Инфоурок Физика ПрезентацииАшық сабақ. Тақырыбы: Қазақстанның байланыс құралдары: Сандық технология. Интернет, ұялы телефонның пайдасы мен зияны ( 11 класс )

Ашық сабақ. Тақырыбы: Қазақстанның байланыс құралдары: Сандық технология. Интернет, ұялы телефонның пайдасы мен зияны ( 11 класс )

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:

                      Қазақстанның байланыс құралдары: Сандық технология.

                           Интернет,  ұялы телефонның пайдасы мен зияны


Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік:  Дебат туралы мәлімет беру, шартымен, тәртібімен  таныстыру. Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;

  Дамытушылық:  Оқушылардың интернет, ұялы телефон туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;



Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту,

 нақты дәлелдер келтіру/

Түрі: дебат (пікір-сайыс)

Сабақтың өту барысы:

 Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі:

 Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

 -Дебат әлеміне қош келдіңіздер!!!
-бүгін:
 «Қазақстанның байланыс құралдары: Сандық технология.

Интернет,  ұялы телефонның пайдасы мен зияны» атты пікір-сайыс өткіземіз

Дебат – интеллектуалдық пікір-сайыс, өз ойынды анық , әсерлі ,
нақты түрде дәлелдеуге баулиды.

ПІКІР-САЙЫСТЫҢ ШАРТЫ


1. Пікір-сайыстың негізгі мақсаты- өзіңіз ұстанып отырған
бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу.

2. Екі қарсы топ \жақтаушы, даттаушы\ берілген қатар бойынша
төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс.

3. Әр топ бес ойыншыдан тұрады . Әрқайсысының ойында өз орны
бар және міндеттері нақты белгіленген.

Пікірталас шарттары:

1.
Әр топ өздерін таныстырады.
2. екі топ өз пікірлерін ортаға салып, дәлелдеп шығады, әр топқа  3 мин
3. Екі топ өзара сұрақ алмасады.
4. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары
5. Көрермендердің дауысы
6. Қорытынды. Сарапшыларды тыңдаймыз


Әр ойынды уақытты қадағалап отыратын уақыт төрешісі болуы тиіс. Оны таймпер деп атайды.

-Бүгінгі қатысушыларымызбен таныс болыңыздар .

1.  «Болашақ»  командасы
2.  « Келешек»  командасы

« Болашақ » командасы:

1.     Спикер: Қанатова Жансая

2.     Спикер: Орынғалиева Гүлім

3.     Спикер: Сайлау Аида

4.     Спикер: Саяжан Күнтолы

5.     Спикер: Көпжасарова Жұлдыз


«Келешек» командасы
:

1.     Спикер: Алтаев Әділ

2.     Спикер: Қалиасқарова Арай

3.     Спикер: Шарипханова Забира

4.     Спикер: Серикханов Айтуар

5.     Спикер: Төлеубаева Айым

Ең алдымен сіздерге осы пікірсайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1.      

2.      

3.    

2. Топ жетекшілеріне сөз беріледі

«Болашақ» тобының жетекшісі Жұлдыз
«Келешек» тобының жетекшісі Забира

3. Сөз кезегі ойыншыларға беріледі

Пікір сайысымыз ашық деп жариялаймыз. Сөз жақтаушы топ спикерінен басталады:
 11 «А» сынып оқушысы ________________   береміз.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар,оқушылар!

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда,жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып,тасып,
Біреу ығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсеңде қалма жасып.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді таланттарға

 

1. «Жақтаушы» тобының спикері:

Армысыздар құрметті көрермен,менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор.
Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі . Қазіргі уақытта кз келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі. Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану – алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ , электрондық почта өте қолайлы жене аса қымбат емес.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады.
ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң
ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды». Қазіргі кезде Интернетпен тек қана компьютерлік желілер арқылы емес, сонымен қатар, байланыс спутниктері, радиосигналдар, кабельдік теледидар, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-талшықтық желілер және электр желілері арқыы да байланысуға болады.
Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

2. «Даттаушы» тобының спикері :

Сәлем бердік
  қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр.Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.

Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді.Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп, түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы.

Тыңдағандарыңызға рахмет.

3. «Жақтаушы» тобының спикері:

Сәлем бердік
  қауымға! Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады

1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана-сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7.Ә лемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9.  Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар жасауға;
- «
Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес… (материалдарды және моральді жағынан болсын).

 Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз.Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек.Компьютерде отыру денсаулыққа зиян.Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба,
  солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Алда болатын ҰБТ-ға да интернет арқылы дайындалудамын. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор
Назарларыңызға рахмет.

4. «Даттаушы » тобының спикері:

Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қара ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың… Бірақ ең демократияның орнаған саласы – осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.
Ендігі бір мәселе – Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние. Енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиянды екенін айта кетейік. Интернеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Интернет ойындарынан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарымыз бар, соны неге ойнамасқа?Асық ойнау, күрес, қол күресі, волейбол, футбол сияқты көп ойындар бар.Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.
Құлақ қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

Сұрақ-жауаптармен алмасады.

1.      «Даттаушы» тобының спикері:


Күн сайын теледидар қарап отырып не бір түрлі келеңсіз жағдайларға кезігесің. Отбасымен ажырасу, жаман әрекеттерге бару. Қорлық-зомбылық, зорлық бұның бәрі қайдан шықты дейсіз?
Әрине қазір заман ауқымы, талабы әр үйде компьютер, интернет желісі бар. Жаңағы өздерің айтқандай компьютерге қол жеткізбесе де ұялы телефон арқылы интернетке де шығуға болады дейсіңдер.Міне, сол арқылы не бір ұятсыз көріністер көреді, интернет арқылы танысады.Мектеп жасындағы баланың сабаққа дайындалғаннан гөрі көп уақытын ұялы телефонына үңілумен өткізеді.Ол неге үңіле береді десең, әрине ол ішіне сабағын жазып алған жоқ. Небір түрлі қырғын атыс-шабыс ойынын, өзгелермен танысу, ұятты көріністер қарайды. Міне, содан барып, ол баланың өмірге көз-қарасы психологиясы өзгереді. Ұрлық-зорлық көбейеді.Жас бала еліктегіш келеді. Әр жаман затты көрген сайын, естіген сайын оның бір ұшқыны адам бойында ұялап қалмай ма? Сондықтан интернетті меңгеруіміз керек деп, интернетті білмеген заман көшінен қалды деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық  екеніне көзіміз жетті.Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп,жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп,ал зиянынан сақтанайық демекпін.
Тыңдағандарыңызға рахмет!

1.     «Жақтаушы» тобының спикері:


Көтеріліп отырған мәселе әлемдік деңгейде қаралып отыр. Жаста болсақ, біз осы мәселеге үлесімізді қосып, қосымша мағұлматтармен жұмыс жасадық. Бүгінгі біз ұсынып отырған қарар өзекті.

Жер халқының келешегі жас буын, яғни біз! Олардың мәселесі шешілмесе келешектен қандай үміт күтеміз!Сондықтан мен «Жақтаушы» тобының ұсынып отырған мәселесі өзекті деп айтамын.

Асыл тастан, өнер жастан-демекші, осылай жас-ұрпаққа интернетпен жұмыс жасауға, қажет мәселерін алуға жағдай жасалып отыр. Сондықтан қазіргі техника қарқынды дамыған заманда, дені сау білімді, интернеттен юар керек мағұлматын жинап, Қазақстанға өз үлесін қосатын сауаты мол ұрпақ керек! Сондықтан интернет кімге де болсын өте қажет, оның пайдасы өте зор, тек оны өз орнымен керек жағдайларда пайдалану керек.  «…Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру -  бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз… Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»” – деп елбасымыз Н.Назарбаев айтып өтті. Сондықтан ХХІ ғасырда оқытудың Он-лайн тәсілін алға қарай дамыта беруіміз керек.

Сонымен іске сәт, жұмыстарыңыз табысты болсын!

Назар салып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет!


Қорытынды.

Сөз әділ қазыларға беріледі.

Марапаттау.

Көріп – тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!!!



 

 

 





 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



                             Дамыған технология заманында,

                             Әлемнің хабар алып елдерінен

                             Жол сілтеп әрбір басқан қадамыңа

                             Тауып алған адасқан жерлеріңнен.

                              Бұл ғаламтор дамыған өмір белгісі

                              Бүкіл елдің бір арнасы, желісі

                              Болашаққа игі қадам бастайтын

                              Жаңа заман, жаңа ғасыр жемісі

                               Терезеден сөзін естіп ғаламның

                               Кейде өзім таңғалғандай боламын

                                Интернеттің бізге келіп жеткені

                                Ойлаймын мен артқаны ма сананың

                                 Елім дамып, бой көтеріп заңымыз

                                 Асқақ болсын бірге айтқан әніміз

                                  Ау, ағайын ақыл айтам өзіңе

                                  Қолданайық ғаламторды бәріміз!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Байланыс құралдарының дамуы  (Презентация)

Сабақтыңтақырыбы: Байланыс құралдарының дамуы
Сабақтыңмақсаты:
Білімділік:
  Электромагниттіктолқындаркөмегіменіскеасырылыатынбайланысқұралдарыжәнеоныңдамуынжан-жақтытүсіндіру.
 Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке,ізденімпаздыққатәрбиелеу.
Дамытушылық:Алғанбілімдерінөмірдеқолданудағдысынқалыптастыру.

Сабақтыңкөрнекілігі: Интерактивтітақта,электрондықоқулық , семантикалықкарта, «Домино» ойыны,тірексызбалар.
Сабақтыңтүрі:Іскерліксабақ
Сабақтыңәдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,бекіту.

Сабақтыңбарысы:
І.Ұйымдастырукезеңі:
ІІ. Үйтапсырмасынсұрау:  «Миғашабуыл» кезеңі
1.
Теледидардегенімізне,кескіндердіқашықтыққажеткізупринцптері.
2.
Толқындегенімізне,түрлерімаңыздысипаттамасы.
3.
Электромагниттіктолқындегенімізне,анықтағанғалымдар.
ІІІ. Үйтапсырмасынбекіту:
«
Домино» ойыны
1.
Алғашқырадиобайланысқашықтығы    (250 м)
2.
Электромагниттіктолқындаржылдамдығы    (300 000км/с)
3.
Алматыдағыалғашқытелемұнарақайжердеорналасқан      (Көктөбе)
4.
Ультрақысқатолқындар     (λ< 10 л)
5.
Нысанағадейінгіарақашықтықтыанықтау  (  R=  )
ІV. Жаңасабақтытүсіндіру
Электромагниттіктолқындартараулартолқындароныңтүрлері,маңыздысипаттамасымен  таныстық.
Соныменбіргеэлектромагниттіктолқындароныңтүзілуіменнегізгіқасиеттерінбілдік.Осыэлектромагниттіктолқындардыпайдаланатынбайланысқұралдарыментанысасыңдар.
Арғыата-бабаларымызжазда-жайлауда,қыста-қыстаудынегізіненмалшаруашылығыменайналысқан.Олкездебайланыстексалтатпенжүргендерарқылыхабарласыпотырған.Алғашқыоқығанзиялыазаматтарбілім-ғылымныңқажеттілігінтүсініп,әрінасихаттапотырған.Мысалы: Ы.Алтынсаринніңмынадайөлеңжолдарыбар.
Өнер- білімбаржұрттар
Тастансарайсалғызды
Айшылықалысжерлерден
Көздіашып-жұмғанша
Жылдамхабаралғызды.
Бұлжердетелеграф,телефонтуралыайтылыпотыр.Байланысқұралдарыментанысайық. Слайдтар
І. Пошта арқылы байланыс (механикалық)
а) хат    б) газет-журнал     в) посылка
ІІ. Электромагниттік толқындар көмегімен іске асырылатын байланыс.

1.     Телеграф- (гректің «теле»-алыс)
1832
жылы орыс ғалымы П.Л.Шиллин ойлап тапты.
1837
жылы Морзе (АҚШ) аппаратын ойлап тапты.    (нүкте,сызық)
Фототелеграфсурет,графиктер
2.      
Телефон – («фон»-дыбыс, «теле»-алыс)
1876 жылы американ ғалымы А.Г.Белл ойлап тапты.
Атқаратын қызметі –сөйлеу информацияларын алыс қашықтыққа жеткізу:
3.     Радио (латынша «радио»-сәуле таратамын)
1895 жылы 7 мамырда орыс ғалымы А.С.Попов ойлаптапты.Сондықтан 7 мамыр радио күні деп аталады.Хабарлағыш антенна арқылы әртүрлі хабарламалар беру.
4.     Теледидар (телевизия)
«видео»-көремін деген сөз.Қызметі-обьектінің кескінін көру және дыбысты есту.Алғаш ойлап тауып,пайдаланған Англияда 1925 ж Джон Берд.

1938 жылы Ленинградта,1939 жылы Мәскеуде телевизиясы  тұрақты хабар бере бастады.

1965 жылы «Молния-1» байланыс спутникті ұшырды.Жерде орбитада қабылдағыш станциялар орнатылды.

Байланыс құралдарының даму кезеңдері

 

Кеше

Бүгін

Телеграф

Факс

Телефон

Ұялы телефон

Радио

Теледидар

Плазмалық  Жазық (плоский)

ЭЕМ

Компьютер

 

V. Жаңа сабақты пысықтау.

1.Семантикалық карта

Электромагниттік толқындар

VI. Үйге тапсырма.Байланыс құралдары.

VII.Білімгерлерді бағалау

телефондарынахабарласыңыз.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ. Тақырыбы: Қазақстанның байланыс құралдары: Сандық технология. Интернет, ұялы телефонның пайдасы мен зияны ( 11 класс )"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дебат туралы мәлімет беру, шартымен, тәртібімен таныстыру. Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;

Дамытушылық: Оқушылардың интернет, ұялы телефон туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту,

нақты дәлелдер келтіру/

Түрі: дебат (пікір-сайыс)

Сабақтың өту барысы:

Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

-Дебат әлеміне қош келдіңіздер!!!
-бүгін:
«Қазақстанның байланыс құралдары: Сандық технология.

Интернет, ұялы телефонның пайдасы мен зияны»атты пікір-сайыс өткіземіз

Дебат – интеллектуалдық пікір-сайыс, өз ойынды анық , әсерлі ,
нақты түрде дәлелдеуге баулиды.

ПІКІР-САЙЫСТЫҢ ШАРТЫ

1. Пікір-сайыстың негізгі мақсаты- өзіңіз ұстанып отырған
бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу.
2. Екі қарсы топ \жақтаушы, даттаушы\ берілген қатар бойынша
төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс.
3. Әр топ бес ойыншыдан тұрады . Әрқайсысының ойында өз орны
бар және міндеттері нақты белгіленген.
Пікірталас шарттары:
1.
Әр топ өздерін таныстырады.
2. екі топ өз пікірлерін ортаға салып, дәлелдеп шығады, әр топқа 3 мин
3. Екі топ өзара сұрақ алмасады.
4. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары
5. Көрермендердің дауысы
6. Қорытынды. Сарапшыларды тыңдаймыз

Әр ойынды уақытты қадағалап отыратын уақыт төрешісі болуы тиіс. Оны таймпер деп атайды.

-Бүгінгі қатысушыларымызбен таныс болыңыздар .

1. «Болашақ» командасы
2. « Келешек» командасы

« Болашақ » командасы:

  1. Спикер: Қанатова Жансая
  2. Спикер: Орынғалиева Гүлім
  3. Спикер: Сайлау Аида
  4. Спикер: Саяжан Күнтолы
  5. Спикер: Көпжасарова Жұлдыз

«Келешек» командасы:

1. Спикер: Алтаев Әділ

2. Спикер: Қалиасқарова Арай

3. Спикер: Шарипханова Забира

4. Спикер: Серикханов Айтуар

5. Спикер: Төлеубаева Айым

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 276 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2015 10473
    • DOCX 54.4 кбайт
    • 109 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шапиева Алия Азатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шапиева Алия Азатовна
    Шапиева Алия Азатовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14368
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 541 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 132 человека

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 660 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек