Сабақтың
тақырыбы: Мерекелі, берекелі алтын күз.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға күз кереметі туралы түсінік беру.
2. Күзде алынатын өнімдердің пайдасы туралы
айтып, оны күте білуге тәрбиелеу.
3. Тілін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету.
Сабақ көрнекілігі: Жеміс- жидектер, көкөністер
суреттері
Сабақ барысы: І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Арген:Қош келдіңіздер ата-аналар!
Армысыздар ұлағатты ұстаздар!
Бармысыздар жас достар!
Шыңғыс:Мұнда назар салайық
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Ертеңгілікті бастайық
Арген:Балалар біз сендермен жеміс-жидектерді,
көкөністерді қай мезгілде жинап аламыз?
Шыңғыс:Балалар күз мезгілінің айларын атап беріңдерші?
Қыркүйек, қазан, қараша.
Арген:«Алтын күз» ханшасын ортаға шақырайық, балалар!
Алтын
күз:
-Амансыңдар ма,балалар! «Мен сендерге қонаққа келдім,сыйлық әкелдім.»Төрге
шығып отырады.
Туған табиғаттың тамаша бір көрінісі күз мезгілі.
Айнала сұлуланып, түрлі
түстерге боялып құлпыра түседі. Ағаштардың және
басқа өсімдіктердің
жапырақтары қызыл, сары, қоңыр болып өзгереді.
Олай болса, құрметті қонақтар
кішкентай балапандар күз мезгілі туралы не айтар
екен.
Шыңғыс:Күз мезгіліне арналған тақпақтарымызды айтайық:
Аружан:Ой,
алақай тамаша ,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші - алаша .
Аунар ма екен жатып ап!
Арген:Келесі
кезекте - «Қара жорға» биін тамашалайық:
Шыңғыс:Алтын,сары,қызыл,көк,
Алуан-алуан
жапырақ.
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
жалбырап.
Анель:
Ашылып күз құшағы,
Жүрді еріп бізбенен.
Жапырақтар ұшады,
Жез алқадай жүздеген.
Арген:«Кім жылдам» ойыны. Ойынның мақсаты:
Шашылған жапырақтарды балалар тез арада музыка
әуенімен жинап болуы керек.( 3 бала, желмен төрт адам шығып ойнауға болады).
Жүргізуші:Қане балалар, күзгі желдің ұшып кетуіне көмектесейік.
Қане қатты үрлейік.( Уф - уф - уф)-
Шыңғыс:тақпақтарды тыңдайық
Зулфия:
Күнді
көрсе толғанар,
Бұлтты
көрсе шамдалар.
Қысты
қазір жолатпа,
Тола
түссін қамбалар.
Арген:«Қолшатыр» биі
қыздардың орындауында.
Шыңғыс: Қазір біз
сендермен «Күз белгісі неде?» деген ойын ойнаймыз. Мен күз мезгіліне байланысты
сөздер айтамын, сендер аяқтайсыңдар.
- Күзде жапырақтар...........сарғаяды.
-Күзде күн............. суытады.
-Күзде құстар......... жылы жаққа ұшып кетеді.
-Күзде көкөністер мен жемістер.........піседі.
Арген:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Шыңғыс:«Кім
жылдам» ойыны.
1. Екі оқушы шығып екі қатардағы түйнектерді
жинауы керек.
Арген: Жұмбақтар
шешу:
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан. (Сәбіз)
2.Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында дәні бар. (Бидай)
3.Бақшадан келген ала доп (Қарбыз)
4.Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады (Пияз)
Арген:«Көбелектер» биі қыздардың орындауында
Шыңғыс: Бәріміз хормен:
Хор: « Күз келді,күз келді
Жаз алысқа кетті енді
Күз келді,күз келді
Оқу керек бізге енді.
Мұғалім:Балалар
осымен біздің күз туралы мерекеміз аяқталды. Бәрің мерекеге жақсы қатыстыңдар.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.