Инфоурок Всеобщая история КонспектыАшық сабақ "Киіз үй" 6а сынып Қазақстан тарихы

Ашық сабақ "Киіз үй" 6а сынып Қазақстан тарихы

Скачать материал

Көкшетау  қаласы білім бөлімінің «№10 орта мектебі» ММ

 

 

 

 

«Киіз  үй»

ашық сабақ 6 «А» сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақты өткізген: Хасеинова Б.Ж..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2014-2015 ж.

 

 

Күн:     23.12.14.

Сынып: 6 а

Пән: Қазақстан тарихы

Сабақ  №:   28

Тақырыбы:  Киіз үй.                                                             

Сабақтың мақсаты:

1)    Киіз үй ғажайып туынды екенін дәлелдеу;

2)    Ақпараттың талдауын және жүйелендіру дағдысын дамыту негізгі ойды бөліп алу, тұсаукесерін  қорғай алу, ой қорытындысын жасау, оқушылардың дүниетанымын кеңейту;

3)    Ұлт дәстүрі тарихымен таныстыру арқылы  Отанын сүю, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа  білімді  меңгерту

Сабақтың әдісі:  жартылай – іздестіру

Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі.

Мәселесі: Киіз үй - ғажайып туынды екенін дәлелдеңдер.

Құрал: интерактивтық тақта, тұсаукесерлер, бағалау парағы,  киіз үйдің макеттері мен

              суреттері, сандық, қалта, кәмпиттер,  қазақша жасалған үстел, көрпелер т.б..

Сабақтың барысы:

      I.            Evo:  

·        оқушыларды сабаққа даярлау

·        тақрыптың көкейкестілігі  және  дәлелі:

Мұғалім: Балалар, қолдарыңда не? Оны неге әкелдіңдер?

Балалар: Сіз бізге үйге тапсырма бергенсіз.

         Мұғалім: Киіз үйді  қазақ  халқы «қасиетті, киелі шаңырағымыз» деп дәріптейді. өйткені ол-баспанасы, мәдениеті, мақтанышы, мыңдаған жылғы ой-арман табысы әрі көркем ескерткіші. Мұнда ата- бабамыздың түсінік-түйсігі, ұғымы, таңымы, талғамы, өмір тәжірибесінің тұтас үлгісі, көрінісі жатыр. Бір ғана осы киіз үйден сәулет, құрылыс, сурет, қол өнері, мәдениет сияқты бірнеше ұлы өнердің басын құрайтын ғажайып туынды көре аламыз.

Сондықтан, балалар, бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін  киіз үй ғажайып туынды екенін дәлелдеу керекпіз.

   II.            Real:

         Мұғалім: Үй іші мен сыртқы әлемді жалғастыратын касиетті шеқара – ақ босаға. Сіздің босағадан қалай аттауыңыздан үй иесіне деген көңіліңіз аңғарылады. Егер сіз үйге босағаны оң аяқпен аттап, басыңызды ие енсеңіз – бұл сіздің үй иесіне көрсеткен үлкен құрметіңіз. Ендіше, балалар, бастарыңды иіп, оң аяқпен аттап жоғары шығыңдар.

Балалар, үй тапсырмасын орындап келдіңдер ме? (3 жұпқа үйге тапсырма беріледі)

Ендіше, тақта шығып жобаларыңды қорғаңдар.

1 презентация – «Киіз үйдің тарихы»

Ертеде  доңғалағы  бар, жіптен  тоқылған киізбен  жабылған   шатырлар   пайда  болды.  Түйе  сүйреген мұндай  үйлер соңғы   қола  заман  кезінде  пайда болған. Ғалымдар андрондықтардың дөнгелек жеңіл баспаналары  қазақтын киіз үйіне ұқсайды  деп  есептейді.  Орта  ғасырларда  Орта  Азия    далаларында  тасып жүрілген   үлкен  шатырлар    замандастарды  таң  қалдырды. XVI ғасырдың   басында тарихшы  ғалым  Фазлаллах ибн Рузбихан  қозғалмалы   тұрғын  үйлерді  былай  сипаттады: «Мен  ерекше  салынған  үйге  таң  қалдым,   ауа  кеңістігінде  құрылған  тәрізді. Терезесі  бар   үлкен   киіз  жабылған  лашықтар   пайда  болды. Барлық   жерде  үлкен  әсем  үйлер тұрғызыла  бастады, шеберлігіне   және   нақышпен   салынған  үйлерге   көз  тоймайды. Арбадағы     тұрғын  үйлер  таулы  жерге   ыңғайсыз, сондықтан XVIII — XIX ғасырларда  олар  киіз  үйлермен   ауыстырылды.

 

2 презентация – «Қасиетті қара шаңырақ»

Киіз үй негізгі 4 бөліктен тұрады. Олар: 1 - шаңырақ, 2 - уықтар, 3 - кереге,  4 - сықырлауық немесе есік. Бұлардың барлығы: талдан, қайыңнан, теректен жасалады.

Қазақтың киіз үйі 6-қанатты,8-қанатты, 12- қанатты, 24-қанатты болады.

Киіз үйге кірген кезде ең бірінші қонақтардың көздері шаңыраққа түсетіндіктен, біздің ата-бабаларымыз шаңыраққа әр түрлі жіптерден жасалған шашақтар іліп қояды,көз тимеу үшін. Жалпы киіз үй оң жақ және сол жақ деп екіге бөлінеді. Яғни ерлер және әйелдер жағы болып. Ер адам жағында  босағаға қарай қару-жарақ, ат әбзелдері ілінген. Ерлер жағы аталатын оң жақ киіз үйдің едәуір қасиетті бөлігіне саналып, өмір жолының маңызды кезеңдерін белгілейтін әдет-ғұрыптар кезінде, атап айтқанда, оң жаққа келін түсіру немесе мәйітті оң жаққа салу сияқты шараларды сакральды мәнге ие бола түсті.

 Дәстүр бойынша үйдің сол жағы әйелдерге арналады. Есікке таяу асадал мен кебеже қойылып, олардың тұсына қоржын, дорба, аяққап, кесеқап ілінеді.Сондай-ақ, сол қанатта өзіндік шешімі бар төсекағаш тұрады.

Киіз үйдің қонақ отыратын жері – төр ең құрметті орын саналады. Қонақтың өз ырысы бар деп түсінген қазақтар келген мейманды төрге отырғызады, қазақстың кеңдігі мен қонақжайлығының белгісі қонағын дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бұл тамаша ғұрып күні бүгінге дейін сол күйінде сақталған. Төрде міндетті түрде аң терілері  және қасиетті домбыра ілулі тұрады.Барлық киіз үй әдемі ою-өрнектермен әшекейленген түскиіздермен, алашалармен, сырмақтармен безендіріледі.

            Үйдің ортасында ошақ, ошақта қазан тұрады. Бұл – киелі орын. Қазақтың «отбасы», «отағасы» атаулары да осыдан шыққан. От жағынан жерде тіршілік, тірлік бар.

3 презентация – «Ғажайып туынды»

Киіз үй – бүкіл көшпелілер әлемінің, оның тұрмыс-салты мен этикасының, дүниетанымының бір жерге тоғысқан бірегей туындысы.Тез жығылып, тез тігілетін киіз үй түйе мен атқа арту арқылы жеңіл көшіріледі, оның киіз туырлықтары мен үзіктерінен жауын өтпейді. Ыстық күндері киіз үй салқын болса, қысты күні керегесін екіқабат киізбен қаптап, іргесін көміп, ошақ асып, от жағып, жазға дейін отыра беруге болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.

         Киіз үйді қазақстандықтардың жер сілкінісі болған жерлерге көмек ретінде жіберілген.Киіз үй бүгінгі дейін өз маңызын жоғалтпай, Қазақстанның ауыл шаруашылықты аудандарында қолайлы жазғы баспана ретінде әлі де пайдаланып келеді.

Қазақстанда   және   Орта  Азия   елдерінде    әсіресе АҚШ-та  да, киіз  үйлер  салына  бастады. Colorado Yurt   компаниясы   30  жылдай   киіз  үй  шығарып, жеткізу   және  орнату   қызметін   ұсынады. 

АҚШ-тан  кейін   Испан  Андалусиде   осындай     отельдер   ашылды. Әлемдегі    ерекше   қонақ  үйлердің   тізімі   бертін    құрастырылды.  Онда Испан  Андалусиінің  орманды жерде   орналасқан   бесжұлдызды   киіз үй  отелі енгізілді.  Буклеттерден   тамаша  зәйтүн   ағашының   арасында    киіз  үйлердің  орналасқаны   көрініп  тұр. Қонақтар   қоңырау   даусынан   және   құстардың   сайрағанынан   оянып,   таудың  тамаша   көрінісін   тамашалап,  тәтті  ұйқыға   батады.

          Домбырада   күй  орындау  өнері  және     киіз  үй  дайындау   ептілігі   адамның   тұсаукесерсіз  материалды  емес  мәдени  құндылығының   тізіміне  кірді. Мұндай  шешім  Париж  қаласындағы   ЮНЕСКО  штаб-пәтерінде  материалды  емес  мәдени   құндылықты   қорғау  бойынша   Комитет    отырысында   қабылданған   болатын. Ескерте  кететін  бір  жайт,   бұл  тізім  материалды  емес  құндылықтың   әртүрлілігі  туралы   куәлендіретін  және   барлық   адамзатқа  қажетті  екендігін  сезінуіне  ықпал  ететін   элементтерді    енгізеді.

III.            Refl:     

Үй иесі қонақтын көңілін көтеру керек. Мен сендерге қызық сандық әкелдім. Менің сандығымда 4 калта бар. Сендер 3 топқа бөлініп, әр топ 3 сұраққа жауап береді.

«Қанатты  сөздер»  сандығы.

  Канатты сөздерді түсіндіру керек.

«Шаңырақ» 

·        «Шаңырағың  биік  болсын»

·        «Шаңырағың  ортасына  түссін»

·        «Шаңырақ түйе»

·        «Шаңыраққа  қара»

·        «Шаңырағын  көтеріп, уығын  қадасты»

«Кереге» 

·        «Керегең  кең  болсын»

·        «Керегенің  көгін  жейін»

·        «Керегеге танылды»

·        «Керегесін  итіне  қомдасын»

·        «Керегесін  кертемін»

«Түндік» 

·        «Түндігің  түтінді  болсын»

·        «Түндігі  кеш  ашылатын  келін»

·        «Түндігі  ашылмай қалды»

«Босаға» 

·        «Есік  көрген»

·        «Есік  көре  келді»

·        «Босаға  аттар»

·        «Табылдырық  аттады»

«Қалта тарату»

Киіз үйге байланысты терминдерді түсіндіру.

суреттер

§  Орда

§  Отау

§  Қос

§  Сықырлауқ

§  Маңдайша

§  Туырлық

§  Күбі

§  Асадал

§  Қорамсақ

§  Иінағаш

§  Адалбақан

§  Шотаяқ

§  Дұлыға

Бүгін біз сіздермен киелі киіз үй туралы әңгімеледік. Әртүрлі жұмыс жасадық. Енді сабағымызды қорыта келе, ендігі сөзді Ақ батаға берейік. Батаны синквейн арқылы берейік. Әр топтан бір батадан.  Батаны ең сабырлы, ең ақылды, тәртіпті  бала берсін. Солайма, балалар?

Синквейн

1.     Зат есім                                            Киіз үй,

2.     2 сын есім                                        Киелі, жылы

3.     3 етістік                                           Тігіледі, жығылады, көшіріледі

4.     сөйлем құрастыру                           Киіз үй көшпелі халықтың баспанасы.

5.     синоним                                           Баспана.

Бағалау:  лист оценки

Қорытынды : Балалар сендер бүгін «Шаңырақ — Күн шеңберi» дедіңдер, сабақ ұнағанын немесе ұнамағанын шаңырақтың  жиегіне смайликтерді жапсыруымен білдірейік. Мына шаңырақ сендердің смайликтеріңнен жарқырап кетті ғой! Біздің мектебіміз көркейе берсін, шаңырағы биік, босағасы берік  болсын!

Жылы жүзбен сіздермен жүздесейік,

Мектеп  шаңырағында кездесейік.

Үйімізге қонағымыз келе берсін.

 Тойлайтын думан бола берсін!

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Киіз үй" 6а сынып Қазақстан тарихы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Күн:     23.12.14.

Сынып: 6 а

Пән: Қазақстан тарихы

Сабақ  №:   28

Тақырыбы:  Киіз үй.                                                             

Сабақтың мақсаты:

1)     Киіз үй ғажайып туынды екенін дәлелдеу;

2)     Ақпараттың талдауын және жүйелендіру дағдысын дамыту негізгі ойды бөліп алу, тұсаукесерін  қорғай алу, ой қорытындысын жасау, оқушылардың дүниетанымын кеңейту;

3)     Ұлт дәстүрі тарихымен таныстыру арқылы  Отанын сүю, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа  білімді  меңгерту

Сабақтың әдісі:  жартылай – іздестіру

Пәнаралық байланыс: география, қазақ тілі.

Мәселесі: Киіз үй - ғажайып туынды екенін дәлелдеңдер.

Құрал: интерактивтық тақта, тұсаукесерлер, бағалау парағы,  киіз үйдің макеттері мен

 

              суреттері, сандық, қалта, кәмпиттер,  қазақша жасалған үстел, көрпелер т.б..

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 189 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2015 3194
    • DOCX 25.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хасеинова Ботагоз Жанабиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хасеинова Ботагоз Жанабиловна
    Хасеинова Ботагоз Жанабиловна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9995
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 167 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 771 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по истории в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 111 человек

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 19 регионов

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе