Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты"Тәуелсіздікке - 24 жыл!"

Ашық тәрбие сағаты"Тәуелсіздікке - 24 жыл!"

Скачать материал

 

3 - сынып  Ашық тәрбие сағаты

12.12. 2015 жыл

Тақырыбы: "Тәуелсіздікке – 24 жыл!"

Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздік туралы мағұлмат беру. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту мерекесі қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының түрі: таным сабағы

Сабақтың көрнекілігі: бейнежазбалар, суреттер, слайд, қабырға  газеті.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Барысы:

 

І.Кіріспе                                                                                                                                  "Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!" деген елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен сабағымды бастағым келіп отыр.                                

Әнұран орындалады.

Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру 

Туған жердің қорғайтын әрбір талын,

Әнұранмен қарсы алған әрбір таңын.

Құрметтейтін тіпті оның көбелегін,

Біз боламыз, о, Отан жас қыраның!                                                               

/ балалар шаттық шеңберінде бәрі бірге орындайды/

Топқа бөлу                                                                                                                                             "Бірлігіміз жарасқан - Егемен Қазақстан", "Тәуелсіз елім - Қазақстан"                                               /сөздер  жазылған  кеспе қағаз алу арқылы оқушылар топқа бөлінеді/                                                                                              ІІ. Тұсаукесер

"Қазақстанның тәуелсіздік күні"

-Балалар, бұл бейнероликтен не көрдік? Қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын аша аламыз ба?

/бейнеролик көру арқылы оқушылар өздері сабақтың тақырыбын ашады/

 

ІІІ. Негізгі бөлім

Бейнежазба "Ата - бабам тарихы - менің тарихым"

/әдебиеттік оқу пәнінің электронды оқулығынан көрсету/

-Иә, балалар, бүгінгі Қазақстан әлем назарында, жері, халқы бай ел. Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата - бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді.

"Тарих қойнауына  көз жүгіртейік"

/слайдтан көрсете отырып, айтып өтемін/

1/ 1465 жылы қазақ хандығы құрылды. Хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек.

2/ Тарихта аты шулы "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратты.

3/ Бұдан кейін Кенесары Қасымұлы бастаған  ұлт - азаттық көтеріліс, ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс, 1916 жылғы Амангелді бастаған ұлт - азаттық көтеріліс болды.

4/ 1918 жылы Қазақстанда Кеңес үкіметі құрылды.

5/ 1925 - 1933 жылдары Голощекиннің "Кіші октябрь" саясатының салдарынан негізгі күн көрісі болған малдан айырылып, миллиондаған (2млн 200 мың) қазақ  аштықтан қырылды. Көптеген (1,5 млн) қазақтар әлемнің төрт бұрышына босып кетті.

6/ 1936 - 1938 жылдары қазақ халқының зиялы қауымының өкілдері қуғын - сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп "Халық жауы", "Ұлтшыл" деген жаламен атқанын атып, қалғанын азаптап өлтірді. (А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов)  

7/ 1941 - 1945 жылғы Ұлы Отан соғысында фашизммен күресіп, қаншама есіл ерлеріміз көз жұмды. Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Б.Момышұлы, Т.Бегелдинов т.б. 100 - ге тарта қазақ хаһарманына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

8/ Семей полигонында сыналған 600-ден астам ядролық жарылыстардың кесірінен 1949 - 1950 жылдары осы өңірдегі 500 мыңнан адам уланды.

Осындай қиындықтарды басынан кешірсе де, қазақ халқы мойыған емес. Бұған дәлел қазақ халқының ең соңғы өліп тірілуі  біздің халқымыздың қайғы - қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.

Жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза - кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды.

"Желтоқсан тағылымы" сол кезең туралы айту.

18-ақ минутқа созылған Қазақстан Орталық Комитетінің V пленумінде елімізді ширек ғасыр басқарған Д.А.Қонаевтың орнына Колбиннің сайлануы халық ызасын тудырды.

Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар "Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі болсын!" деген ұранмен алаңға шықты. Пленум шешіміне қарсы шығып, ұлт намысын ту еткен қазақтың өрімдей ұл - қыздарының бейбіт шеруін "жүгенсіздік", "ұлтшылдық", "нашақорлық", "маскүнемдік" деп әдейі бұрмалап түсіндірді.

Бұл күні Ләззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызы, Ербол Сыпатайұлы, Қайрат Ноғайбайұлы сынды жүздеген қыршындарымыздың қанатын қиған еді.

КСРО Халық депутаттарының І съезінде Мұхтар Шахановтың бастамасымен желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға жөнінде комиссия құрылды. 1996 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандарды ақтау туралы жарлық шықты. 17 желтоқсан Демократиялық жаңару күні деп жарияланды. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.

Иә, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі  орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атты. Желтоқсан оқиғасы туралы жазбаған ақын, жазушы жоқтың қасы. Келесі кезекте Жұмаш Кенебеавтың өлеңін тыңдау.

"Желтоқсан желі ызғарлы..."

/слайдтан көрсету, желтоқсан құрбандарының ерлігіне тағзым етіп,

1 минут үнсіздік жариялау/

"Суреттер сөйлейді"

/оқушыларға суреттер таратып беремін, суретке қарап қай оқиғадан көрініс екенін жазып шығады/

Сергіту сәті

/Әли мен Айя Тәуелсіздік туралы ән айтады/

"Тәуелсіздік белестері"

Осы жылдар ішінде талай белестен астық, Қазақстанды әлем таныды.

Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.

Халықаралық қатынастарда қалыптасқан қағидалар бойынша өзге елге кіріптар болып отырған елмен ешкім төте байланыстар жасамайды. Тікелей келіссөздер жүргізіп, халықаралық шарттар жасау тек бірін - бірі өзгеден тәуелсіз, өзін - өзі басқаратын, еркін мемлекеттер деп танылған елдер ғана арасында жүреді. Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып Түркия мемлекеті таныды.

Бейнежазба көрсету "Сен білесің бе?"

/Балапан телеарнасынан алынған бейнероликті  көрсетемін/

Тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихы: "Оқиғалар жылнамасы"атты алдын ала дайындаған қабырға газетімді көрсетіп, 1991 - 2015 жылдар аралығында елімізде болған маңызды оқиғаларға шолу жасаймын.

IV. Қорытынды бөлім

Рефлексия

Екі топқа тапсырма беремін.

 Бірінші топ "Қазақстан - тәуелсіз ел" тақырыбында шағын шығарма жазу.

/шығармада ата - бабалар, тәуелсіздік, аңсаған, дамыған, сол себепті, сондықтан, көк туымыз, желбіреген сөздерін пайдаланыңдар/

Екінші топ  "Бес жолды өлең" әдісі арқылы "тәуелсіздік" тақырыбына өлең құрастыру.

Зат есім(1)...

Сын есім (2)...

Етістік (3) ...

Сезімді білдінетін сөз (4) ...

Синоним (1) ...

 

Білімдіден шыққан сөз-

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз, - деп Абай атамыз жырлағандай талапты, көкірегі ояу, білімді де еңбекқор ұрпақ болу біздің міндетіміз!

Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!

 "Тәуелсіздікке  - 24 жыл!"

/құттықтау сөз бейнероликтен көрсету/

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты"Тәуелсіздікке - 24 жыл!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 557 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.10.2016 1254
    • DOCX 52.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Төлегенова Эльвира Мәтжанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Төлегенова Эльвира Мәтжанқызы
    Төлегенова Эльвира Мәтжанқызы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9115
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 195 человек

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 221 человек

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе