Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Другие методич. материалы / "«Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы!» " (5 класс)

"«Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы!» " (5 класс)


  • Русский язык и литература

Поделитесь материалом с коллегами:



Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі













Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндік аясында А.Құнанбаевтың туғанына 170 жыл мерейтойына орай ұйымдастырылған «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы!» атты апталықтың жұмыс жоспары





























2015-2016 оқу жылы











Бекітемін:

Мектеп директоры:

А.Жарекин









Жауапты адам


1.

Жиын.Апталықтың ашылуы

07.12.2015ж.

Б.Әбдірахманова

2.

Шығармалар байқауы

07.12.-12.12.2015ж.

Пән мұғалімдері

3.

Абай өлеңдеріне арналған көркемсөз байқауы

08.12.2015ж.

Д.Бекниязова

4.

«Қылқаламмен бейнеленген Абай әлемі» атты сурет көрмесі және «Абай әлеміне саяхат» айдары (сөзжұмбақтар,ребустар,тапсырмалар)

07.12.-12.12.2015ж.

Пән мұғалімдері

5.

«Абайды танып біл» сайыс

09.12.2015ж.

А.Абдыкаримова

6.

Ашық сабақ А.Құнанбаев «Қыс» өлеңі

10.12.2015ж.

сағ.15-45

Б.Әбдірахманова

7.

Ашық сабақ «Абайдың өмірі мен шығармашылығы»

11.12.2015ж.

сағ.9-45

Д.Бекниязова

8.

ХХІ ғасыр көшбасшысы

12.12.2015ж.

Ш.Алданова

9.

Дөңгелек стол «Абай және ХХІ ғасыр»

14.12.2015ж.

Д.Тұрғамбаева

10.

Әдеби-сазды кеш «Асыл сөзді іздесең,Абайды оқы!»

15.12.2015 ж.

«Жас ұлан» ұйымының жетекшісі З.Сәуірбаева,қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Б.Әбдірахманова,Ш,Алданова







Бірлестік жетекшісі: Б.Әбдірахманова











Мектепішілік Абай,Шәкәрім оқуларының сценариі

Жүргізіуші: Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!Өлеңді жүрегімен тыңдап,жанымен сүйетін көрермендер!Белгілі қоғам қайраткері,тіл ғылымының негізін қалаушы А.Байтұрсынов Абайға «Қазақтың бас ақыны» деп баға берген еді.Ия,ұлы ақынның қазақ даласының,қазақ елінің дара тұлғасы,бір туар дана ақыны екендігінде дау жоқ.Абайсыз қазақты,қазақсыз Абайды көз алдымызға келтірудің өзі қиын.Абай жалпақ жұртты жақсылыққа үйретіп,жамандықтан жиренткен қазақ халқының кемеңгер ақын-шешені,кең толғар дана көсемі.Ол бір туар ақын ғана емес,кемел ойлы ғалым,дарынды жазушы,әуез әлемін жаңғыртқан сазгер,халық қамын жеген қайраткер,өз дәуірінің күрескері,ақылгөйі.

Жыл сайын аудан көлемінде қазақтың дара ақыны Абай және оның немере інісі әрі ізін жалғастырушы шәкірті Шәкәрімге арналған оқулар өтетіні баршамызға белгілі.Сондықтан бүгінгі күні сол шара мектебімізде өткелі отыр.Байқауға бірнеше үміткерлер қатысуға талап білдіріп отыр.Сайыс болған соң оған төрелік етіп,үміткерлердің шығарма оқуларына баға беретін әділқазылар болу керек.Бүгінгі байқаудың әділқазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар.

1.Әділқазылар алқасының төрайымы: Д.Тұрғамбаева жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Мүшелері:

2. Л.Толықбаева оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

3.Г.Сәулебаева «Жас ұлан» ұйымының тәлімгері

4.Б.Бисенбаева мектеп әдіскері

Енді бүгінгі Абай,Шәкәрім оқуларының шартымен таныстырып өтейін.

1.Өлең-сөздің патшасы... Бұл бағытта оқушылар Абай мен Шәкәрім өлеңдерін мәнерлеп,жатқа оқу керек.

2.Жыр жаздым жүрегімнен.Қатысушылар өздерінің төл шығармаларын оқиды.

Тоғыз жолдың торабында ақын поэзияны таңдады.Өзінің ішкі әлемін ашып,өлеңмен мұң шағады,өлеңмен наз төгеді,өлеңмен сыр шертеді.Ол кейде төкпе,кейде бүкпе,кейде сыршыл,кейде суретшіл,кейде іңкәр,кейде торыққыш,кейде әсершіл,кейде байқампаз.Абай поэзиясы сұлулыққа ғана құрылмай,шымырлылыққа,шыншылдыққа,мағыналылыққа құрылды.Ақынның өзі айтқан «Сөз өнері дерпен тең» немесе «Көркем сөздің асылы-поэзия» демекші сыры кетпеген,сыны бұзылмаған жырларына кезек берейік.(байқауға қатысушы үміткерлер ретімен кезек-кезек өлеңдерін оқиды.)

















Көрініс

Автор көзі: Күзектің суық сұрқыл жүдеу бір күні.Кішкене көлдің шетін ала отырған-Тоғжан ауылы.Сырт ажарында дағдылы тірлік белгісі жоқ,суық қабақ жабырқау ауылға үш салт атты келді.Бұлар:Абай,Ербол,Дәрмен.

Үй ішінде Тәкежан,оның әйелі Қаражан,ұлы Әзімбай отыр.

Абай: Ассалаумағаликум! Амансыңдар ма?

Тәкежан: Ел іші тыныштық па?Бөтен-бөгде ұрыс-қағыс жоқ па?Үнемі бұл үйді сынап,қырын алып жүресің.Бұл жолы қандай шаруамен келдің?

Абай: Осыдан он бес күн бұрын Семейтаудан Тобықтының ұрылары бір айғыр үйірлі қысырақты алып кетіпті.Осыны Серікбайдан көріп отыр.Ал, Серікбай сенің қол астыңдағы адам.Сол саған арқа сүйейді,яғни оны ұры етіп,осы қылмысты істетіп отырған сенсің!Ендеше,істегенің үшін жауап беретін де сен.Сол тентегіңді жөнге сал!

Тәкежан:Онда түгел тобықты ұры.Ол ұры болған соң,елдің басы-Құнанбай қажының ауылы да ұры.Сөйтіп мал іздегеннің жоғын жоқтап,сұрау салғанда,баяғы Тәкежаннан көресің.Ал өзің бұл елдің ұяты боласың,сол ұялғанның басы осы деп мені торисың ғой!

Абай:Біле білсең,менің сенен бөлек ұятым жоқ болар,Тәкежан.Сен ұялтар іс қылсаң,мен ұялмай аман қалар дегенге итім сенер ме?Сені ұялтып,соған мен семіреді деген бақал есепті қашан қоясыңдар,осы түге!?

Автор:Абай үйден ашумен шығып,реңі жүдеу кедей ауылына қарай бұрылды.Жалаңаштанған үйдің іргесінен шоқпыт тымақ киген кәрі кемпір қара суық астында малма сапсып отыр.Мұны көрген Абай:

Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып,тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

Мынадан да ауыр күй болар ма?Неткен сор!Қара суық күн мынау,жылусыз шоқпыт жандар мынау...Кімдер екен? (сәл кідіреді)

Ойпыр-ау,Иіс-ау,сенбісің?Сенің үйің бе еді?Осынша жүдеп тозған кім болды екен деп келе жатыр ем!

Иіс :Қарағым,Абай-ай,бізге берген күнді ана байдың үйінің иті екеш итіне де бермесін,неғыласың!Келінім болса ауру.Иса ымыртта бір-ақ келеді.Немрелерім менің етегіме тығылып жылынады,байғұстар.Күнім осы,балапанын қанатының астына тыққан кәрі тауықтай отырғаным мынау!

Автор:Осы кезде сырттан қатты дауыс шығады.Бұл Қаражан еді.Отын әкелген малшыға зекіп,әмір етіп тұр.

Қаражан: Отынды берме,түгі,көрінгенге.Үлкен үй мен отауға ғана бөліп қой!Отын көрінсе шетінен қылқиып, «бір жағым», «екі жағым»деп тіленіп,келеді де тұрады.Тарт?Жоғал үйлеріңе! «Сен неге келдің?Аулақ кет»

Автор:Қаражан тек отыншының әйеліне ғана отыннан кішкене алып береді.Мұны көріп тұрған Абай:Шіркін,Қаражан-ай!Сенен де мырза бай бар ма екен?Кедейін сендей жарылқаған бәйбіше көрсем көзім шықсын!Қайтіп қана отынның жартысын қиып бердің?

Автор: Сөйтті де Абай отынның қалғанын Иіс кемпірдің үйіне жөнелтті.

Жалшы үйіне жаны ашып,ас бермес бай,

Артық қайыр артықша қызметке орай.

Байда мейір,жалшыда бейіл де жоқ,

Аңдыстырған екеуін,құдайым-ай!


Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-таусылмас байлығым» театрландырылған қойылым

(әуен ойналып тұрады)

1-ші оқушы:

«Нашақор» деп, «Ұлтшыл» деп,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Әділдік пен шындықты,

Өтірік жала жапқан күн.

Надан жасаған сұмдықтан,

Адамдар азап шеккен күн.

Қасқалдақ ұшып көлінен,

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуылып көгінен,

Қарғалар билік алған күн.

(күңіренген әуен әлі ойналып тұрады)

1-көрініс (көп жастар асығыс-үсігіс алаңға қарай кетіп бара жатады )

Біреу: Жігіттер,қайда бара жатырсыңдар?

Екінші адам:Қонаевты алып тастапты да,орнына Колбин деген біреу келіпті.

Біреу: Жігіттер,Қонаевты алып,үкімет басына бір орысты әкеліпті.Кеттік біз де барайық!

(қолдарына ұрандарын ұстап,айқайлап тұрады)

-Колбин деген кім?

-Қазақстанды өзіміздің қазақстандық азамат басқарсын!

-Біз демократияны талап етеміз!

-Колбин жойылсын!

-Әр елге өз көсемі

-Қонаев жасасын!

hello_html_77f95386.jpghello_html_m52a445f6.jpg

(осы кезде милиция мен солдаттар шығады)

Милиция: Жастар,студенттер!Тараңдар,тезірек үйлеріңе қайтыңдар,жатақханаларыңа қайтыңдар!Әйтпесе күш қолданамыз!Соңғы рет ескертеміз,тараңдар бәрің!

Жастар даусы:Бізге Қонаев керек!Ақиқатқа жетпей кетпейміз!

Үкімет басынан бір адам шығып:Тараңдар!Бұлай ештеңе шеше алмайсыңдар!Араларыңнан біреу шығып,айтатын талаптарын қойсын.Сонымен қайтыңдар!

Бір қыз шығып: Онсызда төрт облысымызды орыстар басқарып отыр.Енді сол жетпегендей,республика басында да бір орысты әкеліп қоймақшы.Онысымен қоймай Қазақстанда мүлдем болмаған орыс.Өзімізде қоятын адам жоқ па?Аналарымыз ұл тудық деп қалжа жеген.Қазақты басқаратын бір азаматтың шықпағаны ма?

Милиция: Жасақшылар,таратыңдар мыналарды!Алға!

(алаңда ешкім қозғалмайды,осы сәтте сойылдармен соғу,қыздардың шаштарынан сүйреу,айқай-шу)

hello_html_m84f065f.jpghello_html_789c493a.jpg

М.Шахановтың өлеңі оқылады:

Желтоқсанның шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын,жас өркені,жас өркені халқымның!

(өлең оқылып жатқанда бәрі сахнадан кетеді)

2-көрініс

(Жеңгесі мен Қайрат столда отырады.Екі милиция кіріп келеді.)

Милиция:Біз органнан келдік.Қайрат Рысқұлбеков деген азаматты тұтқындауға келдік.Прокурордың құжаты бар.Міне!

Жеңгесі: Қайрат ,бері кел.

Милиция:Тез жинал,бізбен бірге кетесің!

Жеңгесі:Ойбай-ау,бұларың не?Жұдырықтай баланың не жазығы бар еді?Әке-шешесіне не деп айтамыз?

Милиция: Жеңге ,сабыр етіңіз!Бұл жігіт бір төбелеске қатысыпты.Анық-қанығын тексерген соң,қайтарып жібереміз.(алып кетеді)

hello_html_md2ad7ff.jpghello_html_4261c939.jpg

3-көрініс

Қайраттың анасы: Мен Қайрат Рысқұлбековтың анасымын.Ұлым қайда?

Тергеуші: (суреттерді алдына лақтырып тастайды) Қараңыз!Ұлыңыздың қолына таяқ ұстаған суреті.Көрдіңіз бе? Аңшы аңға мылтығын ұстап не үшін шығады?

Анасы: Аң ату үшін шығады.

Тергеуші:Сол сияқты мына балаңыздың таяғын көрмейсіз бе,алаңға бәле іздеп шыққан.Бел ортасында жүрген.

(осы кезде дәлізден екі милиция Қайратты алып кетіп бара жатады)

Анасы:Ұлым,Қайрат,қалайсың?

Қайрат: Апа,уайымдамаңыз.Алла қаласа,ақталып шығамын.(қамап тастайды)

(анасы түрменің торына жақындап келеді)

Қайрат: Апа,мына киім маған лайық па еді?Үш күн емес,отыз жыл болса да мен ақталамын,апа!Өлсем халқым үшін өліп-ақ кетейін.Бірақ мен ақталамын.

Анасы: Әділдік қашанда жеңеді ,ұлым.Сен ақталасың.Уайымдама.Мен тағы да келемін.

Кезекші: Уақыттарыңыз бітті.

Анасы: Көріскенше ,ұлым.Тағы да келемін ғой!Аман бол!

4-көрініс

(Түрме іші.Қолында қағазы бар Қайрат отыр.)

Қайрат:Уһ,әбден шаршадым-ау,жүйке тамырым жұқарды ғой!Қайран бостандық!

Жалалы боп,қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер-ай,айтып-айтпай не керек,

Жазған екен маңдайыма,сорыма.

Біріншіден,мен сағындым анамды,

Екінщіден,бұл құдайға не жаздым?

Бостандықта еркін жүрген жан едім,

Енді міне,абақтыға жабылдым.

Бұл дүниедегі ең зор бақыт-еркіндік екен ғой,кім білген?Адамның бостандықтағы бір күні қапастағы бар ғұмырдан әлдеқайда қымбат екенін енді білгендеймін.Осы түрмедегі біздің күнімізді адам түгіл,итіңе бермесін.

hello_html_1b49fa07.jpghello_html_3bd8a049.jpg

Кезекші:Заключенный Рысқұлбеков на допрос.(Қайратты алып шығады)

Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбеков,сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам,оларды қайдан көремін?

Тергеуші: Савицкийді сен өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ,өлтірген жоқпын.

Тергеуші: Сенің ұрып жатқаныңды біреу көріпті ғой.

Қайрат: Олай болса,мені сол адаммен беттестір.Бұл өтірік жала.

Тергеуші: Ах,ты,декабрист несчастный.Я тебе покажу өтірікті.Жала дейді еще!Алаңға не үшін бардың?

Қайрат: Қазақ қыздарын шашынан сүйреп,ұрып жатыр деген соң бардым.

Тергеуші: Ей,Рысқұлбеков,сен «Савицкийді өлтірдім » деп мойыныңа ала сал,сонда сенің жазаң жеңілдейді.Егер сен савицкийді өлтіргеніңді мойындасаң,әкеңе тиіспейміз.Әйтпесе,әкеңді...

Қайрат: Жолдас,тергеуші,бұл жала ғой.Өлтірмеген адамды өлтірдім деп қалай мойындаймын,адам түгіл тышқанды өлтіріп көрген емеспін.

Тергеуші: Заключенный Рысқұлбеков,сен, ақымақ болма.Савицкийді өлтірдім деп мойында.Бұл-бір.Сен әкеңнен 4 мың сом алып,мына менің алақаныма сал,бұл-екі.Түсіндің бе,мақұлық?

Қайрат: Жолдас тергеуші,ауылда әзер күнін көріп отырған ата-анамды ақша деп қинағым келмейді және не үшін ақша төлеуім керек.Ешқандай қылмысым жоқ.

Тергеуші: Әкетіңдер,құртыңдар,атыңдар!(теуіп-теуіп,сүйреп абақтыға әкеледі.)

Қайрат:

Қинамайды абақтыға жапқаны,

Қиын емес дарға асқаны,атқаны.

Маған ауыр солардың да бәрінен,

Өз ауылымның иттері үріп,қапқаны.

hello_html_m5c364d1.jpghello_html_m374bdf38.jpg

5-көрініс

Сот: ҚР қылмыстық кодекісінің 45-баптың,2-ші тармағына сәйкес айыпкер Қ.Рысқұлбеков өлім жазасына,ал қалғандары 15-20 жылға бас бостандықтарынан айырылу жазасына кесілсін.

Қайрат: «Ату жазасы?» «Өспей жатып-өшу,жанбай жатып-сөну»- деген осы да. «Бақ түссе-маңдайымнан,тас түссе-талайымнан» көріп алдым,маған өлім қорқынышыты емес,өйткені адалдығым одан биік тұр.Апа, менің ешқандай кінәм жоқ.Кешіріңіз ,апа!

(Екі жағынан екі милиция ұстап,алып бара жатады)

hello_html_m47c53738.jpghello_html_5832cd35.jpg

Қайрат: Ақтық сөз айтуға рұқсат беріңіздер!





hello_html_m30e5edc6.jpg

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең,алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты құрбандық»,

Атам десең атыңдар!

Қош аман бол,артымда,

Ағайын,туған азамат.

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым саған аманат!

Қош,қош болыңдар!Қош,апа!





hello_html_m53fe0b7c.jpg





2-ші оқушы: (сахнада бәрі тұрады)

Тәуелсіздік-достығымыз,

Ынтымағы жарасқан.

Тәуелсіздік-ел бірлігі,

Асқақ арман таласқан.

Тәуелсіздік-өткеніміз,

Асулардан сан асқан.

Тәуелсіздік-ертеңіміз,

Арайланып таңы атқан.

Тәуелсіздік-ардагерім,

Ұрпақтармен жалғасқан.

Тәуелсіздік-аға жолы,

Болашаққа нық басқан.

Хор: (бәрі қосылып әнұранды орындайды)



Автор
Дата добавления 03.10.2016
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров49
Номер материала ДБ-234391
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх