Инфоурок Другое КонспектыАшық сабақ "Ауылшаруашылық малдың жұқпалы емес аурулары"

Ашық сабақ "Ауылшаруашылық малдың жұқпалы емес аурулары"

Скачать материал

№ 2.1 Сабақтың  тақырыбы: Ауылшаруашылық малдың жұқпалы емес аурулары. 

Танаудың қабынуы /ринит/. Бронхтың қабынуы /бронхит/ Өкпенің қабынуы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Малдың тыныс алу физиологиясымен танысу. Танаудың, бронхтың, өкпенің  қабынуларының өтуін, дамуын жіне емдік шараларын игеру,

Дамытушылық: аурудың алдын алу шараларын бекіту.

Тәрбиелік: кәсіби білімдерін іске асыра білуге тәрбиелеу

Пайдаланған көрнекілігі: слайдтар, малдың мүшелері бейнеленген нақпішіндер, оқулық  Т. Жолшыбек «Мал шаруашылығы», Ә.М. Өтенов “Ветеринария негіздері”

Пәнаралық байланыс:  «Фармакология  негіздері», «Мал шаруашылығы»

Сабақтың әдісі: дәріс

Сабақ өтетін жер: «Малдәрігерлік кабинеті»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  оқушылырдың қатысуын, дайындығын тексеру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты жарияланды. Керекті жабдықтар тексерілді.

ІІ. Ұй тапсырмасын тексеру:

1.      Ауру деген не және неше кезеңде өтеді?

2.      Латентті, инкубациялық  кезең деп қай уақытта айтамыз

3.      Ремиссия түсінігі

4.      Рецидив қай кезде болады?

5.      Өлу деген не? Өлудің неше түрі бар, оны атаңыз?

6.      Клиникалық өлім қаншаға созылады, оның түсінігі.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Танаудың қабынуы /ринит/ -танау кілегей қабықтарының қабынулары.

Стрелка: вправо с вырезом: катаральді Стрелка: вправо с вырезом: фолликулярлы
Восьмиугольник:       Танаудың қабынуының түрлері
Стрелка: вправо с вырезом: крупозды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Себебтері: Танаудың қабынуларына малды күту мен азықтандыру тәртібініің бұзылулары себеп болады. Шошқалар мен ірі қара малда танаудың қабынулары көп жағдайда механикалық коздырғыштардың, ыстық- суықтың немесе химиялық қоздырғыштардың әсер етулерінен пайда болады.

Белгілері: танаудың кілегейлі қабықтарының беттерінің қабынулары жіті түрде өтсе, малда көп өзгерістер байқала қоймайды, дене қызуы қалыпты шама төңірегінде болып, не 0,5 – 100 С – қа дейін ғана көтеріледі, азыққа деген зауқы көп өзгермейді, не аздап қана төмендейді.

Емі: танаулардың кілегей қабықтары талаурана қабынғанда танау қуыстарын 0,25% новокаин ертіндісімен, 3 % - дық бор қышқылы ертіндісімен, 5% натрийдің биокарбонат ертіндісімен, 2% - дық мырыш сульфаты ертіндісімен немесе өсімдік майына дайындаған 2 % -дық ментол ертіндісімен жуып –шаяды. Танаудың қабынуының бастапқы кезеңінде танау қуыстарына кезек – кезек майдаланған стрептоцид, норсульфазол, сульфадимезин, этанол ұнтақтарын үрлеп енгізеді.

Бронхтың қабынуы /бронхит/ - кеңірдектің өкпеге енген тарамдарының, яғни бронх кілегей қабығының қабынуы. Бұл кеселмен малдың барлық түрлері, әсіресе жас мал, кәрі мал және әлсіреген мал жиі ауырады.

Себебтері: ең көп тараған негізгі себебтері: суық тию, малды төсемсіз цементті еденде ұстау, қорадағы ауаның  ылғалдылығының артуы т.б. себебтер.

Белгілері: қабынба жіті түрде өтсе, аурудың жалпы күй- жайы көп өзгермейді, тек тәбеті аздап төмендейді, қызуы жоғары көрсеткіштер деңгейінде болады, жүрек соғысы жиілейді. Бронхиттің бастапқы кезеңіне тән белгі ауырсынатын құрғақ жөтел, 2-5 күн өткеннен кейін, жөтел қақырықтанып жұмсарады. Аурудың алғашқы күндері өкпені тыңдағанда қатаң шығатын везикулярлы  тыныс, кейде алыстан естілетін сырыл пайда болады, кейінрек олар майда не ірі көпіршіктенген дымқыл сырылдарға ауысады.

Анықтау: ауру жайында жиналған мәліметтер мен тыныс жолдарының дерттелінгендігін білдіретін аурудың сырт белгілеріне сүйенеді. Қан құрамын тексеру лейкоциттердің, нейрофильдердің аздап көбейгендігін, эритроциттердің тұну жылдамдығының /СОЭ/ артқандығын көрсетеді.

Емі: бронхтардың қуыстарын кеңейту үшін тері астына тәулігіне 1-2 реттен бір енгізуге шаққанда 5 % -дық эфедрин ертіндісін: жылқы мен ірі қараға – 7-10 мл, ұсақ мал және шошқаға – 1- 3 мл, итке -1 -1,5 мл енгізеді.

Сақтандыру: мақсаты- малды бағап- күтуге, зоогигеналық қалыптылықты сақтауға бағытталған шаруашылық ұйымдастыру және дәрігерлік – санитарлық әрекеттерді бұлжытпай жүзеге асыру. Әсіресе, суық тигізетін факторларды болдырмауға, қорадағы ауаның микроорганизмдермен қалыптан артық ластануына, газ бен шаңның көп жиналуына жол бермеуге баса көңіл бөлінеді.

Жануарлардың  тыныс алу процесі өкпе мен қоршаған орта арасында газдардың алмасуынан /сыртқы тыныс алу/, газдарды қан арқылы тасмалдаудан және тін жасушалары мен қан арасындағы /ішкі/ газ алмасудан қалыптасады. Тыныс алу кезінде ауа алдын ала ауа өткізгіш жолдарына түсіп, онда жылынып, ылғалданып тазарады. Ішкі бөгде денелерді /микробтарды/ сүзіп, тұндыратын кілегейлі заттар бөледі. Тербеліс қаблеті бар эпителий жасушаларының қозғалысы арқылы сүзілген бөгде денелер кілегеймен бірге сыртқа қарай организмнен ығыстырылып шығарылады.

Ауа сырттан өкпеге және өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар – тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте және бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның әсерінен сақтау үшін жылытылады.

 

 

 

 

 

http://im4-tub-kz.yandex.net/i?id=646108992-55-72&n=21

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі – ө к п е. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ , шар тәрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады

Бронхопневмония - бронхылар мен өкпенің қабынуы (катаральді қабыну, ошақты қабыну, нақтыланбаған қабыну). Бұл бронхылардың куыстарына катаральді экссудаттың толуымен сипатталатын дерт. Бронхопневмониямен көбінесе төлдер және бордақыда тұрған жас  мал  ауырады.

Тыныстану ағзалары  ауруларының   малға  келтіретін экономикалық зияны:  ауруға  душар болған жануарлардың қауырт өлімге ұшырауынан немесе лажсыздан сойылуынан; одан алатын өнімнің сапасы төмендеуінен;  малдың  күйі нашарлауынан; тірілей салмағын жоғалтуынан құрылады. Жалпы барлық  жұқпайтын   аурулар  арасында, тыныстану жүйесінің аурулары 32-ден 64 %-ға дейін жетеді. Тыныстану ағзалары ауруларына көбінесе  малдың  жас төлдері душар болады.

Қазіргі кезде малдың бронхопневмония ауруымен күресу мақсатында оны ерте мезгілде клиникалық белгілеріне қарап диагноз қойып, оған қарсы тиімді ем қолдану және алдын алу мәселелері әлі өз шешімдерін толық тапқан жоқ.

Ветеринариялық тәжірибеде тыныс алу жүйесі ауруларына, оның ішінде бронхопневмонияға қарсы емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің тиімділігі біршама төмен екені байқалады, көп жағдайда олардың емдік нәтижесі аз болып, олар дерттен болатын зардаптарды толық жоя алмайды. Антибиотиктерге микрофлоралар  сезімталдығы аз болатындықтан және ауру малдың организміндегі ферметативтік жүйкесін зақымдау әсерінен, оның тыныс жолы ауруларына болған пайдасына қарағанда зияны артық болып шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бронхопневмония - Өкпедегі бронхылар мен альвеолдардың бір мезетте қабынуы. Қабынудың дәрежесіне қарай бронхылар мен өкпе альвеолдары жалаяққа толады, газ алмасу бұзылып, малдың тынысы тарылады. Бронхопневмониямен малдың барлық түліктері, әсіресе төл ( бұзау, торай, қозы) өте жиі ауырады.Ауру төлдердің ішінде жиі кездесетіндіктен,көбінесе төл ауруларында дәрістеледі.Тыныс алу жүйесінің ауруларының сексен пайызы осы ауруға келеді. Жіті,жітілеу, созылмалы, катаральды, фибринді, іріңді түрлерін ажыратады.

Бронхопневманияның пайда болу себептері:

Төлдерді бронхопневмонияға ұшырататын себептер әр қилы. Ең негізгісі – аналық буаз малға берілетін азықтардың құнарсыз және сапасыз болуы ( белок, углевод, витамин және басқа минералдық тұздардың жетіспеуі), қышқылды азықтардың (сүрлем, борда, жем) басым болуы, күтудің нашарлығы ( қора тарлығы, ішінің лас, суық, дымқыл болуы ), серуендетудің аздығы болып табылады. Айтылған жайлар әсерінен төл ана құрсағында нашар жетіледі де, әлсіз болып туады.

      Ендігі бір қолайсыз жағдай-буаз мал төлдейтін және жаңа туған төлдер тұратын профилакторийдің ластығы, микроклиматының нашарлығы,оларды азықтандыратын ыдыстардың таза болмауы да күрделі әсер етеді. Ауруға шалдығудың тағы бір себебі-төл өсіру техналогиясындағы олқылық,олар: бұзауға уызды не сүтті мезгілінде ішкізбеу,азықтың құнарсыздығы, ультракүлгін сәулелердің тапшылығы, серуенге шығармау, төл рационының салмағына, жасына сай болмауы т.б жайлар. Шаруашылықтарда осы себептердің барлығы бірдей немесе әр түрлі дәрежеде орын алуы мүмкін.

Бронхопневмония көп себепті ауру деп есептелінеді. Ол организмге бірнеше қолайсыз жағдайлардың (стресстер) бір мезгілде әсер етіп, оның табиғи төзімділігін әлсіретуінен пайда болады. Бронхитті тудыратын себептердің барлығы дерлік одан гөрі күштірек және ұзағырақ әсер етсе, бронхопневмонияның да себепкері болады.

Ірі қара малды өсіріп бордақылайтын шаруашылықтарда, көп жағдайда, бронхопневмонияның пайда болып көп таралуына зоогигиеналық нормативті технологияның бұзылғандығы: шаруашылықтардан малды көліктермен кешенге алып келе жатқанда суық тигізу, әкелген малды суық күндері суық қораларда жуу, малды ылғалды. едені цемент, желөтінде қорада төсенішсіз ұстау, жылы қорада тұрған малды суық сумен суғару т.б. әкеліп соқтырады.

Пысықтау сұрақтар:

1.      Бронхит дегеніміз не?

2.      Тыныс алу жүйені атаңыз

3.      Бронхтың қабынуының себетерін атаңыз

4.      Ринит дегеніміз не?

5.      Ринит ауруының түрлері?

6.      Бронхопневмания дегеніміз не?

7.      Бронхопневмания себебтері?

 

n  Қорытынды:

Сабақ тиісті қорытындыланып, бағаланды

n  Ұй тапсырмасы:

Өтенов Ә.М. “Ветеринария негіздері” 30-31.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Ауылшаруашылық малдың жұқпалы емес аурулары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Карьерный консультант

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бронхопневмония - Өкпедегі бронхылар мен альвеолдардың бір мезетте қабынуы. Қабынудың дәрежесіне қарай бронхылар мен өкпе альвеолдары жалаяққа толады, газ алмасу бұзылып, малдың тынысы тарылады. Бронхопневмониямен малдың барлық түліктері, әсіресе төл ( бұзау, торай, қозы) өте жиі ауырады.Ауру төлдердің ішінде жиі кездесетіндіктен,көбінесе төл ауруларында дәрістеледі.Тыныс алу жүйесінің ауруларының сексен пайызы осы ауруға келеді. Жіті,жітілеу, созылмалы, катаральды, фибринді, іріңді түрлерін ажыратады. Бронхопневмония көп себепті ауру деп есептелінеді. Ол организмге бірнеше қолайсыз жағдайлардың (стресстер) бір мезгілде әсер етіп, оның табиғи төзімділігін әлсіретуінен пайда болады. Бронхитті тудыратын себептердің барлығы дерлік одан гөрі күштірек және ұзағырақ әсер етсе, бронхопневмонияның да себепкері болады. 

 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 490 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2015 2911
    • DOCX 155.2 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Орманова Дарига Изимгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Орманова Дарига Изимгалиевна
    Орманова Дарига Изимгалиевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25168
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Мини-курс

Современные тренды в физкультуре и спорте: организация обучения и методика тренировок

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 27 регионов

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Восстановительные и медиативные практики в профилактике кибербуллинга

Перейти к трансляции