Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Ашық сабақ тақырыбы:Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Ашық сабақ тақырыбы:Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

34 жалпы білім беретін орта мектебі













Ашық сабақ тақырыбы:



hello_html_m3dbe902b.gif





Сыныбы: 8 «А»



Биология пәнінің мұғалімі: Жексенбаева А.О.









2011-2012 оқу жылы









Ашық сабаққа өзіндік талдау

Өткізген ашық сабағым интелектуалды 8 «А» сыныбында өтті. Сабаққа 25 оқушының 24 қатысты. 1-уі себепті. Сынып оқушылары белсенді, жауапкершіліктері мол, білімге құштар, алғыр, қабілетті, ізденімпаз.

Алынған тақырыбым бөлімнің ішіндегі жаңа материалды игеруге бастама беретін, мазмұнын ашатын, жалпы күрделілік деңгейі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай. Жаңа материалдың көлемі мен қиындығы, мазмұны түсінікті.

Сабақтың түрі білімді меңгерту және шығармашылық сабақ болғандықтан алдыма қойған ең негізгі мақсатым, тыныс алу жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырып, жаңа білім беру, ойлау қабілеттерін, біліктіліктерін жетілдіріп, түрлі көрнекі құралдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық, іздену қабілеттерін дамыту, жауапкершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу сияқты үш жақты үйлестілікті дұрыс ұйымдастырып, негіздеу болатын. Көздеген мақсат-міндеттеріме оқушылардың тікелей қатысуымен қол жеткіздім деп ойлаймын.

Өткізген сабағым қызықты, жаңашыл түрде өтті. Ең бастысы оқушылар өткен тақырыппен байланыс жасай отыра жаңа материалды толық игеріп, өздеріне тың мағлұматтар алып, сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін шыңдау негізінде шығармашылық жұмыстарға жұмылдырылып, өз денсаулықтарын сақтай білудің алғышарттарымен танысты. Ағылшын,орыс тілі тілімен пәнаралық байланыс жасау тиімді болды. Сынып оқушыларының әрқайсысы өздеріне өзіндік бағалау беріп, толық бағаланды. Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуға барлық мүмкіндіктер пайдаланылды.

Келешекте өткізетін сабақтарымда Insert түртіп алу кестесімен жұмыс істеуді, өзіндік іздену қабілеттерін дамыту жұмыстарын, пәнаралық байланыстарды ары қарай жалғастыруды, жетілдіруді көздеймін.


Биология пәнінің мұғалімі: Жексенбаева А.О.


Пән бірлестік жетекшісінің талдауы:

Ашық сабаққа 9 ұстаз қатысты. Сабақты интерактивті тақтада өткізді, мақсаты айтылды. Үй тапсырмасын «Полиглот», «Көкпар» ойыны арқылы тексерді

Жаңа сабақты көрнекілік арқылы оқушыларға жақсы түсіндірді, мұғалімнің білімінің жоғары екендігі байқалады. Сабақ жоспарының құрылымы жақсы. Оқушылардың ойлауына, есте сақтауына, пәнге қызығушылығына және шығармашылық ізденуіне көп көңіл бөледі. Сабақта химия, ағылшын, салауаттану, экологиямен пәнаралық байланыс болды. Сабақты бекітуде оқушылардың алған білімдері тексерілді, тыныс алу жүйесінің мүшелерін сызба-нұсқа арқылы бақылады. Әр оқушы өзінің білімін өзі бағалады, қосымша мұғалім бағаны толықтырып айтып, бағалары қойылды. Сабаққа келген оқушылардың барлығы қамтылып, белсене қатысты. Үй тапсырмасы берілді, оқушыларға іздену үшін баяндама тақырыбы айтылды. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтілді, мақсатына жетті. Мұғалімнің әдістемелік дәрежесі жақсы, білімді, білікті маман.


Бірлестік жетекшісі: Искакова А.С.

Сабақтың жоспары:

Сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тыныс алу жүйесінің маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы жаңа білім, түсінік беріп, ұғымдар қалыптастыру

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, біліктіліктерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу

Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, интерактивті тақта, тыныс алу мүшелерінің макеті, модельдері, суреттері, флипчарттар

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту, шығармашылық сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивті оқыту, түсіндіру, сызба-нұсқа, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік, Insert кестесі

Пәнаралық байланыстар: Химия, ағылшын, салауаттану, экология

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру

II Үй тапсырмасын сұрау

1-кезең: “Көкпар”

1. Қанайналым жүйесі дегеніміз не? Қандай мүшелер жатады?

2. Қантамырлары неше топқа бөлінеді?

3. Жүрек неше қуысты, қабырғасы неше қабаттан тұрады?

4. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі қалай аталады? Қалай білуге болады

5. Қанның қанайналым шеңберімен ағатынын ашқан ағылшын ғалымы?

6. Мынау қандай аурудың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсеңдейді.

2-кезең: “Полиглот”

  1. Ешбір техникамен алмастыруға болмайтын моторлы қызмет атқаратын мүше?

  2. Көптеген ұлпалардың жиынтығынан не құралады? Мысалы бұлшықет және дәнекер ұлпасынан тұратын қанайналым .........

  3. Жүрек кемістігі (порок) жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болатын жұрек-қантамырларның ….?

  4. Дәнекер ұлпасының сұйық түріне немесе ағзаның ішкі ортасына не жатады?

  5. Жүректің сол жақ қарыншасынан басталып → дене жасушаларына → жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталып, қанды бүкіл денеге таратып, қайтадан жүрекке әкелетін қанайналым шеңбері

  6. Жүректің оң жақ қарыншасынан басталып → өкпеге → жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталатын қанайналым шеңбері

  7. Лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болатын, тек қана рентген сәулесі, радиоактивті элементтердің көмегімен емдейтін жүрек-қантамырларының ауруы

  8. Қай қантамыр оттекпен қаныққан? Себебі біз не арқылы тыныс аламыз?

  9. Мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайтын қантамыр?

  10. Қандай да болмасын аурудың алдын алу үшін әр адам нені сақтап, ұстану қажет?

III Жаңа сабақ

  • Тыныс алудың маңызы

  • Тыныс алу мүшелерінің құрылысы

  • Тыныс алу мүшелерінің қызметі



1-Флипчарт.

Тhello_html_66dde8c5.pngынысалу деп организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады.

2-Флипчарт.





















3hello_html_m13c8ce59.png-Флипчарт.





























4-5-6-флипчарттар «Тыныс алу мүшелерінің құрылысы» бейнеленген суреттер

IV Бекіту

Ойлан, тап!” кезеңі.

Тыныс алу жүйесінің мүшелерін сызба-нұсқа түрінде сызып, макеттен орналасуы мен құрылысын түсіндіріп өтіңдер

Инсерт” түртіп алу жүйесі арқылы кестені толтыру

Білемін

Меңгердім

Нені түсінбедім?

Таңқалдырды







V Бағалау

Бағалау парағы арқылы оқушылар алдымен өзіндік бағалауларын қойып шығады, одан соң мұғаліммен оқушының ортақ бағасы қойылады.

VI Үйге тапсырма беру

1. §39 оқу; Баяндама жазу: “Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы”

2. Сәйкестендіру тестін орындау

3. Баяндама: “Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы немесе аурудың алдын алу шаралары”

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Сабақтың жоспары:

Сабақтың тақырыбы:     Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   Тыныс алу жүйесінің маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы жаңа білім, түсінік беріп, ұғымдар қалыптастыру

Дамытушылық:  Оқушылардың ойлау, есте сақтау, біліктіліктерін жетілдіру,  пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:      Жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, интерактивті тақта, тыныс алу мүшелерінің макеті, модельдері, суреттері, флипчарттар             

Общая информация

Номер материала: 184360

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>