Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Ашық тәрбие сағаты.Жаса мәңгі Қазақстан.

Ашық тәрбие сағаты.Жаса мәңгі Қазақстан.

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Жалпы орта білім беретін Мереке мектеп – балабақшасы







Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Жаса,мәңгі Қазақстан!

( 6 - сынып)







Өткізген: сынып жетекшісі Сатқанова О. Қ.

























2015 – 2016 оқу жылы

Мақсаты: Оқушыларғы Қазақстан Республикасы туралы мәлімет бере отырып, жерін, елін, отанын қорғайтын патриоттарды тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, плакаттар, интерактивті тақта.


Барысы:

Жүргізуші:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар «Жаса, мәңгі Қазақстан» атты тәрбие сағатымызға қош келдініздер!Оқушылар, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. ЭСПО – 2017 дүниежізілік көрмесі елдордамыз Астана қаласында өткелі отырған. Біздің еліміздің байлығын көруге бүкіл әлем келетін болады. Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне -25 жыл.Кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «рәміздері» бар. Ол – көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120 –дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Атыңнан айналайын, егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер! – деп, «Жаса, мәңгі Қазақстан!» атты сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

Бүгінгі сабағымызда сынып оқушылары жеребе суыру арқылы 2 топқа бөлінеді.

Сайықа қатысқалы отырған оқушылардың білімдеріне баға беріп, төрелік жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.


Тәрбие ісінің меңгерушісі Мергенева Самал Жоламанқызы

Қосымша педагог Максутова Нургуль Галымжановна

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Калмурзина Алия Едигеевна


Ендігі кезекте сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік.


І кезең « Сәлем – сөздің анасы» (таныстыру)

ІІ кезең « Сұрақ – жауап» (әр топқа 8 сұрақтан қойылады)

ІІІ кезең «Бейне құрастыру» (әр топқа 3 бейнесуреттің бөліктері беріледі. Оқушылар бейнелерді топ болып құрастырады)


ІV кезең « Мақал – сөздің мәйегі» (әр топқа 8 мақал жасырылады)

V кезең «Жас ақындар» (әр топ бірігіп, тақырыпқа байланысты жолды өлең шығарулары керек)

VІ кезең «Капитандар сайысы» (Екі топтың капитандарына әріптер беріледі, сол әріптерден сөз құрастырады)



Психологиялық тренинг

«Жақсы көңіл күй сыйлау»


Жүргізуші:

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы – дей отырып І кезеңіміз «Таныстыру» кезеңін бастайық.


Атыңнан айналайын, егеменді ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер! – деп ІІ кезеңіміз «Сұрақ - жауап» кезеңін бастайық.


1 топтың сұрақтары:

Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн?

1995 жылы 30 тамыз

Қазақстанның ұлттық ақшасы, ол қашан айналымға енді?

1993 жылы 15 қараша

Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады?

1991 жылы 1желтоқсан

Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қашан алды?

1991 жылы 16 желтоқсан

Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы қай жылы ашылды?

2002 жыл

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы қай жылы бекітілді?

1992 жылы маусымда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы кім?

Ш.Ниязбеков

Алтын адам қай жерден табылды?

Есік қорғаны


2 топтың сұрақтары:

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы қай жылы бекітілді?

1992 жылы 4 маусымда

Қазақстан Республикасының әнұранының әнін жазған кім?

Ш.Қалдаяқов

Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы қай жылы бекітілді?

2007 жылы 30 наурыз

Қазақстан Республикасы қандай қазба байлығына бай?

Мұнай

Қазақстан халқы өзінің Президентін қашан сайлады?

1991 жылы 1 желтоқсан

Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды?

1992 4 маусымда

Елтаңбаның авторлары кім?

Ж. Мәлібеков

Ш.Уәлиханов

Қазақстанның алғашқы Астанасы қай қала?

Орынбор


ІІІ кезең «Бейне құрастыру»

Суреттің бөліктерін топ болып бірігіп, ақылдасып, 2 бейне құрастырады.


ІV кезең «Мақал – сөздің мәйегі»

1 топтың мақал – мәтелдері

  1. Ел мен жер егіз

  2. Ел іші алтын бесік

  3. Көптің күші көлдей,

Көшіп жүрген елдей

  1. Ел жаусыз болмас,

Жер таусыз болмас

  1. Ауылым – алтын бесігім

  2. Елу жылда ел жаңа

  3. Ит тойған жеріне,

Ер туған жеріне

  1. Отан – оттан да ыстық.

2топтың мақал – мәтелдері

  1. Өз елің – алтын бесік

  2. Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл

  1. Елінен безген оңбайды,

Көлінен безген қонбайды

  1. Көп түкірсе – көл болар

  2. Егемен елдің еңсесі биік

  3. Көп тілесе алар,

Күн бұлттанса жауар

  1. Отан – қуат,

Отбасы – шуақ

  1. Ел ағасыз болмас,

Тон жағасыз болмас



V кезең «Жас ақындар»

Әр топ бірігіп тақырыпқа байланысты 4 жолды өлең құрастырып, мәнерлеп оқиды.

VІ кезең «Капитандар сайысы»

Әр топтың капитандары ортаға шығып, адасқан әріптерден екі сөз құрастырады.

Жүргізуші:

Сайысымыз өз мәресіне жетті. Келесі сөз кезігін әділқазы алқасына берміз. Әділқазы алқасы өз шешімдерін шығарып болғанға дейін ортаға 6 сынып оқушыларын «Атамекен» әнімен шақырамыз.

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректеріңде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,

Айналаң, бәрі сенің көрерменің.

Тілеймін, дәл осылай барлығыңның

Тек қана биіктерден көрінгенін, - деп, бүгінгі «Жаса, мәңгі Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды аяқтамыз. Сау болыныздар.
















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 05.08.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров146
Номер материала ДБ-151672
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх