Инфоурок Школьному психологу КонспектыАшық тәрбие сабағы"Салауатты өмір салты"

Ашық тәрбие сабағы"Салауатты өмір салты"

Скачать материал

Салауатты өмір салты


Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты 

Сабақтың мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарыта отырып, 
зиянды әдеттерден аулақ болуды түсіндіру, насихаттау. 
Міндеттері: 
- жаман әдеттерден туатын аурулар туралы білімдерін жетілдіру. 
- өмірге, адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін ояту, аурудың 
алдын алуды үйрету. 
- тәні де, жаны да таза, әрі сау болашақ ұрпақты тәрбиелеу. 

Әдісі: шаттық шеңбері, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, дәйексөз, шығармашылық 
жұмыс, тапсырма 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, тірек-сызба, суреттер, буклет, нақылсөздер 

Шаттық шеңбері 

Оқушылар ортаға шығып денсаулық туралы мақал мәтелдер айтады: 

- Дені саудың – жаны сау 
- Денсаулық – зор байлық 
- Аурудың жақсысы жоқ, 
Дәрінің тәттісі жоқ. 
- Ауру аздырады, 
Суық тоңдырады. 
- Ауру кісі күлкі сүймес, 
Ауыр жүкті жылқы сүймес. 
- Ауру батпаңдап кіріп, 
Мысқылдап шығады. 
- Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің. 
- Ұйқы - тынықтырады, 
Жұмыс шынықтырады. 

Барлығы: 
Байлық - байлық емес, 
Бар байлығым-денсаулық 
Бар өмірім – денсаулық! 

Ойланайық, пікірлесейік 

1. Салауатты өмір салты дегеніміз не? 
2. Адам өміріне зиянды заттарға нелерді жатқызар едіңіз? 
3. Адамдар неге зиянды әдеттерге әуес? 

Мұғалім: 
Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек? 
Адам баласы үшін ең кымбаты – оның мәнді де сәнді өмірі. Өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет. Өкінішке орай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі» торына 
бейкүнә жандар ілігіп, дүние салып, аурулардың азабын тартьп жатыр. 
Ал осы зияндылармен күресу оңайға түсер емес.Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салтын ынталандыру – әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с. бағытталған деген болатын. 
Салауатты өмір сүру дегеніміз не? 
Ол — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану. зиянды әрекеттерден аулақ болу. 
Ал зиянды әрекет дегеніміз – қазіргі таңда етек алған, адамдарды жуадай солдыратын дерттер: маскүнемдік, темекі шегу және нашақорлық. Бұлар адам баласының өзі тілеп алған айықпас дерттері. Салауаттылық - кең ұғым. “Бірінші байлық-денсаулық” деп тегін айтылмаған. Адам денсаулығы оның жаны мен тәнінің саулығынан құралады. 


Зиянды әдеттерден аулақ болу Әлеуметтік тұрмысты жақсарту, 
күйзелісті болдырмау 


Салауатты өмір салты 

Сапалы тамақтану, Денсаулықты сақтау, Бос уақытты 
жеке бас гигиенасын сақтау спортпен шұғылдану тиімді пайдалану 

Спорт Таза ауа Көңілді жүру Дұрыс ұйқы 

Денсаулықтың достары 

Демалу Тазалық Тиімді тамақтану 

Зиянды әдеттер Салақтық Дұрыс тамақтанбау 

Денсаулықтың қастары 

Жалқаулық Ашушаңдық Күн тәртібін сақтамау 

Никотиннің зардабы 

Темекі – алқа тұқымдасына жататын, құрамында есірткі бар бір және көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда оның 3 түрі: кәдімгі темекі, мәдени темекі, махорка өсіріледі. Темекінің құрғақ жапырағының құрамында 1,09-3,7% никотин, 17,1-18,9 % күл (органикалық заттар), 4,9-17,6 % көмірсулар, 2,2-3,7 % азот, 0,1-1,3 % эфир майлары және органикалық қышқылдар, шайырлар бар. Темекі - өте улы, құрамында алколойдтар, әсіресе есірткі заттары көп өсімдік. 

Алкогольдің зардабы 

Алкоголь — ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақымдайды. 
Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. 
Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады. Спирттың у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп жиналады 48 %. Алкоголь ағзаға ете тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық-физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арак, ішуден болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден туындайды. 

Есірткінің зардабы 

Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру. 

Мәтінмен жұмыс 

Ұ.Есдәулетовтің «Қара пима» поэмасынан үзіндіні оқып,сұрақтар арқылы талдау ұсынылады. 

- Поэманы оқығанда қандай сезімде болдыңыздар? 

Дәйексөз 

Ауырып ем іздегенше, 
Ауырмаудың жолын ізде! 

(мақалдың мағынасына түсінік беріледі) 

Жаңа ақпарат 

Дені сау, жан – жақты дамыған, жаны сұлу адам мәнді де салауатты ғұмыр кешеді. Адам өз денсаулығын сақтап, ішкі жан дүниесін дамыту үшін өмір бойы белсенділік танытуы қажет. Салауаттылық – әр адамның, сол сияқты бүкіл қоғамның өте құнды жетістігі. Ол өздігінен қалыптаспайды. Әр адам өз өмір салтын өзі таңдап алуға құқылы. 

Шығармашылық жұмыс 

“Салауатты өмір салтын қолдаймыз“ тақырыбына сурет салу, эссе жазу, өлең шығару 

Сергіту сәті 
«Көңілді күн» гимнастикалық жаттығу 

Тапсырма 

1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер? 
Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. 
Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым. 
2. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек? 
Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу. 
3. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз. 

Қорытынды 

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. 
Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар. Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер. 

Жүректен жүрекке 
Өміріңе немқұрайлы қарама әні: Сәкен Дәрібаев сөзі : Серік Сейітман 

Тыңда досым, мен айтайын от тілек, 
Дүниеден кетті бай да, өтті бек. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп. 
Әр күн сайын тек сен үшін атып таң, 
Зерлі шапан киінсең де жақұттан. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Шақша басың айналса да бақыттан 

қайырмасы: 

Бақ құсыңды қонған кезде бағала. 
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. 
Кенелсең де досым қанша шаттыққа 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Бақ құсыңды қонған кезде бағала. 
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала. 
Қанша азап көрсең дағы,бауырым, 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 

Тұсау салып бастатқызбай көш дара, 
Етсе дағы дұшпан күлкі, дос таба. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да. 
Сын сағатта сақтау үшін өз басын, 
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың. 
Өміріңе немқұрайлы қарама, 
Айдын көлге айналса да көз жасың.

ПОДРОБНЕЕ


Соңғы жарияланған материалдар тізімі



Салауатты болсаң, сау боларсың.



«Салауатты өмір салты»



Дені саудың – жаны сау.



Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.



Денің сау болса, жарлымын деме.



Денсаулығыңды жасыңнан сақта



Денсаулық - мен білетін бірден-бір сұлулық



Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі



Бақыт дегеніміз – денсаулық



Денсаулығым - бар байлығым




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сабағы"Салауатты өмір салты""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 543 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.03.2016 2659
    • DOCX 27.3 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садвакасова Аманкуль Сарсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4944
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы кризисной психологии: кризисные состояния у детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 217 человек

Курс повышения квалификации

Решение школьных проблем: интеграция нейропсихологического подхода и подготовка детей к школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс повышения квалификации

Развитие психологической устойчивости обучающихся к воздействиям СМИ

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 14 регионов

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов