Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты."Отан қорғау-қасиетті борыш"

Ашық тәрбие сағаты."Отан қорғау-қасиетті борыш"

Скачать материал

 

БАТЫС   ҚАЗАҚСТАН   МЕДИЦИНАЛЫҚ  КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ :                                                                                                                        БЕКІТЕМІН:

Бөліммеңгерушісі                                                                                     Директордың  ТІ жөніндегі _____А.С.Мухамбетжанова                                                                                               орынбасары

«___»_________2014ж.                                                                            __________  А.К. Қалымбет

                                                                                                                           «___»_________2014ж.

 

 

 

МӘДЕНИ-КӨПШІЛІК ІС-ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДІҢ СЦЕНАРИІ

                                                «Отан қорғау-қасиетті борыш»

( Ашық тәрбие сағаты)

 

 

                                                                                                                Құрастырған:Сагатова Г.Ж

                                                             

 

 

                                                                Орал қаласы 2014 ж.

Мақсаты:

а) тәрбиелік: студенттерді отансүйгіштік рухта, өз елінің нағыз қорғаушысы болуға және қарулы күштердің беделін арттырумен қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу

б) дамытушылық: отан  алдындағы өз борышымен жауапкершіліктерін түсініп құрметтеуге баулу.

Өткізу әдісі:  ашық тәрбие сағаты

Уақыты: 04.05.2014

Өтетін орны:   Акт залы

Көрнекілік:  Видеоролик,нақыл сөздер және мақал-мәтелдер,кітаптар,журналдар,әскери киімдер.

Жоспары:                                   1.Тақырыпқа кіріспе

                                                      2.Отан қорғау туралы өлең жолдар

                                                      3. «Әскерге шақырту » көрініс

                                                      4.Талқылау және қорытындылау

 

 

 

Өтубарысы:

(келесібетте)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Отан қорғау- қасиетті борыш» тәрбие сағатын

Аубакирова Айкоркем мен Темирболатова Аккумистин орындауында «Ризамын» әні

 

1-Жүргізуші: Армысыздар қымбатты ұстаздар және студенттер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.

2-Жүргізуші: Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

1-Жүргізуші:

 Жүрекке адалдықтың ескен гүлін 
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. 

2-Жүргізуші:

Ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтай отырып,  зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық,еңбектеріңізге табыс тілейміз!

1-      Жүргізуші:

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің және отанын қорғап жүрген азаматтардың  айбыны арта берсін! Ендеше келесі өлең жолдарымыз отанымызды қорғап жүрген азаматтарға арналады.

(Т.Айгул, Гулдана,М. Айгул)

 

 

2-Жүргізуші:

1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды.Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

1-Жүргізуші:

Бұл күн – казақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды.Қазақстан өз мемлекеттігін дамытудағы жылдар ішінде әрдайым еліміздің корғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия кұруға ерекше көңіл бөлді. Біздің әскери қызметшілер жоғары кәсіби даярлық, үйлесімділік пен жауынгерлік дағды үлгісін керсетуде. 22 жылдық қалыптасу кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Әскеріміз жаңарып, оның күш-қуаты жылдан жылға нығаюда.

 Келесі кезекте сіздер үшін тобымыз дайындаған  көрінісімізді ұсынамыз.

(«Әскерге шақырту » көрініс)

Мамасы: Гульмаржан

Әкесі:    Аида

Жігіт:  Индира

Қарындасы: Айзада

Қызы: Гүлдана

 Апай: Айгерім                                                 (1-бөлім )

Уй іші. Әкесі газет оқып отыр, анасы тоқыма тоқып отыр. Жігіт ноутбук қарап отырады.Бір кезде есік қағылады. Анасы есік ашады. Қолында қағазы көп орта жастағы апай уйге кіреді.

-          Сәлеметсыз бе? Танкиманов Азамат осында тұра ма?

Анасы:Иә,осында тұрады. Не болып қалды? Азамат балам келе  қойшы. Саған келіп тұр.

-          Танкиманов Азамат  сізді әскерге шақырту қағазы келді.(Апай баланың қолына қағазын ұстатады да кетіп қалады.)

Әкесі: Балам ,бұл әрбір азаматтың парызы.Отан  алдындағы борышыңды абыроймен атқарып шығуың керек.

            Анасы: Балам ,әкеңнің сөзі орынды . Бірақ жалғыз баламды қалай жіберемін.     Шақырту  келген екен , бара ғой балам. (Жылап тұрады.)

                                           (2- бөлім )

Жай музыка ойнайды. Қыз бен жігіт қол ұстасып әңгіме айтып келеді. Бір-біріне қарап тұрады.Жігіт әскерге кететіні туралы айтады.

                                                       ( 3-бөлім )

Жай музыка ойнайды. Сахна сыртында оқиды. 8 ай өткен соң. Анасы жылап хатты оқып отырады.

Салем анашым-әкешім, қарындасым! Жағдайларыңыз қалай ? Денсаулықтарыңыз ше?

Қарындасымның сабағы қалай ?  Менде бәрі жақсы,өз борышымды атқарып жүрмін.Алдындағы хаттарыңызды алдым. Енді аз ғана уақыт  қалды. 4 айдан кейін қастарыңызда боламын. Хаттарыңызды күтемін. Балдарыңыз: Азамат.

                                                       (4- бөлім )

Командир  әскерлерге бұйрық береді:

                    Топ сапқа тұр .............

Командир:

Жалынды жауынгерлер ! Осыдан біраз уақыт бұрын сіздер Қазақстанның айбынды әскерлерінің қатарында қызмет ету бақытына ие болдыңыздар! Алғаш келгенде анасының қасынан ұзап шықпаған жас жеткіншіктер едіңіздер. Біраз уақыттың ішінде  әскери қызметтің қыр сырын түгел меңгеріп ,қиындығына төзіп, кез келген тапсырманы  қалт жібермей  орындайтын қырағы қыранға, арысқа айналдыңыздар. Сүйікті Отанымыздың сенімді тірегіне айналдыңыздар.Енді аз уақытта отан алдындағы  әскери борыштарыңызды өтеу мерзімі аяқталмақ. Сіздер елге  нағыз азамат ,нағыз жауынгер десанты болып  ораласыздар.Сүйіктң Отанымыз әр кезде сіздермен мақтан етеді.

Мен мақтамын!

Айбынды жауынгерлер!

Жауынгерлер: Қазақстан Республикасына қызмет етемін!

Командир: Аға сержант  Қожахмет

Сержант:

Мен !

Командир:Жалғастырыңыз.

Сержант: Құп болады. Жауынгерлер осы уақыттың  ішінде сіздер нағыз сарбаздың қандай болу керек екенін білдіңіздер және  толық меңгердіңіздер.  Жаттығулар барысында кейбір жанкесті қиындықтармен қатерлерге бой тіктіңіздер. Бірақ бәрін жеңе білдіңдер.1 аптадан кейін  уйлеріңізге ораласыздар.Жалынды жауынгерлер,Нағыз Отан қорғаушылар сендерсіңдер.

Айбынды жауынгерлер!

Жауынгерлер: Қазақстан Республикасына қызмет етемін!

Солға !Қадам бас!

 

                                                      (5- бөлім ) 

Қарындасы сыртта ойнап жүреді.Бір кезде ағасының әскерден келе жатқанын көріп:

Сүйінші-сүйінші деп ағасына  жүгіреді. Сол кезде үйден анасы, әкесі шығады. Анасымен құшақтасады, кейін әкесі құшағына алып:

Міне нағыз азамат, сен отан алдында борышыңды өтедің. Жарайсың, балам!

Анасы:

Жүріңдер үйге кірейік, бұл қуанышты тойлайық.

Бәрі мәз-майрам болып үйлеріне кіреді.

 

 

2-жүргізуші:

Нағыз қазақ ,қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра ,-дей  келе  Лия мен Тоғжанның орындауындағы  «Көңіл толқыны» күйін қабыл алыңыздар.

 

(Күй . Лия мен Тоғжанның орындауында)

 

 

 

 

 

 

1-Жүргізуші.

Бұл — ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз,  Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз.

2-жүргізуші:

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Оралдықтар бүгінгі күні де өз Отанымыздың қорғаныстық қабілетін нығайтуға, Қазақстан халқының игілігі мен бейбітшілікті қорғауға лайықты үлесін қосуда. Біз түсірген  видеороликте Орал тұрғындары  осы мереке туралы ,не дер екен қарап  көрелік.

(Видеоролик )

1-Жүргізуші:

Қай кезде де азаматтың өз Отаны алдында парызы болады. Азаматтың қасиетті борышының бірі – Отан алдындағы парызын өтеу. Кез келген адам бейбіт заманда да Отанын қорғай алады. Ол дегеніңіз қолға қару алу емес, өз Отаныңның білімді, өркениетті, салауатты перзенті бола алу. Айкоркемнің орындауында әскерге  арналған өлең жолдары.

(Аубакирова Айкоркемнің « Солдат» өлең жолдары)

 

2-жүргізуші:

Қазақ қызы күлімдер күн көзіндей

Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей

Жұлдыздардай өрнекті аспандағы

Биші қыздар бұрала билейді би.

 

(Бимен жалғасады)

 

1-жүргізуші:

Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз.
Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,
Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.
Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:
Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.
Хор .Барлық топ студенттері қатысады.

( Хор орындалады)

2-Жүргізуші:

Біз отан қорғап жүрген  жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Отанымызды қорғап жүрген аға-апаларымызға басымызды иіп,алғысымызды білдіреміз.

1-Жүргізуші:

Туымыз жерде де ,көктеде және  жерімізде сенімді қолда.Ұлдары да,қыздары да өз отанын қорғауға әрқашан дайын.

Бірге :Мерейлі мереке құтты болсын!

Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!   

                

 

 

Ашық тәрбие сағатының көрнекілігі

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты."Отан қорғау-қасиетті борыш""
Смотреть ещё 5 938 курсов

Методические разработки к Вашему уроку:

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ашық тәрбие сағаты."Отан қорғау-қасиетті борыш"

Ашық тәрбие сағатының әдістемелік әзірлемесі ұсынылады.Білім алушыларға отанды қорғау әр азаматтың қасиетті борышы екендігі туралы тәрбие береді.Ашық сабақтың әр кезеңдері бір-бірімен тығыз байланысты.Көріністер,ән,мәнерлеп оқу арқылы ашық тәрбие сағаттың мәнді өтеді.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 346 450 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 16.01.2020 5905
    • DOCX 2.3 мбайт
    • 94 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагатова Гулсулу Жасулановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сагатова Гулсулу Жасулановна
    Сагатова Гулсулу Жасулановна
    • На сайте: 6 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 71736
    • Всего материалов: 24

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 323 649 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Деловой этикет и ораторское искусство: инструменты влияния

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 11 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Оказание первой помощи

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 765 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 986 человек

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек
Смотреть ещё 5 938 курсов