Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физкультура / Рабочие программы / Асық - Ұлттық ойыны

Асық - Ұлттық ойыны


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Физкультура

Поделитесь материалом с коллегами:

Ашық сабақ

Пәні : Дене тәрбиесі.

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық ойындар»

Сынып 2б

Сабақтың мақсаты: а) теориялық ойын түрлерін, мазмұнын ережелерін меңгерту.

ә) жетілдіру, өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттілігін жетілдіру. б) ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.

Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: жеке және жалпы жұмыс жасау, жан-жақты түсіндіру.

Құрал-жабдықтар: Ысқырық, доптар, арқан ,т.б

Сабақтың мазмұны: Дайындық кезең.

1.Оқушыларды сапқа тұрғызу. 10 минут. Спорттық киімдеріне назар аудару,

2 .Рапорт қабылдау. Оқушыларды түгендеу . Бұрылу жаттығулары. 3. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары. Жалпы дамыту жаттығулары. Жүгіру, жүру жаттығулар. Дем шығару, дем алу жаттығулары, Оң және сол жақ бүйірмен жүгіру,жартылай отырып жүру,секіру. Орында орындалатын жаттығулар.

Негізгі кезең.

Асық ойыны «Тас қала». Ойын ережесі: Ойынға қатысушыларға шек қойылмайды. Олар тегіс жерді таңдап алып шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Сонан соң асық тігілген жерден ойынға қатысушылардың жас ерекшелеріне орай көн белгіленеді. Оның қашықтығы 7-8 метрден кем болмайды. Ойынды бірінші болып бастайтын ойыншыны анықтау үшін сақаларын иіреді. Кімнің сақасы алшы түссе ойынды сол бастап, қалғандары да осы тәртіппен өз кезектерін алады. Алшы бірінші, тәйке екінші, бүге үшінші, шіге төртінші. Егер ойыншының асығы омпа түссе, онда ол алшыдан жоғары болып есептеледі де бірінші орынды .алады. Егер де екі не үш адамның асығы бірдей не алшы не бүк ,не шік түссе, онда сақалар қайта иіріледі. Атушы «Тас қалаға» сақасын дәл тигізіп, бір асықты шнңберден шығарса, ойынды жалғастырып, сақасы түскен жерден қайта атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Егер бірінші атушы тигізе алмаса, онда екінші ойыншы атады.Егер атқан ойыншы «Тас қаланы» бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып «Тас қаланы»қайта тұрғызады Қалған ойышыларды бұзылған» «Тас қаланының» бытырап жатқан қалдықтарын атып алады Көнде жатқан асықтар түгелдей біткен соң, ойын қайта басталады.

Хан талапай. Ойын ережесі: Асықпен ойналатын ойынның бір түрі- «Хан талапай».Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды, Ойын жүргізушінің қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді.Отырғандар тез-тез жиылып алулары керек.Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Сақина жасыру. Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Ойыншылар дөңелене отырады . Жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына.қолын кіргізіп, сақинаны біріне қалдырады. Сақина кім де-деп сұрайды. Осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаны кімде екенін табу керек. Егер кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады. Таба алмаса ол өлең айтып, би билеп,т.б өнер көрсетеді де өз қызыметін қайтадан атқарады. Қорытынды кезең. Сабақты қортындылау- 5минут

Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру. Толық сапқа тұруларын қадағалау.

Үйге тапсырма беру, оқушыларды бағалау.Бір саппен спорт алаңнан залдан шығару.









Орындаған: Жакишбекова Айсулу Газымбековна.

Абай мектеп лицейі

25.02.2006




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Физкультура
Подраздел Рабочие программы
Просмотров161
Номер материала ДВ-484018
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх