Инфоурок Другое Научные работыАшық түрде ұйымдастырылған оқу қызметі

Ашық түрде ұйымдастырылған оқу қызметі

Скачать материал

Тақырыбы: «Қазақстан-мәңгілік ел»
Мақсаты:

 Білімділік:Балаларға Қазақстан Республикасы,  Мәңгілік ел, Отан  туралы түсінік беру.
Дамытушылық:Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін,  тақпақтар, би, ойын арқылы дамыту,

Тәрбиелік:Туған елін, жерін, Отанын сүюге, патриоттық сезімге  тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Қиылған қала суреттері, рәміздер, суреттер, отан туралы мақал-мәтелдер, жапсырма.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сөздік жұмыс:Отан.

Қостілділік компонент:Отан-родина- homeland , ту-флаг-flag,  елтаңба-герб- anthem.                     

Барысы:

Шаттық шеңбері:
- Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты 
Жарқырайды даламыз,
Жайнай түсті қаламыз 
Біз бақытты баламыз!

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң апайлар!

Тәрбиеші:Балалар, бүгінгі ашық түрде ұйымдастырылған оқу-қызметінде  «Қазақстан –мәңгілік ел!»  атты тақырыпта әңгімелесеміз.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі-гимнді тік тұрып, орындайық.Барлығы тік тұрып гимнді орындайды.

Тақтамен жұмыс:

-Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?

-Қазақстан

-Қазақстан Республикасының президенті кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Елордамыз еліміздің бас қаласы қай қала?

-Астана қаласы.

-Мемлекеттік тіліміз қалай аталады?

-Қазақ тілі.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, жарайсыңдар!

-Сендер, еліміздің мемлекеттік рәміздерін білесіңдерме?

-Иә, Елтаңба, Ту, Гимн.

Сөздік жұмыс:Отан-ол еліміз, туып өскен жеріміз, отбасымыз.

Қостілділік компонент:Отан-родина-homeland

Ту-флаг-flag

Елтаңба-герб-anthem

Тәрбиеші:Балалар, енді бейне таспаға назар аударайықшы.Бейне таспа қойылып, Қазақстанның өткені мен бүгіні көрсетіледі.Қазақстан қандай қиын қыстау кезеңдерді бастан кешіргенін, тәуелсіздік оңайлықпен келмегенін, Елбасымыз  қалай сайланып, оны, көреген саясатының арқасында осындай күнге жеткенімізді айтады.

-Балалар, бейне таспадан не көрдіңдер?

-Тәуелсіз мемлекет болып қашан? қалай?  атандық?

-1991жылы желтоқсанда.

-Төл теңгеміз қашан шықты?

-1993жылы.

-Елордамыз «Астана» қаласына қашан көшірілді?

-1998жылы 6 мамырда.

-Таяуда Тәуелсіздігіміздің неше жылдығын атап өттік?

-25жылдығын.

-Дұрыс  айтасыңдар,  балалар.

-Сендер, осы Қазақстан, Астана, президент, рәміздер туралы тақпақтар білесіңдер ме?

-Иә, білеміз.Олай болса, маған айтып беріңдерші.

Балалардың тақпақтары:

1.Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң Қазақстан.

Елім менің-тірегім,

Құшағыңда гүл атам.

2.Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің-Қазақстан!

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің-Қазақстан!

3.Шықты тарап ой данадан,

Бер қарады жұлдыз беті.

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

4. Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған

Халқым жетсін мұратқа

Ей, бас қалам- Астана

Отанымның төрінде,

Сарарқаның өрінде.

Ту ұстаған астанам,

Әсем қалам, бас қалам

5. Ән ұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте

6.Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолыңда

Еркіндігім –Елтаңбам

7. Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!

Таспадан  айтылған «Қара  жорға» әніне   би билеп,  қимылмен бойларын сергітіп алады.

Балалар орындарына отырады.

Тәрбиеші:-Балалар сендер отан туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме?

Балалар:-Иә, білеміз.

1.Отан-елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

2.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

3.Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

4.Отан-оттанда ыстық.

Жарайсыңдар, балалар.Сендер Отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.

Қорытынды:

Ойын: «Кім шапшаң?»

Ойын шарты:Қиылған қала суреттерін  балалар 2 топқа бөлініп, «Астана», және «Теміртау» қалаларын тақтадағы ақ қатты қағазға қаланы көркейтіп жапсырады.

Қай топ қаланы көркейтіп шапшаң жапсырса, сол топ жеңімпаз болады.

-Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Иә, ұнады.Жарайсыңдар, балалар.Сендерге көп-көп рахмет!

Бүгін сендер оқу-қызметіне жақсы қатыстыңдар деп балаларды көңілді күндермен бағалап, мадақтау.

- Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.
Құрметті әріптестер! Абай атамыз айтқандай «Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тапта бар қалан»деп ,бүгінгі бүлдіршін балаларымыз қоғамымызға кірпіш болып қалана берсін деген тілекпен бүгінгі оқу-қызметін аяқтаймыз. 

Балалар:

Ризамыз, ризамыз,

Өткен күнге ризамыз!

Ризамыз, ризамыз,

Осы күнге ризамыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                      МКҚК «№9 «Ақбота» бөбекжайы

                                                                                                     №6 «Қарлығаш»  тобы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       Ашық түрде ұйымдастырылған оқу- қызметі 

 

             Тақырыбы: «Қазақстан-мәңгілік ел!»

 

 

 

 

 

 

                                                                                                       

 

 

 

            

                                                                                                        Өткізген: тәрбиеші:

                                                                                                        Каипбердиева Г.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    

                                                    Теміртау қаласы-2017жыл.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық түрде ұйымдастырылған оқу қызметі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 999 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2017 704
    • DOCX 41 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каипбердиева Гулмайра Тилеубердиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30505
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в области деловых коммуникаций. Зачем нужна корпоративная культура?

Перейти к трансляции