Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Ашық сабақ. Әлеуметтік орта . Қатынас .

Ашық сабақ. Әлеуметтік орта . Қатынас .

библиотека
материалов

Білім беру саласы : Әлеуметтік орта . Қатынас .

Оқу іс - әрекеті : Қоршаған ортамен танысу , Жапсыру .

Тақырыбы : Жабайы жануарлар .

Мақсаты : Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту . Жабайы жануарлардың ( аю , қоян , түлкі , қасқыр) сипаттық белгілерін байқай білуге үйрету арқылы зейіндерін дамыту .

Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу .

Әдіс - тәсілдері : Түсіндіру , көрсету , әңгімелеу , үйрету , ойын , сұрақ - жауап .

Көрнекілігі : Жабайы жануарлардың суреттері , үлестірмелі материалдар , үнтаспа .

Қажетті құрал - жабдықтар : Түрлі - түсті қағаз , ақ парақ , желім , т.б.

Сөздік жұмыс : Орманда тіршілік ететіндер .

Биллингвальды компонент : Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц .

Инклюзивті білім беру : Нұрасылға жабайы жануарлардың аттарын дұрыс атауды үйрету .

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

Шаттық шеңбері

Балалар , қане шеңберге тұрып , қонақтармен амандасайық .

Қорбаңдаған аюдың ,

Құлпынайы бар екен .

Теріп - теріп алайық ,

Қалтамызға салайық .

Балалар бүгін біз жабайы жануарлармен танысамыз .



Балалар шеңберге тұрып қонақтармен амандасады .



Қимыл - қозғалыспен өлеңді айтады .

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын , сендер жауабын тапқан жұмбақтың шешуі болған аңдардың суретін тақтаға ілеміз .

Жұмбақ .

1 . Қалқиып ұзын құлағы ,

Елеңдеп қорқып тұрады .

2 . Өзі айлакер , өзі қу ,

Жүрген жері айқай шу .

3 . Өзіне болған қорған ,

Орман ішінде бірақ

Етеді қорбаң - қорбаң .

Бұлар - жабайы жануарлар , олар орманда , далада , тауда тіршілік етеді және өз қоректерін өздері тауып жейді .

Аюды сипаттайық , ол қандай ? Оның басы , денесі , төрт аяғы , екі құлағы бар . Түсі қоңыр . Аюдың баласын қонжық деп атайды . Ол балды жақсы көреді және қыс бойы апнында ұйықтағанды жақсы көреді .

Бұл не балалар ?

Қоянның ұзын құлақтары , төрт аяғы бар . Ол шөпті , сәбіз жегенді жақсы көреді екен . Қоянның баласын көжек дейміз .

Түлкі - сары түсті жабайы аң . Ол орманда мекендейді . Түлкінің ұзын құйрығы бар . Ол өте қу , айлакер болады . Түлкінің баласын жәутік деп атайды .

Бұл - қасқыр . Оның да басы , денесі , төрт аяғы бар . Қасқырдың түсі сұр , құйрығы ұзын , тісі өткір . Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды .

Биллингвальды компонент :

Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц .

Балалар осы аңдардың ішінде қай жануар үлкен ?

Ал ең кішкентайы қайсысы ?

Психологиялық жаттығу .

Балалар қорбаңдаған аюды бейнелейік .

Қорқақ қоянды бейнелейік .

Тақпақ айту .



















Сергіту сәті :

"Қара жорға биі"

Балалар енді жапсыру өнер орталығына барып аюды жапсырайық . Түрлі түсті қағаздан қиылған аю пішінін ақ параққа желімдеп жапсырамыз .

Балалармен жеке жұмыс жүргізу .

"Ішіне - сыртына" ойыны

Балаларға үлестірмелі материалдар таратып беремін . Балалар аюды ішіне , қоянды сыртына салу керек .












Қоян





Түлкі





Аю

Тыңдап отырады .





Аюдың суретіне қарап оны сипаттайды .



Қоян

Қоянды суретіне қарап сипаттайды .



Түлкінің суретіне қарап сипаттайды .



Қасқырды да сипаттайды .





Балалар бірнеше рет қайталап айтады .



Аю

Қоян



Аюдың жүрісін салады .

Қоянның жүрісін салады .



Ұзын құлақ , сұр қоян ,

Естіп қалып сыбдырды .

Ойлы - қырлы жерлерден ,

Ытқып - ытқып жүгірді .

Мен көкжал қасқырмын ,

Малшыны састырдым .

Аш болсам ұлимын ,

Ауылды торимын .



Балалар әуенмен билейді , қимылдар жасайды .



Балалар аюды жапсырады .







Балалар картошкаларды алып , ішіне , сыртына салады .

Рефлексиялық - түзетушілік

Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетінде алған білімдерін қорытындылау .

Балаларды мақтап , мадақтау .

Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады .









Күтілетін нәтиже

Орындайды : Жабайы жануарлардың белгілерін байқап , оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды .

Түсінеді : Жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді .

Қолданады : Жабайы жануарлардың жүріс - тұрысын қимылмен келтіре білу дағдыларын және аюдың бейнесін жапсыра біледі .











Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Білім беру саласы : Әлеуметтік орта . Қатынас .

Оқу іс - әрекеті  : Қоршаған ортамен танысу , Жапсыру .

Тақырыбы : Жабайы жануарлар .

Мақсаты : Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту . Жабайы жануарлардың ( аю , қоян , түлкі , қасқыр) сипаттық  белгілерін байқай білуге үйрету  арқылы зейіндерін дамыту .

Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу .

Әдіс - тәсілдері :  Түсіндіру , көрсету , әңгімелеу , үйрету , ойын , сұрақ - жауап .

Көрнекілігі : Жабайы жануарлардың суреттері , үлестірмелі материалдар , үнтаспа .

Қажетті құрал - жабдықтар : Түрлі - түсті қағаз , ақ парақ , желім , т.б.

Сөздік жұмыс : Орманда тіршілік ететіндер .

Биллингвальды компонент : Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц .

Инклюзивті білім беру : Нұрасылға жабайы жануарлардың аттарын дұрыс атауды үйрету  

Общая информация

Номер материала: 373026

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG