Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / АСЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ПАЙДАСЫ("Ғылыми жоба" 4класс)

АСЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ПАЙДАСЫ("Ғылыми жоба" 4класс)

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ


68 МЕКТЕП- ИНТЕРНАТ- БАЛАБАҚША КЕШЕНІ










АСЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ПАЙДАСЫ


(Экология, валеология бағыты)









Орындаушы: Тлеутай Аслан Дәулетиярұлы

3б сынып оқушысы, №68 МИББ кешені, Қарағанды қаласы.


Жұмыстың жетекшісі: Бажиева Гулмира Алпысбаевна

бастауыш сынып мұғалімі, №68 МИББ кешені, Қарағанды қаласы.













Қарағанды - 2013ж



Ғылыми жобаның мазмұны


Кіріспе

Ұлттық ойындардың шығу тарихы............................................................... 1


1.Негізгі бөлім

1.1.Асық ойындарының түрлері.............................................................. 3


1.2.Асық ойындарының пайдасы............................................................ 6


Қорытынды.................................................................................................... 7


Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................... 8


































Ғылыми жобаның мақсаты – асық ойындарының шығу тарихын зерттеу, қазіргі күнде жастар санасын улап жатқан түрлі интернет ойындарына қарағанда асық ойындарының жас ұрпақтың дамуы үшін аса пайдалы екендігін насихаттау; ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, сақтай білуге үндеу.


Ғылыми жобаның міндеттері – асық ойындарының шығу тарихын зерттеу арқылы тарихымызбен таныстыру; асық ойындарының денсаулық үшін пайдасы көп екендігін ғылыми тұрғыда дәлелдеу.


Ғылыми жобаның өзектілігі – асық ойындары түрлерінің балалардың даму үрдісінде аса пайдалы екендігін ғылыми тұрғыда тұжырымдау.


Кіріспе



Ұлттық ойындардың шығу тарихы


Еліміз ел болып елдігін алған тұста ұлттық құндылықтарымызбен де қайта қауыша бастадық. Солардың бірі – ұлттық ойындарымыз.

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.
Ахмет Жүнісовтың айтуынша: «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен».

Ойынның түрлері өте көп. Ол жан-жануарлар, түрлі құбылыстарға байланысты ойындар немесе түрлі заттармен ойналатын ойындар деп бірнеше түрге жіктеле береді. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ,

-1-

батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу



көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік. Осының ішінде біздің қарастыратынымыз да – асық ойындары. Асық ойындары қазақтың мал шаруашылыығына байланысты өте ерте заманнан бері ұлттық ойын ретінде сіңісті болып кеткен. Төменде қарастыратын негізгі бөлім тарауларында біз асық ойындарының кең тараған түрлері мен олардың пайдасына тоқталамыз.

































-2-

Негізгі бөлім

1.1. Асық ойынының түрлері

Асық ойындары негізінен екіге бөлінеді: далада ойнайтын және үй ішіндегі ойындар. Дала ойындарына негізінен асықта сақамен алыстан атып ойнайтын түрлері жатады. Асық ойындарының түрлері өте көп. Олар: шыр, шеңбер, үш табан, арқаласпақ, әйзік, атқақпыл, шығу, төрт асық, омпы, сасыр, алшы, қақпақыл, бес асық (бес тас), хан, ханталапай, қора, құмар, таған, бүк-шік, иірмекіл, жемекіл және т.б.

Осылардың ішінен халық арасында кең тараған түрлеріне тоқталып өтейік. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. «Алшы ойынын» ойнаушыларға шек қойылмайды. Ойын басталар алдында, ойын жүргізуші, барлығының сақаларын жинап алып, ойында әркімнің кезегін белгілеу үшін, яғни, кімнен кейін кім асық ату керектігін анықтау үшін, сақаларды иіреді. Иірген кезде кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе одан кейін асық ататын болады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Енді бірде асық атқан кезде сақасы алшы түсіп, асық кез келген жағында жатса да асықты алады, тағы атады, ал сақа мен асық екеуі екі түрлі түссе, онда алмайды. Ол атуды тоқтатып, кезекті келесі ойыншыға береді. Екінші ойыншы өз кезегінде сақасын иірген кезде тәйке түссе, онда өзінен кейін кезекте тұрған ойыншы көмбеде тұрып оның тәйке түскен сақасын атады, тигізсе, сақа иесі ойыннан шығып қалады, тигізе алмаса, өзі ойыннан шығады. Кезек алу үшін сақаларын иірген кезде бүк, шік түскен ойыншылар өз кезектерімен көнге тігілген асықты ата береді. Осы ретпен көндегі асықты атып тауысқанға дейін ойнайды да, асықтарын қайта тігіп, ойынды жалғастыра береді.

Асық ойынының бір түрін «Омпа» деп атайды. Бұл ойынды көбінесе бозбалалар ойнайды. Оны таза ауада алаңда, не үлкен бөлмелерде ойнауға болады. Ойнаушылардың санына шек қойылмайды. Ойынның мақсаты — асық ұту. Ойнаушылар арасы 20 қадам екі көн сызады да біріншісіне төрт бұрыш жасайды (оның көлемі өзара келісіледі) дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өздерінің асықтарын тігеді. Тігілген асықтардың ортасына бір асық мұртынан «Омпа» тұрғызады. Ойнаушылар екінші белгіленген жерден бірінің артына бірі тұрып әркімнің өз кезектері бойынша, қолдарыңдағы сақаларымен «омпаны» ата бастайды. Егер кімде-кім омпаға тигізсе және оны төрт бұрыштың шетіне шығарса, онда көндегі асықты түгел алады. Ал омпаға тимей, жанындағы асықтарға тисе, оны да төрт бұрыштың шетіне шығара алса, онда сол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, көнге асық қайтадан тігіліп отырылады. Ойын жалғаса береді.


-3-

Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Ханталапай». Балалар бұл ойынды үлкендердің басшылығымен ойнайды. Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты — балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда саңтау қабілеттерін жетілдіру.

hello_html_36963bc1.jpg
hello_html_m33cb44e5.jpg


hello_html_7d14577f.jpg





-4-

hello_html_1adcb420.jpg

АЛШЫ


hello_html_3d6fc9df.jpg

ШІК

hello_html_m3dab05a3.jpg

БҮК


hello_html_649f814f.jpg

ТӘЙКЕ

hello_html_m43d4e32d.jpg



-5-

1.2. Асық ойындарының пайдасы


БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы оқу-спорт және туризм жұмыстары жөніндегі бөлімінің бастығы Тұрарбек Бекарыстановтың айтуынша, асық ойыны көздiң көру қабiлетiн және қолдың ептiлiгiн арттырады.  Асықтың атып ойнайтын түрі үнемі қимыл-қозғалысты қажет ететіндіктен, денені қыздырып, бойдағы қан айналымын жақсартады. Ойын барысында үнемі отырып-тұру, жүрелей отыру, тізені бүгу, созыла түсіп, көздеп ату және тағы басқа дене қимылдары жас балалардың денесін шынықтырып, аяқ-қолдағы буын ауруларының алдын алады. Сондай-ақ асық  ойынындағы алыстан көздеп ату тәсілі баланы жастайынан мергендікке үйретеді. Асық ойыны арқылы кішкентайынан мергендікке баулынған қазақ жауынгерлері садақ тартудан да, найза лақтырудан да алдарына жан салмаған. «Осындай ерекшеліктері бар асық ойыны ұлттық ойындар құрамына енуге әбден лайық. Шындап қолға алса,  бұл ойынды қазақтың кез келген баласы тез меңгеріп кетеді. Денсаулыққа зиянын тигізетін компьютерден гөрі, таза ауада ойналатын қимыл-қозғалысқа толы асық ойыны балалар үшін әлдеқайда пайдалы. Асық ойнап үйренген бала қазіргі балалардай компьютер алдында күн ұзақ көз майын тауысып отырып алмайды. Асық шахмат пен тоғызқұмалақ секілді арнайы алаңды қажет етпейді. Бұл ойын – нағыз бұқаралық спорт түрі» – дейді Тұрарбек Жарасбайұлы.

Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Атқа қарғып мініп садақ ататын қазақ жігіттерін бүгінгі таңда мүлде кездестірмейміз. Жастайынан дәлдеп сақа атып, көз жанарын мергендікке баулымаған балалардан әрине мұндайды күтудің өзі артық болар. Дегенмен, ештен кеш жақсы дегендей бүгіннен бастап асық ойындарын арнайы балалар спорты деп қабылдап, мектептерге пән ретінде енгізсек қазақ балалары үшін үлкен жақсылықтың алды болар еді.





















-6-

Қорытынды

Сөзімізді қорытындылай келе, ұлттық ойындарымыз жайлы біраз ойларды ортаға сала кетуді жөн көрдік. Ұлт ретінде әлемге танылу үшін қай кезде де ұлттық құндылықтарымызды сақтай білуіміз қажет. Осы ретте техника дәуірі тасасында қалып тұрған ұлттық ойындарымызды қайта жаңғыртып, насихаттай білсек нұр үстіне нұр болар еді.

Бұрындары ата-бабаларымыз «асық ойнаған – азар» деп балаларын тек еңбекке баулуды ғана мақсат еткен. Қайдан білсін, ғасырлар өте сол ұлттық құндылықтарымызбен жылап көрісетінімзді. Жастар санасын улаған түрлі интернет ойындарының оларды жақсылықтан гөрі жамандыққа көбірек итермелейтінін айтып та, жазып та жатыр. Жасөспірімдер арасындағы түрлі қылмыстардың көбейіп бара жатқандығы да осыдан болар.

Менің ғылыми жобаны жазуда алдыма қойған мақсатымның өзі де сол ұлттық құндылығымыздың бірі де бірегейі – асық ойындарының пайдасын насихаттау болатын. Бүгінгі таңда адам үшін де, қоғам үшін де пайдасы мол бұл пікірлер тыңдай білген адамның құлағына жетер деп ойлаймын.































-7-

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. А.Жүнісов. «Фәниден бақиға дейін». Алматы, «Қайнар» 1994.

  2. Сағындықов Е. С. Қазақтың ұлттық ойындары. Алматы,«Рауан» 1991

  3. Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева «Мәдениеттану». Алматы, «Қаржы-Қаражат» 2003









































-8-

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров861
Номер материала ДВ-136880
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх