Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыАшык сабақ тақырыбы"Менің Отаным -Қазақстан"

Ашык сабақ тақырыбы"Менің Отаным -Қазақстан"

Скачать материал

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менiң  Отаным -Қазақстан

 

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың Қазақстан туралы бiлiмдерiн кеңейту.Отанын сүюге,байлығын қорғауға, елжандылыққа,әсемдiкке,жауапкершiлiкке тәрбиелеу.Өнерге деген қабiлеттерiн  дамытып,елге, жерге деген патриоттық сезiмдерін ояту.Ел рәмiздерiн ,тарихын бiлу. Мақсаты: 1. Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат
2. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, елжандылыққа, отан сүйгіштікке,  азаматтыққа   баулу.                                                

              
3. Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жас ұрпақты тәрбиелеу.              .  
Әдісі: Саяхат  сабақ,сұрақ-жауап.                         ,      
Көрнекілік: Интерактивті тақтадан портреттер, фотосуреттер, еліміздің рәміздері, Астана суреттері,президент жайлы слайд.
                    .
Плакатқа жазылған Отан,ел рәмiздерi туралы өлең,оқушылар шығармашылығы, буклеттер,слайд.

 

 

Қанатты сөз:1. Туған жер алтын бесiк.

                      

                      2.Отан!Отан!

                       Бәрiнен биiк екен ,

                       Мен сенi мәңгiлiкке сүйiп өтем.

                                                     М.Мақатаев

 3.  Елін сүйген ,елі сүйген Елбасы.

 

 

1.Кіріспе:

 

Психологиялық ахуал.

 

Берменірек тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңырақты құрайық.

 

 

Жүргiзушi :

Армысыздар, құрметтi ұстаздар,оқушылар,қымбатты ата-аналар!

«Менiң Отаным- Қазақстан» тақырыбындағы тәрбие сағатты  ашық деп жариялаймын. «Отан оттан да ыстық» дейдi халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентiнiң өзегiн өртейдi, ешкiмге тәуелсiз болса,мақтаныш алауын маздатады. 1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет - Қазақстан Республикасының

 

 

 

 

тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп, елінің егемендігін ойлаған, ынтымақты, тұтастық бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, елімізді бүкіл әлемге танытқан Елбасымызға арнамақпыз.

 

Тәуелсiз мемлекет ретiңде әлемге танылған Қазақстанның әрбiр Отансүйгiш азаматының кеудесiне осындай сенiмнiң өшпес оты тұтанған.

Ендеше оқушылардың Отан туралы өлеңдерін тыңдайық.


 

Менiң туған өлкем - кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдерi, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы менiң ақ бесiгiм. Сондықтан да мен оны  ардақтаймын. Шексiз сүйемiн. Әрқашан аялап,қорғап жүремiн.

 

                        Отаным - алтын бесiгiм

Тербеттiң менi төсiңде.

Жүредi сенiң есiмiң

Ер жеткен кезде есiмде.

   

Отан-тарих.Отан-тiл

Жасаған елiм,өз халқың.

Отан-өлең,Отан- жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

(Оқушылар өлеңдерін оқиды)

 

Ән Отан/ орындайтын хор.

 

 

                        Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп,уанған

Бұл даланы алғаш көріп қуанған,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

                                       Қ.Аманжолов.

 

 

 

 

 

2.Негiзiгi бөлiм: “Қазақстанға саяхат”  ойыны

1”.Менің Қазақстаным “ аялдамасы.

2.”Сандар сыр шертеді” аялдамасы.

3”.Менің тұңғыш президентім”  аялдамасы.

Менің  Қазақстаным”  аялдамасы/Сұрақ-жауап

 


1.Біздің еліміз қалай аталады?

2. Біздің еліміз қандай?

3.Біз қандай мемлекетпіз?

4.Еліміздің астанасы қалай аталады?

5.Қала қай жерде орналасқан?

6. Біз қай облысқа қараймыз?

7.Тұрып жатқан ауылымыз қалай аталады?

8.Ел рәміздеріне нелер жатады?

9.Ұлттық валютамыз не?

10.Туымыз қандай?Тудың түсі нені білдіреді?

11.Елтаңбада не бейнеленген?

12.Қазақстан Республикасы Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет.
13.Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас. Олар: Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қытай

                             14.Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

                             15.Қандай мемлекеттік мерекелерді білеміз?

                           16. Астананың бұрынғы атауы?(Целиноград,Ақмола)

 

Би/Шаттық орындайтын-Томирис,Дария,София.

 

 


Сандар сыр шертеді аялдамасы

Тақтада сандар жазылған(1991,1992,1993,1995,1997,1998,1999,2006 ,2011)

 

1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

        1992 жылы 4 - маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданып,6 маусымда күшіне енді.Ұзындығы 2 метр,ені 1 метр.

1993 жылы 15 - қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді

1993ж.28 қаңтар Егеменді еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.

1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР-ның жаңа Ата Заңы қабылданды.Содан бастап 30 тамыз Ата Заң күні деп белгіленді.Осы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

1997 жылы бұрынғы астанамыз Алматыдан Республикамыздың басшы орындары,Президент кеңесі,ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.

1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды.

1999ж.сайлау болып,Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды.
2006 жылы 7 - қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.

 

                         2011 жылдың 3 сәуіріне мерзімінен бұрын президент сайлауы өтті.

Жүргізуші
                                                                                         

Бас бiлгiзiп жер тарпаңға

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды

Түлiгiне дейiн салса ен таңба?

                    Елтаңба авторы: Шота Аман Ыдырысұлы Уәлиханов

 

 

 

                     Батырлыққа уызынан жарыған

Ер  түркiнi байрағынан таныған

Өзi ақын,өзi әншi халықта

Кiм айта алар болмаған деп-Әнұран?

Әнұран авторлары/ Н.Ә.Назарбаев,Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмиденов.

 
                       Бәрi болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгi де, ерлiк ,өнер де.

Жахандағы ең жауынгер халықта

                           Кiм сенедi ,Ту болмады дегенге?

                       Ту авторы : Шәкен Оңдасбекұлы Ниязбеков

 

Ән/Көк тудың желбірегені          

 

Жүргiзушi:

Қазақстан Республикасының азаматтары,сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге мiндеттi.

 

Туымен тұғырлы,Елтаңбасымен еңселі,әнұранымен айбатты Отанымыздың арқа  сүйер азаматы болайық.

 

Әнұран шырқалады

 



 

 




 

“Менің Президентім “ аялдамасы: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш ретТұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.


 Көк байрақты туым бар,


Рухы биік елім бар


Ырыс пен арды ойлаған,


Ел басқарған ерім бар.

Егеменді Отанымның,


Қасиетті қазағымның,


Ел басы кім айтыңдар?



1 - оқушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз - маз өнімдерін сатып, үй - ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.
2 - оқушы:
Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлургжұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

3 - оқушы:
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4 - оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5 - оқушы: 1998 жылы 10 - маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

6оқушы     -
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындарбәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.
7 - оқушы:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім, елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!


Викториналық сұрақтар:
(1. Қ. Р - ның президентті кім?(Н. Ә. Назарбаев)
2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған?(Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған?(6 шілде, 1940 жылы туған)
4. Біздің елбасы қалай оқыды?(4 пен 5 - ке)
5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады?(Металлургия)
6. Н. Ә. Назарбаев - тың бойында қандай қабілет бар?(адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)
7.Елбасы –ол қандай?

Оқушы:

Қазақстан туған өлкем

Жер көп пе сендей көркем

Көрсiн деп күллi әлемге

Жалауыңды желге желпем.

 

Қорытынды :   Жүргізуші/    .

Балалар,сендер отан туралы жан-жақты білетіндеріңді көрсеттіңдер.Енді  Отан туралы мақал-мәтел айтайық.Мен айтамын сендер жалғастырасыңдар.

Отан –оттанда ыстық

Отан –елдің анасы,

Ел-ердің анасы.

Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

 

.Ендеше құрметті оқушылар ,ата-аналар,ұстаздар/ айтылған жайттарды еске түсіре отырып, тағы да бір ой елегінен өткізіп

Менің” Тұңғыш Президентім” атты слайдты тамашалауға шақырамын.

 

 

Слайд” Менің тұңғыш президентім”

Ән    Жаса Қазақстан.

-Міне , балалар , өміріміздің жалғасы ,еліміздің қорғаны, тірегі болыңдар.Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!

Құрметті Оқушылар, ұстаздар,ата-аналар!”Отан,Отан! Бәрінен биік екен,Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем “деп М.Мақатаев атамыз айтқандай Отанымыз мықты,елбасымыз аман болсын  деген тілекпен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашык сабақ тақырыбы"Менің Отаным -Қазақстан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бренд-менеджер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 356 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.04.2016 1745
    • DOCX 65.5 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тукенова Аяжан Куттыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тукенова Аяжан Куттыбековна
    Тукенова Аяжан Куттыбековна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34892
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 121 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 748 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 953 человека

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 170 человек

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов