Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Ашық тәрбие сағаты."Балалықтың аяқтап гүл көктемін..."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Ашық тәрбие сағаты."Балалықтың аяқтап гүл көктемін..."

библиотека
материалов

Балалықтың аяқтап гүл-көктемін, Мүшел жасқа келгенің – ержеткенің

Қызылорда облысы,Қазалы ауданы
Бекарыстан би ауылындағы №24 орта мектептің
экономика пәнінің мұғалімі
Жәмет Нұрболат Абайұлы

(Сыныптан тыс тәрбиелік шара)
Тақырыбы: «Балалықтың аяқтап гүл-көктемін, Мүшел жасқа келгенің – ержеткенің».
Мақсаты: «13-те отау иесі» деген сөз мағынасын түсіндіру, әрбір оқушының бойына халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрін,әдет-ғұрыптарын,адамдық қасиеттерін сіңіру.

Тәрбие сағатының барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
2. Слайдтар арқылы түсініктеме беру және тақырыптың барысында кіріспе сөз сөйлеу,мақсатын түсіндіру.
Мұғалім:  Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата-аналар, қымбатты балалар! Біздің бүгінгі көрсеткелі отырған бастамамамыз ата-бабамыздан қалған бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ.Мүшелдің таралу шеңбері өте үлкен.13 жас- жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген,олардың бойында мейірімділік,қайырымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген.Міне осындай қасиет сендердің бойларыңнан да табылса деймін.

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз осы мүшел жас ерекшеліктеріне арналады.Олай болса,13-ке толған бүгінгі мүшел жас иелерін қол соғып,қошеметтеп ортаға шақырайық.

Ортаға жыр шумақтарымен оқушылар шақырылады.

 Басқаша қарап өмірге,

Жадырап жүзі жайнаған.

Бойын түзеп қыз бала,

Қарайды өзін айнадан.

Әрбіріңе лайық,

Жүретін даңғыл жолың бар.

Еліңнің жүгін көтерер,

Азаматтары болыңдар!

 1-оқушы:

Жылдарды салып араға,

Мүшелге жеттік осылай.

Бұл күнді бірге тойлайық,

Сағынған шақта досым-ай.

 

2-оқушы:

Қазақтың әрбір сөзінің,

Бар дейді қазақ киесі.

Он үште бәрі азамат,

Он үште отау иесі.

3-оқушы:

Бұл күні әрбір жас бала,

Ойынды тастар тоймаған.

Өмірдің сырын түсініп,

Болашақ қамын ойлаған.

4-оқушы:

Басқаша қарап өмірге,

Кірпішін ғасыр қалайық.

Лайық болар сенімге,

Ұланы елдің болайық.

5-оқушы:

 Заманның еріп көшіне,

Қанаты жастың талмасын.

Өткенді алып есіне,

Аталар жолын жалғасын.

6-оқушы:

Көтеріп тағдыр,ел жүгін

Өмірдің көші алға асты.

Он үшке толдық біз бүгін,

Мүшел жас,бұл алғашқы.

7-оқушы:

Жылдармен бірге өсерміз,

Мезгілге қарсы тұрар кім.

Құтты болсын мүшел жас,

Құтты болсын туған күн!

Хор: «Өз елім» әні

ІІ бөлім

І жүргізуші:

   Халқымыз желкілдеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санайды.Ал ер баланы қорғаны санаған.

                     Құтты болсын нұрлы таңда,

                     Туған күнің бауырым!

                     Сен туғанда той-думанға

                     Бөленіпті ауылың,- дегендей баланың өмір белең-белестері әр түрлі.Дүниеге келгеннен «тоқым қағарға» дейінгі баланың,яғни 10 жасқа дейінгі алаңсыз өтетін балдәурен шағы балалық шақ деп айтылады.Онан аса өмірге белсене араласатын еңбек мектебі – өмір мектебі  басталады.Қазақта оны: қозы жасы, қой жасы, жылқы жасы, патша жасы деп 4-ке бөледі.

ІІ жүргізуші:

Жыл қайыру бойынша 12 жыл бір айналғанда бір мүшел толады,яғни бір мүшел 12 жылға тең.Ежелден адам жасын анықтау үшін осы мүшелді қолайлы көрген.Бірақта,мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте сақтаған жөн.Бала он үшке толғанда бір мүшел деп қайырады да кейінгілеріне 12 жылдан қосып отырады.

ІІІ жүргізуші:

1.     Қазақ халқында жеті,тоғыз,он екі,қырық сандары қасиетті,киелі деп есептелінген.Оның себебі орта ғасыр алхимиктері мен астрологтардың 7 күнге,7 жұлдыз атын беру,7 металдың пайда болған күні деп – жексенбі,дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі ат беруі.Бұл күндердің ішінде әр күнге арнайы ырымдар жасаған.

          Халық ішінде «13-те отау иесі»деген сөз кеңінен тараған.Бұл дегеніміз бірінші мүшел жасқа келген баласына қазақ үлкен үміт арта қараған.

Кешімізді әрі қарай бимен жалғастырайық. «Қазақ биімен» қыздарымызды ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші:

  Ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраттар өте көп.Солардың қатарында ұлттық мерекелер мен тойлар да бар.Осы тойлардың ішінде ерекше аталатын той – ол туған күн мерекесі.Ата-бабаларымыз туған күнді жылма-жыл тойлай бермей, тек мүшел жас тойларын атап өтіп отырған,себебі әр мүшел жастың биологиялық, психологиялық өз ерекшеліктері бар.Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз осы мүшел жас ерекшеліктеріне арналады.

І Жүргізуші:

  Осы мүшел жастардың адам жасына сай аттары болады.

1- мүшел: 13 жас – балалық шақ

2- мүшел  25 жас – жасөспірім шақ

3- мүшел  37 жас – жастық шақ

4- мүшел  49 жас – ағалық кезең

5- мүшел  61 жас – пайғамбарлық кезең

6- мүшел  74 жас – ақсақалдық белес

7- мүшел  87 жас – қарттық кезең

 І Жүргізуші:

 Халық ұғымында әр мүшел адам өмірінің қауіпті жыл деп саналып,мүшел жасында жаңа киімін біреуге беріп,жарату-

шыдан саулық тілейді,құдайы жасайды.Бұл жасында әр адам сақтанып жүреді.Алыс сапарға шықпайды.Ауа-райының қолайсыз кезеңдерінде абайлап жүреді.Қазақтардың мұндай сақтануы тегін емес.Өйткені,адам ағзасында 12 жылда үлкен өзгерістер болып тұрады.Ертедегі шығыстық ғылым осыны анықтаған.

ІІ жүргізуші:

 «Көңіл аудар даналардың сөзіне,

Адал жанды өнеге тұт өзіңе» дегендей ұлы адамдардың өміріне көз жүгіртейік:

1). 13 жасында Ұлы Абай ақындығымен елге таныла бастады.

2). Жүсіпбек Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазған.

3). 13 жасында Қазыбек би ақсақалдардың алдында шешендік сөзімен көзге түсіп «Қаз дауысты Қазыбек» атанды.

І Жүргізуші:

Он үшке толдық біз бүгін.13 жас – ол біздің өміріміздегі ең бір тәтті балалық шағымыздың артта қалуы.13 жас – ол біздің азамат болып қалыптасуымыздың бастамасы.Осы күннен бастап біздің өмірге деген көзқарасымыз өзгеріп,алдағы мақсаттарымыз айқындалуы керек.

ІІІ жүргізуші:

Қадірлі ұстаздардың  бізге  есімі,                                            

Біліммен  тербетілген  жыр  бесігі                                                

Лайық  сол бір  атқа Ғалия апай                                               

Бөленген  шәкірттердің құрметіне                                            

Алғашқы  әріп  үйреткен                                                               

Жүрегі  нұрлы  күн  көктем                                                        

Әрқашан  Ғалия  апайға                                                               

Береміз  сәлем  құрметпен ,-дей отырып Ғалия апайымызға сөз кезегін ұсынамыз.

Биші қыздарымызды «Жастар биімен» ортаға шақырамыз.                                                            

І жүргізуші:

 «Он үште отау иесі»,-дейді қазақ.Бұл сөздің мағынасы осы жаста отау құру емес екен.Он үштесің ержеттің,енді ақыл тоқтат,алдыңа айқын мақсат қой деген екен.Ал біздің басты мақсатымыз:алтын ұя мектебімізде сапалы білім алып,саналы тәртіп көрсету.Білім жағынан да,өнерде де,спортта да үнемі алда болып алтын ұя мектебіміздің мәртебесін арттыра беру.

ІІ Жүргізуші:

Балғын шағың,балалық шақ арттағы,

Өмір жаңа белесіне бастады.

Нық сеніммен болашаққа қарайды,

Жас балғындар 13 мүшел жастағы.

ІІІ жүргізуші:

Тәжірибелі де тәлімді,

Шоқтығы биік өзгеден.

Шеберлігі мол алымды,

Ұстазға сыйлы сөз берем.

Келесі кезекті сыныбымыздың сынып жетекшісі Балғатай Жаңагүл Кенжебайқызы апайға сөз береміз.

І Жүргізуші:

Балғын шағың,балалық шақ арттағы,

Өмір жаңа белесіне бастады.

Нық сеніммен болашаққа қарайды,

Жас балғындар 13 мүшел жастағы.

Құттықтау сөз: Ата-аналарға сөз беріледі.

Оқушылар сахнаға шығады.

Хор:  «Балдәурен» әні

Мұғалім:

Бейбітшілік заман боп,

Аспан тұрса күлімдеп.

Қазақстан гүлденіп,

Аты шықса дүрілдеп.

Жаңа ғасыр ұрпағы,

Заман мынау жаңарған.

Бақытты болып ұл-қызың,

Орындалсын бар арман.

Құрметті балалар,осымен біздің «: «Балалықтың аяқтап гүл- көктемін, мүшел жасқа келгенің – ержеткенің»атты кешіміз өз мәресіне жетті.Ұлтымыздың ұлықты азамат-азаматшалары болып өсіңдер!

( 195 рет оқылды.)



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров228
Номер материала ДВ-116772
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх