Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыАшык сабак "Голощекин геноциді және қазақ ауылының қасіреті"

Ашык сабак "Голощекин геноциді және қазақ ауылының қасіреті"

Скачать материал

Голощекин геноциді және қазақ ауылының қасіреті

Мақсаты:                                                                                                                             Білімділік: Кеңестік саясаттың, асыра сілтеулер әрекеттердің халықты ашаршылыққа ұрындырып, демографиялық ахуалға кері әсерін тигізгенін айта келе, сол жылдардағы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қайғы-қасіретіне баса назар аудару, оның тарихи маңызын ашып, оқушыларға жеткізу.  Голощекиннің  ұжымдастыру  мен отырықшыландыру, тәркілеу саясаты және қазақ елінің саяси жағдайымен таныстыру.                                                                                                                             Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін үнемі жетілдіру мақсатында жаңа сабақ мазмұнын дамыта отырып, тарихи оқиғаларды, фактілерді салыстырып, талдауға үйрету, білім алуға құштарлығын дамыту.                                                                              Тәрбиелік: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп, тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.                                                                                                    Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту                                                                                        Сабақтың әдісі: баяндау, тірек-сызба әдісі, сәйкестендіру тесті, жылдар сөйлейді, тұлғаны тану

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, суреттер, слайдтар, «Цифрлар сөйлейді» ойыны                                                                                                                                    Сабақтың құрал-жабдығы: Интерактивті тақта                                                                      Сабақтың барысы:                                                                                                                              І. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                                                                            - сәлемдесу                                                                                                                                                   – түгендеу                                                                                                                                          - сабаққа назарын аудару                                                                                                                      ІІ. Үй тапсырмасы «Цифрлар сөйлейді» ойыны арқылы өткен сабақтарды еске алу.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау (мұғалім сөзі)                                                                    ІҮ Жаңа білімді меңгерту    

Ү. Жаңа сабақ              

1925 ж. Өлкелік партия комитетенің 1-хатшылығына Ф.И.Голощекин тағайындалды. Голощекин  ауылды кеңестендіру жұмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. 1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек ала бастады. Ол әсіресе Сталиннің 1928 жылы қаңтардағы Сібірге сапарының Новосібір мен Омбыда сөйлеген сөздерінде РКФСР Қылмыстық Кодексінің 107- бабын жаппай  қолдануды талап етуінен кейін қатігездік сипат алды. 1929 жылы 13 ақпанда БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің алқалы мәжілісінде Голощекин астық дайындау ісіне өзіне жеке шешім қабылдау құқын беретін қаулы шығартты. 1926 ж. 6 мамырда  «қазақ халқын отырықшыландыру туралы қарарды бекіту» 1933 ж. 6 мамырда «қазақ халқын отырықшыландыру туралы қарарды бекіту» 1933ж. аяқтау көзделді.

1927ж. желтоқсанда Партияның ХҮ сьезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. ҚАКСР-де ұжымдастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың негізгі ұстанымдары:

-          Еріктілік

-          Дербестік

-          Материалдық мүдделік

-          Ұжымдастыру сатыларына  кезең-кезеңмен өту.

1928ж. 27 тамызда «қазақ байларын тәркілеу туралы» декрет қабылданды. 20 қыркүйекте басталып, 1 қарашада біту керек деп белгіленді. Ұжымдастыру  1928ж.2 %, 1930 ж.56,4% , 1931 ж.65%.  Кулактарды жою 1929 ж 65.498 шаруа,340000 астамы сотталды.

Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісі шаруалардың қатты наразылығын туғызды. Қалалар мен облыстарға көшу, басқа аймақтарға кету, өзін қорғайтын отрядтар құру, көтеріліске шығу түрлерінде жасалды.

Аштықтың зардаптары:

-          1930-1933 жылдары 2,1 млн адам қырылды ( барлық халық саны – 6,2 млн)

-          Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969 жылы ғана қалпына келтірілді. 1930-1932 жылдардағы аштық тарихқа «Ұлы жұт» ретінде енді.

Ұжымдастыру  науқаны қатал террор жағдайында, жергілікті жердің ерекшеліктері мен дәстүрлері есепке алынбастан ойластырылған, алдын ала дайындықсыз, әкімшіл-әміршілдік шаралармен жүргізілді, ұжымдастыру жөніндегі іс –шаралар ауылдың дәстүрлі тұрмыс түрін талқылауға бағытталды.  Голощекиндік геноцид қазақстандықтардың, ең алдымен, қазақ халқын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Зарлаған ана, шырылдаған бала, түнеріп, өлкелік сасыған қазақ даласы – большевиктік эксперименттің нәтижесі осы еді.

ҮІ   Бейнетаспа. 8 минут.

ҮІІ  Сабақты қорыту

Қолдан жасалған осынау қырғынның бір халықтың жартысына  жуығын жалмап кетуі тарихымызды бұрын- соңды болмаған теңдессіз ауыр қасірет еді. Адамзат тарихының жылдық өлшемімен алып қарағанда күннің өзінде де, ел аман, жұрт тынышта бүкіл бір халықтың қырғын ұшырауы орны толмас трагедия болып саналатыны сөзсіз. Мұндай сұрапыл қазақ халқының 1/3 қыруға әкеліп соққан, жаны мен тәнін, рухы мен мүддесін азапқа салған қайғылы оқиғаны өткен күндер елесіне қалдырып, ендігі тәуелсіз мемлекетіміздің тарих беттерінен қаралы қағазды парақтамай, тек қарыштаған Қазақстанның болашағы жарқын болып, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «біз ХХІ ғасыр Қазақстан үшін «алтын ғасыр» болатынына сенейік.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:

1)      Голощекин геноциді, ұлттың ауыр тағдырына қалам тартқан әдебиет өкілдерінің шығармаларымен танысу, оқып келу.

2)     «Ұлттың ұлы қайғысы» атты тақырыпта жинақталған эссе жазу.                                                    ІХ. Оқушы білімін бағалау

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1)      «Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал

2)      Қазақстан тарихы.  Шың. Алматы. 2007ж

3)      Қазақстан тарихы , Ч. Мусин.Алматы. 2008ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015- 2016 оқу жылының  мамыр айында өткізілетін тәрбие жоспарына  сәйкес 

                                    тәрбиелік  іс шаралар жұмысы

Р/С

Іс шаралардың түрлері

Жауапты оқытушылар

Тобы

Күні

1

1-мамыр ҚР Халықтарының күніне «Тұрақты дамудың кілті- ұлттық бірлікте» тақырыбында мерекелік кеш

«Жалынды Жастар» ЖҰ

Ш. Айтбай

Колледж студентері

30.04.2016ж

 

2

«Бала құқықтарының жүзеге  асырылу деңгейі» тақырыбында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесу

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Байсалбаева

Колледж студенттері

05.05.2016ж

3

9-мамыр Жеңіс күніне «Мәңгі өшпес ерліктер» тақырыбындағы  мерекелік кеш

«Гуманитарлық» пәндер бірлестігі

Колледж студентері

06.05.2016ж

4

Қоғамға жат қылықтардың түрлері мен себептері туралы 1-2 курс оқушылары арасында лекция оқу

Колледж психологы

Ж. Шакиева

1-2 курс студенттері

10.05.2016ж

5

Жастарды адамгершілік және имандылық, ізгілікке тәрбиелеу мақсатында «Қамқорлық, қайырымдылық, көмек» акцияларын ұйымдастыру

« Жалынды  Жастар» ЖҰ

Ш.Айтбай

1-курс студенттері

11.05.2016ж

6

«Жастар арасында отбасындағы еркектің және әйелдің ролі, ата-ана қандай болу керек?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастыру

«Ақиқат шыңы» пікір сайыс үйірмесі А.Мыңбаева

1-2 курс студенттері

13.05.2016ж

7

Мемлекет бағдарламасына сәйкес жазғы маусым кезеңінде «Жасыл ел» жасақтарының жұмысын жандандыру, ұйымдастыру

« Жалынды  Жастар» ЖҰ

1-курс студенттері

Уақытында

 

8

«Қоғамның көкейкесті мәселелері туралы өз ойың қалай» тақырыбында ток-шоу

Н.Жақсығұлова

Колледж студенттері

16.05.2016ж

9

«Менің берекелі кәсібім»  атты сала мамандарымен кездесу

«Техникалық пәндер» бірлестігі А.Шалқарбаев

3-курс студенттері

17.05.2016ж

10

Туризм тақырыбында түсініктеме жүргізу

«Салауатты өмір салты» үйірмесі Н.Жақсығұлова

1-2 курс студенттері

20.05.2016ж

11

«Интернет цензурасы өзі-өзі ақтай ма?»

«Дарын» дебат клубы А. Қаржауов

Үйірме мүшелері

23.05.2016ж

12

«Есірткі адамның қасы, аурудың басы» тақырыбында дөңгелек үстел

Колледж психологы Ж. Шакиева

1-2 курс студенттері

25.05.2016ж

13

«Сыбайлас жемқорлықпен күресудің әдістері мен түрлері» тақырыбында пікір сайыс

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Байсалбаева

Колледж студен ттері

27.05.2016ж

14

«Қоғамдағы діни кері ағымдар мен секталардың зияндылығы» тақырыбында баяндама

«Гуманитарлық» пәндер бірлестігінің оқытушысы С. Муслимов

1-2 курс студенттері

30.05.2016ж

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:                         Байсалбаева Н.А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                               Жоспары

Ү Жаңа білімді бекіту



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


"1931-1933 жылдардағы ашаршылық" ашық сабақ+ презентация

Күні: 19.11.2013ж. Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: §17. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық.
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Ашаршылықтың себептері мен зардаптарына тоқталу, қазақ еліне ашаршылықтың қалай келгенін анықтау.
Дамытушылық: а) тарихи деректер бойынша тапсырма жасай білу 
дағдысына үйрену 
ә) Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан 
ойлауды дамыту 
б)өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру 

Тәрбиелік: а) бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы 
азаматтық тәрбие беру 
ә)тарихты оқып,үйренуге және ұлттық намыс 
қалыптастыру 
б)ерлікке батырлыққа,Отанын сүюге,оған қызмет 
етуге, Отанды қорғауға тәрбиелеу 
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, ойын, тірек- сызба 
Пән аралық байланыс: д.ж.тарихы,қазақ әдебиеті 
Көрнекілігі : Интерактивті тақта, слайдтар, тірек-сызбалар, “Сандар сөйлейді”, “Тұлғаны таны”, “Білімге жорық” ойындары, 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасып, түгелдеу, сынып тазалығына көңіл бөлу,
көңілдерін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасы: 
Үйге берілген тапсырманы еске түсіру үшін ойын тәсілін пайдаланамын.
Бірінші ойынымыз « Сандар сөйлейді» ойыны. Ойынның шарты бойынша слайдта көрсетілген сандарда қандай тарихи оқиға болғанын анықтау.
Екінші ойынымыз « Тұлғаны таны» ойыны. Ойынның шарты бойынша слайдта көрсетілген тарихи тұлға кім екенін анықтап, тарихта қандай із қалдырғанын табу.
Үшінші ойынымыз « Білімге жорық» ойыны. Ойынның шарты бойынша мұғалім өткен сабақ бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сол сұоақтардың жауабын табу керек.
1. Қырғыз (Қазақ) АКСР-ының астанасы және басшысы? Орынбор. С.Меңдешов.
2. Семейдегі кадеттер ұйымының газеті? «Свободная речь»
3. Алаш партиясының жетекшісі? Ә.Бөкейханов
4. Алаш партиясына қарсы оппозиция партиясы, жетекшісі? «Үшжүз» партиясы. К.Тоғысов
5. Қазақстанда кеңкс үкіметі бірінші қай қалада құрылды? Перовск
6. Түріксіб теміржол құрылысының тез аяқталуына түрткі болған? Т.Рысқұлов
7. Теміртау кен орнын ашуға себепші болған? Қ.Сәтпаев
8. «Қосшы одағы» қашан құрылды? 1921ж 
Жаңа сабақ:
I. Слайдта көрсетілген тірек- сызбалар арқылы мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді.
№1 Слайд

№2 Слайд
Ұжымдастыру:
Ø 1927ж
Ø КП ХҮ съезі жариялады
Ø 1929ж ІІ жартысынан бастап жедел дамыды
Ø Күштеп, жаппай
Ø 1932ж көктемде аяқтау көзделді
Ø 1931ж. 65℅

№3 Слайд

Шу ауданында 400 киіз үй поселке болып тігілді
№4 Слайд
Тәркілеу:
v 1928ж 27 тамыз;
v «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай федалдарды кәмпескелеу және жер аудару» декреті;
v 1 мыңнан астам жартылай федал жер аударылды;
v 145 мың мал алынды;
v 1931 ж .5500 отбасы жер аударылды.
№5 Слайд 

№6 Слайд

II. Слайдта ашаршылық бейнеленген суреттер көрсетіледі соған байланысты оқушылар өлең оқиды.
Байлардың конфескелеп, малын алды,
Астыққа кеңірдектен салық салды.
Құрылған әр ауылда кедей тобы,
Күш-көліксіз, қарусыз бекер қалды.

Күз болды, қара суық, жер тоңайды,
Жаңбыр, бұршақ аралас қар борайды.
Бұрынғыдай мал- жан жоқ қарайтұғын,
Ашаршылық қасқырдай ел ториды...

Қорада байлайтұғын мал қалмады,
Егістікке себетұғын дән қалмады.
Ашаршылық – қара оба, өрт боп келіп,
Құтыла алмай ашыққан ел зарлады.

Қыс түсті, жердің бетін ақ қар басты,
Түсте қөрер болдық біз ішер асты.
Кәрі орнынан тұра алмай, бала – жылап,
Бар ауыл талшық таппай, қатты састы.

Аш адамдар көмпиіп ісіп кетті,
Өлімге мойынсұнып «пісіп» кетті.
Көзінің бұрынғыдай жанары жоқ,
Салбырап жақ сүйегі түсіп кетті.

Сұраймыз ба, бұл апатқа кім кінәлі?
Мылтықсыз қырып салған барша жанды.
Кейбіреу құрып кетті ұрпағымен,
Кім төлейді жазықсыө аққан қанды?

Қырылмаса аштықтан бауырларым,
Соғыста да құрбан ғып шыбын жанын.
Қазақ деген қандай ел болар едік,
Көркейткен байлығымен әлем сәнін!

Мұғалім: бұл сұмдықты Сталин, Голощекин сияқты ел басшылары біле отырып, жағдайды түзету үшін еш шара қолданбады. Елдің бас көтерер азаматтары бастарын қатерге тіге отырып, халықтың мұң- зарын, жағдайын басшыларға жеткізді. Ол азаматтар кімдер еді?

III. Слайдтан бесеудің аттары мен суреттері көрсетіледі, олар:
1. Ғабит Мүсірепов
2. Мансұр Ғатаулин
3. Мұташ Дәулетқалиев
4. Емберген Алтынбеков
5. Қадыр Қуанышев 
IV.
Көрініс қойылады. Шерхан Мұртаза « Бесеудің хаты» 
V. Слайд « Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті» Міне, оқушылар біз өз тарихымызды ұмытпауымыз керек Бейбіт уақытта жарты халқы аштықтан қырылып қалу қасіреті ешбір халықтың басында болған емес, тек Қазақстанда ғана болған. Сталиндік репрессияның, ашаршылықтың құрбандарын еске алу мақсатында 1992 жылдан бастап 31 мамырда «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп атап өтілуде.
VI. Сабақты бекіту: 
1. Кіші Қазан идеясының авторы кім? Ф.Голощекин
2. «Ұлы жұт» жылдары? 1930-1932 жж.
3. Саяси қуғын- сүргіндерді еске алу күні? 31 мамыр
4. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп ұрандаушылар? Торғайлықтар
5. «Бесеудің хатын» жолдаушылар кімдер? Ғ.Мүсірепов; М.Ғатаулин; М.Дәулетқалиев; Е.Алтынбеков; Қ.Қуанышев.
6. Сталинге хат жазған кім? Т.Рысқұлов
7. 1928ж 27 тамызда қандай декрет шығарылды? «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кампеселеу және жер аудару» декреті
8. Шұбартау ауданында малдың қанша пайызы етке өткізілді? 80℅
9. 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтан қанша млн халық қырылды? 2 млн-нан астам
10. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың қанша пайызы қырылды? 40℅

ҮІІ. Үйге тапсырма:
1. §18. 1931-1933 жылдардағы ашаршылық тақырыбын оқып келу.
2. «Ашаршылық қазақ елінің қасіреті» тақырыбы бойынша «Мен не білдім?»атты ой толғау жазып келу.
ҮІІІ. Бағалау.

 

 

 

 

 

Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстандағы 1930-1932 жылдардағы ашаршылық

 

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстандағы 1930-1932 жылдардағы ашаршылық


Мақсаты:
Білімділігі:
 Кеңестік саясаттың, асыра сілтеулер әрекеттердің халықты ашаршылыққа ұрындырып, демографиялық ахуалға кері әсерін тигізгенін айта келе, сол жылдардағы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қайғы-қасіретіне баса назар аудару, оның тарихи маңызын ашып, оқушыларға жеткізу.
Дамытушылығы: Тарихи шығармаларды, баспасөз ақпарат құралдарын, деректі фильмдерді пайдалана отырып, халқымыздың тарихындағы  ең ауыр трагедиялардың бірі екеніне ерекше көңіл бөліп, ақпараттарды игеру барысында оқушының қосымша құжаттармен жұмыс істей білу  дағдысын дамыта өздігінен ізденіп, білімдерін толықтыра білуге мүмкіншілік туғызу.   
Тәрбиелілігі: Оқушыларды нәубат жылдарда жазықсыз жапа шеккен, сол бір қасіретті кезеңдерде қынадай қырылған халықтың өмір жлынан өнеге алуға  үйрету,  жас ұрпақты ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі:
 «Сын тұрғысынан ойлау» жобасы бойынша
Сабақтың көрнекілігі:
 Интерактивті тақта, тірек сызбалар, слайд, суреттер,саяси карта, БАҚ  т.б.

Сабақтың жоспары.
І. Қызығушылықты ояту кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау: «Ойланайық, пікірлесейік»

ІІ. Мағынаны тану.
 «Ақылдассаң шешерсің» топтастыру 
Мұғалімнің сөзі:
Деректі фильмнен үзінді.

 ІІІ . Ой толғау. 
      «Талпынсаң, табарсың»    (ВЕНН диаграммасын құру)

«Ізденсең, шығарсың шыңға» шығармашылық жұмыс.
       Қорытынды
:«Болашақтың айқын жолы»

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашык сабак "Голощекин геноциді және қазақ ауылының қасіреті""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 105 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.06.2016 3743
    • DOCX 59.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байсалбаева Нуркул Аманкелдикызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18751
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 326 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 324 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 110 человек

Курс повышения квалификации

Электронные образовательные ресурсы в работе учителя истории в контексте реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе