Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Конспекты / "Үнді мұхиты. Тынық мұхиты" тақырыбындағы ашық сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

"Үнді мұхиты. Тынық мұхиты" тақырыбындағы ашық сабақ

библиотека
материалов

Бекітемін:

Оқу ісі жөніндегі орынбасары:

_______________А.Серикбаева


Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы

Күні: 11.10.2014ж

Сыныбы: 7 ә

Сабақтың тақырыбы: Үнді мұхиты, Тынық мұхиты

Сабақтың мақсаты:

  1. Үнді және Тынық мұхиттарының географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары, өсімдіктері мен жануарлары жайлы білім беру.

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ізденімпаздылығын, ойлау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашылық қабілеттері мен топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту арқылы сыни көзқарастарын дамыту.

  3. Оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға баулу

Сабақ нәтижесі: Үнді және Тынық мұхиттар жайлы мәліметтер бере алады.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: «Топтастыру», «Қызығушылықты ояту», «Миға шабуыл», «Ментальді карта», «Венн диаграммасы», «Ас картасы», «Бір айналым сұхбат», «Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір тілек», т.б.

Сабақтың тәсілдері: Топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық презентация және бейне ролик, интерактивті тақта, карта, дидактикалық материалдар, «Тұлғалар» буклеті.

Пәнаралық байланыс: Информатика, Сурет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Топтастыру (Геометриялық фигуралар арқылы оқушыларды 3 топқа топтастырамын. Әр геометриялық фигурада географиялық суреттер бейнеленген).

Төртбұрыш-«Карта» тобы

Дөңгелек-«Глобус» тобы

Үшбұрыш – «Білім» тобы

ІІ. Үйге берілген тапсырманы анықтау.

Мұғалім:

Балалар бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, «Қазақстан-Үнді мұхиты-Тынық мұхиты» бағытындағы саяхат сабағы. Барлығымыз бірге саяхатқа шығайық.

«Қазақстан-Үнді мұхиты-Тынық мұхиты» бағытындағы пойызға билет алу ережесі:

Оқушылар (жолаушылар) берілген тапсырмаларды орындап, жетон алады. Жетонды кассаға барып пойыз билетіне ауыстырады.

1 тапсырманы орындаса 2 жетон

2 тапсырманы орындаса 4 жетон беріледі.

Пойызға отырғызу ережесі:

Қолында 3-4 жетоны бар топ «Купеге» билет алады.

Екі жетоны бар топ «Плацкартқа» билет алады.

Берілген тапсырманы орындау кезінде қиындыққа тап болсаң, «Анықтама бюросынан» көмек сұрауыңа болады.

«Анықтама бюросының» ережесі:

  1. «Анықтама бюросы» көмекті ақылы түрде жүргізеді.

  2. 1 тапсырмаға көмек берсе, 1 жетонды тастайсың.

  3. 2 тапсырмаға көмек берсе, 2 жетонды тастайсың.

Пойызға міну үшін біз тапсырмаларды тиянақты орындауымыз қажет. Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Қазақстан-Үнді мұхиты-Тынық мұхиты» бағытындағы пойызға отырғызу жүргізілуде. Құрметті жолаушы топтар қандай сезімдесіздер.

(Ақ параққа жабыстыру)

Тапсырмалар:

1 Атлант мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхиттардың құжаттарын толтырғандарын тексеру.

Мұхиттың құжаты

Мұхит: Атлант мұхиты

S= 91,7 км2

Су көлемі

329,7

млн км3

Тереңдігі

орташа

3597

Температурасы

орташа

жазда

26-280С

қыста

-8-100С

Мұхиттар арасында нешінші орында

2

Дүниежүзілік мұхит суының

25,8 %

ең терең

8742

Пуэрто-Рико


Мұхиттың құжаты

Мұхит: Солтүстік Мұзды мұхиты

S= 14,8 км2

Су көлемі

18,1

млн км3

Тереңдігі

орташа

1225

Температурасы

орташа

жазда

00С

қыста

-400С

Мұхиттар арасында нешінші орында

4

Дүниежүзілік мұхит суының

3,6 %

ең терең

5527


2 «Миға шабуыл»

  1. Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық мұхиттан кейінгі екінші мұхит (Атлант мұхиты)

  2. Атлант мұхиты атауын  Африканың солтүстік-батысындағы Атлас (Атлант) тауына байланысты атаған кімдер? (Ежелгі гректер)

  3. Ең терең шұңғымасы 8742м (Пуэрто-Рико шұңғымасы)

  4. Атлант мұхитында негізінен қандай балдырлар өседі? (жасыл, қызыл қоңыр балдырлар)

  5. Жер шарындағы аумағы жөнінен ең кіші мұхитты ата (Солтүстік Мұзды мұхит)

  6. Солтүстік Мұзды мұхиты қай полюске жақын орналасқан? (Солтүстік полюске)

Топтағы оқушылардың жетондарын санап, кассаға барып билетке ауыстырып, пойызға отырғызу

ІҮ. Сабақтың мақсатын қою.

Оқушылардың назарын бүгінгі сабақтың негізгі танымдық мақсатына аудару.

Қызығушылықты ояту

Солтүстігінде Еуразиямен шектеседі. Мұхиттың жағасы аз тілімденген. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары бар. Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Бұл қандай мұхит? (Үнді мұхиты)

Ең терең жері Мариан шұңғымасы деп аталатын мұхит қалай аталады? (Тынық)

Жарайсыздар, балалар, бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Үнді мұхиты және тынық мұхиты»

Біз енді саяхатымызды пойыздан түсіп ары қарай кемемен жалғастырамыз.

Кемеге міну үшін төмендегі тапсырманы орындауымыз қажет.

«Ментальді карта» әдісі бойынша топтарға плакат таратылады. Оған жаңа тақырып бойынша не білетіндіктерін жазады.

Топтардың плакаттарынан қорытынды шығару.

Ү. Жаңа сабақты түсіндіру.

Үлкен кемемен біз қай мұхитта жүзіп келеміз? (Үнді)

Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, АзияАфрикаАвстралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан.Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр. Мұхит солтүстігінде Еуразиямен шектеседі.Мұхиттың жағасы аз тілімденген.Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары,Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады.Аралдары біршама аз.Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады.Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет арабтар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497-1499 жж)бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген.

. Тынық мұхитпен арадағы шекара Малакка түбегінен басталып (9818 ш.б.) СуматраЯваСумбаТиморТанимбар және Чут аралдары арқылы Жаңа Гвинеяға, онан әрі Австралияға (1105 о.е., 14203 ш.б.), Тасман аралдарына өтеді. Тасманиядан Антарктидаға дейінгі шекара 14655 ш.б. меридианымен белгіленеді. Аудандық теңіздерімен қоса есептегенде 76,17 млн. км2, суының көлемі 282,6 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 7729 м (Зонд шұңғымасы).

Шығу тегі құрлықпен байланысты аралдар (ірілері: МадагаскарШри-Ланка және Сокотра, ұсақтары: ЗанзибарМафияПемба, т.б.) жағаға жақын орналасқан. Мұхиттың батыс бөлігінде жанартаулық шағын аралдар көп (КрозеПринц ЭдуардКоморАмирантСейшельМаскарен т.б.).

Мұхит түбін негізінен фораминифера, диатом және маржан шөгінділері басып жатыр. Пайдалы қазбалардан құрлықтық қайраңда мұнай мен газдың аса бай қоры шоғырланған (Парсы шығанағы мұнайлы-газды алабы). Риф белдемдерінде металл кендері шоғырланған (хром, темір, марганец, мыс кендері).

8 — 10 о. е-тен оңт-ке қарай субтропиктік тұрақты жоғары қысым аймағының әсерінен ауа айналымы тұрақты жүреді: тропиктік және субтропиктік ендіктерде оңтүстік-шығыс пассат желдері, ал қоңыржай ендіктерде батыс желдері басым. Қоңыржай ендіктерде тропиктік дауыл — тайфун жиі қайталанады.

Үнді мұхит тропиктік және оңтүстік қоңыржай белдеулерді алып жатыр. Тропиктік белдеудің тайыз сулы бөлігінде 6 және 8 сәулелі маржандар көп. Маржан құрылыстарында түрлі омыртқасыздардың аса бай фаунасының өкілдері: губкаларқұрттаркрабтарұлулар, т.б. мекендейді. Жағалаудың көп жерін мангр тоғайлары алып жатыр. Қоңыржай белдеудегі теңіз жағалауларындағы жағажайлар мен жартастарда қызыл және қоңыр балдырлар қаптап өседі, омыртқасыздардың түрі көп. Ашық мұхиттағы судың беткі қабатында диатом балдырлары өрбиді. Мұхит жануарларының негізгі массасын конепода шаяндары құрайды (түрі 100-ден астам). Басқа омыртқасыздардан қанат аяқты ұлулар, медузалар, т.б. жаппай тараған. Балықтардан ұшар балықтунецжелкен балық көп, түрліакулалар, теңіз жыландары, теңіз тасбақасы, ірі теңіз сүтқоректілері (китескек аяқтылар), құстардан альбатросфрегат пингвиннің бірнеше түрі тіршілік етеді.

Біздің кемеміз қай мұхитқа бағыт алып барады? (Тынық)

Тынық мұхит — көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстік жәнеОңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрылықтарымен шекаралас.

Тынық мұхиты оңтүстігінен солтүстігіне 15, 8 мың км, шығысынан батысына 19, 5 мың км созылын жатыр. Шекаралас теңіздермен есептегенде 179, 7 млн км², орта тереңдігі 3984м, көлемі 723, 7 млн км³ (теңізсіз есептегенде165, 2 млн км², орта тереңдігі 4282 м, көлемі 707, 6 млн км³). Тынық мұхитының ең терең жері (әлем мұхиттарының ең терең жері) 10994 м (Мариана шұңғымасында)

Алғаш болып Тынық мұхиты көрген испандық Бальбоа. Ол 1513 жылы өз серіктестерімен Панама мойнағы кесіп өтіп, белгісіз мұхитқа шығады. Олар мұхитқа оңтүстіктегі ашық шығанақ арқылы шыққандықтан, Бальбоа бұл мұхитты Оңтүстік теңіз  деп атады. 28 қараша 1520 жылы Фернан Магеллан алғаш болып мұхитқа шықты. Ол Отты Жер аралынан Филиппин аралдарына деиін 3 ай 20 күнде мұхитты кесіп өтті. Осы уақыт бойы ауа райы бір қалыпты тынық болды, сол себепті Магеллан бұл мұхитты Тынық мұхит деп атады1753 жылы француздық географ Ж. Н. Бюаш Тынық мұхитын Ұлы мұхит атауды ұсынды, әлемдегі ең үлкен болған себепті  Бірақ бұл атауды көпшілік қабылдамады, әлемдік географияда сөзі басым ағылшын тілді елдердің қалауымен «Тынық мұхиты») болып қала берді. 1917 жылға дейін жер аударған орыс картасында Шығыстық мұхит деп аталды.[2]

Тынық мұхитында жанартау салдарынан пайда болған аралдар көптеп кездеседі.

Арал ауданы мен көптігінен Тынық мұхиты жоғары сатыда тұр. Мұхитта елді аралдарда кездеседі: Жаңа Гвинея ( 829, 3 мың км²) және Калмантан (735, 7 мың км²); үлкен аралдары: Үлкен Зонд аралы (1485 мың км²)

Мұхиттың барынша тұздылығы салыстырмалы жауын-шашынның қарқынды булануымен сәйкес келетін экваторлық және тропикалық аймаққа тураланады (барынша 35, 5—35, 6 ‰ дейін). Тұздылық суық ағымның әсерінен мұхиттың шығысына қарай төмендейді.

Әлем мұхиттарының биомассасының 50% Тынық мұхитының еншiсiнде.

Тынық мұхитының фитопланктоны 1300 жуық микроскопиялық бір жасушалы балдырлардан тұрады. Бұлардың жартысына жуығы перидинея түріне, ал одан азырақ бөлігі диатомея түріне жатады. Таяз су және Апвелинг аймақтарында өсімдіктер өте көп. Тынық мұхитының су асты өсімдіктері 4 мың балдыр түрінен 29 гүлді түрлеріне дейін жетеді.

Тынық мұхитының жануарлар түрінің әлемі өзге мұхиттағыға қарағанда 3-4 есеге бай, әсіресе тропика суларында. Индонезия теңіздерінде балықтың 2 мың түрі, солтүстік теңіздерінде 3 мыңға жуық түрлері бар. Мұхиттың тропика аймақтарында моллюскалардың 6 мыңға, ал Беринг теңізінде 200 жуық түрі таралған

Тақырыптық презентация мен видео көрсету

ҮІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру

Кеме аялдамалары:

  1. «Мұхиттар аясында» аялдамасы:

(Венн диаграммасы арқылы Үнді және Тынық мұхиттарын салыстыру: Мұхит ауданы, орташа тереңдігі, ең терең жері, суының көлемі, өсімдік, жануар,т.б.)

  1. «Сергіту сәті» аялдамасы (бейне ролик)

  2. «Тіршілік әлемі» аялдамасы

«Мұхиттардың өсімдіктері мен жануарлары туралы не білесіз?»

(Тақтаға өсімдіктер мен жануарларды жазып, оқушылардың есте сақтау қабілеттерін тексеру «Ас картасы» арқылы)

  1. «Кім тапқыр» аялдамасы

(Мұхиттағы пайдалы қазбаларды кескін картаға түсірулеріңіз қажет)

ҮІІ. Сабақтағы жаңа білімді бекіту.

  1. «Ой жинақтау» аялдамасы

Аялдама тапсырмалары:

  1. Жер шарында аумағы жөнінен үшінші орын алатын қай мұхит? (Үнді мұхиты)

  2. Үнді мұхиты солтүстігінде қай құрлықпен шектеседі? (Еуразия)

  3. Үнді мұхитының ең терең жерін ата (Зонд шұңғымасы 7729м)

  4. Көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен қай мұхит? (Тынық мұхиты)

  5. Әлем мұхиттарының ең терең жері қай жер? (Мариан шұңғымасы-11022м)

  6. Ең үлкен мұхитқа «Тынық мұхиты» атауын берген кім? (Фернан Магеллан)

«Бір айналым сұхбат» әдісі

Топтағы оқушылар бүгінгі жаңа тақырып бойынша бір сөзден айтып сабақты қорытындылайды.

Бағалау



Топ бойынша ұпайларын санаймын.

«Бағдаршам» бағалауын қолданамын

Жасыл түс – жақсы түсіндім және басқаға түсіндіре аламын

Сары түс – түсінемін, бірақ барлығын емес

Қызыл түс – ештеңе түсінбей қалдым

Белсене қатысқан оқушыларды атап өтемін және бағалаймын.

Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі парағын тарату

ҮІІІ. Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу

«Мұхит құжатын» толтыру.

Кескін картаны аяқтау






























Краткое описание документа:

Бұл ашық сабақ мектеп-гимназиядағы "Химия, биология, география" пәндерінің апталығында өткізілген.

Пәні: География

Сыныбы: 7ә.

Тақырыбы: "Үнді мұхиты. Тынық мұхиты".

Ашық сабақтың жоспары жаңа технология элементтерін пайдалана отырып құрастырдым. Сабақтың мақсатына жеттім деп есептеймін.

Сабақтың мақсаты:

1.      Үнді және Тынық мұхиттарының географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары, өсімдіктері мен жануарлары жайлы білім беру.

2.      Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен ізденімпаздылығын, ойлау қабілеттерін дамыту негізінде шығармашылық қабілеттері мен топта жұмыс істеу дағдыларын дамыту арқылы сыни көзқарастарын дамыту.

 

3.      Оқушыларды тез ойлауға, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға баулу

 

 

Автор
Дата добавления 17.01.2015
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров1587
Номер материала 312463
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх