Благодар
орта мектебі
Ашық
сабақ
Тақырыбы: «1837-1847
жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс»
Дайындаған:
Благодар орта мектебінің тарих пәні
мұғалімі:
Тілепова Ләззат Қияқбайқызы.
Класы:
8
«А»
Пәні: Қазақстан тарихы Сабақтың
тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы
бастаған
ұлт-азаттық көтеріліс.
Сабақтың мақсаты: Ресей
империясының алғашқы жартысындағы отарлық саясатына қарсы Кенесары бастаған
ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсіндіру, көтерілістің
сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Білімділік: К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи себептері,
қозғаушы күші мен әскери қимылдар барысы мен тарихи маңыздылығы мен сипатын
түсіндіру. Қозғалыс басшысы К.Қасымұлының тарихи тұлға, саясаткер және дипломат
екендігін дерек көздері арқылы сипаттап түсіндіру. Бүгінгі еліміздің саяси
дамуына сол кездегі қозғалыс басшысы Кенесары ханның ұстанған саясатының
өмірмен байланыстыра отырып баяндау. Дамытушылық мақсаты:
Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын кесте арқылы түсіндіру,
салыстыра білу, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту. Оқушылардың
сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық,
іздемпаздық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Халқының бостандығы мен тәуелсіздігі үшін
күрескен Кенесарыдай батырдың ерлігін дәріптей отырып, оқушылардың ұлттық сана
– сезімін жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру,
өз көзқарасын дәлелдей алатынт тұлға қалыптастыра отырып, қоғамның саяси дамуын
түсінетін, демократикалық қоғамның мүшесін тәрбиелеу; Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, ой қозғау, топтастыру,
сөзтізбек, тест, сұрақ-жауап. Сабақтың
көрнекілігі: карта, кесте, сызба, слайд
Пән аралық байланыс: әдебиет
Негізгі түсініктер: хан билігі, империялық басқару жүйесі, заң,
бағыныштылардың құқ мен міндеттері , халықтың жаңа тәртіпке көзқарасы,
«Жарғының» отаршылдық сипаты, сыртқы және ішкі округтар, дистанциялар, Орынбор
комиссиясы. Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
& Оқушылардың
сабаққа қатысымын тексеру.
& Кабинет тазалығына
назар
аудару.
& Оқушылардың
назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау:
Қазақтанда отаршылдық езгінің күшеюі.
Тест:
1. ХІХ ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздін бір бөлігі мен
Кіші жүздің оңтүстігін билеген хандықты ата?
В) Қоқан 2.
Жоламан Тіленішұлы көтерілісінің басталу себебі неде?
С) Патша үкіметінің Жаңа елек әскери шебін
сала бастауы
3. 1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген ханды ата?
А) Қоқан ханы
4. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекетті
ата?
А) Хиуа хандығы
5. Жоламан батыр өзінің қол астына қанша мыңға жуық көтерілісшіні топтастырды?
В) 3 мыңға жуық 6.
Қасым сұлтан кімнің қолынан қаза тапты?
С)
Ташкент билеушісі
Бекіту
сұрақтары:
1. Елек өзені
бойындағы жерлерді қайтарып алу жолындағы күреске басшылық еткен
кім? ( 1822-1825 жылы табын руының батыры әрі биі Жоламан
Тіленішұлы) 2.
Жоламан Тіленішұлы ұйымдастырған көтерілістің мақсаты
неде? (Отаршылдар
күштеп басып алған жерді иелеріне, қазақтарға
қайтару) 3.
1824-1836 жылдары отаршылдыққа қарсы күресті кім
басқарды?
4. Қай жылы Саржан Қасымұлының жасағы патша үкіметінің әскерлеріне қарсы ашық
шайқасқа шықты? (1826 жылы 31
қаңтарда)
5. Көтерілістің жеңілу себебі және тарихи маңызы неде? (Қасым Абылайханұлы мен
Саржан Қасымұлы бастаған көтеріліс жеңіліспен аяқталы. Өйткені олар қозғалысты
отаршылдыққа қарсы кең көлемде ұйымдастыра алмады. Көтерілісшілер патша
үкіметінің жақсы қаруланған тұрақты әскери бөлімшелеріне қарсы тұра алмады.
Дегенмен де бұл көтерілістің қазақ халқының ұлт-азаттық күресі тарихындағы
алатын маңызы зор)
ІІІ.
Жаңа тақырып түсіндіру: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы
бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
Сабақтың
жоспары:
1.
Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.
2. Көтерілістің барысы.
3. Кенесарының хандық билігі.
4. Көтерілістің маңызы және жеңілу себептері.
«Сүйетін аруақты Кене ағасын,
Кененің кең пейіштей Сарыарқасын.
Ол сүйген туған тауын, өскен жұртын,
Сол үшін жарқылдатқан көк найзасын»- осы өлең жолымен бүгінгі сабағымызды
бастаймыз.
Көтерілістің
басталу себептері: XIX ғасырдың 20-30-жылдарында отаршыл өкімет
билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі
түрде шиеленісе түсті. Кіші жүз бен Орта жүздегі хан
билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің
наразылығын туғызды. Патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе
жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай
тартып ала бастады. Бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп
көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы
сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып,
пайдаланатын күй кеше бастады. Патша үкіметінің әскери отрядтары
қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы
жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты,
олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің мақсаты:
Қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне
қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою
еді. Көтерілістің
қозғаушы күштері:
Негізгі қозғаушы күштері қарапайым қазақ шаруалары болды. Жалпы, көтеріліске үш
жүздің қазақтары, сонымен қатар билер, батырлар, ақсүйектер, сұлтандар да
қатысты. Көтеріліс қамтылған аймақ:
Барлық үш жүзді қамтыды:
Көтерілістің ұлт-азаттық сипаты:
Қазақ жерін әскери отарлаудан, яғни Ресей
бодандығынан құтқару үшін күрес;
Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға бағытталған азаттық
жолындағы күрес.
Кенесары Қасымұлы
1841 жылы қыркүйек айында хан болып сайланды.
Хан
болды Кенесары Орта жүзге,
Жайылды әруағы өзге жүзге.
Хакім боп, жеті жұрттан иығы асты,
Жарамас шөп салуға басқан ізге.
Қозғалыстың
әлсіреу себептері болды. 1. Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға
озбырлық көрсетуі; 2.Хан тобының Қоқан феодалдарына қарсы соғысып күшті
біріктіре алмауы; 3.Қазақ руларының тарапынан қолдау болмауы, әсіресе Қоқан мен
қырғыздарға қарсы күрестерде.
Қозғалыстың жеңілуінің себептері:
-Ресейден жеңілдіктер алған ру ақсүйектерінің мақсатты ұмытып кетуі, яғни
мемлекет құру мүддесін ойламауы;
-Ақсүйектерден қолдаудың болмауы;
-бытыраңқылық;
-Ресей тарапынан Қоқандықтар мен қырғыздар күшінің Кенесары хан күшіне қарсы
біріктірілуі.
Тарихи маңызы: үш жүзді қамтыған,
патшалы Ресейдің саясатына қарсылық туып, халық азаттығы үшін күресу керектігін
халықтың түсінуі. Халықтың ұлттық сана - сезімінің өскендігін дәлелдеді.
Тапсырмалар:
Сұрақ-жауап. 1. Кенесары
қашан хан болып сайланды? 1841 жыл. 2.
XIX ғасырдың 20-30 жылдары Хиуа хандығы қандай руларға қысым көрсетті? Шекті,
табын, төртқара, байұлына 3.
Кенесары Қасымұлының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен кім? Әкесі
Қасым сұлтан 4. Кенесары Қасымұлының көтерілісі қай уақытта, қай аймақты
қамтыды?
1837-1847
жылдары, бүкіл Қазақстанды қамтыды
5. Көкшетау өңірінен көтеріліске қатысқан сұлтандарды ата? Шеген, Қанқожа
Уәлиұлы, Таны Тортайұлы, Айғаным ханым.
Көп нүктенің
орынын толтыру:
Шыңғысханның 27-інші ұрпағы ----------------------------------------Абылай
ханның немересі Әкесі Қасым
--------------------------------------------- Көтерілістің басшысы
1802 жылы Көкшетау өңірінде --------------------------- Мемлекет қайраткері
және дипломат
дүниеге келген. --------------------------------1847 жылы қайтыс болды
«Даталар
сөйлейді»
1. 1803,
1805, 1841 жылдары – Кенесары қолы Ташкентке аттанды. 2.
1838 жылы –
Кенесары
отрядтары Ақмола бекінісін тұтқиылдан шабұлдады.
3. 1835, 1842 жылдары – Сібір әскери шебінен жіберілген
Сотников тобы Кенесары жасақтарына қарсы шабұлды бастады.
4. 1843 жылы тамыз айы – 17 тамыз күні полковник Бизановтың
қарұлы тобы көтерілісшілерге қарсы ешқандай тойтарыс бере алмай, “Ор”
бекінісіне қайтып оралды. 5.
1844 жылы шілденің 20-нан 21-не қараған түні - Кенесары
Қасымұлы ірі жеңіске жетті.
Сәйкестендіру:
1837ж, қараша Кенесары
сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл
жасап, өртеп жіберді
1838ж, 26 мамыр Петропавл
қаласынан шыққан Ақтау бекінісі
казактарына алғаш рет шабуыл жасады.
1838ж, күз Қозғалыс
Кіші жүзді шарпып, оған би
Жоламан Тіленшіұлы қосылды.
1841ж, тамыз Кенесары қолының
Ташкентке шабуылы жұқпалы
аурудың таратылуынан тоқтатылды.
1845ж. қазан, қарашада Кенесары 10мың әскерімен қырғыз жеріне
басып кірді
1847ж, сәуір
Көтерілісшілер Созақ, Жүлек, Жаңақорған
бекіністерін алды.
Кесте толтыру:
Көтерілістің
басталу себептері
|
Көтерілістің
мақсаты
|
Көтерілістің
басты қозғаушы күші
|
Көтеріліс
қамтылған аймақ
|
Көтерілістің
тарихы маңызы
|
|
|
|
|
|
Суреттер
сөйлейді:
1. Абылай хан 2.
Бұқарбай батыр
3. Астана
«Ой
қозғау»: Бұл
сөзтізбеде Кенесары бабамыздың ұлағатты сөзі жазылған. Ол қандай
сөз?
ы
|
р
|
ұ
|
т
|
п
|
і
|
с
|
е
|
л
|
і
|
к
|
п
|
д
|
л
|
ұ
|
й
|
а
|
д
|
н
|
о
|
с
|
с
|
ө
|
ы
|
ы
|
т
|
қ
|
а
|
з
|
а
|
қ
|
,а
|
е
|
л
|
т
|
ң
|
е
|
д
|
р
|
а
|
с
|
,
|
с
|
к
|
і
|
у
|
қ
|
й
|
Кенесары
|
а
|
а
|
а
|
н
|
с
|
ғ
|
а
|
с
|
б
|
с
|
м
|
е
|
у
|
ы
|
й
|
і
|
ң
|
?
|
!
|
е
|
а
|
л
|
м
|
г
|
з
|
і
|
с
|
і
|
ө
|
р
|
г
|
м
|
о
|
у
|
е
|
ғ
|
а
|
н
|
е
|
л
|
б
|
о
|
л
|
б
|
а
|
ш
|
ы
|
д
|
а
|
й
|
т
|
ы
|
н
|
ұ
|
л
|
ж
|
|
|
|
К
|
е
|
з
|
е
|
н
|
г
|
е
|
н
|
«Кезенген жаумен
кескілесіп тұрып өлісуге шыдайтын ұл болмаса, сондай ұлды
туғызып тұрған ел болмаса, қазақтың қай ісі өрге басар
дейсің?»
КЕНЕСАРЫ
Топтастыру:
«Мемлекетімізді
қалпына келтіріп, отандастарын азаттық жолына бастап, тәуелсіз ел мұратын
көздеген өз дәуірінің сұңғыла саясаткері, көрнекті қайраткер және мәмілегер,
дарынды әскербасы кенесары, бір жағынан, Ресейдің отаршылдығы, екінші жағынан,
Қоқан мен Бұхар хандықтарының қолында быт-шыт болып кеткен қазақтың басын
біріктіруге ұмтылған». Н.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті.
Қорытындылау
кезеңі: Кенесары қазақ халқының дербес
мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру,
азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла
саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскер қолбасшы ретінде ел есінде
қалды. Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Хан
арманы, халық үміті орындалды - Қазақстан тәуелсіздік алды, Кенесары есімі
егемендікке қолы жеткен халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы. К.Қасымұлы
бастаған қозағлыс ел тәуелсіздігі мен ұрпақ болашағының өмірі жайындағы қарулы
күрес еді. Батырлар есімін еске ұстап, ұлы тұлғалардың ерлігін өзімізге үлгі
ету кез-келген қазақ азаматының санасында болуы тиіс. Осыны ұмытпайық.
ІV. Сабақты
бекіту: 1. Кенесары
қозғалысы қай жылдары болды? (1837-1847 жылдары)
2. Кенесарының көздеген мақсаты не болды? (ел дербестігін сақтау)
3. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің басты себептері неде?
4. Кенесарының хан болғаннан кейінгі қазақ өлкесіндегі
өзгерген жағдайлар қандай жағдайлар еді? (ел басқаруындағы өзгерістер)
5. Кенесары қозғалысының сипаты мен тарихи маңызы неде?
(отаршылдыққа қарсы, ұлт-азаттық)
V. Үйге тапсырма
беру: 1837-1847
жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс. 1.
«Кенесары хан – елін сүйген қаһарман», «Ер тұлғалы Кенесары»
тақырыптарында мәнжазба жазу.
2. Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық қозғалысына байланысты қосымша мәліметтер
оқып келу.
VІ.
Оқушыларды бағалау:
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.