Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Рабочие программы / Ашық сабақ жоспары Темперамент

Ашық сабақ жоспары Темперамент



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

« Мейірбике » колледжі


«Кәсіби білім беруді ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері» облыстық семинар-практикум

«Сапалы білім беруде, медициналық құзыреттілікті қалыптастыру»



Келісемін Бекітемін

Маңғыстау облыстық «Мейірбике» колледжінің

техникалық және кәсіптік директоры А.У.Сагимбаев

білім берудің оқу- әдістемелік _12____ «_03____»2015 ж

Кабинет директоры

К.Аманова ____________

«_12___»_03________2015 ж



Ашық сабақ жоспары

Пәні: Психология

Тақырыбы: Темперамент

Курс: 2

Тобы: 244

Мамандығы: Мейірбике ісі


https://encrypted-tbn0.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcQ4U8mjl1Pji1idzMu7Gh8zREOT_W6fzo7iRABF-pwHTKJZ4Sso




Дайындаған: психология пәнінің

оқытушысы Еспагамбетова К.Б














Ақтау қаласы, 2015 ж

Пәні: Психология

Мамандығы: Мейірбике ісі

Курс: 2

Дайындаған: психология пәнінің оқытушысы Еспагамбетова Кунсулу Бишеновна


Сабақтың тақырыбы: Темперамент

Сабақтың мақсаттары:

а). Білімділік: Оқушыларға тұлға бойындағы қасиеттер жөнінде, темперамент типтері мен мінез түрлері туралы мағлұмат беру және оқушылардың алған білімдерін кәсіптік қызмет барысында қолдана білу.

б). Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне, өздігінше жұмыс істеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, адамгершілік сезім ұялатып, тәрбиелік мәнге үйрету.

в). Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамытып, өмірге байланысты дұрыс көзқарастарын қалыптастыра отырып жан-жақты және үйлесімді етіп дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, тренинг элементтерімен.

Пәнаралық байланыс: педагогика, жалпы кәсіптік пәндер мен медициналық пәндер

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, слайд қолдану, сұрақ-жауап, Ой қозғау, Ой сергіту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, кестелер, слайд, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың жоспары:


І. Ұйымдастыру кезеңі ( 3 минут )

а) Психологиялық дайындық

ә) Дәрісхана дайындығы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( 10 минут)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру ( 10 минут)

IV. Жаңа сабақты бекіту ( 15 минут )

V. Бағалау. ( 5 минут )

VI. Үй тапсырмасы. ( 2 минут)




Сабақтың барысы: Саламатсыздарма! Көңіл-күйлеріңіз қандай жақсыма? Жеке тұлғалы ұстаз ғана жеке тұлғаны қалыптастырады.

Сабақ ұстанымдары:

  1. Ашық болу

  2. Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу

  3. Белсенді болу

  4. Сабақтан ой түйіп қажетін алу.

Студенттер бүгінгі сабақта берілген сұрақтар өткен тақырыптарды қамти отырып, сіздердің білім, біліктеріңізді тексеруге бағытталады.

Біз откен сабақта тұлғаның қалыптасуын және оның қасиеттерін, мүмкіндіктерін тұлға туралы теориялық тұжырымдамаларға шолу жасадық. Жеке тұлға деп кімді айтамыз жаңа туған нарестені тұлға деп айтамыз ба және тұлғаның қажеттіліктері, туралы мағлұмат алдық. Сонымен бүгінгі үй тапсырмасына дайынбыз ба? Ия. Олай болса үй тапсырмадан бастаймыз. Үйге тапсырмаға байланысты Сіздердің алдарыңызда 10 сұрақ берілген және үлестірмелі паракшалар осы арқылы таңдау жасап үй тапсырма сұрақ-жауап әдісімен сұралады. Әр топтан бір студент келіп карточка алады. Дұрыс жауап берген оқушыға фешкі беріледі.

І. Ұйымдастыру кезеңі:3 (мин)

а) Психологиялық дайындық

ә) Дәрісхана дайындығы


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 10 (мин)

Тапсырма 1. Слайд арқылы 1 ден-10 ға дейінгі сандармен белгіленген сұрақтар. Дұрыс жауап берген оқушыға 3,4,5 деген фешкілер беріліп отырады.

Сұрақ – жауап әдісімен

  1. Тұлғаның психологиясы дегеніміз не ?

  2. Тұлғаның психологиялық құрылымы ?

  3. Тұлғаның ерекшеліктері ?

  4. Қабілетке анықтама бер ?

  5. Тұлға және қоғам ?

  6. Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері ?

  7. Тұлғаның психологиялық ұйымдасуы ?

  8. Тұлға теориясына байланысты тұжырымдамаларға шолу ?

  9. Тұлғаның даму кезеңдерін ата ?

  10. Тұлғаның психологиялық бітістері ?



Тапсырма 2.

Карточка үлестіру арқылы үй тапсырмасы сұралады.

  1. Тұлғаға бағыт-бағдар ?

  2. Қабілет нешеге бөлінеді және оны ата?

  3. Қабілет нышандары ?

  4. Қабілет және іс-әрекет?

  5. Қабілет және дарындылық ?

  6. Тұлға аралық қарым-қатынас ?

Осы жеке тұлғаға түсінік бер 2 студент

Жеке тұлғаның психологиялық маңызын тереңірек түсініп біле отырып, Бүгінгі жаңа сабақта тұлғаның темпераментіне тоқталатын боламыз. Тақырыбы темперамент.

ІІІ. Жаңа сабақтың барысы: 10 (мин)

  1. Жаңа сабақты түсіндіру (баяндау әдісімен):

Жаңа сабақты бастамас бұрын барлық оқушыларға дәріс материялдары таратылып беріледі.

Темперамен туралы түсінік

Темперамент дегеніміз жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктері. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік байланыста болады. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі.

Ежелгі Грецияның белгілі ғалым дәрігері Гиппократтың еңбектері алатын болсақ адам организмінідегі 4 түрлі сұйықтыққа бөліп қарастырған. Мәселен, ағзадағы қанның пропорциясы артық болса сангвиник яғни (латынша «сангиус» - қан денді білдіреді), ал шырын басым болса (грекше «флегма»-шырын дегенді білдіреді) яни флегматик темперамент болады, ал организмде қара өт басым болса, меланхолик (грекше «мелайне-холе»-қара өт дегенді білдіреді), ал ағзада сары өт басым болса, холерик (грекше холе-өт дегенді білдіреді) яғни холерик темпераментіндегі деп қарастырған.

Темпераменттің физиологиялық негіздерін жүйке жүйесінің типтерін 3 ке бөліп ажыратқан.

  1. Күшті тип- қозуы мен тежелуі басым- ұстамсыз тип

  2. Ширақ тип- қозуы мен тежелуі тең

  3. Әлсіз тип-қозуы тежелуі баяу тип болып бөлінген. Сонымен, темперамент – адамның психикалық дара қасиеттерінің жиынтығы болып табылады.

Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыда дәлелдеген И.П.Павлов және ол жүйке жүйесінің түрлеріне орай психологиялық сипаттама берді.

  1. Сангвиник. Бұл тип өкілі - еті тірі, қабілетті, қозғалғыш және бірте-бірте тез алмастыратын сезімдерімен көзге түседі, қарым-қатынасы тұрақсыз болып келеді. Ондай оқушы ақкөңіл және жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Жағымсыз жағдайларда, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксізбен қарайды.

  2. Флегматик. Бұл типтің өкілі - баяу, байсалды, асықпайды, адам көбіне салмақты, сабырлы келеді. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтарда тепе-теңдігі сақталады.

  3. Холерик. Бұл типтің өкілі - тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Күйгелектік сондай адамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы, қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

  4. Меланхолик. Бұл типтің өкілі - психикалық процесстер өте баяу жүреді. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы, үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық, таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик типтегі оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі арта түседі және жақсы нәтиже көруге болады.

Мінекей бұл темперамент түрлеріне берілген сипаттама.

Тұлға қасиетін ажыратудың басты белгісі ретінде адамның дене құрылысының ерекшеліктерін Эдуард Кречмер анықтады. Тұлғаның дене бітіміне орай Э.Кречмер 4 түрлі типологияға бөлді. Осыған орай темпераменттің көп түрлі типологиясы қалыптасты. Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие.  

1. Астеник -.(әлжуаз) адам бойшаң, нәзік денелі, кең иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған, сопақ жүзді, бірақ жүйке жүйесі мен бас миы күшті дамыған.

2. Пикник – (мығым) адам кіші не орта бойлы, етшең, биік кеуделі, қарынды, қысқа мойынды, домалақ басты, көпшіл болып келеді.

3. Атлетик – ірі қарулы денелі, бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, маңғаз адам.

4. Дипластик - дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар, туа біткен дене кемшіліктері бар (мүгедек) адам.

Э.Кречмердің Психофизиологиялық теорияларда тұлға типтерін ажыратудың басты ерекшеліктеріне назар аударылады.

Сонымен, адамның қай типте болмасын өз іс - әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темпераменттерді тәрбиелеуде жеке тұлғаның ерік-жігерін, мінез бітістерін, мінез-эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастыра жүргізген дұрыс. Адамның өзін-өзі ұстай алу қабілеттерінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы көмектеседі.

IV. Жаңа сабақты бекіту: 15 (мин)

  1. Ой қозғау ойыны.

Жаңа тақырыпты жетілдіріп, пысықтау үшін. Ой қозғау ойынымен жалғастырамыз. Ойын мақсаты былай: 4 топтың студенттері келіп мына тұрған талдан 1 жапырақша алады. Сол жапырақшада жазылған темперамент түрлері мен ерекшеліктерін анықтай отырып алдарында берілген ағаш бұтақшаларын безендіреді. Әр топ өз ағаштарын қорғайды. Содан соң топтарға фешкі беріледі.


  1. Ой жалғастыру ойыны. Тақтамен жұмыс. Слайдта берілген сурет бойынша дене құрылысының типологиясына байланысты анытама беріп жазу. Әр топтан бір студент шығып тақтаға жазу. Содан соң топтарға фешкі беру.


  1. 4 топтың студентеріне практика барысында науқастарға мінездеме беру. Сондықтан казір сіздер топтағы 1 оқушыға мінездеме беріледі. Содан соң топтарға фешкі беру.


Қорытынды : Бүгін біз жеке тұлғаның темперамент түрлеріне ерекшеліктеріне, дене құрылымына қарай танып білдік. Сіздер ертең жұмыс барысында кез-келген науқастармен қарым-қатынас жасай отырып, қай типтің тепераменті екенін және дене құрылымына қарай ажырата алатын боласыздар.


Рефлексия - кері байланыс: Бүгінгі сабақтан алған оқушылардың әсерлерін білу үшін көңіл күйлеріне байланысты кестен толтырамыз.


Көңіл күйлеріңіз



Білемін


Мен үшін жаңалық

Білмеймін

Менің ізденістерім







Осы кесте бойынша оқушылардың парақшаларын жинап алып танысып, осымен жұмыстанатын боламын


V. Бағалау: 5 (мин) Студенттерді бағалау ең маңызды бөлімдерінің бірі.

Студенттер сабақ басынан аяғына дейін жинаған сары, қызыл жасыл фешкілері арқылы қорытындылаймыз. Сабаққа белсене қатысып, қойылған сұрақтарға жауап беріп отырған оқушыларды бағалау.


Бағалау парақшасы.



Топ

Үй тапсырмасы


Жаңа сабақ бойынша, ой қозғау

Топтық жұмыс.

Қорытынды

1





2





3





4





VI. Үй тапсырмасы: 2 (мин)

Бүгін біз темперамент және дене бітімінің типологиясы, туралы мағлұмат алдық. Қ.Жарықбаевтың Жалпы психология 42-49 бетке дейін, дәріс № 14 теориялық материял, өзіндік жұмыс.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Жарықбаев Қ. Жалпы психология.- Алматы, 2004.- 377 б.

  2.  Сәбет БАП-БАБА. Жантану негіздері. Алматы Дәнекер 2001

  3. Ә.Алдамұратов. Қызықты нсихология. Алматы. 1992ж.

  4. Т.Тәжібаев. Жалны психология. Алматы. 199 Зж.

  5.  Ж.Аймауытов. Психология. Алматы. 199 5ж.

  6.  Қ.Жарыкпаев. Психология. Алматы. 1993ж.

  7. . С.Немов. Психология. 1-2 кітабы. Москва. 2004ж.







Тапсырма: Анаграммаларды шешу.

1.ТЫМЗССАҰ Жауабы: ұстамсыз (холерик)

2.ПШӨКЛІ Жауабы: көпшіл (сангвеник)

3.АЛЫБСЙДА Жауабы: байсалды (флегматик)

4.ЛЕӨПШЕГКІ Жауабы: өкпелегіш( мелонхолик)



Студенттің аты жөні__________________________________________________

Көңіл күйлеріңіз



Білемін


Мен үшін жаңалық

Білмеймін

Менің ізденістерім














































Студенттің аты жөні ___________________________________________________________


Топ

Үй тапсырмасы


Жаңа сабақ бойынша, ой қозғау

Топтық жұмыс.


Қорытынды

1





2





3





4










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Пәні:                 Психология

Мамандығы:  Мейірбике ісі

Курс:                 2

Дайындаған:  психология пәнінің оқытушысы Еспагамбетова Кунсулу Бишеновна

 

Сабақтың тақырыбы:Темперамент

Сабақтың мақсаттары:     

а).  Білімділік:  Оқушыларға тұлға бойындағы қасиеттер жөнінде, темперамент типтері мен мінез түрлері туралы мағлұмат беру және оқушылардың алған білімдерін  кәсіптік қызмет барысында қолдана білу.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

б). Тәрбиелік: Оқушылардың  өз ойларын жеткізе білуіне, өздігінше жұмыс істеуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып,  адамгершілік сезім ұялатып, тәрбиелік мәнге үйрету.

в). Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін  дамытып,  өмірге  байланысты дұрыс көзқарастарын қалыптастыра отырып  жан-жақты және үйлесімді етіп дамыту.

Сабақтың түрі:  аралас  сабақ, тренинг элементтерімен.

Пәнаралық байланыс: педагогика,жалпы кәсіптік пәндер мен медициналық пәндер

Сабақтың  әдіс - тәсілдері:  түсіндіру, слайд қолдану,   сұрақ-жауап,  Ой қозғау,  Ой сергіту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, кестелер, слайд, үлестірмелі парақшалар.

            Сабақтың жоспары:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі                   ( 3 минут )

а) Психологиялық дайындық

ә) Дәрісхана дайындығы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау             ( 10 минут)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру           ( 10 минут)

IV. Жаңа сабақты бекіту                ( 15 минут )

V.  Бағалау.                                      ( 5 минут )

VI. Үй тапсырмасы.                                  ( 2 минут)

 

 

Сабақтың барысы: Саламатсыздарма! Көңіл-күйлеріңіз қандай жақсыма? Жеке тұлғалы ұстаз ғана жеке тұлғаны қалыптастырады.

Сабақ ұстанымдары:

1.      Ашық болу

2.      Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу

3.      Белсенді болу

4.      Сабақтан ой түйіп қажетін алу.

Студенттер  бүгінгі сабақта берілген сұрақтар өткен тақырыптарды қамти отырып, сіздердің білім, біліктеріңізді тексеруге бағытталады.

Біз откен сабақта тұлғаның қалыптасуын және оның қасиеттерін, мүмкіндіктерін тұлға туралы теориялық тұжырымдамаларға шолу жасадық. Жеке тұлға деп кімді айтамыз жаңа туған нарестені тұлға деп айтамыз ба және тұлғаның қажеттіліктері,  туралы мағлұмат алдық. Сонымен бүгінгі үй 

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров992
Номер материала 525900
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх