Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Ашық сабақ 5 сынып Жай бөлшектерді көбейту

Ашық сабақ 5 сынып Жай бөлшектерді көбейту

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Жай бөлшектерді көбейту

5 сынып

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларға жай бөлшекті көбейту амалын орындауды үйрете отырып, жай бөлшекті аралас санға, натурал санға көбейте білуге машықтандыру;

дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, белсенділіктерін арттыру;

тәрбиелік: оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың түрі: эстафеталық ойын.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Асtivstudio, үлестрмелі қағаздар, тірек-конспектілер, тест тапсырмалары.

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II Өткенді қайталау

  1. Оқушылар тақтаға шығып, кезекпен жай бөлшек жазып, келесісі оқып, алымын, бөлімін атап, түрін (дұрыс,бұрыс) анықтайды.

  2. Келесі оқушы аралас сан жазып, оқиды. Одан кейін басқа оқушы шығып оны бұрыс бөлшекке айналдырады.

  3. тақтаға оқушы шығып бөлімдері бірдей екі бөлшек жазады, одан кейінгі шығатын оқушы оларды қосады.

  4. Келесі кезеңде тақтаға бөлімдері әр түрлі екі бөлшек жазылып, оларды келесі шығатын оқушылар қосады.

  5. соңында екі аралас сан жазылып, олар тағы да қосылып, азайтылады.

III. Өз бетінше жұмыс

Оқушылар өз бетінше жұмыс жасау нәтижесінде жай бөлшектерді қосу, азайтуды пысықтап өтеді. Оларға жекелеген тест тапсырмалары таратылып,5 минут ішінде орындап беру ұсынылады.

  1. 3 + 5

11 11


2 6 8 8

11 11 11 22

  1. 1 + 3

3 4


4 10 13 5

12 12 12 12


  1. 5 1/6-2


3 1/6 2 1/6 6 2/7 7 1/14


  1. 10- 3 2/7


7 2/7 6 5/7 6 2/7 2 ½


  1. 7 5/12+3


10 10 5/12 10 8/12 10 1/24


Тестті орындап болған соң, тақтада жасырын ілулі тұрған дұрыс жауаптармен әр оқушы жауаптарын тексеріп, балдарын санайды.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Тік төртбұрыштың ауданын, заттың құнын, жолды табу үшін ондағы шамалар бөлшектермен берілсе, бөлшектерді көбейту амлы пайдаланылады.

Есеп. Тік төртбұрыштың ұзындығы 4/5 дм ,ені 2/3 дм, оның ауданын табу керек.


А В














Д







С






Шешуі:

Сызбада шаршы тігінен 3 бөлікке (үлеске), көлденеңінен тең 5 бөлікке (үлеске) бөлініп тұр. Сонда шаршы тең 15 бөлікке (үлеске) бөлінеді. Оның бір бөлігінің ауданы 1/15 дм2. АВСД тік төртбұрышының ұзындығы АВ=4/5 дм, ені ВС=2/3 дм

АВСД тік төртбұрышында әрқайсының ауданы 8/15 дм2 болатын 8 бөлік бар, онда АВСД тік төртбұрышының ауданы 8/15 дм2. Демек, 8/15 көбейтінді бөлшегінің алымы көбейткіш бөлшектердің алымдарының көбейтіндісі: 8=4*2, ал бөлімі көбейткіш бөлшектердің бөлімдерінің көбейтіндісі. 15=5*3

Нәтижені жазатын болсақ: 4/5*2/3=4*2/5*3=8/15

Осы есеп арқылы жай бөлшектерді көбейту ережесін шығарып аламыз.

Ереже: Жай бөлшектердің көбейтіндісі дегеніміз- алымы берілген бөлшектрдің алымдарының көбейтіндісіне,ал бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.

Жай бөлшектерді өзара көбейтуден бұрын олар қысқартылып, қысқартылмайтын бөлшек түрінде жазылған соң ғана көбейтуді орындаған дұрыс.

Мысалы: 3/8*2/5=3*2/8*5=3/20

Натурал санды бөлшекке көбейткенде натурал сан бөлшектің алымына көбейтіліп, көбейтінді бөлшектің алымы болады да, өзгеріссіз қалады.

Мысалы: 9*7/3=9/1*3/7= 9*3/1*7=27/7=3 6/7

9*3/7=9*3/7=27/7=3 6/7

Егер көбейткіштер аралас сандар болса, оларды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан кейін бөлшекті бөлшекке көбейту ережесін қолдану керек.

Мысалы: 3 ½*2 1/14= 7*29/2*14=29/4=7 1/4

Егер көбейткіштердің бірі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең.

Мысалы: 3/5*0-0 0*3/5-0

V. Тақырып бойынша жаттығулар орындау.

773 есп ауызша орындалады.

5/4*1/3 2/7*1/2 4/3*3/4 3/5*2/3

774 (оқулықпен жұмыс)

¼*2/3 1/5*10/13 4/9*1/2 56/115*15/14

775 (оқулықпен жұмыс)

21*18/49 17/32*48 23/51*170

Қосымша тапсырма беру:

2 ½*1 3/5 3 7/9*1 5/17 7 3/11*3 9/10 8 9/20*2/13

VI. Сабақты қорытындылау, бағалау.

Үйге тапсырма: №788(1,2); №789(1,2)

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларға жай бөлшекті көбейту амалын орындауды үйрете отырып, жай бөлшекті аралас санға, натурал санға көбейте білуге машықтандыру;

дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, белсенділіктерін арттыру;

тәрбиелік: оқуға, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың түрі: эстафеталық ойын.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Асtivstudio, үлестрмелі қағаздар, тірек-конспектілер, тест тапсырмалары.

Сабақтың өту барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II Өткенді қайталау

1.     Оқушылар тақтаға шығып, кезекпен жай бөлшек жазып, келесісі оқып, алымын, бөлімін атап, түрін (дұрыс,бұрыс) анықтайды.

2.     Келесі оқушы аралас сан жазып, оқиды. Одан кейін басқа оқушы шығып оны бұрыс бөлшекке айналдырады.

3.     тақтаға оқушы шығып бөлімдері бірдей екі бөлшек жазады, одан кейінгі шығатын оқушы оларды қосады.

4.     Келесі кезеңде тақтаға бөлімдері әр түрлі екі бөлшек жазылып, оларды келесі шығатын оқушылар қосады.

5.     соңында екі аралас сан жазылып, олар тағы да қосылып, азайтылады.

III. Өз бетінше жұмыс

Оқушылар өз бетінше жұмыс жасау нәтижесінде жай бөлшектерді қосу, азайтуды пысықтап өтеді. Оларға жекелеген тест тапсырмалары таратылып,5 минут ішінде орындап беру ұсынылады.

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров568
Номер материала 528798
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх