Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАшық сабақ. Әлеуметтік орта . Қатынас .

Ашық сабақ. Әлеуметтік орта . Қатынас .

Скачать материал

Білім беру саласы : Әлеуметтік орта . Қатынас .

Оқу іс - әрекеті  : Қоршаған ортамен танысу , Жапсыру .

Тақырыбы : Жабайы жануарлар .

Мақсаты : Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту . Жабайы жануарлардың ( аю , қоян , түлкі , қасқыр) сипаттық  белгілерін байқай білуге үйрету  арқылы зейіндерін дамыту .

Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу .

Әдіс - тәсілдері :  Түсіндіру , көрсету , әңгімелеу , үйрету , ойын , сұрақ - жауап .

Көрнекілігі : Жабайы жануарлардың суреттері , үлестірмелі материалдар , үнтаспа .

Қажетті құрал - жабдықтар : Түрлі - түсті қағаз , ақ парақ , желім , т.б.

Сөздік жұмыс : Орманда тіршілік ететіндер .

Биллингвальды компонент : Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц .

Инклюзивті білім беру : Нұрасылға жабайы жануарлардың аттарын дұрыс атауды үйрету .

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық - қозғаушы

Шаттық шеңбері

Балалар , қане шеңберге тұрып ,   қонақтармен амандасайық .

Қорбаңдаған аюдың ,

Құлпынайы бар екен .

Теріп - теріп алайық ,

Қалтамызға салайық .

Балалар бүгін біз жабайы жануарлармен танысамыз .

 

Балалар шеңберге тұрып қонақтармен амандасады .

 

Қимыл - қозғалыспен өлеңді айтады .

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын , сендер жауабын тапқан жұмбақтың шешуі болған аңдардың суретін тақтаға ілеміз .

Жұмбақ .

1 . Қалқиып ұзын құлағы ,

Елеңдеп қорқып тұрады .

2 . Өзі айлакер , өзі қу ,

Жүрген жері айқай шу .

3 . Өзіне болған қорған ,

Орман ішінде бірақ

Етеді қорбаң - қорбаң .

Бұлар - жабайы жануарлар , олар орманда , далада , тауда тіршілік етеді және өз қоректерін өздері тауып жейді .

Аюды сипаттайық , ол қандай ? Оның басы , денесі , төрт аяғы , екі құлағы бар . Түсі қоңыр . Аюдың баласын қонжық деп атайды . Ол балды жақсы көреді және қыс бойы апанында ұйықтағанды жақсы көреді .

Бұл не балалар ?

Қоянның ұзын құлақтары  , төрт аяғы бар . Ол шөпті , сәбіз жегенді жақсы көреді екен . Қоянның баласын көжек дейміз .

Түлкі - сары түсті жабайы аң . Ол орманда мекендейді . Түлкінің ұзын құйрығы бар . Ол өте қу , айлакер болады . Түлкінің баласын жәутік деп атайды .

Бұл - қасқыр . Оның да басы , денесі , төрт аяғы бар . Қасқырдың түсі сұр , құйрығы ұзын , тісі өткір . Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды .

Биллингвальды компонент :

Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц .

Балалар осы аңдардың ішінде қай жануар үлкен ?

Ал ең кішкентайы қайсысы ?

Психологиялық жаттығу .

Балалар қорбаңдаған аюды бейнелейік .

Қорқақ қоянды бейнелейік .

Тақпақ айту .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті :

"Қара жорға биі"

Балалар енді жапсыру өнер орталығына барып аюды жапсырайық . Түрлі түсті қағаздан қиылған аю пішінін ақ параққа желімдеп жапсырамыз .

Балалармен жеке жұмыс жүргізу .

"Ішіне - сыртына" ойыны

Балаларға үлестірмелі материалдар таратып беремін . Балалар аюды ішіне , қоянды сыртына салу керек .

 

 

 

 

 

 

Қоян

 

 

Түлкі

 

 

Аю

Тыңдап отырады .

 

 

Аюдың суретіне қарап оны сипаттайды .

 

Қоян

Қоянды суретіне қарап сипаттайды .

 

Түлкінің суретіне қарап сипаттайды .

 

Қасқырды да сипаттайды .

 

 

Балалар бірнеше рет қайталап айтады .

 

Аю

Қоян

 

Аюдың жүрісін салады .

Қоянның жүрісін салады .

 

Ұзын құлақ , сұр қоян ,

Естіп қалып сыбдырды .

Ойлы - қырлы жерлерден ,

Ытқып - ытқып жүгірді .

Мен көкжал қасқырмын ,

Малшыны састырдым .

Аш болсам ұлимын ,

Ауылды торимын .

 

Балалар әуенмен билейді , қимылдар жасайды .

 

Балалар аюды жапсырады .

 

 

 

Балалар картошкаларды алып  , ішіне , сыртына салады .

Рефлексиялық - түзетушілік

Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетінде алған білімдерін қорытындылау .

Балаларды мақтап , мадақтау .

Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады .

 

 

 

 

                                   Күтілетін нәтиже

Орындайды : Жабайы жануарлардың белгілерін байқап , оларды сипаттап айтуға арналған тапсырмаларды .

Түсінеді : Жабайы жануарлар туралы берілген мәліметтерді .

Қолданады : Жабайы жануарлардың жүріс - тұрысын қимылмен келтіре білу дағдыларын және аюдың бейнесін жапсыра біледі .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәңгілік ел .

   Қазіргі таңдағы мектепке дейінгі мекемелердің күн санап көбеюін қоғамымыздағы қуанарлық жаңалық деуге болады . Бұл дегеніміз , ертеңгі ұрпағымыздың заман талабына сай , өз жас ерекшелігіне байланысты білім алып , бойына адамгершілік сезімін сіңіріп , Отанға , елге ,  отбасына , қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке ие болады . Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің "Қазақстан - 2050 : Бір мақсат , бір мүдде , бір болашақ " атты  жаңа Жолдауының алтыншы басымдығында  мектепке дейінгі білім беруде біз 3 және 6 жасқа дейінгі балаларды жүз пайыз қамтыдық . Сондай - ақ , енді біз бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды толықтай қамтамасыз етуге қол жеткізуіміз керек - деді . Сондай - ақ , жалпы білім беру мектептеріндегі оқытудың деңгейін Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі білім беру деңгейіне жеткізуіміз керек , оларды оқыту  нәтижесі саналы ойлау , өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдауды игеруі тиіс , - деп атап көрсетті .  

   Тәрбие мен білімнің бесігі - сәби шақтан , мектепке дейінгі балалардан басталса , оларды бәсекеге қабілетті , еліміздің тізгінін ұстауға лайықты , саналы да білімді етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз . Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Жуалы ауданы Білім бөлімінің қаулысымен Жуалы ауданының Нұрлыкент ауылында №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектеп жанынан 2010 жылы "Айгөлек" шағын  орталығы ашылған болатын . Шағын орталық елу балаға арналған , яғни екі топ жұмыс істейді . Ұжымда он қызметкер бар , оның төртеуі тәрбиеші , біреуі әдіскер және музыка жетекшісі , екі тәрбиеші көмекшісі , бір медбике , бір аспазшы және кір жуушы бар .

Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеуде бізге үлкен жауапкершілік жүктелген . Қай елдің болмасын іргетасы , жарқын болашағы - ұрпағы екені белгілі . Сол себепті еліміздің іргетасын мәңгі берік ұстайтын жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруіміз қажет . Ашылғанына көп уақыт болмасада бірнеше  жетістікке  жетті . Атап айтқанда 2011 жылы аудандық "Ең үздік шағын орталық" байқауына қатысып екінші орынды жеңіп алса , 2012 жылы аудандық "Ең үздік шағын орталық" байқауынан тағы да екінші орынға ие болды .

Көптеген іс - шаралар мен сайыстар , ертеңгіліктер ұйымдастырылады .  Мысалы , Тәуелсіздік күні , Республика күні , Жеңіс , Конститутция күні , т. б. күндеріне арнап ашық оқу іс - әрекеттері мен тәрбие сағаттары өткізіледі . Ондағы мақсат балаларға ұлттық тәрбие , Отанды сүюге , елімізді , жерімізді қорғауға және Елбасының кемел саясатын қолдауға бағыт - бағдар беру . 

Ал енді өзіме келер болсам , мен - анамын , тәрбиеші ұстазбын . Мен өзімді бала тәрбиелеуде ұстамды , сабырлы болуға тәрбиеледім . Өйткені әр балаға жеке тұлға ретінде қарау керек . Балалармен балаша ойнап , бала сияқты ойлану қажет . Тәрбие жұмыстарында , оқу үдерісінде баланың көңіл -  күйіне , жан дүниесін түсінуге әрекет жасау керек .  Мен шағын орталығымыз ашылған күннен бастап осында бүлдіршіндерге тәлім - тәрбие беріп келемін . Тәрбиеші еңбек жолын тек балаға арнайды , оның жүрегі мейірімділікке , адамгершілікке толы болады . Тәрбиешінің алдына әр түрлі балалар келеді . Әр баланың мінезі әр түрлі болады. Ал тәрбиеші өзінің кәсіби біліктілігінің арқасында әр баланың тілін таба біледі .Мағжан Жұмабаев өзінің бір сөзінде былай депті : "Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай , болашақ заманға лайық қылып шығару керек ". Сондықтан бала тәрбиесі , оны заман талабына сай етіп тәрбиелеу баршамызға ортақ іс .

2011 жылы мектепішілік ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында өткізілген  "Пай - пай , қазақтың келіндері - ай ! " атты байқауға қатысып екінші орынды және "Өнерлі келін" номинациясын жеңіп алдым .           

Сол жылы ата - аналар арасында "Жыл ата - анасы" байқауын ұйымдастырдым . Бұл сайысты ұйымдастырғандағы  мақсатым : Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін , сондай - ақ тәрбиенің жан - жақты , үздіксіз әрі бірізді үрдіс екенін ескере отырып , балабақша жұмысын ата - анамен бірлесіп жоғары деңгейге көтеру.  Сайыстың нәтижесінде , бірінші орынға Ілиясова Задагүл , екінші орынға Шемшиева Салиха , үшінші  орынға Ажибаева Айман ие болды . 2014 жылы "Қарлығаш" топ балаларының арасында "Жігіт сұлтаны" сайысын ұйымдастырдым , ондағы мақсатым : дарынды балалардың өнерін көрсету , сахнада өзін қалай ұстауды , еркіндікті , батылдықты , сенімділікті үйретіп , ары қарай әртүрлі сайыстарға қатысып , шыңдалып , бейімделуіне жол ашу  . Нәтижесінде , бас жүлдеге Әмет Жасұлан , бірінші орынға Айтуаров Береке , екінші орынға Баянбай Әлішер , үшінші орынға Абдижамил Жасұлан мен Аманкелді Нұрахмет ие болды . 2015 жылы "Алтын күз" атты байқауы көрме түрінде ұйымдастырылды . Оған ата - аналарымыз өз балаларымен бірге табиғи материалдардан жасаған бұйымдарымен қатысты . Бірнеше ата - ана мен баласы жүлделерге ие болды.

 

   Біз баршамыз бірге Елбасының ұлттық идеясы - жаңа , гүлденген Қазақстанды  - "Мәңгілік елді" алға бастыруға бағытталған жоспарын жүзеге асыруға жұмыла атсалысуымыз қажет . "Қазақстан - 2050 " Стратегиясы елдіктің , бірліктің , еңбектің жемісі болмақ . Сол арқылы жетістіктерге жетеміз . Ата - бабаларымыздың арманы Мәңгілік Ел құру болған . Сол арманға  біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында қол жеткіздік . Бүгінде ол ақиқатқа айналды . Еңселі еліміз , тұғырлы тәуелсіздігіміз бар . Әсем қала Астана мен Мәңгілік Ел ұлттық идеясын жүзеге асыру мүмкіндігін алдық .

 

Мен қазақ болып туғаныма , Қазақстанда тұрып , қазақ еліне қызмет етіп , соның ішінде еліміздің ертеңгі болашағы болған жас ұрпаққа тәрбие беріп жатқаныма өте бақыттымын . Еліміз жайнай берсін ! Қазақстанымыз мықты , мәңгілік ел болсын !  Болашақта Қазақстан мәңгілік ел болу үшін заман талабына сай ұрпақты тәрбиелеуде өз үлесімді қосамын . Қазақстан гүлдене берсін , көркейе берсін !

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Менің педагогикалық философиям"

  Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы балабақша екені белгілі . Жамбыл облысы , Жуалы ауданы , Нұрлыкент ауылында 2010 жылы ашылған "Айгөлек" шағын орталығында "Қарлығаш" , "Балдырған " топтары жұмыс істейді . Онда 2 мен 6 жас аралығындағы балалар тәрбиеленуде . Шағын орталықта барлығы 10 адам , соның ішінде 5 педагог бар . Олардың барлығы жоғары білімді .

  Шағын орталықта "Алғашқы қадам" , "Зерек бала" , "Біз мектепке барамыз"  бағдарламалары бойынша оқу тәрбие жұмыстары жүргізілуде .

  Заман талабына сай педагогтар кәсіби шеберліктерін көтеру барысында әрдайым өз білімдерін шыңдаумен қатар біліктілігін жетілдіру курстарынан өтіп тұрады .

  Қазіргі таңда тәрбиешіге талап өте үлкен болып отыр . Әрбір елдің бірінші ойлайтыны - өз ұрпағының жайы болмақ . Ертеңгі болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың бүгінгі тәрбиесіне байланысты екені айтпаса да түсінікті . Жан - жақты білім алған , парасатты , саналы азаматты тәрбиелеп шығару , олардың жан дүниесін әлемдік өркениетке сай рухани қазыналармен байыту , халықтық педагогика дәстүрлерінің озық өнегелерін ой - санасына орнықтыру - бүкіл ел жұрт , ауыл - аймақ , отбасы , қоғамдық мекемелер болып бірлесе атқаратын аса жауапты міндет екені де айқын . Тәрбиенің осы бір сан - салалы , күрделі мәселелеріне күнделікті өміріміздегі қарапайым дағдылар арқылы бала жүрегіне жол табуға тырысатын алғашқы білім баспалдағы - балабақшалардағы оқу іс - әрекеті болып табылады . Өйткені бала да "ұяда нені көрсе , ұшқанда соны ілетін" балапан сияқты , айналамыздағы әр нәрсенің қыр - сырын білуге табиғатынан ынтызар болып жаратылады . Құнарлы жерде өскен мәуелі ағаш тамыры секілді осы жаста берілген ұлттық тәрбиенің сөлі мен нәрін бойына сіңіріп , қуат алып өскен баланың өмірге деген бейімділігі де , зерделілігі де анағұрлым жоғары тұрмақ . Ал , баланы тәрбиелеу мен оқыту - ұзақ жылдарға созылатын , инемен құдық қазғандай , бейнеті ауыр еңбек екенін ескерсек , бұл орайда , педагог қауымының орны ерекше екеніне дау жоқ .

  Бүгінде балабақшада білім беру салалары "Денсаулық" , "Қатынас" , "Таным" , "Шығармашылық" , "Әлеуметтік орта " салалары бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде . Тәрбиешілер балалардың еңбек ету туралы ұғымдарын тереңдетіп ,  олардың шығармашылық ойлау мен қиялын , зейінін дамытты және балалардың танымдық белсенділігін арттыруда . Ұжымымыздың мектепке дейінгі ұйымдар арасында қол жеткізген табыстары да жоқ емес . Атап айсам : 2011 жылы Жуалы аудандық "Ең үздік шағын орталық"  атты байқауына тәрбиеші Джалгасова Дина және мен Көптілеуова Кенжетай қатысып екінші орынға ие болдық . 2012 жылы тағы да "Ең үздік шағын орталық" атты байқаудан екінші орынға ие болды . Мектепішілік ұлттық дәстүрді дәріптеу мақсатында өткізілген "Пай - пай , қазақтың келіндері - ай !"  атты байқауға қатысып екінші орын және өнерлі келін номинациясын жеңіп алдым .

  Топтар арасында "Жігіт сұлтаны" байқауын ұйымдастырдым , ондағы мақсатым : дарынды балалардың өнерін көрсету , сахнада өзін қалай ұстауды, еркіндікті , батылдықты , сенімділікті үйретіп , ары қарай әртүрлі сайыстарға қатысып , балалардың шыңдалып , бейімделуіне жол ашу .

Нәтижесінде Бас жүлдеге Әмет Жасұлан , 1 орынға Айтуаров Береке , 2 орынға Баянбай Әлішер , 3 орынға Абдижамил Жасұлан мен Аманкелді Нұрахмет ие болды .

Балалар мен ата - аналар арасында "Алтын күз" байқауы көрме түрінде ұйымдастырылды . Оған көптеген ата - аналар өз балаларымен қатысып белсенділік танытты . Мақсаты : Әр түрлі табиғи материалдарды пайдалана отырып туынды жасап шығару . Нәтижесінде ,  бас жүлдеге  Муханова Аруна мен анасы Зина , 1 орынға Тәжібай Бақдәулет пен анасы Ұлту , 2 орынға Жасанбай Нұралы мен анасы Толғанай , 3орынға Пазылбек Тәңірберген анасы Айымжан ие болды .

Сондай - ақ ата - аналар арасында "Жыл ата - анасы" сайысы ұйымдастырылды . Бұл сайысты ұйымдастырғандағы мақсатым :

Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін , сондай - ақ тәрбиенің жан - жақты , үздіксіз әрі бірізді үрдіс екенін ескере отырып  , балабақша жұмысын ата - анамен бірлесіп жоғары деңгейге көтеру . Сайыстың нәтижесінде , 1 орынға Ілиясова Задагүл , 2 орынға  Шемшиева Салиха , 3 орынға Ажибаева Айман ие болды .  Ата - аналар балалардың тәрбиелеу үрдісіне қатысуға дайындығын көрсете білді.

Қазақстан Республикасы Конституциясында былай делінген : "балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың құқығы әрі міндеті " . Отбасы баланың дамуын анықтайтын ең маңызды орта болып саналады . Балалардың дамуы үшін қолайлы жағдай жасау отбасылық тәрбиенің қателігінің алдын алу және жол бермеу , ата - ананың педагогикалық мәдениетін көтеру . Сол үшін ата - аналармен ай сайын жиналыстар өткізіледі , сауалнамалар , анкеталар толтырылып , баяндамалар оқылып әр түрлі кеңестер беріледі .

    Біз балабақшаға келген баланың тәрбиесіндегі кемшілік тұстарын жетістіріп , оны дене және ой еңбегіне үйретуге ,  күн тәртібін дұрыс  реттеуге , салауатты өмір сүруге баулимыз , адал болуға тәрбиелеп , жақсылықты үйретуге , жамандықтан жиренуге үйрету арқылы бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға тырысамыз . Бала тәрбиесі жас шыбық тәрізді , қалай исең , солай қарай иіледі . "Адамды адам ғана тәрбиелей алады" - деген қағида кімге болса да басшы болуы тиіс .

    Өз басым бала тәрбиелеуде өзімді ұстамды , сабырлы болуға шақырдым . Өйткені әр балаға жеке тұлға ретінде қарау керек .  Балалармен  балаша ойнап , бала сияқты ойланып , психолог болу қажет . Тәрбие жұмыстарында  , оқу үдерісінде баланың көңіл - күйіне , жан дүниесін түсінуге әрекет жасау керек . Тәрбиеші өзін жинақы , тіл байлығы күшті , мәдениетті тұлға ретінде көрсете білсе , бала да балабақшада жақсы тәлім - тәрбие алады . Балабақшадағы бала - ойын баласы . Сол үшін тәрбиеші балаға үйрететін санамақтарды , ойындарды , тақпақтарды , ертегілерді жатқа білуі қажет . Балаға зейін қойып , оны тыңдасаң , бала саған жақын болады . Балаларды жақсы , жаман деп бөлуге  болмайды . Әр баланың көрінбейтін бір өнері болады , тек соны біз уақытында көріп , сыртқа көрсете білуіміз керек . Тәрбиеші деген сөз - алдымен баланы тәрбиелейтін адам , сосын білім беретін ұстаз . Мен тағы да тәрбиеші деген - баланың екінші ата - анасы , досы , көмекшісі , үлі тұтар тұлғасы дер едім .

   Қазіргі таңда жаңа  технологияны  оқу іс - әрекетінде қолдану балалардың білімдерін жетілдіріп , олардың танымдық дамуын арттырады . Болашақта алдымызға қойған көптеген мақсаттарымызға жетеміз - деп ойлаймын .

  Менің басты міндетім : тәрбиеленушілерге дұрыс бағыт - бағдар беру . Өзін іс жүзінде көрсете білуге және жасаған жұмысында жетістіктерге жетуін қамтамасыз ету .  

    Балабақша әр үйдің еркесі , әпештеген ұлы мен қызы тәрбиеленетін орын . Мұнда олар таңертең келіп , кешке қайтады . Балалық шақтарын қызықты өткізіп , қазіргі заман баласын тәрбиелеу біздің міндет . 

  Тәрбиеші оқу - тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап  , жаңа заман талабына сай , озық дәстүр ұлттық рухында тәрбиелеп сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс - тәсілдерін пайдаланса , игі нәтижеге жетеді . Ел болашағы - білімді ұрпақта . Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де , еліміздің әл - ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар . Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбие мен білім беру мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады . Бала - келешек ,  бала - үміт , бала - өмірдің жалғасы . Сол себепті балаларды тәрбиелеу - баршаның ісі .

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ. Әлеуметтік орта . Қатынас ."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқу іс - әрекеті  : Қоршаған ортамен танысу , Жапсыру .

Тақырыбы : Жабайы жануарлар .

Мақсаты : Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту . Жабайы жануарлардың ( аю , қоян , түлкі , қасқыр) сипаттық  белгілерін байқай білуге үйрету  арқылы зейіндерін дамыту .

Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға тәрбиелеу .

Әдіс - тәсілдері :  Түсіндіру , көрсету , әңгімелеу , үйрету , ойын , сұрақ - жауап .

Көрнекілігі : Жабайы жануарлардың суреттері , үлестірмелі материалдар , үнтаспа .

Қажетті құрал - жабдықтар : Түрлі - түсті қағаз , ақ парақ , желім , т.б.

Сөздік жұмыс : Орманда тіршілік ететіндер .

Биллингвальды компонент : Жабайы жануарлар - дикие животные , аю - медведь , қоян - заяц .

Инклюзивті білім беру : Нұрасылға жабайы жануарлардың аттарын дұрыс атауды үйрету  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 479 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Коспект с презентацией урока по русскому языку "Мягкие шипящие звуки, запись этих звуков в сочетании c гласными.
  • Учебник: «Русский язык (в 2 частях)», Канакина В.П., Горецкий В.Г.
  • Тема: Правописание буквосочетаний с шипящими звуками
  • 22.02.2015
  • 1145
  • 3
«Русский язык (в 2 частях)», Канакина В.П., Горецкий В.Г.

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2015 2255
    • DOCX 469.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Коптилеуова Кенжетай Жайлаубаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22041
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 953 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 684 человека

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе