Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚасиетті көк байрағы елімнің

Қасиетті көк байрағы елімнің

Скачать материал

           Тақырыбы: Қасиетті көк байрағы елімнің.

   Мақсаты: Әрбір оқушыны еліміздің көк байрағын құрметтеуге, қорғауға, елімізге деген мақтаныш сезімін туғызуға тәрбиелеу.

   Әдісі: Пікір талас, сұрақ-жауап.

   Көрнектілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары, қыран бейнесі, ою-өрнектер, бүктемелер, газеттер шығару, бейне таспа.

   Кіріспе: (сабақтың өту кезеңдері айтылады)

   Мұғалім: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде өзінің елтаңбасы мен әнұранын, туы мен жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, оны қастерлей білуін талап етеді. Көк байрақ-туымыз – халқымыздың қасиетті, киелі белгісі. Ертеден-ақ халқымыз көк байрағы көтерілгенде «уа, аруақ, қолда!» деп, туды елдің, аруақтың киелі белгісі деп таныған. Сол көк байрақ астында батырлар сан рет жеңістерге жетіп, кең даласын, кемелді елін басқыншылардан қорғап қалған, оны өздерің білесіңдер.

   Негізгі бөлім.

   Мұғалім: Енді, балалар көк байрақтың жетілдірілген соңғы бейнесіне көңіл бөлейік. (тақтада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы ілулі тұрады). Бәйгеден озып шыққан бұл Тудың авторы – еліміздегі дизайнерлік өнердің іргетасын қалаушылардың бірі, Чехословакияда өткізілген (1961ж.) Халықаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.

   Ал, балалар ту туралы өздерің не білесіңдер?

   1-оқушы: Бәрі болған қазақ деген көне елде,

   Ел белгі де, ерлік, өнер де.

   Жаhандағы ең жауынгер халықта,

   Кім сенеді,

   Ту болмады дегенге?! – деп ақын Абзал Бекенов ағамыз айтқандай, 1992 жылы 4 маусымда Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқн тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін», - деген ағамыз.

   2-оқушы: Туымыздың көк теңбіл-аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді, тудың ортасындағы алтын күн – халқымыздың азаттық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр.

   3-оқушы: Алтын күнді қанатымен жебеп өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс – ерлік белгісі. Азат күнді, кең дүниені ерлікпен қорғайтын ақ иық қырандай түлегі болу – зор бақыт!

   4-оқушы: Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнегін байқап тұрмыз. Мұның өзі тудың ерекшелігін – қазақ елінің танымын, қасиетін көрсетеді.

   5-оқушы: Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары ұлттарға, мемлекеттерге және басқаларға бөлінгенмен, жоғарыдан айқара ашылған аспан ешқашан бөлінбеген, бөлінбейді де. Ал Күнге келетін болсақ, ол да баршаға ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан да Күннің тудан орын алуы лайық. Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Тудан қыранның орын алуы «Егемендік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, ғұмыры ұзақ болсын» деген ойдан туған деп ойлаймын.

   6-оқушы:   Көк аспандай көкпеңбек

                       Қазақстан жалауы.

                       Көк емес ол тектен – тек

                       Елдің ашық қабағы.

   7-оқушы:  Ақ ниеті - алтын күн,

                       Асқан арман – қырағы.

                       Жалауы ол халқымның,

                       Мәртебесі, туы, ары.

   8-оқушы:   Бұлт баспасын күнімді,

                        Тартылмасын өрісім.

                        Биік ұстау туымды –

                        Қасиетті борышым. 

   Мұғалім: Иә, дұрыс айтып тұрсыңдар балалар. Егер де туға зер салсақ, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғанын байқаймыз. Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі, астында қияға қанат қаққан Қыран – тыныштықтың, берекелі өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады. Сары түс – байлықты, берекені білдіреді екен.

   Бейне таспадан: «Біздің Ту» әні шырқалады. Өлеңін жазған Мұзафар Әлімбай, Әнін жазған Ғалымжан Тамендаров.

                 Көгімізде елжірейді күніміз,

                 Төбемізде желбірейді туымыз.

                 Егеменді ел бірлігі – туымыз,

                 Бақытындай жер кіндігі туымыз.

                             Қайырмасы:

                             Той – тойларда, Мейрамдарда

                             Батырларша мына біз

                             Көк аспандай Туымызды

                             Тік көтеріп шығамыз.

                 Көгілдір ту жеңістердің жолында,

                 Жалындайды батырлардың қолында.

                 Туы ортақ халықтармыз бірге өскен,

                 Армандары, тілектері үндескен.

                                    Қайырмасы:

   Енді балалар сендерге мынадай сұрақтар беріледі:

   Мемлекеттік Ту қай жерлерде ұдайы тігілуі керек?

   9-оқушы:

   Мемлекеттік Ту Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Үкіметінің, министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Елбасына тікелй бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары Сотының және басқа да соттарының, Бас прокуратурасының, Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай-ақ еліміздің дипломатиялық және сауда өкілдерінің, консулдық мекемелерінің орналасқан жерлерінде ұдайы тігіледі.

   Мемлекеттік Ту қай жерлерде көтеріледі?    

   10-оқушы:

   Халықаралық құқық нормалары мен Қазақстанның халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті Палаталарының Төрағаларының, Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда, мемлекет және ел басшылары ресми адамдар ретінде мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында Мемлекеттік ту көтеріледі.

   Мұғалім:

   Міне, балалар өздерің айтқандай, Мемлекеттік туымыз бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының алдында, әртүрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер – ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал альпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және дене шынықтыру саласында көптеген спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп қуантып жатқаны қаншама. Осылардың өзінен-ақ әр отандасымыздың бойында елімізге деген мақтаныш сезімін туғанын көреміз.

   Сонымен, балалар, біз бүгінгі тәрбие сағатында не туралы айттық? Өзімізге қажетті нәрсе үйрендік пе? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

   11-оқушы: Біз тудың қасынан бас иіп өтеміз. Серт айтып, халқымызға ант беріп, туымызды сүйіп, оған табынамыз.

   12-оқушы: Туымызды қорғау, ту астында құрметтеліп, суретке түсу, ту көтеруші болу – қандай бақыт!

   13-оқушы:   Жарасқан байрақтың мәні бар:

                          Көк аспан, күн, қыран – сәні бар.

                          Көк байрақ – ашық көк кеңісім,

                          Алтын күн – белгісі жеңістің.

   14-оқушы:   Алтын күн көтерген ел құсы –

                          Халқымның батырлық белгісі!

                          Киелі көк байрақ астында

                          Иелі іс ұқсас тасқынға.

   15-оқушы:   Көк байрақ күш беріп әр істе,

                         Ерлерді жеткізген жеңіске,

                         Желбіреп тұр байтақ аймақта,

                         Елжірей қараймыз байраққа.

   16-оқушы:   Киелі байрақта аруақ, бақ:

                         Иеді басын ел ардақтап.

                         Көк туды қастерлеп, сүйіп те,

                         Көтеріп ұстаймыз биікке!

   Қорытынды:

   Оқушы: Туымыз-біздің еліміздің бейнесі, халқымыздың қасиеті, адамдарымыздың ар-ожданы. Туымызды қастерлеу – халқымызды қастерлеу. Әрқашан да әспеттеп, төбемізге көтеріп, тәлім алып, тәжім етеміз саған, қасиетті көк байрақ – Туымыз!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қасиетті көк байрағы елімнің"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 127 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.11.2015 5714
    • DOCX 21.4 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Свинарева Нина Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Свинарева Нина Васильевна
    Свинарева Нина Васильевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25243
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 661 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 543 человека

Мини-курс

Уникальный образ как педагога: основные принципы позиционирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе