Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ДӘЙЕКТЕМЕСІ Тақырыбы: «Қош келдің, әз-Наурыз»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ДӘЙЕКТЕМЕСІ Тақырыбы: «Қош келдің, әз-Наурыз»

библиотека
материалов

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ФЛОРИСТИКА КОЛЛЕДЖІ









АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ДӘЙЕКТЕМЕСІ


Тақырыбы: «Қош келдің, әз-Наурыз»


hello_html_m6b405a56.jpg


Дайындаған: №44 топ

Топ жетекшісі: Уразова Л.Ш.

Топ шебері: Оспанова П.Н.







Алматы 2015ж


«Бекітемін»

Директордың ТІЖ

орынбасары

Жумагулова Г.А.

_______________

«___» ______2015ж




Тақырыбы: «Қош келдің, әз-Наурыз»


Мақсаты: Оқушыларға ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін әдеп ғұрпын ұйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету; оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей дамыта оқытып үйрету, мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, еліне, Отанын сүюге, ұлттық салт дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.


Ашық тәрбие сағатының өту барысы: Мерекелік іс – шара, АТжФ колледжінің ауласында, барлық топтардың қатысумен өтеді. Топтар Алматы қаласының 7 ауданы бойынша бөлініп, қазақ ұллтық ойындарынан кішігірім жарыс түрінде бәсеклеседі және концерттік бағдарламамен ұласады.


1 Алмалы ауданы: №4, №51 №46 топтар.

Аудан әкімі: №43 топтың топ жеткшісі. Қалдыбаева А

2 Жетісу ауданы: №1, №43, №45 топтар.

Аудан әкімі: №1 топтың топ жетекшісі. Мергенбаева А.Х.

3 Медеу ауданы: №6, №47, №48 топтар

Аудан әкімі: №6 топтың топ жетекшісі: Көбебаева Н.Ж.

4 Түркісіб ауданы: №3, №7, №50 топтар

Аудан әкімі: №49 топтың топ жетекшісі: Бояубаева З.

5 Алатау ауданы: №5, №2, №52 топтар

Аудан әкімі: №5 топтың топ шебері: Құрманқожаева Ж.М.

6 Әуезов ауданы: №53, №56 №49,топтар

Аудан әкімі: №56 топ жетекшісі. Базарбаева Г

7 Бостандық ауданы: №54, №57, №58 топтар

Аудан әкімі: тарих пәнінің оқытушысы. Сатанбаева А


Күй ойнап тұрады.

1-ЖАРАПАЗАНШЫ: №46 топ оқушысы Нұрбол

Уа, жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар,

Наурыз думан басталды,

Бір сәт зейін салайық.

Ұштасқан оймен мәңгілік

Біздерде бар сан ғұрып,

Ғасырлардан ғасырға

Келе жатқан жаңғырып.

Бермен жақын тұрыңдар,

Сөзіме көңіл бұрыңдар.

Жауқазындай Наурыздың

Жарапазан жыры бар.

(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ)

            2-ЖАРАПАЗАНШЫ : №44 топ оқушысы: Жакупова Мадина

Ей, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Елім наурыз келді деп,

Той дабылын қағыңдар!

Күттіріп келген жыл басы,

Бізбен бірге жырлашы.

Елімнің дастарханына

Береке, ырыс сыйлашы.

Ата-бабам тойлаған

Наурызым армысың!

(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ) hello_html_m5dc97edd.jpg

(Жарапазаншылар кетіп қалады.)

1 жүргізуші Мөлдір

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды.

Көргендер де арманда,

Көрмеген де арманда

Қызықтан тыс қалмаңыздар!

2 жүргізуші: Жалғас

Ассалаумағалейкум.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

3 жүргізуші: Андрей

Уағалайкумассалам!

Ұлыс оң болсын!

Пәле-жала жерге енсін!

4 жүргізуші: Жансұлу

Армысыңдар ағайын!

Бармысыңдар ағайын!

Ұлыс бақты болсын!

Әр күніміз жақсы болсын!

hello_html_m66c569c.jpg


1-жүргізуші: Жалғас

«Алаш! Алаш!» деп айбатын асырған ер қазақ, «Абылайлап» ел шақырған өр қазақ, «Қара қазан, сары баланың қамы үшін» деп ұран салған нар қазақтың тарихта табан тірер бұдыры, тереңге тартқан түбірі, тамыры бар ұлт, шежірелі халық екенімізді білдіретін айғақты мейрамы-наурыз! «Қош келдің, әз- Наурыз» атты бүгінгі мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Мөлдір

Құттықтау сөзі, Алматы Технология және Флористика колледжінің директоры: Айтбек Гайсанұлы Сарсенгалиевке беріледі.



hello_html_m2c18a902.jpg


2- жүргізуші: Мөлдір

45 топ оқушысы Ақботаның орындауында «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар!

hello_html_54c1797c.jpg


1-жүргізуші Андрей

Көргенде қуанасың таза әуені,

Құлаққа естілгендей жаз әуені.

 Жыл сайын тойланатын мәңгі – бақи,

 Наурызың құтты болсын, қазақ елі.


2-жүргізуші: Жансұлу

Жақсылық жүрегіне жыр еселер,

Биікке шарықтатар киелі өнер,

Наурызың құтты болсын, апа - әкелер,

Наурызың құтты болсын, ата - әжелер.

(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ)

Әжелер  шашу  шашады.


1 әже: Ақтолқын

Уа, халайық, халайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық!

2 әже: Бағысбекова Перизат

Шашу,  шашу.  Көп  шашайық  шашуды,

Жауғандай  көк  аспаннан  нөсер  жаңбырдай.

Уа,  жамағат  жинап  ал  несібеңді,

Ризығың  болсын  көл-көсір.

3 әже: Кеңшілік Айман

Қашанда  құт - береке  орнасын  деп,

Тойларда  шашу  шашу-салты  елімнің,

Уа,  халайық  теріп  ал кәмпиттерді,

Қабыл  қылсын  халқымның  ақ  тілегін.

Әжелер  шашу  шашады.

(ӘУЕН ОЙНАП ТҰРАДЫ)


hello_html_715e1731.jpghello_html_m36fc2c4a.jpg


hello_html_m5a661be.jpghello_html_m715fbd76.jpg

  1. жүргізуші Андрей

53 топ оқушыларының орындауында қазақ биін қабыл алыңыздар «Әке толғауы»



hello_html_m54632920.jpg

1 жүргізуші: Жансұлу

Наурыз - один из величайших праздников древности. Этот праздник тесно связывался с культом плодородия. Весеннее пробуждение природы от зимнего сна рассматривалось как воскрешение умершей природы, порождало благоговейное отношение к этому столь значительному явлению.

2 жүргізуші.:Мөлдір

В прошлом казахи называли Наурыз - великим Днем улуса (народа).

Великая мудрость заложена в том, что началом года на Востоке считается весна. Время обновления, настроя на большие дела. И неслучайно Наурыз приходится

на март. Наурыз - мейрамы - день, когда происходит по восточному преданию возвращение из-под земли полуденного духа Рапитвина, несущего свет слепым, исцеление немощным, мир воюющим.

3 жүргізуші: Андрей:

Слово «Наурыз» пришло в казахский язык с персидского. Там оно звучало как «нау» - новый, «ырыз» - день и выражало понятие – первый день Нового года. Наступал он 22 марта в момент весеннего равноденствия и наряду с 1 января отмечался казахами до 1926 года, когда в республике было официально объявлено о переходе на отсчет времени по григорианскому календарю, а возродился праздник в 1988 году.

44 топ оқушысы Орынғали Арайлым

Веселый праздник Наурыз

Сегодня мы встречаем,

И дверь в весну в который раз

Мы снова открываем.

Как солнце ярко светит

И землю согревает,

Пришла весна, и добрый луч

Планету освещает.

44 топ оқушысы Қожахан Дина

Мы счастливы, что обновляя жизнь,
Вернулся в край родной наш Наурыз!
Добро пожаловать!
Весенним новогодьем,
Добром в сердцах и душах отзовись!


hello_html_49a4abc6.jpg

  1. Жүргізуші: Жалғас

43 топ оқушысы ------------- орындауында « Наурыз көктем» әнін қабыл алыңыздар

hello_html_762b5e55.jpg

1-жүргізуші:  Андрей

Уа,  халайық!  Бүгін  ұлыстың  ұлы  күні.  Ата-бабаларымыздың 

сөзімен  айтсақ,ақ  түйенің  қарны  жарылған  күн.  Наурыз  мейрамы. Наурыз  салтанаты!

2-жүргізуші:  Жансұлу

Наурыз-жаңа  күн,  яғни  жаңа  жылдың  алғашқы  күні.  Жыл  басы.  Бұл  біздің  халқымызда  Күн  мен  Түн  теңелер  мезгіл-Наурыз  айының  22-ші  жұлдызына  сәйкес  келеді.  Бұл  күні  аталарымыз  бен  әжелеріміз  үй-үйді,  ауыл-ауылды  аралап,  наурыз  көжеден  дәм  тататын.  Үлкен-кішіге  ақ  баталарын  беріп  ізгі  тілек  тілесетін.

1-жүргізуші: Мөлдір

«Ұлыс  күні  қазан  толса,  ол  жылы  ақ  мол  болар,

Ұлы  кісіден  бата  алса,  сонда  олжалы  жол  болар»  деп  нақыл  айтып,  ауыл  арасын  ауыз  бірлікке,  татулыққа,  ынтымаққа  шақыратын.  Жыл  басы-Наурыз  күні  айтылған  бұл  тілектер  ақ  болып,  толық  орындалады  деп 

ырым  ететін. 

2-жүргізуші: Жалғас

Ғасырлар  бойына  атадан  балаға  мұра  болып  жатқан  дәстүрлі  осы 

Наурыз  тойы  бүгін,  міне  тағы  есігімізді  ашып  отыр.

Құрметті  халайық  қадірменді  жамиғат. 

Бізге ақ батасын, ақ тілегін беремін деп Қыдыр ата келіп тұр ортамызға:

  Қыдыр ата: Абай ағай

Әумин десең міне бата,

Жолдасың болсын Қыдыр ата,

Қыдыр атаң қияласын,

Басыңа бақ ұяласын.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Алыстан келгендерге,

Ақжолтай жол болсын!

Береке бірлік берсін,

Пәле-қала жерге енсін.

Уа құдайым жаздай берсін,

Жаздай берсе жазбай берсін.

Уа құдайым күздей берсін,

Күздей берсе үзбей берсін!

Уа құдайым қыстай берсін,

Қыстай берсе қыспай берсін!

Уа құдайым көктей берсін,

Көктей берсе көптей берсін!

Әумин!!! hello_html_63e31cd0.jpg

1  Жүргізуші Мөлдір

Наурыз көже

Ашық болсын қас-қабақ

Таспен атқанды аспен ат.

Бейтаныс та, таныс та

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар

Қатық, малта, ағы бар.

Ішілетін, жейтінің

Бұл көжеде бәрі бар

Наурыз көже таратылады бауырсақ таратылады


2 Жүргізуші: Жалғас

Қасиет еткен халқымыз,

Жаңғырар дәстүр салтымыз!

Қастерлі менің халқымның,

Наурыздан болды жыл басы,

Наурыз болса жыл басы,

Қыдырдан болсын жолдасы!

1 жүргізуші Жансұлу

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық, ағайын,

Қазақ атты үлкен – кіші, балдырған.

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге, дей келе №2о топ оқушысы--------------орындауында «Мереке» әнін қабыл алыңыздар


2-жүргізуші: Андрей

Жуанның жіңішкерген бұл шағында,

Қазағым, көп көжеге сусадың ба?

Іңгәлап Наурызым ұзақ жатты-ау,

Толғатқан Тарих-Ана құрсағында. Дей келе №3 топ оқушыларының орындауында «Бесік тойының» қойылымын тамашалаңыздар

hello_html_m8c6ec5c.jpg

3 жүргізуші: Мөлдір

Ой, халайық, халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық. Дей келе ортамызға № 4м тобының биші қыздарын ортаға шақырайық


hello_html_m5787b958.jpg
4 жүргізуші: Жалғас
hello_html_1966afd.jpg

Наурызда жаңа жыл басталады,

Естіледі көктемнің асқақ әні.

Ақ көңілмен, ақ сүтпен қарсы алайық,

Мына келген тәй-тәйлап жас баланы. Дей отыра № 7 топ оқушыларының әзірлеген «Тұсау кесер» қойылымын тамашалаңыздар

hello_html_1af9b52d.jpghello_html_2deca1cf.jpg



1 жүргізуші Жансұлу

Дәстүр мен дәстур жалғасар,

Тойдан тойға ұласар, деп № 47 оқушыларының әзірлеген «Сүндет той» қойылымын тамашалаңыздар

Жансұлу: № 46 топ оқушысы Мұрагердің орындауында «Ауылға әнін қабыл алыңыздар

1 жүргізуші Мөлдір мен Жалғастың диалогі

-Жалғас сырға салғаннан соң бізде қандай рәсім болады?

- Мөлдір қызға сырға салған соң айын күнін белгілеп болған соң оң жақта отырған қызды ақ босаға аттандырып қызы қияға қонсын деп «Қыз ұзату» рәсімін өткізеді. Бұл да бір қазақ халқымыздың өте бір өнегелі де үлгілі салт -дәстүріміздің бірі болып саналады. Осылай Мөлдір

- Ия Жалғас бұл сөзіңмен толықтай келісем.Олай болса №45 топ

оқушылары дайындаған « Қыз ұзату» Рәсімінің қойылымын бәріміз бірге тамашалайық



hello_html_m70756f27.jpg
hello_html_48d07f45.jpg

hello_html_m26466c5.jpg
2 жүргізуші Жансұлу мен Андрейдің диалогі
hello_html_4fc75872.jpg

-Андрей осы біздің қазақ халқы өте тойшыл халық келісесін бе?

- Әрине келісем, Жансұлу біз қазақ халқы өте кең пейіл болғандығымыздан бала дүниеге келмей жатып ақ, той тойлап бастаймы,з атап өтсек: Бала анасының құрсағында жатқанда «Құрсақ шашу», бала туылған соң «Шілде хана» содан кейін «тәрбие тал бесіктен басталады» деп «бесік тойын» жасайды,бала алғашқы қадамын жасап тәй-тәй басқанда біреудің ала жібін аттамасын деген оймен аяғына ала жіп байлап «тұсау кесер тойын» жасайды,бала ер жетіп есін білгеннен соң атқа мінер шағында «сүндет той» өткізіледі, қыз бой жеткенде жігіт жағы келіп қызға сырға салады, оң босағада отырған қызды ата-анасы ұзатады, қызға қырық үйден тыйым деген қазақ халқы, ия айта берсен көп....

- Осы жерден сөзінді бөлейін Андрей ұзатылған қыз жігіттің үйіне келгенде, «бет ашар» тойын өткізеді солай емес па?

-Ал олай болса осы «бет ашар тойынан № 6 және №48 топтарыц дайындаған үзінді қойылымды тамашалайық.

hello_html_m3a40efab.jpghello_html_m7f0cc908.jpg

hello_html_m24beeef9.jpg

Мөлдір

51 топ оқушыларының дайындаған қазақ биін тамашалаңыздар

hello_html_54a58178.jpg

1-жүргізуші: Жансұлу

Кел, Наурыз келешекті жарқын шолып,

Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.

Қазақстан болғанда – Ғажапстан,

Қол соғып қуаналық халқым болып.

2 Жүргізуші: Андрей

Салт-дәстүрмен жарасса,

Қайта құрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша.

/Ойындарға түсініктеме беріп,  қазақтың ұлттық ойындары жүргізіледі. /

 7 топ ұлттық ойындар түрімен жарысады: 1 Арқан тарту /әр топтан 7 оқушы/

2 Асық ату / әр топтан 2 оқушы/

hello_html_40d70807.jpghello_html_m1ad07eba.jpg

Осы кезде №10 және №5м № 56 топтарының оқушылары дайындаған әндері шырқалады

3 Би жарыс /әр топтан 2-3 оқушы /

Папури

4 Аудан әкімдерінің жарысы.

/қазақтың салт-дәстурінен сұрақтар қойылады.//

Ортаға Аудан әкімдерін шақырамыз.

43 топтың топ жеткшісі. Қалдыбаева А

Аудан әкімі: №1 топтың топ жетекшісі. Мергенбаева А.Х.

Аудан әкімі: №6 топтың топ жетекшісі: Көбебаева Н.Ж.

Аудан әкімі: №49 топтың топ жетекшісі: Бояубаева З.

Аудан әкімі: №5 топтың топ шебері: Құрманқожаева Ж.М.

Аудан әкімі: №56 топ жетекшісі. Базарбаева Г

Аудан әкімі: тарих пәнінің оқытушысы. Сатанбаева А

hello_html_m1ce95c7.jpghello_html_45f734a3.jpg

hello_html_m373cca2e.jpg

Қойылатын сұрақтар:

1Билет

1 Жеті қазынаны атаңыз

2 Селт еткізер сыйлық дегеніміз не?

3 №1 тағамды ашыңыз, қалай жасалатынын құрамын айтып беріңіз


2 билет

1 Жеті ата ұғымын түсіндіріп беріңіз

2 Ұйқы ашар дегеніміз не?

3 №2 тағамды ашыңыз, қалай жасалатынын құрамын айтып беріңіз


3 билет

1 Жеті жұтты атаңыз

2 Уыз дегеніміз не?

3 №3 тағамды ашыңыз, қалай жасалатынын құрамын айтып беріңіз


4 билет

1 Жеті жоқты атаңыз

2 Әз жүреді дегенді қалай түсінесіз?

3 №4 тағамды ашыңыз, қалай жасалатынын құрамын айтып беріңіз


5 билет

1 Бес асыл, бес дұшпанды атаңыз

2 Наурыз көк дегеніміз не?

3 №5 тағамды ашыңыз, қалай жасалатынын құрамын айтып беріңіз


6 билет

1 Үш жұртты атаңыз

2 не себепті наурызды 22 күні тойлайды?

3 №6 тағамды ашыңыз, қалай жасалатынын құрамын айтып беріңіз


7 билет

1 Үш арсызды атаңыз

2 Наурыз сөзінің мағынасын түсіндіріп беріңіз

3 №7 тағамды ашыңыз, қалай жасалатынын құрамын айтып беріңіз

Егерде осы қойылған сұрақтардың біреуіне жауап бере алмасаңыз ән айтып құтыласыз



3 Жүргізуші: Жалғас

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға толтырып жатыр міне маңайды.

Мал біткеннің бал татығын уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.

«Қара жорға» биі орындайтын барі бирге билейді

49,№57,№58,топтары

hello_html_33440bcf.jpg

  1-жүргізуші: Мөлдір

Қош болыңыз, Наурызым ардақты,

Халқым саған бір үмітін жалғапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп жан-жақты.

2-жүргізуші: Жалғас

Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау, мықты болсын.

3 жүргізуші Жансұлу

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Еліміздің несібесі көп болсын!  

hello_html_m71fb74d0.jpg

4 Жүргізуші Андрей

Осымен шағын бағдарламамыз аяқталды. Баршаңызды наурыз кожеден дәм татуға шақырамыз

Автор
Дата добавления 26.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров68
Номер материала ДБ-099388
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх