Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Ашық сабақ Жануарлар әлемі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

Ашық сабақ Жануарлар әлемі

библиотека
материалов

hello_html_4f9d97ad.gifhello_html_m61882354.gifhello_html_3963de5e.gifhello_html_36ae8b28.gifhello_html_e330589.gifhello_html_3a7aae4c.gifhello_html_m5764ecaf.gifhello_html_29d3689b.gifhello_html_558b75b9.gifhello_html_m4e0ad8d3.gifhello_html_mcc836a9.gifhello_html_a323367.gifhello_html_m5ee13897.gifhello_html_m7f57ad1d.gifhello_html_7992719a.gifhello_html_m555ecb28.gifhello_html_31d792f2.gifhello_html_m3169cc35.gifhello_html_4805c21b.gifhello_html_m2a7bf4a0.gifОңтүстік қазақстан облысы білім басқармасы

«Экологиялық орталық»






Ашық сабақ







Үйірме: «Экозоолог»

Тақырыбы: Жануарлар әлемі


Орындаған: Бегімбетов А.Т.
















Шымкент-2015ж

Тақырыбы: Жануарлар әлемі

Мақсаты :

  • Білімділік׃  Сүтқоректілердің сан алуандығы, олардың тіршілігі туралы түсінік беру. Көзге түскен жануарларды бақылап жүруге баулу. Жануарлар жайлы қызықты материалдар жайлы мәлімет беру.

  • Дамытушылық:  Оқушылардың сөздік қорын, ойлау және есте сақтау қабілетін, дүниетанымдарын арттыру. Әсемдік талғамдарын қалыптастыру. Әртүрлі қызықты мәліметтер бере отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімдерін шыңдау

  • Тәрбиелік: Жануарларды  қорғауға, оларға қамқорлық жасауға, табиғатты сүюге баулу.

  • Сабақтың көрнекі-құралдары: Жануарлардың суреттері, мақал-мәтелдер, топтастыруға арналған төрт түлік жануарлардың суреттері, тірі қоян, сөзжұмбақ.

  • Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақ

Жануарлар әлемі туралы алғашқы деректерді адамдар тас дәуірінен бастап жинаған. Жануарларды аулап, қоректену, қолға үйретіп, өсіру арқылы олардың құрылысы, тіршілігі және ауырулары туралы мәліметтер жинап отырған, яғни алғашқы зоологиялық материалдар адамдарға практикалық жағынан белгілі болған. Жануарлар туралы шығармалар ертедегі Қытайда, Үндістанда жазылған. Жануарлардың суреттері үңгірлердің қабырғаларында, тастарда көптеп бейнеленген. Бірақ ғылыми зоологияның негізін салушы гректің ұлы ғалымы және ойшысы Аристотель (біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда, 384-322 ж.). Ол өзінің "Жануарлар тарихы", "Жануарлардың дене бөліктері туралы", "Жануарлардың пайда болуы туралы" деген еңбектерінде жануарлардың 454 түрін сипаттаған. Аристотель жануарларды екі топқа бөлген:

1) қаны бар жануарлар, 2) қаны жоқ жануарлар.

Жануарлар әлемі біздің планетаның биосфера қабатында, яғни жер қыртысының ауа қабатына жақын жоғарғы бөлімінде тірішілік ететіні белгілі. Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің жалпы саны орта есеппен 2 млн.





Құстар


Құрттар


Сүтқоректілер


Жануарлар 6 класс тармаққа бөлінеді






Балықтар


Бунақденелілер

Қосмекенділер Бауырмен жорғалаушылар








Сүтқоректілер -  (лат. Mammaliaжануарлардың хордалылар типіне жататын, құрылысы жоғары сатыдағы омыртқалы жануарлар класы. Сүтқоректілерге ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар жатады. Қазіргі кезде сүтқоректілердің 5000-ға жуық түрлері жер шарының барлық аймақтарында кеңінен таралған. Олар түрлі табиғи орта жағдайларында (суда, аспанда ұшып жүріп, жер астында, құрлықта, ағаш басында) тіршілік етеді. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласын «маммалогия» (лат. «маммалис» - емшек+гр. «логос» - ғылым), кейде «териология» (грекше «терион» - аң, + «логос» - ғылым) деп те атайды. Алайда олар әр түрлі ортада – құрлықта болсын, суда болсын, ауада болсын – кез келген жағдайда, кез келген климатта өмір сүруге бейім келеді. Олардың миы (дене мүшелерінің өзгелеріне қарғанда) басқа жануарлармен салыстырғанда үлкен болады. Сүтқоректілер қатарынан құрлық пен теңіздің ең үлкен жануарлары – мұхитта киттер және құрлықта пілдер болып табылады

Жылқы – сүтқоректілер класы тақтұяқтылар отрядының өкілі. Жылқы тұқымдасына Африкада кездесетін жолат, домбай құлан, тарпан мен түзат жатады. Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар – тарпан мен түзат. Жабайы жылқылар тарихы дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті аймақтарында үйір-үйірмен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулау нәтижесінде жойылып кеткен. Жылқының алғашқы қолға үйретілген Қазақстан даласы деп саналады. Жылқы қазақ халқының ерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары. Жылқының пірі – Қамбар ата. Дүние жүзінде жылқының 250-ден астам қолтұқымдары бар. Қазақстанның жылқы өсіретін асылтұқымды шаруашылықтарында жылқының 20-ға жуық қолтұқымдары өсіріледі. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіреді. Қымыз халқымыздың кәделі сусыны. Қымыздың 40 жуық түрі бар, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз т.б. Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдерде көңіл бөле бастаған.

Түйе - сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануар. Түйеде мүйізді тұяқтар болмайды. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері, ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап, шөгіп жата береді. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700 – 800 кг., мойыны йір және ұзын. Құрғақ далалы, шөлейтті аймақта тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан халық түйені «шөл дала кемесі» деп атайды.

Қой - сүтқоректілердің жұптұяқтылар отрядының күйіс қайыратындар тобына жатады. Қой бұдан 10-11 мың жыл бұрын қолға үйретілген. Қойдың арғы тегі – жабайы қой «муфлон» және арқар. Қойдың алғашқы қолға үйретілген жері – Жерорта теңізінің маңы, Орта Азия, Оңтүстік Африка. Қой шаруашылығы мал шаруашылығының басты саласы. Қойдан тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі, тағамдық өнімдер сүт, ет, май алынады. Қойдың қолтұқымдары – еділбай, бағаналы, қарқаралы, биязы жүнді қой арқар-меринос. Әлемдік сұрыптау жетістіктерінің бірі – Қазақстанда шығарылған арқар-меринос қойы. Авторлары: И. С. Бутарин., Ә. Есенжолов., А.Жандеркин. Арқар-меринос қойы өзіміздің Шығыс Қазақстанда өсіріледі.

Қоян -  (лат. Leporidae) – сүтқоректілердің бір тұқымдасы, 8 туысқа бөлінетін 50 түрі бар. Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 – 4,5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидаданбасқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар.







1-кезең.

Қиылған кескіндеме жануарлардың суреттері беріліп құрастырып, топтастыру. (Мозайка)


hello_html_3934f880.jpghello_html_404b0db3.jpgсканирование0072


hello_html_m34c0b898.jpg




2-кезең. «Жануарлардың аяғын табу»

Суретте тек жануарлардың аяқтары беріледі. Суретке қарап қай жануарлардың аяқтары екенін анықтау қажет.


1-топқа тапсырма

hello_html_4181abae.png

hello_html_41f22726.pnghello_html_m5c8599c4.png



hello_html_7359d3a2.pnghello_html_m6ed118f9.pnghello_html_7dbc1bdf.png


2-топhello_html_m7ce48613.png

hello_html_455ddda3.pnghello_html_1f6e362f.png


hello_html_45168796.pnghello_html_m6538dcfb.pnghello_html_m6c937c8a.png




3-кезең.

Тест

І топ.


  1. Құстардың жорғалаушылардан айырмашылығы мынада?

а) құйрығы б) мойыны в) қанаты г) тырнағы

  1. Құстардың ұшуға беймделуі неге байланысты?

а) мойыны б) қанаттары, дене пішіні в) тері бездерінің болмауы

  1. Құстардың жорғалаушылардан айырмашылығы

а) екі қанайналым шеңбері б) жылықандылығы в) жүрегі бар




ІІ топ.


  1. Сүтқоректілердің жер шарында қанша мың түрі бар?

а) 4 мың б) 5 мың в) 3 мың жарым г) 2 мың

  1. Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы?

а) герпетология б) орнитология в) маммалогия

  1. Сүтқоректілердің мойын омыртқа саны нешеу?

а) 5 б) 6 в) 4 г) 7

4-кезең


Биологиялық диктант

І топ

1. Асыранды құстарды қолда өсіруді _______________ деп атайды.

2. Сүтқоректілердің ___________ жақсы дамыған.

3. Орман құстарына _________________ жатады.

4. Африкалық түйеқұс __________________ деп аталады.



ІІ топ


1. Құстардың жүрегі _______________ камералы.

2. Сәндік үшін өсірілетін ______________ құс.

3. Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласын _____________ деп атайды.

4. Сүтқоректілер _______________ жынысты.



Қорытынды

Сүтқоректілер - көпшілігінің денесін түк қаптаған, дене температурасы тұрақты, ұрпағын сүтімен қоректендіретін, жоғары жаратылымды жануарлар. Миы жақсы жетілген, сондықтан қалыпты жағдай өзгергенде мінез-құлығын да өзгертіп, жаңа жағдайға оңай бейімделеді. Жылықанды және қанайналымының екі шеңбері толық ажыраған. Өкпесінде өкпе ұяшықтары болғандықтан, газ алмасу беті ұлғайған. Сондықтан зат алмасу үдерісі жоғары деңгейде өтеді. Аналық денесінде ұрпағын көтеруге мүмкіндік болғандықтан және оны сүтімен қоректендіре алатындықтан, сүтқоректілер өзге ағзалардан ерекшеленеді. Қазіргі сүтқоректілер негізгі екі класс тармағына бөлінеді. Олар аңдар (немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер) және қазіргі аңдар (немесе қалталылар және қағанақтылар) класс тармағы деп аталады. Жұмыртқа салатын, ұшатын, суда жүзіп өмір сүретін, құрлықта мекендейтін сүтқоректілер бар. Бұлардың көпшілігі төрт аяқпен жүреді.

Краткое описание документа:

    Жаңа сабақ
  Жануарлар әлемі туралы алғашқы деректерді адамдар тас дәуірінен бастап жинаған. Жануарларды аулап, қоректену, қолға үйретіп, өсіру арқылы олардың құрылысы, тіршілігі және ауырулары туралы мәліметтер жинап отырған, яғни алғашқы зоологиялық материалдар адамдарға практикалық жағынан белгілі болған. Жануарлар туралы шығармалар ертедегі Қытайда, Үндістанда жазылған. Жануарлардың суреттері үңгірлердің қабырғаларында, тастарда көптеп бейнеленген. Бірақ ғылыми зоологияның негізін салушы гректің ұлы ғалымы және ойшысы Аристотель (біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда, 384-322 ж.). Ол өзінің "Жануарлар тарихы", "Жануарлардың дене бөліктері туралы", "Жануарлардың пайда болуы туралы" деген еңбектерінде жануарлардың 454 түрін сипаттаған. Аристотель жануарларды екі топқа бөлген:
1) қаны бар жануарлар, 2) қаны жоқ жануарлар.
Жануарлар әлемі біздің планетаның биосфера қабатында, яғни жер қыртысының ауа қабатына жақын жоғарғы бөлімінде тірішілік ететіні белгілі. Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің жалпы саны орта есеппен 2 млн.
 

Автор
Дата добавления 19.02.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1645
Номер материала 398579
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх