987731
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокКлассному руководителюДругие методич. материалыАшық тәрбие сағаты Құқықтық сауаттылық - заман талабы

Ашық тәрбие сағаты Құқықтық сауаттылық - заман талабы

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Тақырыбы: Құқықтық сауаттылық- заман талабы

Құзыреттілікке жеткізетін шараның мақсат-міндеттері:

а) Ақпараттық құзыреттілік: Қазақстан Республикасының

Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу, заң саласынан ақпарат беру

ә)Коммуникативтік: Конституцияны т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, заң негіздерін білу.

б)Проблеманы шешу:

-Оқушылардың ойлау,тыңдау,сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту. Инспектормен құқықтық талаптар туралы мағұлматтар алу.

Түрі: сайыс түрінде.


Барысы.

Ұйымдастыру

а)Мемлекеттік әнұранды орындау.

ә)Студенттерді екі топқа бөлу: I топ “Әділет”, II топ “Ақиқат”

б)Әділқазылар алқасын тағайындау.

в)Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру.


Негізгі бөлім:

1.Таныстыру

2 «Бәйге» сұраққа жауап беру

3. «Кім тапқыр» ( хронологиялық кестемен жұмыс)

4. «Ой талқы » әр топ ой-тұжырымдарын білдіреді.

5. «Тіл өнері» заңды мақал-мәтелдерді аяқтап сөзді орысшаға аударады.

6.Үй жұмысы «Көрініс».

Кіріспе сөзбен мұғалім ашады.


1-жүргізуші :

Туған жерім күн санап әсемденіп,

Көз тартады көркімен әсер беріп.

Ата заңым елімнің мақтанышы ,

Бірге есейген халқыммен бекемденіп.


2- жүргізуші :

Жаса мәңгі тәуелсіз арысты елім,

Ата заңмен әрқашан табысты едің.

Соның бәрін дамытып кең даламда,

Болашағың болсын тек Барыс сенің!

1-жүргізуші :

Құрметті қонақтар,ұстаздар,студенттер!

Мемлекетіміздің ата заңының 1-бабында “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды.Оның басты қазынасы-адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары ” деген қастерлі сөзді кіргізген.Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс.Заңды аттамай,тура жолмен жүріп,еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.Сондықтан заңды білу-заман талабы.“Құқықтық сауаттылық-заман талабы”айдарымен ұйымдастырылған жолдастық кездесуімізге қош келдіңіздер!



2-жүргізуші : I-бөлім “Таныстыру”

1-жүргізуші :

II-бөлім “Бәйге сұраққа- жауап беру”

Әділет” тобының сұрақтары :

1)Балалар құқы туралы конвенция қашан,қайда қабылданған ? (1989 ж. 20 қараша Б.Ұ.Ұ. бас Ассамблиясының 47-сессиясында.)

2)ҚР мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы. (Халық)

3)Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)

4)Егемендік алғаннан кейін ҚР-да конституция қанша рет қабылданды? (2 рет 1993 жылы 28-қаңтар,1995 жылы 30-тамыз)

5) Республикадағы жоғарғы заң шығарушы органды ата. (Парламент)

6)Қылмысты санаттарына қарай қалай бөлеміз? (Онша ауыр емес,ауырлығы орташа,ауыр қылмыс және ерекше ауыр қылмыс.)

7)ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық,зайырлы,құқықтық,әлеуметтік)

8)Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын,жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)

9)ҚР конституциясы неше бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім,98 бап)

10) 17-желтоқсан қандай күн? (Демократиялық жаңару күні)

«Ақиқат» тобының студенттері сұрақтарға жауап беруде

2-жүргізуші :

Ақиқат” тобының сұрақтары

1)Еліміздегі мемлекеттік тіл. (Қазақ тілі)

2)ҚР “Баланың құқықтары туралы заң” қай жылы күшіне енді? (2002 жылы 8-тамыз)

3)ҚР-ның Жоғарғы сотының төрағасы кім?( Қайрат Мәми )

4)Құқық қорғау органдарын ата . ( сот, прокуратура , ішкі істер органдары, ) 5)Конституцияның екінші бөлімі қалай аталады ? ( Адам және азамат) 6)ҚР-ның “Мемлекеттік нышандары” туралы заңы қай жылы қабылданды? (1992 жылы 4-маусым)

7)ҚР-дағы “Бала құқықтары” туралы заң қанша тараудан тұрады? (10 тарау,53 бап)

8) Баланың пікірі ескерілетін жас неше жас ? (10 жас )

9)Парламент палаталарын атаңдар ? ( Сенат, Мәжіліс) 10)ҚР-ның жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 6-қаңтар).

1-жүргізуші : Ата заңның отызыншы бабында әрбір Қазақстан азаматына тегін орта білім алуға кепілдік берілген .Қазақстанның болашағы –білімді жастар .


2-жүргізуіші: Конституцияның 36-бабында Қазақстан Республикасын қорғау –оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті делінген . Қазақстан Республикасы -өз азаматының туған жері ,Отаны болып табылады Келесі сайысымыз « Кім тапқыр» (хронологиялық кестемен жұмыс) Экранда шыққан жылда қандай елімізде оқиға болғандығын табу керек .

1-жүргізуші : Жылдарды атап тұрады.

( 1991ж 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні)

1992ж 2 наурыз –БҰҰ-на мүше ел болды.

1993 15 қараша –Ұлттық теңге қабылданды.

1997ж-2030жылға дейінгі ұзақ мерзімдік стратегиялық даму бағдарламасы қабылданды.

2007ж 21 мамыр -ҚР Конституциясына өзгерістер енгізілді.

1-жүргізуіші:

1990ж 25 қазан –Егемендік Декларациясы қабылданды .

1992ж 8мамыр - Қазақстан Республикасының Ұланы құрылды.

1992ж Қыркүйек-қазан- Дүниежүзі қазақтарының 1-Құрылтайы болды.

1993ж 28 қаңтар- Тұңғыш Конститутция қабылданды.

1997ж 10 желтоқсан –Ел астанасы Ақмолаға көшірілді.


2-жүргізуіші:Еліміздің Конститутциясы адамның құқықтары, бостандықтары , қадір –қасиеттерінің гуманистік тұжырымдамасы және қоғамның даму деңгейіне сәйкес келетін әділетті заң жиынтығы болып табылады.

1-жүргізуші : Көп оқыған , білгені мол адам ғана намысқор , әділетті , айбынды қоғам қайраткері бола алады .Яғни қоғам тағдыры , мемлекет тағдыры білімді ұрпақ өздеріңнің қолдарыңда . Сонымен , келесі кезең « Ой талқы» топ басшылар сайысы

1-топқа : Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек ?

2- топқа: Жастарды қылмысқа итермелейтін не? ( 3 минут беріледі)


2-жүргізуіші : Бүгін біз тәуелсіз ел деп Отанымыздың иесі,ана тіліміздің киелі болып,ата-тарихымыздың жүйелі болуын айтамыз.Осы ордамызға қонған құт-берекден айырылмай,ұлт пен ұлыстар арасы ынтымақта болса ғана қолға қонған бақыт құсы-тәуелсіздігімізді сақтай аламыз.

1- жүргізуіші : Орыс тілін түсінемін,білемін,

Шет тілін де хаттап оқып жүремін .

Ата-бабам қастерлеген жанындай,

Ата тілім менің нағыз жүрегім.

1-жүргізуіші :

Келесі кезең тіл өнер.

Мақал айтылады,ішінен бір сөз,яғни құқықтық,заң терминдері жасырылады.

1.Бір қазанға екі......жоқ.(жаза-наказание-)

2.Куәсіз істі күмән табар,куәлі істі......табар.(куә-свидетель-)

3.Мен...қылған күні ай жарық болды.(ұрлық-кража-)

4.Би екеу болса.....төртеу.(дау-спор-)

5.Әр елдің.....басқа,иттері қара қасқа.(заң-закон-)

2- жүргізуіші :

1.Елшіге.....жоқ.(өлім-смерть-)

2.Тақыр жерге су төксең,жүруге тайғақ болар,жаманға сырыңды айтсаң,тар жерде.....болар.(Айғақ-доказательство-)

3.Ата-ананың қадірін,балалы болғанда білесің,анық достың қадірін......болғанда білесің.(жала-клевета-)

4.У ішкен бір өледі,........ішкен мың өледі.(ант-клятва-)

5.Қыдырып ішкен көженің кенеуі жоқ,қыдырып айтқан.......керегі жоқ.(билік-власть)

1-жүргізуіші :

Келесі кезең үй жұмысы . Құқ бұзушылық және оның алдын алу шараларынан көрініс көрсету.

Әділқазыларға сөз беру.

Жүргізуіші : Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық ұста!

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба арына!-дей келіп бүгінгі жолдастық кездесуіміздің әділ бағасын әділ қазыларымызға береміз.




















Тақырыбы:

«Құқықтық сауаттылық- заман талабы»















Өткізген : Р.С Аққожина







Краткое описание документа:

Тақырыбы: Құқықтық сауаттылық- заман талабы

Құзыреттілікке жеткізетін шараның мақсат-міндеттері:

 а) Ақпараттық құзыреттілік: Қазақстан Республикасының

Оқушылардың  құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу, заң саласынан ақпарат беру

ә)Коммуникативтік:  Конституцияны т.б. құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу, заң негіздерін білу.

б)Проблеманы шешу:

-Оқушылардың ойлау,тыңдау,сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту. Инспектормен құқықтық талаптар туралы мағұлматтар алу.

Түрі: сайыс түрінде.

 

                                                                   Барысы.   

Ұйымдастыру

а)Мемлекеттік әнұранды орындау.

ә)Студенттерді екі топқа бөлу: I топ “Әділет”, II топ “Ақиқат”

б)Әділқазылар алқасын тағайындау.

в)Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру.

 

Негізгі бөлім:

1.Таныстыру

2 «Бәйге» сұраққа жауап беру

3. «Кім тапқыр» ( хронологиялық кестемен жұмыс)

4. «Ой талқы » әр топ ой-тұжырымдарын білдіреді.

5. «Тіл өнері» заңды мақал-мәтелдерді аяқтап сөзді  орысшаға аударады. 

6.Үй жұмысы  «Көрініс».

 

Кіріспе сөзбен мұғалім ашады. 

Общая информация

Номер материала: 386701

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС второго поколения»
Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс профессиональной переподготовки «Организационно-педагогическая деятельность в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Скрайбинг и веб-квест как инновационные образовательные технологии в условиях реализации ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Целеполагание как основа современного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Экзаменационный стресс как частая проблема педагогов и учащихся и пути ее решения»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.