Инфоурок Другое Рабочие программыАшық тәрбие сағаты:"Мамандық таңдау -болашақты айқындау"

Ашық тәрбие сағаты:"Мамандық таңдау -болашақты айқындау"

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мамандық таңдау – болашағыңызды айқындау»

Күні: 11.03.16ж

Сыныбы: 11

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда

Үлкен болып қалу үшін ғаламда

Үлкен арман керек екен адамға.

Мақсаты: оқушылардың өз таңдап отырған мамандықтары жайлы түсініктерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; шығармашылық тұрғыдан армандау, мақсат қоя білу, қиялдау іскерліктерін дамыту; 

Көрнекілігі: видеопроектор,слайд;

Әдісі-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, топтық жұмыс;

Барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі: 1. Сәлемдесу

2.Тренинг «Арман»

2.Негізгі бөлім.

Кіріспе

«Миға шабуыл»-ой қозғау:

1. Тақырыбы: «Мамандық-болашаққа бастар жол» / эссе/

2. Менің қиялымдағы болашақтағы мен...? (Кластер әдісі арқылы)

Барысы:

Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Мамандықты таңдау – болашақты айқындау» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Тренинг   «Армандар»

•      Мақсаты: Топ жұмысына  қолайлы жағдай  жасау, тренингтің  негізгі  принциптерімен   таныстыру.

•          Жайлы әуен барысында бәрі  көздері  жұмулы  шеңбер  бойымен отырады.  Қатысушылар өздерінің  тілегіне құлақ түре  отырып,  келешек кәсібін, қоғамдағы  орнын, айналасындағы жақындарын  көз  алдына  елестетуге  тырысады. 1,5 минут уақыт беріледі.

•          Әр қатысушы  өзінің  әсерлерімен бөліседі. Тренер айтылғандарды  жинақтайды. Топтың  әр қатысушысының  өз  арманы, мақсаты болатынын айтады.


Ұстаз сөзі: Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін ол – ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа , дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң және т.б. Мамандықты таңдау үшін адам өз бейімділігін тани білуі шарт. «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақтарды өз-өзіне қоймайтын адам кемде-кем.


«Миға шабуыл»-ой қозғау:

1.Тақырыбы: «Мамандық-болашаққа бастар жол» / эссе/. Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде берілген тақырыптар бойынша жазған эсселерін ортаға салады. Берілген тақырыптар:

  1. Менің қиялымдағы болашақ – мен;

  2. Мамандық таңдау – болашақты айқындау;

  3. Мамандығым – мақтанышым.


2. Менің қиялымдағы болашақтағы мен...? (Кластер әдісі арқылы)

Оқушылар таңдау пәндері бойынша топ құрады. Топпен жұмыстануда қажетті тірек сөздері:

  1. Қандай мамандық иесі болғыңыз келеді?

  2. Өзіңнің болашақ мамандығыңды жүрек қалауымен таңдадыңба?

  3. Бұл мамандықты таңдауыңның себебі неде?

  4. Ол мамандық туралы не білесің?

  5. Таңдаған маман иесі болу үшін бойыңызда қандай қасиеттер болуы қажет?

Пысықтау бөлімі


hello_html_m335ce028.png

Бекіту сұрақтары:

1.Осы күннен не алдыңыз?

2. Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз? Ойландыратын жағдай болды ма?

Қорытынды

Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді” Н.Ә.Назарбаев.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек, өйткені әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты.Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады.


Сынып оқушылары «Жас түлектер» әнұраны орыдайды:


Арман,мақсат, тілегі бір түлектерміз;

Болашаққа қадам басқан өрендерміз,

Жастық жалын жігерімен шабыттанған

Еліміздің сенім артар үмітіміз.


ҰБТ-дан жоғары ұпай жинау ойымызда,

Білім менен ақыл күш бойымызда

Арманымыз бірге,орындалсын күнде

Барімізде бірдей мақсат,бір мүдде.
































  • Осы күннен не алдыңыз?

  • ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?

  • _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  • Осы күннен не алдыңыз?

  • ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?

  • _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  • Осы күннен не алдыңыз?

  • ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?

  • _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  • Осы күннен не алдыңыз?

  • ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз?

  • _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


C:\Users\lenovo\Documents\Зухра И\УШКИН-ГАЗЕТ\1381063[1].jpg









































«Жеңіске тағзым» фестивалінің бағдарламасы


Мақсаты: Соғыста құрбан болған боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, тәрбиелеу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: нақыл сөз жазылған плакаттар, АКТ құрылғысы, слайд, видеороликтер, шарлар, гүлдер


Барысы:

1-жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған көрермен қауым!

2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Жеңістің 70 жылдығына орай «Жеңіске тағзым» атты фестивалімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

1-жүргізуші: 1941 жылы 22 маусымда Фашистер Кеңес үкіметіне соғыс ашпастан әскерін енгізді. Қеңес үкіметі үшін бұл үлкен соққы болып тіиді. Бірақ қандай қиын болса да тайсалмай қарсы соғысты. Бұл қанды қырғын да талай адам қаза тауып, жақындарынан айырылды, талай бала жетім қалды. Соғыс жалыны талайды жалмап Ленинградқа жетті. Ленинград халқының саны 4 миллион 400 мың болды. Түгелімен жау қоршауында қалды. Қала халқы 900 тәулік бойы қоршауда болғанымен, туған қаласы үшін аянбай соғысты. Ер жүрек  ленинградтықтар өз қаласын жаудан қорғап қалды.1944 жылы қаңтарда батыр-қала Ленинград жаудан азат етіледі.Фашистердің түпкі мақсаты-Мәскеуді басып алу еді. Мәскеуді бүкіл ел қорғады. Қазақстандықтардан құралған генерал Панфилов атындағы сегізінші гвардияшы атқыштар дивизия жауынгерлерінің ерлігі Ұлы Отан Соғысының тарихына алтын әріппен жазылды.Қазақтың батыр өрімдей қыздары ерлікпен жаумен алысып, қаза тапты.Әлия мен Мәншүкті біз ешқашан ұмытпай, есте сақтаймыз.Жауынгер-батыр атанған Бауыржан Момышұлы,Төлеген Тоқтаров,Талғат Бигелдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдулин, Махмет Қайырбаев т.б. батырларымызға бас иуміз керек.

1-жүргізуші: Сұрапыл соғысты бастан өткеріп, біздің болашағымыз үшін қан төккен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қандай сый-құрмет көрсетсек те, артық емес.

2-жүргізуші: Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Сондықтан да бұл күні барлығымыз мерт болған кахармандардың ерлігіне бас иіп, 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

1-жүргізуші: Сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда соғыс Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы.Міне, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлағалы тұрмыз. Жеңіс.... Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап,сағаттап сарыла күтті емес пе? Ақыры олардың үміті мен сенімі ақталды, тілектері орындалды. Бірақ сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Туған жердің топырағы бұйырмай, шейіт болған қазақ азаматтары қаншама!

2-жүргізуші: Біздің Қазақстанда да соғыс оты шарпымаған шаңырақ кемде-кем. Жүз мыңдаған аталарымыз соғыстың алғашқы сәтінде майданға аттанды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Қанды майдан даласында елі мен жері үшін ерлікпен шайқасып, туған елге жеңіспен оралып, еліміздің өсіп-өркендеуіне өздерінің үлестерін қосты..

1-Жүргізуші:
Бақыт сыйлап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген

Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,
Батырлардың ұрпақтары – деп келесі бөлімімізді оқушылардың жеңіс туралы әндеріне береміз!

1 сынып «»

2 сынып

3 сынып

4 сынып

1-жүргізуші:

Біздің халық –батыр халық ежелден

Ерлігімен,елдігімен танылған

Құртпақ болып бізге оғын кезенген

Кейбіреулер ақылынан жаңылған

2-жүргізуші:

Әділеттің жолында біз күресіп,

Бүгінгідей ұлы күнге жеткенбіз

Мерейіміз сондықтан да тұр өсіп

Жеңіс туын көтереміз көкке біз


5сынып

6 а сынып

6ә сынып

7 сынып

8 сынып

9 сынып Б.Момышұлы «Жауынгер тұлғасы»

9 «ә» М.Маметова «Батыр қыздың жүрегі соғып тұр әлі»

10 сынып

Қорытынды. Ұлы Жеңіс-барша халықтың жеңісі. Сондықтан да кешегі жауынгер аталарымыздың жеңіске жетер жолда тындырған ұланғайыр істері біздің жадымызда мәңгі сақталады.Жеңістің қасиетін, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде, ешқашан да ұмытпақ емес.


2-Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!

1-Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халайық түрегел!
2-жүргізуші: Осымен сіздерге арнаған «Жеңіске тағзым» атты кешіміз аяқталды. Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер! Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз!. Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!
1-Жүргізуші: Сау болыңыздар!

Ән: «Бейбітшілік сақталады»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты:"Мамандық таңдау -болашақты айқындау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 264 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2016 4328
    • DOCX 417.9 кбайт
    • 78 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Казиева Дамира Белековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Казиева Дамира Белековна
    Казиева Дамира Белековна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24131
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой