Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Ашық сабақ тақырыбы: «Тұрақты тіркестер» (5 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Ашық сабақ тақырыбы: «Тұрақты тіркестер» (5 сынып)

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Тұрақты тіркестер» (2-сағаты)

Мақсаты: а)тұрақты сөз тіркестерінен алған білімдерін пысықтау;

ә)өзіндік жұмыстану дағдысын жетілдіру, түрлі шығармашылық тапсырмалар беріп, оқушылардың логикалық ойлауын, дағды-машығын, таным белсенділігін арттыру;

б)сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

Түрі: танымдық әрі жарыс сабақ

Әдісі: талдау, миға шабуыл, сыни тұрғысынан ойлау, ойын, 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, «ActivInspire» бағдарламасы, оқулық.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) оқушылармен амандасу;

ә) сыныпты түгендеу;

ІІ. Психологиялық дайындық.
Оқысаң ғылым қорын, білім асар, 
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.
 
Сенетін біліміне кейбір жастар 
Жерлерге аяқ жетпес аяқ басар - деп Шәңгерей Бөкеев

айтқанындай, біліміне сенетін жас небір асулардан асады екен. 
(Оқушылар тақтаның алдында шеңбер құрып тұрады. ана тілдің қуатын дарытатын қазақ тілінің кезекті сабағы басталатындығы хабарлананып айтылады да өткен сабаққа байланысты әр оқушының қолына тұрақты тіркестер беріледі. Содан соң оқушылар қолдарындағы тұрақты тіркеске сай сыңарларын іздейді). 
Бес саусақтай білу (жетік білу) 
Су сепкендей басылды (лезде басылды, тына қалды)
Мүйізі қарағайдай (зор, мықты) 
Сынып оқушылары осылайша үш топқа бөлінеді. Әр топ өздері құраған тұрақты тіркестің мағынасын ашады. Топ мүшелері топ басшысын сайлайды. Әр топ тұрақты тіркестерді қатыстыра отырып, бір-біріне тілек айтады.

ІІІ. Сұрақ- жауап. (Қайталау үшін 3 топқа сұрақ қойылады.)

1-топқа: Тұрақты сөз тіркестері дегеніміз не?

2-топқа: Тұрақты тіркес пен еркін тіркестің арасында қандай

айырмашылық бар?

3-топқа: Олардың қандай ортақ белгілері бар?

ІV. Үй тапсырмасы сұралады. (3 мин).

А) 111-жаттығу (ауызша);

ә) 113-жаттығу (жазбаша).

V. Жаңа сабақ.

І кезең: «Тауып, жаз»

ІІ кезең: “Сәйкестендіру” тесті 

ІІІ кезең: “Суретіне қарап сөзін таны”

IV кезең: “Бейнелеп айтып көр...”

V кезең: «Жеке жұмыс». 

VI кезең: «Жалғасын тап».

VII кезең: «Оқулықпен жұмыс».

VIIІ кезең: «Шығармашылық жұмыс»

1-кезең: «Тауып, жаз » Берілген сөйлемнен тұрақты тіркесті тауып,

мағынасын жазу. 
1-топ: Бұл жолы екі кәсіпкерді өзбек саудагері мұзға отырғызып кетті. Ұшақ аспанға көтерілгенде, екі өзен алақанға салғандай болып көрінеді. Ит байласа тұрғысыз баспананы тұрақ еткеніме бүгін төртінші күн. 
2- топ: Мен қарттың терісіне сыймай отырғанын көрдім. Қаладағы

баласы ауылға көптен бері ат ізін салмады. Мұғалімінің алдында қатты қысылып, жерге кіріп кете жаздадым. 
3- топ: Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық. Екі ел тонның ішкі бауындай күй кешті. Қасқырды көргенде Жандостың жүрегі тас төбесіне шықты. 
2-кезең: “Сәйкестендіру” тесті (Үш топқа бірдей тапсырма).

1- топқа:
Жұмған аузын ашпау қорқу 
Тайға таңба басқандай әсем 
Жұлдызы қарсы сөйлемеу 
Қыздың жиған жүгіндей анық 
Зәресі ұшу дұшпан 

2-топқа:

Ақылға салды түк қалдырмау

Жылан жалағандай алдау

Опық жеу ыза болу

Тісін қайрау ойланды

Көз байлау өкіну

3-кезең: “Суретіне қарап сөзін таны” /суретке сай тұрақты тіркестер

тауып жазу/ 
1-топ: /көз бен қабақ/ 
2- топ: /қол мен құлақ/ 
3-топ: /бет пен ауыз/ 

4- кезең: “Бейнелеп айтып көр...” 
1-топ: Мұғалім Айдын Омаровтың білмейтіні жоқ, бәрін де істей алады. Ол суретші де, жүргізуші де, ағаш шебері де, механик те. Музыка аспаптарында ойнап, би билейді. Бейнелеп айтқанда, ондай адамды қалай атайды? 

2-топ: Болаттың әскерде бірге болған жақын досы бар екен. Ол үнемі сол досын айтып, әңгімелеп отырады. Сөйтіп үнемі айтып отыруды не дейді? 

3- топ: Жақан клубқа барса, онда адам көп, тығыз, отырарға орын жоқ екен. Жақан кіре алмай үйіне қайтып кетеді. “Неге кіріп отырмадың?” деген інісіне ол не деді? 

5-кезең: «Жеке жұмыс». Тұрақты тіркестер біздің тіліміздегі айшықты сөздердің тобы. Көркем бейнелі сөйлеуде үлкен қызмет атқарады. Әдебиет сабағында өткен түрлі тақырыпта кездесетін тұрақты тіркесті табуға тырысып көрейік.

Тұрақты тіркесті тауып, мағынасын ашып, қай шығармадан екендігін табуы шарт. 
1. Келінім ақылды екен, тілін бекерге алмаған екем! 
2. -Е,шырағым, жасым сексенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын!? 
3.Өз әкесінің айтқаны ойына түсіп, кірпігін ілмей жатады.
4. Құралайды көзінен тигізген мерген болыпты. 
5. Кемпірдің алдағанын біліп, санын бір-ақ соғып тұра жөнелді 
6. Қуса жетіп, қашса құтылатын аузымен құс тістеген ерен жүйрік. 
7. Атқа тіл бітеді.
8. Көзді ашып - жұмғанша ағып бара жатып салып кетеді. 
9. Біраздан соң нөкерлері одан мүлде көз жазып қалады. 
6-кезең: «Жалғасын тап». Тұрақты тіркестердің жалғасын табады.
1-топ:

1. ... ..............нің түгі бар
2. ................ын шүйіру
3. .......тау жұтқан

2-топ:

1. .........на құм құйылу
2. ... .......соғып қалу
3. тамырына ............. шабу
3-топ:

1. ........і тоймау
2. құлақ .......ін жеу
3. ............нан шығып кетті
7-кезең: «Оқулықпен жұмыс».

А) 115-жаттығу. Мәнерлеп оқып, өлең жолдарынан тұрақты тіркестерді табыңдар.

ә) 117 - жаттығу. Мәтіннен тұрақты тіркестерді бір бөлек, жай тіркестерін бір бөлек көшіріп жазыңдар.

8-кезең: «Шығармашылық жұмыс» «Анам – менің бақытым» тақырыбында тұрақты тіркестерді қолдана отырып (түн ұйқысын төрт бөлу, ана сүтін ақтау, төбесі көкке жеткендей, көз ілмеу, жан ұшыру, т.б.) жұмыстану. 
1-топ: Ойтолғау жазу. 
2- топ: Өлең шығару. 
3-топ: Ана туралы ән айту.

ІV. Үйге тапсырма: а) Тұрақты тіркестерді қайталау;

ә) «Менің мектебім» тақырыбында тұрақты тіркестері бар, шағын мәтін құрастыру.

V. Бағалау.

VI. Қорытынды. Бата беру.

Сыныбымыздың айы оңынан тусын 
Бізді көргенде елдің алпыс екі тамыры иісін! 
Арамыздан қыл өтпесін 
Білімді бес саусақтай біліп, 
Ешкімнің ала жібін аттамайық. 

Шашамызға шаң жұқпай, 
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болсын!






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Тұрақты тіркестер» (2-сағаты)

Мақсаты: а)тұрақты сөз тіркестерінен алған білімдерін пысықтау;

ә)өзіндік жұмыстану дағдысын жетілдіру, түрлі шығармашылық тапсырмалар беріп, оқушылардың логикалық ойлауын, дағды-машығын, таным белсенділігін арттыру;

         б)сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

         Түрі: танымдық әрі жарыс сабақ

         Әдісі: талдау, миға шабуыл, сыни тұрғысынан ойлау, ойын, 

         Көрнекілігі: интерактивті тақта, «ActivInspire» бағдарламасы, оқулық.

         Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі

Автор
Дата добавления 20.04.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2072
Номер материала 488966
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх