Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашык сабак:"Қазақ елінің ерлік істері"

Ашык сабак:"Қазақ елінің ерлік істері"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерлік істері.

Тәрбие сағатының мақсаты:  Шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру,оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру,белсенді  өмірлік ұстанымын қалыптастыру.Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер!

1-қыркүйек  халықаралық білім күні бүкіл Қазақстан бойынша алғаш рет барлық мектептер мен колледждерде «ҚР Қорғаныс министрінің бастамасымен ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге «Ерлік сабақтары» өтеді.

Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл — ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын.

Отанды сүю — бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні — осы! «Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты — Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін — Елдің бірлігі.

1-жүргізуші: Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – татулық,бірлік, берекесі» деген еді.        Қазақ хандығының 550 жылдық тойын атап өтілуі, бұл халқымыздың Егеменді, Тәуелсіз «Мәңгілік ел» болғанымызды дәлелдейді.

2-жүргізуші: Халқымызда мынандай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» демекші біріншіден   қазақ хандығы 13-ғасырдың басынан 15-ғасырдың ортасына дейін (қазақтар біртұтас халық болып қалыптасқанға дейін) Шыңғыс хан мен оның ұрпақтарының қол астында болған көшпелі түркі тайпалар «Алаш» қауымынан бастап біртіндеп бірлесіп екі ғасырдан астам уақыт «қазақ» атты халық болып қалыптасу барысын бастан кешірді.
1-жүргізуші:Біз XV ғасырдың орта шенінде қазіргі ұлттық республикамыздың шегінде Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрдық. Бұл қуатты ұлыс төрт жүз жыл бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты озық мәдениет жасады. Бай болды, бағлан болды. Елімізді, жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған жоқ. Нәтижесінде осыншама бай, ұлан-байтақ жерді иеленді, өзіне лайық ұрпақ өсірді.

2-жүргізуші: 1465-1470 жылдар – хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз тәуелсіздігін жариялаған емес, көрші жұрттарға біржол танылғанмезгілі.
Енді Қазақ хандығы туралы оқушыларды тыңдайық.

1-жүргізуші:Түрік жұртының бұған дейінгі мың жылдық тарихында сыннан өткен  қалыптасқан жүйе негізінде соңғы екі жарым ғасыр орайында ер халықтың,  бар тілегі  туған елінің  мұратымен берік астасқан асыл тұқым – Шыңғыс хан – Жошы хан – Орыс хан — Әз-Жәнібек хан әулеті өз жұртын тарихтың барлық қиын өткелінен алып өтті. Әбілқайырдың 1731 жылы Ресей бодандығын қабылдап, сол бодандықтың шырамауынан шығу үшін Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Исатай мен Махамбет, Есет бастаған күресімен, 1916 жылғы тар жол тайғақ кешуді бастан өткерген, 1930-1932 жылдардағы ашаршылық, 1936-1938 жылдардағы қуғын-сүргін, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, 1986 жылғы қазақ жастарының қасқалдақтың қанымен келген бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмеді

«Туған жер»М.Мақатаев.

2-Жүргізуші: Ұлы Жеңіске биыл  70 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты… Кеңес Одағының тұрғындары 5  жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған…

«Майданнан хат» үзінді.

1-Жүргізуші:
Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады.

2-жүргізуші: Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.

Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы материал көрсетіледі:

1-жүргізуші: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

2-жүргізуші: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.

Енді Ұлы Отан соғысы жайлы оқушыларымыздың пікірін тыңдайық.

1-жүргізуші:  Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат — Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.

2-жүргізуші: Ата Заңымыз– Конституция күні. Республикалық референдумда қабылданған, Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде  бекіткен Ата Заңға 20 жыл толып отыр.

Жүргізуші:Қолданыстағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Құнды құжат 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ол мемлекеттік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерді орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.

Жүргізуші:Бұл Тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Алғашқы Конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.

1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы – оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді.

Жүргізуші: Шындығында кез келген мемлекеттің ұстанымын, ұлтының құндылығын айқындайтын Негізгі Құжат – Конституция. Олай болса, Ата заңды киелідей аялап, қастерлеу – ұлттың ұлы парызы.

2-жүргізуші::Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепті. Бүгінге олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Туған елінің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді әр уақытта. Осылай елдігіміздің ертеңі ошақтың ұштағаны секілді «бір халық, бір ел, бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып отыр», деді Н. Назарбаев. Елбасының осы екі ауыз сөзіне сыйып тұрған толеранттық ұғым әрбір қазақстандық үшін біліп жүретін дүние.

1-жүргізуші:Қазақстан халқы ассамблеясы қазақстан республикасы президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы жарлығымен мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстан халқы ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.

2-жүргізуші: Мемлекет басшысы көп ұлтты Қазақстанда 140-тан астам ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүріп жатқандығын Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір сессиясында атап өтеді. Өткен жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында да Қазақстан Мәңгілік Ел атану үшін мемлекетте бейбітшілік пен келісім бекем болуын басты назарға ұсынды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» деп аталған сессияда рухани келісімнің айрықша жеті жоғары мәдени қағидатын айтып өтті. Онда діни тұрақтылық, ортақ жауапкершілік, мемлекеттік тілді өзге ұлттардың меңгеруі, конфессияаралық толеранттылық пен ішкі тұтастық, барлық ұлттың өмір сүру сапасын арттыру, әр ұлт пен ұлыстың мәдениеті мен өнерін дамыту және этномәдени бірлестіктердің жұмысына серпін беру қағидаттарына кеңінен тоқталды.

Жүргізуші: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы
6 мамырдағы үкіметтің кеңейтілген отырысында бес институционалдық реформаны жүзеге асыратын 100 нақты қадамды белгіледі. Елбасының 5 институционалдық реформасын іске асырудағы ұлтымыздың қадамдық жоспары баспасөзде жарияланды. «100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен мемлекеттілігімізді нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты –
«аурудың сыртқы белгісін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды»,

Жүргізуші:Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – татулық,бірлік, берекесі» деген еді.        Қазақ хандығының 550 жылдық тойын атап өтілуі, бұл халқымыздың Егеменді, Тәуелсіз «Мәңгілік ел» болғанымызды дәлелдейді. Тарихы,тілі,діні, салт-дәстүрі ғасырдан-ғасырға ұласып, ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған жерін,байлығын бүгінгі күні «Мәңгілік  ЕЛ» болашақ ұрпақтары жалғастырады және ұрпақтан- ұрпаққа мұра етіп қалдырады  деп кәміл сенеміз

 


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 18.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров172
Номер материала ДВ-168061
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх