Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық сабақ ана тілі 2-сынып

Ашық сабақ ана тілі 2-сынып

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

1.     Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармалары туралы білімдерін кеңейту;

2.     Оқушылырдың сөздік қорын, ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.      Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу, адамгершілік құндылықтарын бағалай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Абай портреті, интерактивті тақта, слайд, плакат, маркер.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдістері: талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды үстел үстінде жатқан түрлі түсті қағаз кескіндерін таңдату арқылы үш топқа бөліп алу.

1-    ші топ «Ақын» тобы

2-    ші топ «Ағартушы» тобы

3-    ші топ «Аудармашы» тобы

- Балалар, сендер ақын, жазушы, ағартушы, аудармашы, композиторлардан  кімдерді білесіңдер?

- Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Абай Құнанбайұлы

- Ал, осы Абай аталарыңның қандай өлеңдерін, аудармаларын білесіңдер?

- 1-ші сыныпта оқыған Абай жырлаған бес асыл істі, бес жаман істі естеріңе түсіріңдерші.

- Қандай аудармасымен таныспыз?

Ендеше осы ұлы тұлға жайлы біраз мағлұмат алайық.

1-    4 слайд.

«Ұлы Абай есімі сендерге жақсы таныс. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы жылан жылында Шыңғыс тауында (бұрынғы Семей облысында ) дүниеге келген қазақ халқының ұлы ақыны. Әкесі Құнанбай тілге шешен, ақылға бай, ел басқарған адам.  Әжесі Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелер естіп өсті, бала кезінен сүйіп тыңдады. Абай небәрі үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды. Келер ұрпаққа көптеген өлеңдермен, аудармаларын, сонымен қатар қарасөздерін қалдырып кеткен. Ақын табиғаттың төрт мезгіліне де арнап өлең шығарған «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры». Сонымен қатар «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Интернатта оқып жүр» т.б. көптеген өлеңдері бар».

- Балалар, сендер тағы қандай мәліметтер қосар едіңдер?

- Ендеше бүгін бізАбай Құнанбайұлының көптеген шығармаларының бірі «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мазмұнымен танысамыз.

 

5- слайд

Ғылым таппай мақтанба

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

6-слайд

Сұрақ- жауап;

- Балалар, ақын білім алу үшін қандай жаман қылықтардан аулақ болу керек дейді?

-  Адам бойында қандай жақсы қылықтар басым болу керек?

- Тарауға берілген суреттермен өлеңді байланыстыра әңгімеле.

Нақыл сөзге тоқталып мағынасын ашу

                      Нақыл сөз

          Білім – бұлақ,

          Ақыл – жағалай біткен құрақ.

7-слайд.

Топтық жұмыс

- Иә, Абай аталарың өзінің өлеңдерінде, яғни шығармаларында ұрпағын жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа үйретуді мақсат еткен екен. Қазір біз осы отырған топ - тобымыз бойынша жұмыс жасаймыз.

Тапсырма:

(тапсырма постерде орындалады)

І  топ -  Сендер адам бойында қандай жақсы қылықтар болу керек соны жазасыңдар.

II топ – Қандай жаман қылықтан аулақ болу керек соны жазасыңдар.

III топ – Сендер қазір адамның бойындағы  жақсы және жаман қылықтарға байланысты  мақалдар келтіру керексіңдер.

                      Мақалдар

         Жақсы - ай мен күндей, әлемге бірдей.

        

         Талапты бала талпынған құстай.

 

          Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі.

          Тұрпайы мінез, тағы жат – надандықтың белгісі.

 

         Ұлық болсаң, кішік бол.

 

          Әдепті бала - арлы бала,

          Әдепсіз бала - сорлы бала.

Адамның мінез – қылықтары:

Жағымды: ақылды, білімді,  мейірімді, қайырымды, кішіпейіл,  ақкөңіл, жомарт, адал т.б.

Жағымсыз: өсекші, өтірікші, ұрлық жасау, үлкенді сыйламау, ұрысқақтық, әдепсіздік т.б.

 

8-слайд.

Сергіту сәті

Музыка пәнінен жаттаған «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындау.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

 

Қалың ағаш жапырағы,

Сыбдырласып өзді өзі.

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

 

9-слайд.

Сөзжұмбақ шешу

 

 

А

 

 

 

 

 

Б

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

Й

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

Қ

 

 

 

 

 

 

Ы

 

 

 

 

 

 

Н

 

 

 

 

1.     Қыс мезгілінің екінші айы

2.     Бауыржан Момышұлы кім?

3.     Бестен кейінгі сан

4.     Төрт түліктің бірі

5.     Бізді білім нәрімен сусындатқан құрал

6.     Оқу құралы

7.     Үй жануары

8.     Ас атасы

 

Шығармашылық жұмыс.

- Балалар, өздерің білесіңдер, біздің сыныпта Ханат Аружан Абай өлеңдерін сүйіп оқып, жаттап жүреді. Аружаннан бізге  Абай Құнанбайұлының бір өлеңін оқып беруін өтінейік.

Ханат Аружан «Сегіз аяқ» өлеңі

 

10-слайд

Қорытындылау

Енді бүгінгі сабақты қорытындылай келе «Абай Құнанбайұлы кім?» деген сұраққа  әркім қолындағы стикерге бүгінгі білгені жайлы жазып, тақтадағы «Абай» сөзі жазылған ватманға жабыстырады.

 

                                ақын                                                       ағартушы

 

АБАЙ
 


Абай

 


 жазушы

 


                                 

                                      аудармашы                                      композитор

 

 11-слайд

«Сабақтан алған әсерім»

- Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін қандай шапалақтау арқылы білдірейік. (ұнаса үш рет, ұнамаса бір рет шапалақтайды)

- Сонымен балалар,  Абай атамыздың мына бір төрт шумақ өлеңі үнемі жадымызда жүрсе екен.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

 Кетігін тап та бар қалан.

Рахмет, балалар!

Сау болыңдар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ ана тілі 2-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ашық сабақ екінші сынып оқушыларына  әдебиеттік оқу пәнінен арналған сабақ. Бұл сабақ ақын, жазушы қазақтың көрнекті данышпан ақыны Абай Құнанбаев өмірі мен келешек ұрпаққа қалдырып кеткен мол байлығы, сарқылмас қазынасы мәңгілік мұрасы өлеңдеріне арналған. Бұл ашық сабақта оқушылар топқа бөліну арқылы жұмыс жасайды.Сонымен қатар оқушылар сабақта толық өз ойларын жеткізіп, еркін сойлей отырып ақынның өмірі жайлы толық мағлұмат алады. Мысалы:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Даналықты көздесең

Жат, тоқып ал көңілге, - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров бабамыз жырлағандай, Абай – мен үшін өлеңнің атасы. Абай Құнанбайұлы қазақ халқының басындағы  мәңгі өшпес жарық жұлдызы. Абай – қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең  бойлаған кемеңгер ойшыл.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 659 991 материал в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.04.2015 1030
    • DOCX 37.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сәттібаева Айдана Жанатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сәттібаева Айдана Жанатқызы
    Сәттібаева Айдана Жанатқызы
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17101
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 683 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 276 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного привлечения и удержания клиентов

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе