Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / "Ашу-дұшпан, ақыл-дос". (4 сынып)

"Ашу-дұшпан, ақыл-дос". (4 сынып)


Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 184 курса профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: Абай атындағы №4 мектеп лицейі

Мерзiм:

Тақырып: Ашу - дұшпан, ақыл - дос

Құндылық: ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ

Қасиеттер: сыпайылық; ашуланбау,сабырлылық, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық.

Мұғалiм: Маденова Эльмира Кайратовна

Сынып: 4

Оқушылар саны: 22


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығын ояту.


Міндеттері:

 Білімділік: ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру арқылы ішкі тыныштық құндылығын ояту;


Дамытушылық: сыпайылық, өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;


Тәрбиелік: ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу;


Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Слайдтар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақтар:

  1. Қандай күйде болдыңыздар?

  2. Жаттығу қалай әсер етті?

  3. Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

Қорытынды:

  • Олай болса, балалар, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

11 сабақ, 58-бет, «Сурет» Ж. Дәуренбеков


Сурет

Ж.Дәуренбаев.

Мұғалім апай бәріне үй тапсырмасын берді.

  • Қалаған суреттеріңді салып келіңдер, -деді.

Азамат үйге келгесін түрлі түсті бояғыш қаламдарын алып ақ қағазға сурет салуға кірісті. Әуелі ауладағы үйшігінің алдында шуақтап жатқан Бөрібасарды салып көрді. Онысын үшінші сыныпта оқитын ағасы Саматқа көрсетіп еді, ол сәл таңғала қарады да:

  • Ұқсамайды!-деді бірден.

Азамат енді бояу қаламымен терезе түбінде қыт-қыттап жүрген әтешті салды. Өзін сарала етіп, айдарын қып-қызыл қып бояды. «Мұндай әтеш болмайды!» -деп Самат тағы да басын шайқады.

Азамат әбден адырады.Сосын ойланып-ойланып отырып, төрдегі портретіне қарап әжесін салады.

Мұны көрген Саматтың ішек-сілесі қатып күлгені-ай:

  • Әжемнің түрі қара!Құбыжық қой мынауың?!-Ыза болған Азамат жыларманға келді. Ренжіп даладағы сәкі үстінде домбыра шертіп отырған атасына барып шағынды. Не салса да Саматтың мазақтай беретінін айтты.

Атасы шертуін доғарып, сақалын сипай ойға қалғандай болды да:

  • Әзкентай, қағазыңды бері әкелші, -деді. Азамат аппақ қағазды астына қатты мұқабалы кітабын төсеп алдына қойды. Атасы тамырлары білем-білем, буындары шорланған добалдай саусақтарын жайып, ақ қағаздың бетіне салды.

  • Енді менің алақанымды сызып шықшы, -деді атасы.

Азамат бояу қаламын тарбиған әр саусақтың арасымен жүргізе отырып сызып шықты.

Атасы алақанын көтеріп еді, ой ғажап-ай, ақ қағаз бетінде үп-үлкен алақан пайда болыпты.

Азамат таңғала қарады, қуанып кетті. Жүгіріп Саматқа барып көрсетті.

  • Міне, атамның алақаны,- деді.

Самат үндемей қалды. Ертеңіне апайы да мақтады.

  • Мынау Азаматтың атасының алақаны екен. Арық суарған , құдық қазған , бақша күткен, үзбей еңбек еткен ғажап алақан!.

Қатты қуанған Азамат мәз-мейрам. Суреті мектептегі көрнекті тақтаға ілінді. Ғажап алақан бүкіл баланың басынан сипап тұрғандай...


Сұрақтар:

  1. Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?

  2. Азаматтың ашуының басталуына не себеп болды?

Қорытынды:

  • Олай болса, балалар, ұстамдылық танытып, ақылмен бар мәселені шеше білейік.


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөз.

«Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»
Оқушыларға мағынасын түсіндіру: Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары – ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды болу. Ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана қоймайды. Ашуын ақылға жеңдіреді. Сондықтан да белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі», - деп өте орынды айтқаны.

Сұрақтар:

  1. Істі сабырлылықпен атқарсаң қандай нәтижеге жетесің?

  2. Сабырлы болу адам өмірінде қандай маңыз атқарады?

Жаттату:

-3 рет қайталау;

-қыздарға қайталату, ұлдарға қайталату;

-2-3 баладан сұрау;


Қорытынды:

  • Ендеше балалар, ашуды ақылға жеңдіре отырып, сабырлы, ұстамды болайық.


Әңгiмелеу.      «Шыдамдылық пен сабырсыздық» (аңыз әңгіме)

(Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).


Бірде шыдамдылық пен сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық ісіне өте байыпты болса керек. Сабырсыздықтың ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да Шыдамдылыққа «Тасбақа сияқты жорғаламай, тез жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішім пысады, одан да ашумен жүргенім жақсы» десе, Шыдамдылық: «Өзің біл, мен ақылмен дос боламын» дейді. Содан күндер өтеді. Ақыл мен шыдамдылық ешбір кедергісіз қыс қаһарына сүрінбей күн кешсе, сабырсыздық пен ашу үнемі ұрыс - керіс, болмашы нәрсеге Ашу қаһарланып, Сабырсыздық кері бұрылып отырады.


Сұрақтар:
- Бұл мәтіннен қандай ой түйдік?
- Сабырсыздық деген қандай қасиет?

  • Қандай қасиет бізді ақылға жүгіндіреді?

- Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?

Қорытынды:

  • Кез-келген жағдайда сабырлылық сақтап, шыдамдылық танытып, ішкі тыныштықты сақтайық.


Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.

1-топ: Данышпан атаның кеңестерін қалай қолданатының туралы жазу:
- Ашу қысқан кезде өзіңді - өзің ұстай біл.
- Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
- Жақсы нәрсе туралы ойла.
- Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
- Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
- Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
- Ашуды ақылды жеңдір.
2 - топ: «Досың ашуланған кезде оған қандай ақыл айтар едің?»
3 -топ: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» мақалының мәнін ашу.

Немесе дәптермен жұмыс

Оқушыларға топтық жұмыстың ережесі түсіндіріледі. Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.

Әр топтың тапсырмасының тұсаукесерін тыңдау.

Қорытындылау: - Ашуын ақылыңа жендіре білген бала қандай да болсын қиындыктарды жеңіп,өзіне ұнаған істермен шұғылданады.Өз-өзін дамытатын үйірмелерге қатыса алады.Ол үшін оған ақылдылық, кішіпейілділік, ұстамдылық керек.


Топпен ән айту.

«Мейірімді болайықшы бауырлар»


Сөзі: Серік Қалиев
Әні: Құрмаш Маханов


Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!


Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп.


Сұрақтар:

  • Өлең не жайында айтылған?

  • Адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

Қорытынды:

  • Ендеше, балалар, өкпе, ренішке бой алдырмай адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарай отырып, ішкі тыныштығымызды сақтайық.



Үй тапсырмасы.

    1. «Балалардың көз қуанышы» В. А. Сухомлинский. мәтінін оқу

    2. Дәптермен жұмысты аяқтау.


  1. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.


- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.







Краткое описание документа:

Өзiн-өзi  тану сабағының жоспары

 

Мектеп: Абай атындағы №4 мектеп лицейі

Тақырып: Ашу - дұшпан, ақыл - дос

Құндылық: ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ

Қасиеттер: сыпайылық; ашуланбау,сабырлылық, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық.

Мұғалiм: Маденова Эльмира Кайратовна

Сынып: 4

Оқушылар саны: 22

 

Сабақ мақсаты:

Оқушыларға сыпайылық, ашуланбау, ой тыныштығында отырып үйрену, шыдамдылық туралы түсінігін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығын ояту.

 

Міндеттері:

 Білімділік: ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру арқылы ішкі тыныштық құндылығын ояту;


Дамытушылық: сыпайылық, өзара жағымды қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту;


Тәрбиелік: ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу;

 

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Слайдтар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақтар:

1.      Қандай күйде болдыңыздар?

2.      Жаттығу қалай әсер етті?

3.      Ішкі тыныштыққа келе алдыңыздар ма?

Қорытынды:

-          Олай болса, балалар, бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Осы тыныштық күйімізді сақтап қалайық.

Үй тапсырмасын тексеру.

11 сабақ, 58-бет, «Сурет» Ж. Дәуренбеков

 

Сурет

Ж.Дәуренбаев.

Мұғалім апай бәріне үй тапсырмасын берді.

-         Қалаған суреттеріңді салып келіңдер, -деді.

Азамат үйге келгесін түрлі түсті бояғыш қаламдарын алып ақ қағазға сурет салуға кірісті. Әуелі ауладағы үйшігінің алдында шуақтап жатқан Бөрібасарды салып көрді. Онысын үшінші сыныпта оқитын ағасы Саматқа көрсетіп еді, ол сәл таңғала қарады да:

-         Ұқсамайды!-деді бірден.

Азамат енді бояу қаламымен терезе түбінде қыт-қыттап жүрген әтешті салды. Өзін сарала етіп, айдарын қып-қызыл қып бояды. «Мұндай әтеш болмайды!» -деп Самат тағы да басын шайқады.

Азамат әбден адырады.Сосын ойланып-ойланып отырып, төрдегі портретіне қарап әжесін салады.

Мұны көрген Саматтың ішек-сілесі қатып күлгені-ай:

-         Әжемнің түрі қара!Құбыжық қой мынауың?!-Ыза болған Азамат жыларманға келді. Ренжіп даладағы сәкі үстінде домбыра шертіп отырған атасына барып шағынды. Не салса да Саматтың мазақтай беретінін айтты.

Атасы шертуін доғарып, сақалын сипай ойға қалғандай болды да:

-         Әзкентай, қағазыңды бері әкелші, -деді. Азамат аппақ қағазды астына қатты мұқабалы кітабын төсеп алдына қойды. Атасы тамырлары білем-білем, буындары шорланған добалдай саусақтарын жайып, ақ қағаздың бетіне салды.

-         Енді менің алақанымды сызып шықшы, -деді атасы.

Азамат бояу қаламын тарбиған әр саусақтың арасымен жүргізе отырып сызып шықты.

Атасы алақанын көтеріп еді, ой ғажап-ай, ақ қағаз бетінде үп-үлкен алақан пайда болыпты.

Азамат таңғала қарады, қуанып кетті. Жүгіріп Саматқа барып көрсетті.

-         Міне, атамның алақаны,- деді.

Самат үндемей қалды. Ертеңіне апайы да мақтады.

-         Мынау Азаматтың атасының алақаны екен. Арық суарған , құдық қазған , бақша күткен, үзбей еңбек еткен ғажап алақан!.

Қатты қуанған Азамат мәз-мейрам. Суреті мектептегі көрнекті тақтаға ілінді. Ғажап алақан бүкіл баланың басынан сипап тұрғандай...

 

Сұрақтар:

1.      Саматқа Азамат неліктен ренжіді деп ойлайсыңдар?

2.      Азаматтың ашуының басталуына не себеп болды?

Қорытынды:

-          Олай болса, балалар, ұстамдылық танытып, ақылмен бар мәселені шеше білейік.

 

Сабақ барысын талдау:

1.      Дәйексөз.

«Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі»
Оқушыларға мағынасын түсіндіру: Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары – ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды болу. Ақылды, кішіпейіл, әділ, батыл, қайырымды, мейірімді адам ашулана қоймайды. Ашуын ақылға жеңдіреді. Сондықтан да белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі», - деп өте орынды айтқаны.

Сұрақтар:

1.      Істі сабырлылықпен атқарсаң қандай нәтижеге жетесің?

2.      Сабырлы болу адам өмірінде қандай маңыз атқарады?

Жаттату:

-3 рет қайталау;

-қыздарға қайталату, ұлдарға қайталату;

-2-3 баладан сұрау;

 

Қорытынды:

-          Ендеше балалар, ашуды ақылға жеңдіре отырып, сабырлы, ұстамды болайық.

 

Әңгiмелеу.      «Шыдамдылық пен сабырсыздық» (аңыз әңгіме)

(Оқушыларға әңгіменің мазмұнын эмоциялық тұрғыда әсерлі етіп әңгімелеп беру).


Бірде шыдамдылық пен сабырсыздық дос болыпты. Шыдамдылық ісіне өте байыпты болса керек. Сабырсыздықтың ісі шала, ұқыпсыз, ылғи да Шыдамдылыққа «Тасбақа сияқты жорғаламай, тез жүрсеңші, сенің жаныңда жүрсем, ішім пысады, одан да ашумен жүргенім жақсы» десе, Шыдамдылық: «Өзің біл, мен ақылмен дос боламын» дейді. Содан күндер өтеді. Ақыл мен шыдамдылық ешбір кедергісіз қыс қаһарына сүрінбей күн кешсе, сабырсыздық пен ашу үнемі ұрыс - керіс, болмашы нәрсеге Ашу қаһарланып, Сабырсыздық кері бұрылып отырады.

 

Сұрақтар:
-  Бұл мәтіннен қандай ой түйдік?
-  Сабырсыздық деген қандай қасиет?

-          Қандай қасиет бізді ақылға жүгіндіреді?

- Өз өмірлеріңде мұндай жағдай болды ма?

Қорытынды:

-          Кез-келген жағдайда сабырлылық сақтап, шыдамдылық танытып, ішкі тыныштықты сақтайық.

 

Шығармашылық жұмыс.

Оқушыларды үш топқа бөліп, топтық тапсырма беру.

1-топ: Данышпан атаның кеңестерін қалай қолданатының туралы жазу:
- Ашу қысқан кезде өзіңді - өзің ұстай біл.
- Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана.
- Жақсы нәрсе туралы ойла.
- Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.
- Басқа адамды ренжітетініңді ойла.
- Соңынан өкінетініңді есіңе ал.
- Ашуды ақылды жеңдір.
2 - топ:
«Досың ашуланған кезде оған қандай ақыл айтар едің?»
3 -топ: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос» мақалының мәнін ашу.

Немесе дәптермен жұмыс

Оқушыларға топтық жұмыстың ережесі түсіндіріледі. Тапсырманы орындау уақыты белгіленеді.

Әр топтың тапсырмасының тұсаукесерін тыңдау.

Қорытындылау: - Ашуын ақылыңа жендіре білген бала қандай да  болсын  қиындыктарды жеңіп,өзіне ұнаған істермен шұғылданады.Өз-өзін дамытатын үйірмелерге қатыса алады.Ол үшін оған ақылдылық, кішіпейілділік, ұстамдылық керек.

 

Топпен ән айту.

«Мейірімді болайықшы бауырлар»


Сөзі: Серік Қалиев
Әні: Құрмаш Маханов


Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!


Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп.

 

Сұрақтар:

-          Өлең не жайында айтылған?

-          Адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

Қорытынды:

-          Ендеше, балалар,өкпе, ренішке бой алдырмай адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарай отырып, ішкі тыныштығымызды сақтайық.

 

 

Үй тапсырмасы.

1.      «Балалардың көз қуанышы» В. А. Сухомлинский. мәтінін оқу

2.       Дәптермен жұмысты аяқтау.

 

2.      Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.


- Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық! Енді бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қанадай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Мен осынау әсемде көрікті әлемді сүйемін. Егер барлық жасаған әрекетіміз дұрыс болса, біздің жан дүниемізде жан тыныштығы орнайды. Тыныштық, ол - жүрегіңді тыңдау. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.
Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

 

 

 

 

 

Общая информация

Номер материала: 392169


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG

Похожие материалы

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Возрастные особенности детей младшего школьного возраста»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня»
Курс повышения квалификации «Актуальные проблемы обучения детей с нарушением слуха в образовательных организациях общего и среднего профессионального образования»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности педагога-дефектолога: специальная педагогика и психология»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Активизация познавательной деятельности младших школьников с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) как стратегия повышения успешной учебной деятельности»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Проективные методики в начальной школе в соответствии с ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сурдопедагогика: организация обучения, воспитания, коррекция нарушений развития и социальной адаптации глухих, слабослышащих, позднооглохших обучающихся в условиях реализации программы Ф
Курс повышения квалификации «Современные тенденции цифровизации образования»
Курс повышения квалификации «Формирование и развитие ключевых компетенций школьников в интересах устойчивого развития региона»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»