Инфоурок Классному руководителю КонспектыАшық тәрбие сағаты. Болашаққа бағдаршам

Ашық тәрбие сағаты. Болашаққа бағдаршам

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Болашаққа бағдаршам.pptx

Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты. Болашаққа бағдаршам"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Болашаққа бағдаршам

    1 слайд

    Болашаққа бағдаршам

  • Сабақтың мақсаты Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын та...

    2 слайд

    Сабақтың мақсаты Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; Дамытушылық: оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау Тәрбиелік: өмірде өз орнын табуға тәрбиелеу .

  • Әзір ас жоқ дүниеде. Сабақ өзі оқылмайды, Көйлек өзі тоқылмайды, Тұқым өзі се...

    3 слайд

    Әзір ас жоқ дүниеде. Сабақ өзі оқылмайды, Көйлек өзі тоқылмайды, Тұқым өзі себілмейді, Үйлер өзі салынбайды, Кендер өзі табылмайды, Кітап өзі жазылмайды. Барлық істің батыры – біз, Екі қол мен ақылымыз.

  • Тренинг «Мамандық магазині» Магазин- мылтықтың оқшантайы, кез - келген оқушығ...

    4 слайд

    Тренинг «Мамандық магазині» Магазин- мылтықтың оқшантайы, кез - келген оқушыға бір мамандық аталады, келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды. Мысалы: Мұғалім - механик - кондитер т. б, осылайша мылтықтың магазиніндей тоқтамастан мамандық атауларын шатаспай айналдыру

  • Топқа бөлу кезеңі «Бұл не?» тренингі Қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіред...

    5 слайд

    Топқа бөлу кезеңі «Бұл не?» тренингі Қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіреді? Әр балаға суреттер беріледі, сурет бойынша 2 топқа бөлінеді.

  • Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшілік...

    6 слайд

    Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз

  • Эвальд Фридрихович Зеер Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігіні...

    7 слайд

    Эвальд Фридрихович Зеер Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі

  • Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаң...

    8 слайд

    Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады

  • 9 слайд

  • Мамандық дегеніміз не?

    10 слайд

    Мамандық дегеніміз не?

  • Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайынд...

    11 слайд

    Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

  • Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз

    12 слайд

    Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз

  • Мамандық таңдау алғышарттары

    13 слайд

    Мамандық таңдау алғышарттары

  • Мамандық таңдау факторлары

    14 слайд

    Мамандық таңдау факторлары

  • Мамандық таңдаудың формуласы

    15 слайд

    Мамандық таңдаудың формуласы

  • Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.

    16 слайд

    Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.

  • «Мамандықтар классификациясы» Орыс академигі,психолог Климов мамандықтың бірн...

    17 слайд

    «Мамандықтар классификациясы» Орыс академигі,психолог Климов мамандықтың бірнеше классификациясын көрсетті

  • “Мамандықтар тоғысы” “Адам мен адам” және “Адам мен табиғат” мамандықтарына к...

    18 слайд

    “Мамандықтар тоғысы” “Адам мен адам” және “Адам мен табиғат” мамандықтарына көрініс қой.

  • Пікірталас. Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде 1. Мама...

    19 слайд

    Пікірталас. Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде 1. Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады 2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты 3. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек 4. Мамандық таңдау – күн көріс қамы

  • Постер қорғау Гуманитарлық және Жаратылыстану бағыттарындағы мамандықтар сала...

    20 слайд

    Постер қорғау Гуманитарлық және Жаратылыстану бағыттарындағы мамандықтар саласы. Осы мамандықтардың жетістіктері мен қиын тұстары

  • Физика пәні бойынша таңдауға болатын мамандықтар 050109 - Математика (мұғалім...

    21 слайд

    Физика пәні бойынша таңдауға болатын мамандықтар 050109 - Математика (мұғалім) - 74 050110 - Физика - 82 050111 - Информатика 80 050602 - Информатика (программист) - 87 050611 - Астрономия - 76 050702 - Автоматтандыру және басқару - 92 050703 - Ақпараттық жүйелер - 92 050706 - Геология , пайдалы қазбалар кен орындарын барлау - 77 050707 - Тау-кен ісі - 75 050708 - Мұнай-газ ісі - 85 (ҚБУ-86) 050709 - Металлургия - 74 050712 - Машина жасау - 77 050713 - Көлік, көлік техникасы және технологиялары - 83 050714 - Авиациялық техника - 79 050715 - Теңіз техникасы және технологиялары - 60 050717 - Жылу энергетикасы - 81 050718 - Электр энергетикасы - 87 050719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар - 93 050725 - Ағаш өндеу технологиясы - 69 050726 - Жеңіл және тоқу өнеркәсібі - 72 050729 - Құрылыс - 81 050730 - Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру - 78 050731 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі - 85 050732 - Стандарттау, метролгия және сертификаттау - 92 050807 - Орман шаруашылық ісі - 84 050901 - Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру - 92

  • Биология пәні бойынша мамандықтар: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу - 81...

    22 слайд

    Биология пәні бойынша мамандықтар: Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу - 81 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі - 89 Педагогика және психология - 92 Дефектология 84 Психология 91 Биология - 91 Экология - 90 Биотехнологи - 93 Агрономия - 78 Зоотехния Аң өсіру және аңшылық - 74 Балық шаруашылығы - 79 Мейіркештік ісі - 82 Қоғамдық денсаулық сақтау - 85 Ветеринарлық медицина - 79 Ветеринарлық санитария - 81 Қоғамдық денсаулық сақтау 85 Стоматология - 95

  • Химия пәні бойынша мамандықтар 5В011200 - Химия 5В072700 – Азық-түлік өнімдер...

    23 слайд

    Химия пәні бойынша мамандықтар 5В011200 - Химия 5В072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы; 5В072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы(сала бойынша) 5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы 5В072100 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы 5В073700 - Пайдалы қазбаларды байыту 5В074800 - Фармацевтикалық өндіріс технологиясы 5В075300 - Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы 5В110300 - Фармация

  • География пәні бойынша мамандықтар 5B011600 – География 92 (Ауылдық квотамен:...

    24 слайд

    География пәні бойынша мамандықтар 5B011600 – География 92 (Ауылдық квотамен: 91); 5B050600 – Экономика; 5B050700 – Менеджмент; 5B050800 – Есеп және аудит; 5B050900 – Қаржы; 5B051100 – Маркетинг; 5B051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару; 5B061000 – Гидрология 86 (АК: 84); 5B061200 – Метеорология 88 (АК: 85); 5B071100 – Геодезия және картография 91 (АК: 89); 5B090200 – Туризм 93 5B090500 – Әлеуметтік жұмыс 96 (АК: 94); 5B051400 – Қоғамдық байланыс; 5B090300 – Жерге орналастыру; 5B012000 – Кәсіптік оқыту (білім беру);

  • Қазақ әдебиеті пәні бойынша мамандықтар тізімі: 050117 - Қазақ тілі мен әдеби...

    25 слайд

    Қазақ әдебиеті пәні бойынша мамандықтар тізімі: 050117 - Қазақ тілі мен әдебиеті 050418 - Кітапханатану және кітапнама (библиография) 050205 - Филология 050422 - Баспа ісі ps: Басқа да мамандықтар бар, таңдау пәніне қарамайды. Тек қосымша шығармашылық емтихан тапсыру керексің. Журналистика солардың ішіне кіреді. Олар - көбіне өнер, музыкаға байланысты мамандықтар.

  • Шет тілін таңдасаңыз Халықаралық қатынастар 2 шетел тілі (мұғалім) Аударма іс...

    26 слайд

    Шет тілін таңдасаңыз Халықаралық қатынастар 2 шетел тілі (мұғалім) Аударма ісі Халықаралық құқық Аймақтану

  • Дүние жүзі тарихы бойынша мамандық Тарих Философия Социология Мәдениеттеану М...

    27 слайд

    Дүние жүзі тарихы бойынша мамандық Тарих Философия Социология Мәдениеттеану Мұражай ісі Археология және этнология Дінтану Құқықтану және құқық қорғау қызметі Саясаттану Тюркология Юриспруденция Кеден ісі Политология

  • 21 ғасырда ең қажетті мамандықтар 1 Жарнамалауагенті жарнама бағыттарын, түрл...

    28 слайд

    21 ғасырда ең қажетті мамандықтар 1 Жарнамалауагенті жарнама бағыттарын, түрлерін ойлап табады, жарнама хабарландыруларын құрастырады, 2 копирайтер мәтіндер құрастырады, бұқаралық ақпараттармен жұмыс жасайтын маман. 3 Аудитормамандығы еңжоғарғытабыстымамандықтардыңқатарынажатады. Аудиторкомпанияныңқаржылықжағдайынасараптамажасайды,баланстардыңдұрысжасалынуынжәнесалықтардыңдұрыстөленуінтексереді. 4 Маркетолог. Базардатауардыөзкізунемесеқызметкөрсетуістеріменайналысады,сатудыұйымдастырушы,тауарқандай, оныкімпайдаланады,құнықанша,маркетингтікзерттеужасайдыжәнебәсекелестуарлардысараптайды.Нәтижесіндеолтауардыбазардаөткізудіңжоспарынжасайды. 5 Мерчендайзер бөлшектіксаудаөзфирмасыныңтауарларынұсынады.Оныңбастыміндетіөзфирмасыныңтауарыныңсақтықтаболуынқадағалау,дүкендергетауарынжарнамалау,тауардыңбағасынтүзетіпотыру.Сондықтанөзінебекітілгендүкендердіүнеміайналыпөтіп,олардыңжаңдайларынбіліпотырады. 6 Web – дизайнер және Web – бағдарламашы мамандары сайт жасайды 7 жүйелікәкімшілік қызметкөрсетушілердің,компьютерлікжүйеніңқауіпсіздікжұмыстарыменайналысатынқұралдарменбағдарламанықамтамасызетугежауапбереді.

  • Қазақстандағы сұранысы жоғары мамандықтар

    29 слайд

    Қазақстандағы сұранысы жоғары мамандықтар

  • АҚШ- тағы сұранысы жоғары мамандықтар

    30 слайд

    АҚШ- тағы сұранысы жоғары мамандықтар

  • Сергіту сәті

    31 слайд

    Сергіту сәті

  • Жұмбақ жанның жан айқайы Мен мектеп өмірінде өнер адамдарына еліктеп, соларда...

    32 слайд

    Жұмбақ жанның жан айқайы Мен мектеп өмірінде өнер адамдарына еліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Арманым-алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам , сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім. Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойған. Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздер !

  • Сұрақ- жауап : 1-топқа сұрақ 2-топқа сұрақ

    33 слайд

    Сұрақ- жауап : 1-топқа сұрақ 2-топқа сұрақ

  • «Әріпті мамандық»- ойыны Берілген әріптерге сәйкес мамандықтарды үш тілде: қа...

    34 слайд

    «Әріпті мамандық»- ойыны Берілген әріптерге сәйкес мамандықтарды үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ата. тапқан мамандықтардың қыр - сырын айт. І - топ: «П», ІІ - топ: «М»

  • Әлемдегі қызық мамандықтар

    35 слайд

    Әлемдегі қызық мамандықтар

  • Тестік тапсырмалар: Ең ақшасы көп мамандық қандай? а/еден жуушы; ә/мал дәріге...

    36 слайд

    Тестік тапсырмалар: Ең ақшасы көп мамандық қандай? а/еден жуушы; ә/мал дәрігері, орманшы; б / бухгалтер, экономист Ең “жасыл” мамандық қандай? а/ мұғалім, дәрігер; ә/ эколог, бағбан; б/ мұнайшы, ұшқыш Ең “тәтті” мамандық қандай? а/ аспаз, кондитер; ә/ сот, заңгер; б/ шахтер, ғарышкер Ең “күлкілі” мамандық қандай? а/ журналист, зергер; ә/ клоун, крикатурашы; б/ ғарышкер, ұшқыш Ең жауапты мамандық қандай? а/ сот, бухгалтер; ә/ әнші, биші; б/ ұста, шебер Ең салмақты мамандық қандай? Клоун, әзілкеш; ә/мұғалім, заңгер; б/ аспаз, кондитер Ең қарым-қатынасы күшті мамандық қандай? а/ мұнайшы, орманшы; ә/ бағбан, дихан; б/ бизнесмен, кәсіпкер

  • «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау...

    37 слайд

    «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау»

  • Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет,сондықтан біздің болашағымыз да жастар!

    38 слайд

    Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет,сондықтан біздің болашағымыз да жастар!

  • Көк жүзіне алаулы, Міндет емес ай болу. Ең бастысы қалаулы, Кәсібіңе сай болу!

    39 слайд

    Көк жүзіне алаулы, Міндет емес ай болу. Ең бастысы қалаулы, Кәсібіңе сай болу!

  • «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай...

    40 слайд

    «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»

  • Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектеспіз!

    41 слайд

    Егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектеспіз!

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Тәрбие сағатының тақырыбы.docx


Тәрбие сағатының тақырыбы: Болашаққа бағдаршам
Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау
Тәрбиелік: өмірде өз орнын табуға тәрбиелеу .

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, , плакат, слайд көрсету.


Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Әзір ас жоқ дүниеде.

Сабақ өзі оқылмайды,

Көйлек өзі тоқылмайды,

Тұқым өзі себілмейді,

Үйлер өзі салынбайды,

Кендер өзі табылмайды,

Кітап өзі жазылмайды.

... Барлық істің батырыбіз,

Екі қол мен ақылымыз.


Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Болашаққа бағдаршам», яғни сабағымыз мамандық, олардың түрлері, оларды қателеспей таңдау жайында болмақ. Мамандық таңдау - жасөспірімдердің өміріндегі күрделі де маңызды ,қиын да қажетті қадамы. Ол мектеп кезінде, жас шағында орындалады. Дегенмен осы жолда оқушыларға қиын болады: көбісі мамандық түрлерін, олардың қандай талап қоятынын білмейді. Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.
9 - 11 сынып оқушыларының алдында тұрған басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау. Бүгінгі сабақтан әркім нәтиже шығарады деген үміттемін.


II.Тренинг «Мамандық магазині»

Жұмысымды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып, “Мамандық магазині” атты тренинг өткізейік . бұл жерде магазинді дүкен деп ойлап қалмаңыздар, магазин- мылтықтың оқшантайы, осы сияқты қазір кез - келген оқушыға бір мамандықты атаймын , келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.

Мысалы: Мұғалім - механик - кондитер т. Б, осылайша мылтықтың магазиніндей тоқтамастан мамандық атауларын шатаспай айналдырамыз


Топқа бөлу кезеңі

«Бұл кім» тренингі

Қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіреді? Әр балаға суреттер беріледі, сурет бойынша 2 топқа бөлінеді.

1-Гуманитарлық бағыт,

2- жаратылыстану бағыты


III. Негізгі бөлім

Атақты ғұлама Әл – Фараби :

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз,- десе

Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі- деген екен психолог Эвальд Фридрихович Зеер

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.


сонымен, мамандық дегеніміз не?

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық дегеніміз не?

Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі


Пікір бөлісу. Сыныпта кім қандай мамандық иесі болғысы келеді

Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.


Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?

- ата - ананың ақылы

- достарыңның ақылы

-мұғалімнің ақылы

- қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі

- дарының, мүмкіндігің, қабілетің

- жақын аймақтағы оқу орнының болуы

- жалақысының көп болуы


Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:

«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».

ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;

ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;

ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.

Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.


«Мамандықтар классификациясы»

Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:

адам – техника,

адам – адам,

адам – белгі жүйесі,

адам – табиғат,

адам – көркем образ.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.


IV. “Мамандықтар тоғысы” көрініс қою

  • Адам мен адам” және “Адам мен табиғат” мамандықтарына көрініс қой. Бұл екі мамандықтың ұқсас жері- екеуі де объектісін бағып- қағып, күтеді


V.Пікірталас

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

1. Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады

2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

3. Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

4. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

5. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

6. Мамандық таңдау – күн көріс қамы


VI.Постер қорғау

2 топқа плакат беріледі.Тапсырмалары бағытына қарай мамандықтар саласы және оның маңызы. Осы мамандықтың жетістіктері мен қиын тұстарын қатар бейнелеп , әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

«Екі жұлдыз , бір тілек» 2 топтың жұмыстарын бағалау мақсатында бақылаушы топтарға кезек береміз.балалар жаңа постерде өте жақсы қорғап шықты, қай пән таңдағанда қандай мамандық иесі болатынын олар өте жақсы меңгерген.


VII.Таңдау пәні және мамандықтар тізімі

Қане тағы да шолу жасайық


Физика

Биология

Химия

Әдебиет



VIII. Жап- жаңа мамандықтар

Қазір 21 ғасырда мамандықтар қатарына біз бұрын соңды естімеген атаулар қосылып жатыр, және осы мамандықтар өте жоғары сұранысқа ие.

видеоролик


IX.Жұмбақ жан- бізге кейіпкеріміз хат жолдапты .

Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптардың өзінде- ақ өнер адамдарына ліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Өнер десе ішкен асымды жерге қойып , өнер адамдарын пір тұттым. « Өнерліге өріс кең»,- дегендей ең бірінші ұстанған бағытым өнер әлеміне қанат қағу, өрлеп ұшу , алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам , сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім.

Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай.

Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалады өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы , мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір- түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздер !


Сұрақ- жауап :

1. топқа сұрақ :Әлі де өткен іске өкінбей өзім қалаған мамандық иесі бола аламын ба?

2. топқа сұрақ : Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

«Екі жұлдыз , бір тілек» үш топтың жұмыстарын бағалау мақсатында бақылаушы топтарға кезек береміз.


X.«Әріпті мамандық»- ойыны. Әр топқа бір әріптен беріледі. сол әріптерге сәйкес мамандықтарды (үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) атап, қысқаша мағлұмат береді. Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр - сырын айту керек.
І - топ: «П», ІІ - топ: «М»,






XI. Тестік тапсырмалар:

Ең ақшасы көп мамандық қандай?

а/еден жуушы; ә/мал дәрігері, орманшы; б/ бухгалтер, экономист

Ең “жасыл” мамандық қандай?

а/ мұғалім, дәрігер; ә/ эколог, бағбан; б/ мұнайшы, ұшқыш

Ең “тәтті” мамандық қандай?

а/ аспаз, кондитер; ә/ сот, заңгер; б/ шахтер, ғарышкер

Ең “күлкілі” мамандық қандай?

а/ журналист, зергер; ә/ клоун, крикатурашы; б/ ғарышкер, ұшқыш

Ең жауапты мамандық қандай?

а/ сот, бухгалтер; ә/ әнші, биші; б/ ұста, шебер

Ең салмақты мамандық қандай?

Клоун, әзілкеш; ә/мұғалім, заңгер; б/ аспаз, кондитер

Ең қарым-қатынасы күшті мамандық қандай?

а/ мұнайшы, орманшы; ә/ бағбан, дихан; б/ бизнесмен, кәсіпкер

XII. Қорытынды

«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі сабақ сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет,сондықтан біздің болашағымыз да жастар”,- деп тегіннен-тегін айтқан жоқ.Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек!

Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу!
Ж. Аймауытов айтқандай
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» десек, егеменді еліміздің ертеңі — маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!












Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп «ММ»

«Жас мамандар» апталығы
















Тәрбие сағаты

«Болашаққа бағдаршам»




Өткізген: ағылшын тілі мұғалімі

Майлыбаева Г















Бейнеу- 2015

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты. Болашаққа бағдаршам"

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәрбиесағатыныңтақырыбы: Болашаққа бағдаршам
Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау
Тәрбиелік: өмірде өз орнын табуға тәрбиелеу .

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, , плакат, слайд көрсету.


Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Әзір ас жоқ дүниеде.

Сабақ өзі оқылмайды,

Көйлек өзі тоқылмайды,

Тұқым өзі себілмейді,

Үйлер өзі салынбайды,

Кендерөзітабылмайды,

Кітапөзіжазылмайды.

... Барлықістіңбатырыбіз,

Екіқолменақылымыз.

 

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Болашаққа бағдаршам», яғни сабағымыз мамандық, олардың түрлері, оларды қателеспей таңдау жайында болмақ. Мамандық таңдау - жасөспірімдердің өміріндегі күрделі де маңызды ,қиын да қажетті қадамы. Ол мектеп кезінде, жас шағында орындалады. Дегенмен осы жолда оқушыларға қиын болады: көбісі мамандық түрлерін, олардың қандай талап қоятынын білмейді. Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.
9 - 11 сынып оқушыларының алдында тұрған басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау. Бүгінгі сабақтан әркім нәтиже шығарады деген үміттемін.

 

II.Тренинг «Мамандық магазині»

Жұмысымды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберге жиналып, “Мамандық магазині” атты тренинг өткізейік . бұл жерде магазинді дүкен деп ойлап қалмаңыздар, магазин- мылтықтың оқшантайы, осы сияқты  қазір кез - келген оқушыға бір мамандықты атаймын , келесі оқушы жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.

Мысалы: Мұғалім - механик - кондитер т. Б, осылайша мылтықтың магазиніндей тоқтамастан мамандық атауларын шатаспай айналдырамыз

 

Топқа бөлу кезеңі

«Бұл кім» тренингі

Қалай ойлайсыңдар, бұларды не біріктіреді? Әр балаға суреттер беріледі, сурет бойынша 2 топқа бөлінеді.

1-Гуманитарлық бағыт,

2- жаратылыстану бағыты

 

III. Негізгі бөлім

Атақты ғұлама Әл – Фараби :

Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз,- десе

Мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі- деген екен психолог Эвальд Фридрихович Зеер

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.


сонымен, мамандық дегеніміз не?

Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық дегеніміз не?

Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі

 

 Пікір бөлісу. Сыныпта кім қандай мамандық иесі болғысы келеді

Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау.. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі.

 

Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді?

- ата - ананың ақылы

- достарыңның ақылы

-мұғалімнің ақылы

- қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі

- дарының, мүмкіндігің, қабілетің

- жақын аймақтағы оқу орнының болуы

- жалақысының көп болуы

 

Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:

«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».

ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;

ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;

ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.

Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.

 

«Мамандықтар классификациясы»

Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:

• адам – техника,

• адам – адам,

• адам – белгі жүйесі,

• адам – табиғат,

• адам – көркем образ.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.

Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

 

IV.“Мамандықтар тоғысы”көрініс қою

§      “Адам мен адам” және “Адам мен табиғат”  мамандықтарына көрініс қой. Бұл екі мамандықтың ұқсас жері- екеуі де объектісін бағып- қағып, күтеді

 

V.Пікірталас

Өзің келіспейтін тұжырымдарды таңдап алып, ойыңды дәлелде

1. Мамандық бір - ақ рет біржола таңдалады

2. Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

3. Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

4. Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

5. Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

6. Мамандық таңдау – күн көріс қамы

 

VI.Постерқорғау

 2 топқа плакат беріледі.Тапсырмалары бағытына қарай мамандықтар саласы және оның маңызы. Осы мамандықтың жетістіктері мен қиын тұстарын қатар бейнелеп , әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

«Екі жұлдыз , бір тілек» 2 топтың жұмыстарын бағалау мақсатында бақылаушы топтарға кезек береміз.балалар жаңа постерде өте жақсы қорғап шықты, қай пән таңдағанда қандай мамандық иесі болатынын олар өте жақсы меңгерген.

 

VII.Таңдау пәні және мамандықтар тізімі

  Қане тағы да шолу жасайық


Физика

Биология

Химия

Әдебиет

 


VIII. Жап- жаңа мамандықтар

Қазір 21 ғасырда мамандықтар қатарына біз бұрын соңды естімеген атаулар қосылып жатыр, және осы мамандықтар өте жоғары сұранысқа ие.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 290 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2015 5195
    • RAR 3.5 мбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есболова Шайза Шадиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Есболова Шайза Шадиевна
    Есболова Шайза Шадиевна
    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 14700
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 12 регионов

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов