Инфоурок / Логопедия / Конспекты / Ашық сабақ жоспары: «Жаңа нұсқадағы «Бауырсақ ертегісі» (4-5 жаста)

Ашық сабақ жоспары: «Жаңа нұсқадағы «Бауырсақ ертегісі» (4-5 жаста)


библиотека
материалов



Іс-әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Балалардың

іс-әрекеті:

Сана сезімге түрткі болатын жетелейтін кезең:

Тәрбиеші: Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
Балалар, сендер ертегі тындағанды жақсы көресіндер ме?

-Ертегілер әлемін қандай деп ойлайсыңдар?

-Ендеше ғажайып ертегілер әлеміне тезірек барайық. Ол үшін мынандай тапсырма орындау керек: мұқият тыңдаңдар «Мен атамнан да қаштым, мен апамнан да қаштым».

-Бұл қандай ертегі?

Дұрыс «Бауырсақ ертегісі»

Бірақ, балалар бұл ертегі жаңа нұсқадағы ертегі.

Балалар муз. залға кіріп орындықтырға отырады зейін қойып тыңдап,.

Жақсы



Жақсы көреміз

Сиқырлы, ғажайып




«Бауырсақ» ертегісі

Іздену – ұйымдастырушы
































Музыка ойнайды: «В гостях у сказки».

Перде ашылып, ата мен апа отырады

Тәрбиеші: Ерте-ерте ертеде бір ата мен апа болыпты. Бір күні атасы апасына дәмді бауырсақ пісіріп берші деп жалыныпты.

-Ата- Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші.

-Апасы -  Неден пісірейін? Ұн жоқ қой! 

-Ата - Қойманың түбін қара бауырсақтық ұн табылып қалар. 
Тәрбиеші:

Кемпірі солай істейді: Апа: Екі уыс ұн таптым.

Қаймаққа шылап қамыр иледім.

Бауырсақты майға пісірдім.

Пісіп шықты, дәмді мынандай бауырсақ?

(Апа қымыл-қозғалыстар жасап балалардың бастарына бауырсақтын кигізеді ).

-Апа: Атасы сізге жиырма бауырсақ пісіріп бердім. Барлығы сүйкімді, дәмді хош иісті болып шықты.

-Ата: Көріп тұрмын. Шынымен олар сүйкімді екен. Оларды жегім де келмей қалды.Барлығымыз бір отбасы болып тұрайық. Шеңберге тұрамыз.

Шаттық шеңбері:

Ертегіге барамыз.

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне мен

Доспын енді сенімен.

-Апа: Атасы, ендеше оларға жер, ел көрсетейік, айналамен таныстырайық.

Ата: Иә, иә, дұрыс айтасын, тезірек жолға шығайық, орман тұрғындарымен танысайық.

Тәрбиеші: Апа мен ата барлық бауырсақтарды жинап жолға шығады.

(Кедергілерден өту).

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Орманға біз барамыз,

Көп қызыққа батамыз.

Аланқайға келіп жетеді: (Аланқайда қоян, қасқыр, аю талысып жатады)

Қоян: мен біріншімін

Қасқыр: мен біріншімін

Аю: мен біріншімін

Ата мен апа бірге: Әй, әй не болды қойыңдар. Неге таласып жатырсыңдар?

Аю: «Бауырсақ» ертегіде бауырсаққа кім бірінші кездескенің білмей тұрмыз, соған таласып қалдық.

Қоян: мен бірінші болғам.

Қасқыр: Біз аю екеуімез бірінші болғамыз

Апа: Тоқтаңдар, бұл мәселені шешуге бауырсақтар көмектеседі, солай ғой, бауырсақтар?

-Аю: сендер көмектесесіндер ме?

Ата: Бауырсақтар, мына суреттерге қарап, айтыңдаршы, кім бірінші, кім екінші, кім үшінші бауырсаққа кездеседі.

Апа – Мына суреттерді рет ретімен қояйық.

Апа: қоянды қай санға тұрғызамыз?

Қоян орысша қалай аталады?

Қоян сөзі қандай дыбыстан басталады?

Қ дыбысы дауысты немесе дауыссыз дыбыс па?

  • Қасқырды қай санға тұрғызамыз?

Қасқыр сөзі қандай дыбыстан басталады?

Қ дыбысы дауссыз ба, даусты ма?

Қасқыр сөзінде неше буын бар? Шапалақпен көрсетеміз.

Қасқырды орысша қалай айтамыз?

Апа:

Аюды қай санға тұрғызамыз?

Аю орысша қалай аталады?

Аю қай дыбыстан басталады?

А - дыбысы дауссыз ба, даусты ма?

Ата: Жарайсындар!Дұрыс!

Қасқыр: Рахмет сендерге, бауырсақтар!

Ата: ендеше барлығымыз қызықты ойын ойнайық.

Қоян: Біз ойын ойнағанды жақсы көреміз.

Дид-ойын: «Аңды суреттеу арқылы тап»

Шарты: Бір бала ортаға шығып теріс қарап тұрады, қалғандары көрсеткен аңды суреттейді. Ортада тұрған бала жауабын айтады.

Ата: Апасы, қарашы біздің бауырсақтарымыз қандай ақылды, тапқыр.

Жарайсыңдар!

Аңдар: Рахмет бауырсақтар, бізбен ойнағандарыңа, көңіліміз көтеріліп қалды.

Біз қайтайық. Сау болыңдар!

Ата; Мен оларды шығарып салайын.

Кемпір, қарашы, мен бір қорап таптым.

Апа: Ашық көрейікші, ішінде не бар?Бауырсақтар, сендердің ақылдарың үшін және мейірімді жүректерін үшін орман ата сендерге ақшақарлар сыйлады.

Кәне айтыңдаршы, ақшақарлар қандай?

Ата: Иә, дұрыс айтасыңдар олар жеңіл. Жел соққанда, олар әдемі би билейді. Біз де билейікші. Менімен бірге айтып қайталайық.

Валеопауза «Ақшақарлар» (баяу муз.).

Белый снег пушистый (руки со снежинками поднимают перед собой)

В воздухе кружится (дети медленно кружатся – 1-2 раза)

И на землю тихо (дети присаживаются)

Падает, ложится… (ложатся).

Ата; Бауырсақтар, біз тақпақты қандай тілде айттық?

Апа: Керемет, қандай әдемі, сиқырлы би болып шықты. Осы ақшақарлар меңің бауырсақтарымда қалса ғой.

Ата: Апасы, қорықпа қалады, қазір біз оларды мына құрсауға әдемілеп байлап қоямыз.

Апа: керемет, қандай ғажап болып шықты!!!

Бауырсақтар сендерге ұнады ма?

Ата:Енді осы ақшақарлармен топтарыңда жиі ойнайсыңдар. Қалай ойнауды мен қазір үйретемін.Мұрынмен ауаны ішке тартамыз ыйықты көтермейміз, ішімізге жел толтырамыз, ауызбен желді шығарып ақшақарларға үрлейміз, олар айналып ұшады.

Ата: Апасы, мынау ойынды дұрыстап жинап қой. Міне, ертегі де аяқталды.

Апа: Не деп тұрсын, қалай аяқталды, біз әлі бір аңды кездестірген жоқпыз ғой.

Ата: Тағы кімді ұмытып кеттік?

Апа: Менің байырсақтарым біледі, олар

көмектесіп жібереді, кім екен ол?

Ата: Иә-ә-ә, дұрыс түлкіні ұмытып кетіппіз ғой.

Апа: Келіңдер оны шақырайық.

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Орманға біз барамыз,

Көп қызыққа батамыз.

Түлкішекті шақырамыз.

Ата: Сыбырлап шықырайық,

Апа қатты шақырайық.

Түлкі келеді.

Түлкі: Естіген жоқпын, естіген жоқпын,

Мені шақырған кімдер ааааа, мен сендерді түскі асыма жетп қоям.ням-ням.

Ата бауырсақтарды қорғап: Тиспе, жеме байырсақтарымды.

Апа: Жарайды, түлкі, сен ондай емессін ғой!

Түлкі: Ал мен қандаймын?

Ата Бауырсақтар, түлкі қандай екенін, жылы сөзбен айтайықшы.

Түлкі: Мені мақтап қуанттыңдар ғой! Жарайды, сендерді жемеймін, бірақ менің тапсырмаларым бар соны орындасаңдар үйлеріне жіберемін.

Апа Бауырсақтар, түлкінің тапсырмасын орындайық па?

Түлкі: Сендерді үш топқа бөлінуді сұраймын.

Апа мен ата бауырсақтарды үш топқа бөледі.

Түлкі бауырсақтарға тапсырма береді;

1 топ- «Ізінен анықта».

2- топ «Кім не жейді?».

3-топ «Кім қайда мекендейді?». муз. суйемелдеу.

Тапсырма орындайды.

Түлкі: кәне, көрейік, қалай тапсырманы орындадыңдар.

Балалар бір-бірінін жұмысын талдайды.

Апа: Міне, түлкі берген тапсырмаңды орындадық.

Ата: Тезірек жібер бізді.

Түлкі: Жарайсыңдар. Сендер сондай ақылды, тапқырсындар. Мен сендерді үйлеріне жіберемін. Сауболыңдар!

Ата; Қайтайықшы, тез болындаршы.

Апа:Келген жолмен қайта қайтады.

Жиналып шеңберге тұрады.

Апа: Шаршап кеттім ғой!

Ата: Ал сендер шаршадыңдар ма?


























Ертегіге барамыз.

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе, міне мен

Доспын енді сенімен








(Кедергілерден өту).

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Орманға біз барамыз,

Көп қызыққа батамыз.














Толық жауап:

Бірінші бауырсаққа қоян кездеседі.

Екінші бауырсаққа қасқыр кездеседі.

Үшінші бауырсаққа аю кездеседі.

Қоянды бір санға тұрғызамыз.

Қоян орысша «заяц» аталады.

[Қ]- дауыссыз дыбыс.


Қасқырды екі санға тұрғызамыз.

Қасқыр орысша «волк» аталады.

Қасқыр сөзі [Қ] дыбыстан басталады.

[Қ]- дауыссыз дыбыс.

Қасқыр сөзінде екі буын бар.


Аюды үш санға тұрғызамыз.

Аю орысша «медведь» аталады.

Аю сөзі [А] дыбыстан басталады





















Әдемі, суық, жеңіл, ақ, жылтыр, нәзік





Белый снег пушистый (руки со снежинками поднимают перед собой)

В воздухе кружится (дети медленно кружатся – 1-2 раза)

И на землю тихо (дети присаживаются)

Падает, ложится… (ложатся).

Орыс тілінде

.



Дид.ойн. жасау

Ақшақарларды құрсауға байлайды.







Барлығымыз үрлейміз.

Тыныс алу жаттығуын орындайды 2-3 рет







Түлкі


Балалар қайталап шақырады.

Сыбырлап:

Бір, екі, үш,

Бір, екі, үш,

Бойға жинап күш.

Орманға біз барамыз,

Көп қызыққа батамыз.

Түлкішекті шақырамыз.

Қатты.








Әдемісін, ақылдысын, қусын, жумсақсын, сарысын,




Иә, орындаймыз.


Үш топқа бөлініп тұрады.















Сауболыңыз






Рефлекстік-нәтиже

Қортынды: Біз қайда бардық, не көрдіқ. Кімді кездестірдіңдер? Сендерге не ұнады?

Тәрбиеші: Сөйтіп олар тату-тәтті өмір сүріпті.

Балалардың жауаптары.


Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Айналамен таныстыру. Қатынас».

Тақырыбы: «Жаңа нұсқадағы «Бауырсақ ертегісі».

 Мақсаты

Білімділік: Балаларға дидактикалық ойындар ойнату арқылы, логикалық ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту. Балалардың білімдерін жаңа ақпараттармен байыту.

2. Дамытушылық: Өздігі мен жұмыс істеуге машықтандыру, ойлау қабілетін, байқампаздығын, сабаққа қызығушылығын арттыра отырып зейінін қалыптастыру.

3. Тәрбиелік: Ауыз әдебиеті (ертегі, жұмбақ, қызықты тақпақтар) арқылы білім мен өмірді байланыстыра, ой еңбегіне бейімдеп адамгершілік қасиеттерге баулу.

Общая информация

Номер материала: 182111

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG