Ашық сабақ "Балмұздақ" (2 класс) Әдебиеттік оқу

Предпросмотр материала:

Әдебиеттік  оқу

 Тақырыбы:                   Балмұздақ.   Ермек Өтетілеуұлы.

Мақсаты:   Оқушыны Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесімен таныстыра отырып, әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін,алған  білімдерін  өмірмен  байланыстыруын,  шығармашылық ойлауын дамыту.                          Адамгершілікке, шыншылдыққа, адалдыққа ,еңбек етуге  тәрбиелеу

Түрі:    аралас сабақ.

Әдісі:  Сұрақ-жауап,  талдау,  іздену, топтық-жұптық  жұмыс,  шығармашылық  жұмыс,       "Ой  қозғау",   "Бес  жолды  өлең"

Көрнекілігі: суреттер, кесте,интерактивті  тақта, бейнетаспа  балмұздақтың  жасалу жолдары.

                                                   Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.   Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.       

Оқушыларды  топқа  бөлу    

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:   Әскербектің    әтеші   туралы  әңгіменің  мазмұнын   айтқызу.Сұрақтарға  жауап  алу   арқылы  бекіту 1. Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді? Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды? Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты? Әкесі бұрынғы ойынан неге қайтып қалды? Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің?   

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер Әскербектің орнында болсаң, әтешті қалай емдер едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

       Жұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру.

Ұнатары баланың –

Балдай тәтті тағаммын.

Ортаңғы буын алынса,

Сүйеніш боп қаламын.   ( бал-мұз-дақ)

Ү. Жаңа сабақ:   Ермек Өтетілеуұлы – балаларға арнап көптеген әңгімелер, өлеңдер жазған жазушы. Оның  «Өсіп келе жатырмыз» деген өлеңдер жинағы, «Жанашыр» деген әңгімелер жинағы, т.б. кітаптары бар.

Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесінен Мирастың балмұздақтан неліктен бас тартқаны жайлы білеміз. Әңгімені   әр  қатарға  бөліп, мәнерлеп оқиды.                                                    

1-қатар оқып,   2-3  қатарға  сұрақ  қояды.

Сөздік  жұмыс

Лоторея  билеті - ұтыс  қағазы

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:         

                           "Кім қандай балмұздақты   ұнатады?"   ойыны

 Балалар не тауып алды?

Мирас не істеді?

Бейтаныс ағай оларға қалай рахмет айтты?

Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты?     Әңгімені өз ойыңмен аяқта.

ҮІІ.  Қорыту. Бүгін не жайлы өттік?    Әңгіменің  тәрбиелік  мәнін  ашу.

                                         

                                       Шығармашылық  жұмыс

                  Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің?         

Бес   жолды   өлең    "Балмұздақ"     

Бейнетаспадан   балмұздақ  дайындау  жолдары  көрсетіледі.

ҮІІІ.  Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

 

Краткое описание материала

Ашық сабақ "Балмұздақ" (2 класс) Әдебиеттік оқу

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Мажитова Алтын Кайраткызы

Преподаватель начальных классов

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 10862
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 4
  • 10862
    просмотров
  • 4
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Мажитова Алтын Кайраткызы.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~220

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: