен, яғни Өзбекстан, Қырғыстан, Түркменстан елдерімен шектесіп жатыр. Қазақстанның халқы сан ғасырлар бойы армандап келген мақсаттарына қолы жетті. Қазақстан тәуелсіздігін алып, жеке мемлекет болды. Бірақ тәуелсіздік оңай келмеді. Өткен тарихымызға көз жүгіртсек, тәуелсіздік жолында қазақ халқының талай қаны төгіліп, азапты соғыстар жүргізілгенін білеміз. Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз Республика деп жариялады. Сөйтіп екі жүз жылдай патшалы Ресейдің қол астында болып келген, жетпіс жылдай Кеңес үкіметінің бұғауында болған қазақ елі егемендігін алды. Бұл күн – Қазақстан тарихына тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріптермен жазылды. Сондықтан да 16-желтоқсан – қазақ халқының мерекесі. 1991 жылдың желтоқсанның бірінде еліміздің тұңғыш президенті болып Н.Ә.Назарбаев сайланды. 1992 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді. Тәуелсіз Республика деп жарияланысымен, Қазақстанды Түркия, Румыния және басқа да 100-ден астам мемлекет таныды. Дүние жүзінің көптеген елдерін Қазақстанның табиғаты, табиғи байлықтары қызықтырады.

 

1-белгісі – Қазақстан Туы. Көрген жерден-ақ шымқай түс, жылы ырғақ, көл көңіл, кең пейіл кеңістігіне кенелетін, ерке сезімдерді көкжиексіз көкте Күнді құшқан қыранмен қатар қалықтап, көтерілген сайын көкірек кернеген керемет екпін дарытып, жігеріңді жебеп тұратын, тұтастықпен бірліктің, ынтымақ пен адалдықтың ізгі ниетімен ұштасып, біз деген бірдей ұғым көгілдір көзін көнеден тартқан құдіретті белгі. Тек сенің төбеңде ғана жел ескізіп, тек сенің егемендігінді дүниеге паш етіп тұрар байрақ.

 

Еліміздің жалауы туралы не білеміз? Ту неліктен көк түсті?

Аяжан: Бүкіл дүниеге көк жүзі, яғни аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенмен, жоғарыда айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де. Ал Күнге келетін болсақ, ол да бәрімізге ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан күннің тудан орын алуы лайық. Қазақ халқы ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы егеменлдік алған Қазақстан қыран сияқты көкте самғасын, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туындаған. Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнектерін байқаймыз. Мұның өзі тудың ерекшелігін, қазақ халқының танымын, қасиетін көрсетеді.

Айша: Ермек Өтетілеуұлының «Қазақстан жалауы» өлеңі оқылады.


Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның
Ортасына төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесін
Азат елдің шалқыған
Көңілі деп білесің.
Еске белгі – ұрандар
Сары алтындай сақталған,
Күн, шұғыла, қыран да
Алтын түспен апталған.
Сол жағында матаның
Қызыл түсті жолақ тік:
Мұратындай атаның
Әсем өрнек ол ұлттық
Көк байрағы бабаның –
Бүгінгі ұрпақ алауы,
Мияты әке, баланың –
Қазақстан жалауы!


«Көк тудың желбірегені» әні орындалады.

2-белгісі – Қазақстан Елтаңбасы. Тағдырдың тар жол, тайғақ кешуіне дес бермей, етер қажыр-қайраты, қаһармандығы, бірлік берекесі біте қайнасқан, ұлы ұлағатын ұрпаққа ұластырушы.

Әлішер: Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, терезең тең болсын» деген сөз бар. Осы үш сөз негізге алынса керек, Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Жылқы малы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Пырақ – мал шаруашылығының басым болғанын бейнелейтін жиынтық образ. Шаңырақты, яғни біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау үшін, шаңырақтың берік болуы ойластырылған. Осы мақсатта жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалған. Жеті буын бір жағынан, қазақтың «Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі» дегенді аңғартса керек. Жалпы қазақ мүйізді қастерлеген. Пырақ қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске алады. Жоғарыда, дәл ортада бес бұрышты жұлдыз бейнеленген. Қазақтың сан ғасырлық тарихында жұлдыздың қаншалықты маңызды болғаны белгілі.

Мұғалім: Елтаңба авторлары кім?

Арайлым: Ермек Өтетілеуұлының «Біздің Елтаңба» өлеңі.


Алтын қанат көмкерген.
Шаңырақ бар, уық бар –
Әсем бейне сен көрген
Жай бейне емес ұғып ал!
Көгілдір түс аясы
Бейбіт дала елесі .
Шаңырақ – жұрт панасы,
Уықтар күн сәулесі
Сүйсіндіріп өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Аңызда ұшқыр, төзімді
Пырақ – халық арманы.
Жоғарыда түсер көз
Бес тармақты жұлдызға
Ал «Қазақстан» деген сөз
Таныс барлық ұл-қызға.
Мағыналы сымбатты
Бар осындай белгіміз –
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол – еліміз!


3-белгісі – Қазақстан Республикасының Әнұраны. Халықтың мұңы мен мұратын, қайғысы мен қуанышын, құштарлығы мен құлшынысын, қаһарман қажыр-қайратын, шайлықпас текті айбатын, шабыттана жан дүниемен беріле шырқайтын сұлу саз әлгі қасиетті сөздермен қосылып айтылатын халықтың жан даусы, құдіретті әуені.

 

Аян: Қазақстан Республикасының Әнұраны – Ел ұраны.

Әнұран орындалады.

 

4-белгісі – Тіл, Қазақ тілі. Ана тілімі - қазақ тілі, оның мәртебесі-адам, халық мәртебесі, мерейі, тұп-қияннан, жетпіс жеті атадан келе жатқан қасиетті мұра. Сондықтан да ол - тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Ана тіліміз, ұлтжазуымыз - елдігіміздің ең асыл, ең мәртебелі көрінісі

 

Саян:  Тіл – кез-келген ұлттың, елдің ерекшелігін танытатын бірден-бір белгі. Тіл тағдыры елдің елдігіне, ел ұлдарының азаматтығына да сын. Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Ана сүті бойына сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған тілі мен дінінен айрылған ұрпақ алдымен рухани кемтарлыққа ұшырап, содан кейін көлденең көк аттының қолжауына айналып кете барады. Ана тілін білмей, ана сүтін ембей өскен кейінгі толқынның жүрегі суық, өңі де жат болады. Қазақстан Конституциясында тіліміз туралы былай атап көрсетілген:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады.

-Қазақ халқында тіл туралы, ана тілінің маңыздылығы туралы мақал-мәтелдер өте көп. Оқушылар, сол нақыл сөздерді еске түсірейік.
Диас: Д.Әбіловтың «Қазақ тілім» өлеңі.


Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!


-Балалар, қазақ тіліміз туралы көптеген әндер де бар  білесіңдер ме?
Ә.Тіналиевтің әні «Анамның тілі» орындалады.

5-белгісі – Ата Заң. Конституциямызда егеменді Қазақстанның әлем қоғамдастығы алдындағы бар болмысы, әлемдік демократиялық құндылықтары көрініс тапқан. Республиканың одан әрі даму кезеңіне арналған тарихи құжат

Арайлым: Ата Заң. Ең алғаш 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Конституциясы – Ата Заңы қабылданды. Одан кейін оған 1995 жылы 30 тамызда толықтырулар енгізіліп, қазіргі Конституция пайда болды. Қазақстан Республикасының Ата Заңы бізге адамның ар-намысы мен қадір-қасиеттеріне қол сұғылмауына; ар-ождан бостандығына кепілдік береді. Әрбір адам және азамат бұл заңдарды орындауға, құрметтеуге міндетті болып саналады.

 

6-белгісі – Төлқұжат. Бұл өз жүрек лүпілі мен ырғағын сезініп тұратын тұстан орын беретін азаматтығына кепілдік болып, мемлекетке қажетті, еліне тәуелді екендігіңді сездіретін анықтама айнасы.

Айша: Балалар, біздер 16жасқа дейін төлқұжат ролін туу туралы куәлік атқаратынын білеміз. Ал 16 жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматы екендігін дәлелдейтін бірден бір белгі жеке куәлігі және төлқұжат болып табылады.

7-белгісі – Теңге. Тәуелсіздігі қолына тиген егемен елдің ең бір айрықша белгісі - ақша. Ақша-асыл қазына, халық байлығы, ел еңбегі. Өз ақшамыз - егемен елдің нышандарының біріне жататын тәуелсіздікті танытатын, ел еңсесін көтеретін асыл қазынамыз. Сондықтанда біз ұлттық  валютамызды «Елтеңге» деп атап, ел рәміздерінің біріне жатқыздық.

Диас: Еліміздің негізгі рәміздері қабылданғаннан кейін көп ұзамай төл теңгемізге ие болдық. Қазақстан Республикасының теңгесі 1995 жылы 15 қарашада қабылданып, айналымға енді. Қазақстан теңгелерінде қазақтың ұлы да ұлағатты адамдары бейнеленді. Атап айтқанда Ш.Уалиханов, С.Аронұлы, А.Құнанбаев, Қ.Сағырбайұлы, Әл-Фараби, Әбілқайыр хан, Абылай хандардың бейнесі теңгеден орын алды. Ал қазіргі кезде заман талабына, еліміздің көркеюіне байланысты теңгелер де өзгеріп отырады.

Аяжан: Ш.Сариевтің «Төл теңгеміз туралы» өлеңі.


Туымды желбіретіп жел кереді,
Еліме осы еді ғой ең керегі.
Алтын Орда заманынан бұлбұл ұшып,
Тағдырым табыстырған теңгем еді.
Не бір ой мүжіп жеген ой адамын,
Кеудемнен сейілгендей кей алаңым.
Телмірмей теңгем барда тебіреніп,
Енді мен тәуелсізбін дей аламын.
Түскендей әсері бар сөзі аспаннан,
Шет жұртқа телмірдік-ау көз ашқаннан.
Енді мен бақыттымын, өгейсініп,
Басқа көз қарамайды өз ақшамнан.
Дүние дөңгелердей дөңгеледің,
Өзі тауып жатады ел керегін.
Қазақ қазақ болғалы қолға ұстаған
Құтты болсын, ағайын, теңгелерің!


- Оқушылар, біз өз еліміздің, өз Отанымыздың негізі болатын жеті белгісі туралы мәлімет алдық. Ендеше сол Отан дегенді қалай түсінесіңдер?

Отан – бұл сөз біздің қай-қайсымызға да ыстық. Отан әрқайсымыздың кіндік кескен жеріміз ғана емес, баршамыздың кең байтақ еліміз, ол – Қазақстан. Отанымыздың игілігі үшін еңбек етуге, егер қажет болса, оны қорғауға әзір болуымыз керек.

Атамекен әні орындалады.

Ал, енді оқушылар, Отан туралы мақал-мәтелдер еске түсірейік.


«Отан – елдің данасы,  Ел –ердің анасы»,
«Туған жердей ел
болмас,  Туған елдей ел болмас»,
«Отан үшін күрес –
   Елге тиген үлес».


Әлижан: Бүркіт Ысқақовтың «Сенің Отаның» өлеңі.


Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін,
Достым білгің келе ме?
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз халқың
Отан – өлең, Отан –жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан – осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өсіп жас жаның,
Оны ардақтап, сүйе біл!


Саян: Өтебай Тұрманжановтың «Отан» өлеңі.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың қасы.


Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең байтақ, астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.


- Сонымен, оқушылар, біз Қазақстан Республикасының – жетелі еліміздің негізгі жеті белгісін есімізде сақтайық, оларды қастерлеп құрметтейік!
«Қазақстан анамыз» әні орындалады.

Қол жетті міне, аңсаған күнге,

Жасай бер, жаса қазағым менің! Деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды Тыңдағандарыңызға рахмет!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты: "Жетелі елдің жеті белгісі", 1-2 сынып оқушыларына арналған,"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 072 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 1709
    • DOCX 84 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Амирова Айнур Бакытбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Амирова Айнур Бакытбековна
    Амирова Айнур Бакытбековна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15097
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 172 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2676 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 478 человек

Мини-курс

Интегративные технологии в коррекции учебно-поведенческих нарушений

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 662 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 536 человек

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе