Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / «Асыл-анам!» ашық тәрбие сағаты 5-сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

«Асыл-анам!» ашық тәрбие сағаты 5-сынып

библиотека
материалов

«Асыл-анам!» ашық тәрбие сағаты 5-сынып


Жүргізуші Дәурен
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің 
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы 
Сейілмесін жанарынан ананың 
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы 
Аялайық аналарды әрдайым 
Қуанышқа бөлейікші өздерін 
Әжелердің,аналардың,қыздардың 
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін 


Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, 
Аяулы аналар, қызғалдақтай қыздар!!! 
Жүргізуші Ильдияр
Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтай отыра «Асыл-анам!» атты мерекелік кешімізді бастаймыз . Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке ! 
Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. 
Жүргізуші Дәурен 
Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару-ана, Ару-асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, 

Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иеміз!
«Анаға сәлем» әні


Жүргізуші Ильдияр
Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз. Ал Дәурен осы мерекенің шығу тарихын сен білесің бе? 


Жүргізуші Дәурен
Әрине ! : Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады 
Жүргізуші Ильдияр
1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды. 


Жүргізуші Дәурен Көрініс "Ата мен бала" 

Автор: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер – ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты. 
Бұл патшалыққа да жадырап «Наурыз» айы келді. Дүние жаңарды. Көк жетіліп, әлем құлпырды. 
Осы құлпырған, көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 7 ұлы, ай десе аузы, күн десе көзі бар 7 қызы болыпты. 
«Көктем» патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббаттан тұрады екен. 
Сол патшалықты басқарған хан өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді. Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды. 
Хан: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр талабым бар. Соны орындағандарың менің мұрагерім боласыңдар. Кімнің өнері мен ақылы көркіне сай болса, сол менің мұрагерім болып, осы патшалықты басқарады. 
Автор: Хан ұлдарын қасына жинады. 
Хан: Балам, үйдегі алтын қазық кім? 
Баласы: Үйдегі алтын қазық – бала. Ол – мен. 
Хан: Жоқ балам, үйдегі алтын қазық сен емес, ол – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі. Ана сыйламағанның ақылы кем. Ананың мейірімі – көзінде, ақылы – сөзінде. 
Патшаға абыз қария келеді. 
Қария: Дат, тақсыр! 
Хан: Датың болса, айт! 
Қария: Менің айтпағым балаларыңда. Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? 
Бала: Ата ашты тоқ, жоқты бар ететін мейірімді әке. 
Қария: Жоқ, балам! Әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін – ол ана. Анасыз бала ұйықтамайды. Қатықсыз айран ұйымайды. 
Хан: Жоқ, сендердің жауаптарыңа менің көңілім толмады. Ханзаданы шақырыңдар! 
Бала: Алдияр әке, не бұйырасыз? 
Хан: Өнеріңді көрсет 
Елнар мен Баймұраттың орындауында «Мама» әні
. Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады. 
1 - қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым. 
2 - қыз: Анашым, мен сені бір тамшы суды аңсаған шөл даладай күттім. 
3 - қыз: Мен енесін сағынып шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым. 
4 - қыз: Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын. 
5 - қыз: Сен менің түсімде раушан гүлінің түсіне енген шық тамшыларындай болып көріндің. 
6 - қыз: Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қараумен болдым. 
Автор: Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді. Анасының асын даярлап, алдына ас қойып, шәй құйып берді. 
Ана: Қыз – қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты. 
Сахидәм: Бізге осы жарық дүниені сыйлаған кім? 
Бәрі: – Ол – мейірімді ана. 
Балжан: Түн ұйқысын төрт бөліп, бөбегін бөлеген кім? 
Бәрі: – Ол – мейірімді ана. 

Жүргізуші Дәурен
Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім 
Жанымды жадыратып күлдіретін 
Сендегі маған деген махаббатты 
Нұр толы қос жанарың білдіретін 
Бар ана туған елдің гүлі дер ем 
Анажан қайғың болса күңіренем 
Таусылмас тау суындай ақылың бар 
Сен барда менің әр бір күнім өлең 


«Домбыра» биі орындайтын Балжан, Аружан, Диана , Аружан
Жүргізуші Ильдияр 
Дүниенің ең қымбаты ана екен, 
Ананың ең тәттісі бала екен. 
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген, 
Ананың орыны бөлек дара екен 
Балаға ана еңбегі парыз деймін, 
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін. 
Меккеге апарса да өтелмеген, 
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін, 
Ана мерекесі құтты болсын.

Мұқағали Мақатаевтың «Шеше сен бақыттысың» өлеңін оқитын Елнар
Жүргізуші Ильдияр
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап, 
Ана дейді жас сәби де жарқылдап 
Ана деген бәйтерегі өмірдің 
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ 
Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай 
О адамдар қадірлей біл ананы 
Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай 


Қыздар тобының орындауында заманауи биі.

Жүргізуші Дәурен
Ана десем сезім білер тым ыстық
 
Жарасымды адамдарға туыстық 
Бар адамға берсе ананың мейірін 
Орнар еді бар әлемге тыныштық 


Алдарыңызда Аққу, Сахидәм , Айдана
Жүргізуші Ильдияр
Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту жоқ. 

Қыздар тобының орындауында Испан биі


Жүргізуші Дәурен
Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?! 
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз 
Әрқашанда ана сізбен берекеміз. 
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам. 
Сонда біз кісілікке теңесеміз. 

«Мама сен бақыттысың» әнін орындайтындар: Балжан ,Айшуақ, Айдана, Аққу.


Жүргізуші Ильдияр

Аружан, Жасмин, Айшаның орындауында үнді биі
Жүргізуші Дәурен

Ауғамбай Анельдің орындауында «Сәби бақыты» әні әкесінің сүйемелдеуімен.

Мұғалім:

Құрметті қонақтар, біздің « Асыл анам» 
атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. 
Демеңіз біз өнерді аяп қалды, 
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. 
Қош болып тұрыңыздар көріскенше, 
Осымен концертіміз аяқталды.


Құрметті аналар, аяулы ұстаздар, сүйкімді қыздар сіздерге арналған тартуымызды қабыл алыңыздар!

....................................................................................




Автор
Дата добавления 14.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров201
Номер материала ДВ-527495
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх