Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "Асылдың біріі - адалдық" (Рабғузи қиссалары туралы) тақырыбына арналған сабақ жоспары (8-сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Асылдың біріі - адалдық" (Рабғузи қиссалары туралы) тақырыбына арналған сабақ жоспары (8-сынып)

библиотека
материалов

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназия










Ашық сабақ


Тақырыбы:

«Асылдың бірі - адалдық»

Рабғузи қиссалары туралы








Пән мұғалімі:Умбеталиева Салтанат Нұрланқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі







2015-2016 оқу жылы


Сыныбы: 8 «В»

Күні: 20. 10. 2010

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы: «Асылдың – бірі адалдық»

Сабақтың мақсаты: а) Алтын Орда дәуірінде туған, сол кезде өмір сүрген Рабғузи қиссаларының мазмұнын, идеялық мәнін ашу, меңгерту.

ә) Әңгімелерінің тәрбиелік мәнін ашу арқылы оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, қайырымды болуға тәрбиелеу.

б) Білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: Өзара оқыту сабағы.

Сабақтың әдісі: анализдеу, «Қарлы кесек» әдісі, «Елші» әдісі, топқа бөлу әдісі, жеке оқушымен жұмыс, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентациялық слайд-шоу,үлестірмелі карточкалар .

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

а) Оқушылармен амандасу, түгендеу

ә) Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ-ХІV ғ)

    1. ХІV ғ. Алтын Орда мемлекетінің құрылуы, қысқаша тарихы

    2. Алтын Орда дәуіріндегі жазба әдебиеттің өркендеуі.

Үй тапсырмасын «Елші» әдісі арқылы сұраймын. Сыныпты 4 топқа бөліп, әр топтан елші сайланады. Елшілер өз қызметін атқарады, топтар бағаланады.

1-слайд. Үй тапсырмасын қорғау кезінде көрсетіліп тұрады.


Алтын Орда дәуірі әдебиеті

hello_html_m7d3f6ff2.gifhello_html_m60721d76.gif(XIII-XIV ғ.)

hello_html_6ed331d6.gifhello_html_m2a7a3230.gif


hello_html_438e1b6b.gifhello_html_438e1b6b.gifhello_html_438e1b6b.gif

Хорезми Сайф Сарай Әли Рабғузи

«Махаббатнама» «Түрікше Гүлістан» «Қисса Жүсіп» «Қисса-ул әнбиа»


2-слайд. «Рабғузи қиссалары» кітабының жалпы мазмұны

  1. Табиғаттың, жаратылыстың пайда болуы жайында мифтік әңгімелер

  2. Пайғамбарлар және тарихи адамдар жайындағы деректі, дерексіз аңыз-әңгімелер

  3. Ауыз әдебиеті үлгілері, өлеңдер

Мұғалім сөзі: Табиғат, жаратылыс туралы, пайғамбарлар жайында қандай әңгімелерін оқып едік.

«Үш түрлі топырақ»

«Адам ата мен Хауа ана»

«Нух қиссасы»

3-слайд. (Таяныш 3 әңгімеге)

Мұғалім сөзі: Қазақ әңгімелері мен ауыз әңгімелерінің таныс тақырыбына айналған бұл сюжеттің түпкі желісі Рабғузиде былайша жазылған: «Қазақ ертегілерінде» Рабғузиде айтылған әңгімелермен сюжеті жағынан ұқсас ережелер кездесе ме?

Естеріңізге түсіріп, дайындалып отырыңыздар.

Мұғалім сөзі: Шумер мифі, Энки құдай, Нинти-әйел. Құдай туралы Шумер тілінде «нин» - әйел, «ти» - қабырға. «Нинти» сөзінің екінші мағынасы – «Өмір беруші әйел», «Нинти - Ева», «Қабырғадан жаралған».

Қызығушылықты арттыру.

- «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»

-қарлығаш ертегіге негізгі арқау болып отырған құс.

сұрақтарға ойланып жауап берейік.

4-слайд.Сұрақтар:

  1. Қазақ халқы қарлығашты қандай құс деп есептейді?

  2. Ертегідегі және рух қиссасы әңгімесіндегі қандай оқиғаны жақсы іске, қандай оқиғаны жаман іске жатқызар едіңіз?

  3. Қарлығаштың қандай қылығын адамдарға ұқсатар едіңіз?

Мұғалім сөзі:

Бұл дүниенің мысалы

Ұшып өткен құспен тең,

Өмірде көрген жақсылық

Ұйықтап өткен түспен тең,

Атадан мирас ақылың

Жүзік айтқан мақұлың,

Ләзім болған іспен тең, - деп VIII ғасырдың жырау-ақын Шал ақын жырлағандай, өнегесі атадан балаға мирас болып келген, талай жанға жақсылық жасап, данышпан атанған, мұсылман елдерінің әрқайсысында өзінің төл фольклорлық кейіпкеріне айналып кеткен Лұқман Хакім жайындағы мифтердің түрікше ең көне нұсқасы Рабғузида жазылған...

Лұқманның түркі елдеріне, оның ішінде қазақ фольклоры мен әдебиетінде орнығуына «Рабғузи қиссалары» сюжеттерінің көп ықпалы болғандығы даусыз.

«Асылдың бірі - адалдық»


Заман қамын ойлаған –саналықтың белгісі.

Адам қамын ойлаған – даналықтың белгісі.

Халық мақалы


«Лұқман» - арабтың сөзі, «данышпан» деген мағынаны береді.

Лұқман Хакім туралы бір хикаятты баяндап берейін:

«Жақсы болмақ та тіл мен жүректен

Жаман болмақ та тіл мен жүректен»

    • Бұл әңгіменің тақырыбы мен идеясы туралы не айтуға болады?

    • Қандай сюжеті жағынан, идеясы жағынан ұқсас ертегі, аңыз әңгіме, шешендік сөздер бар? («Басқа пәле тілден»)

(Жеке жұмыс карточкалар таратылады)

5-слайд. (3 әңгімеге таяныш)

Екінші, үшінші әңгімелерді оқушылардың өздеріне айтқызу

6hello_html_3b8a6ff7.gif-слайд Сұрақ: Осы Рабғузи әңгіелерінде адамгершілік идеясы қалай көрінеді?

7-слайд. Әңгімеге негізделген кесте

Әңгімеден үзінді

Ой қорыту мақал-мәтел, даналық сөздермен

«Тәтті болмақ та тіл мен жүректен, ащы болмақ та тіл мен жүректен»

1.Тіл – қылыштан өткір

2.Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. (Абай)

«Бірінші алғанда «бермей кетейін»деп арамдық ойлап едің, ол саған бұйырмады. Екіншіде адалдық ойлап едің, пайда таптың. Бұдан былай қара ниет болма.»

Адамның ұяты бетінде,

Адамгершілігі ниетінде.

«Данышпандығын көрейін, осы құдықтан қалай аман шығар екен»

- Ей, жігіт, сағат ажал, маған бұйрық келді! Әкең үшін сені бауыздаймын, - деп қойдың тамағын пышақпен қор еткізіп тартып жібереді. «Аһ!» - дегенде, сүйек атып шығады. Есін жиып қараса, баласы алдында тірі отыр екен.

«Жақсылыққа – жақсылық, әр адамның ісі, Жамандыққа – жақсылық, нар адамның ісі»


Таспен ұрғанды, аспен ұр.


8-слайд.

ақылды

hello_html_353dff75.gif

адал

hello_html_3a77e816.gifhello_html_2c3cfbf0.gifhello_html_m792b9223.gifкекшіл емес




қhello_html_m8de550a.gifhello_html_m144fe10a.gifайырымды тапқыр


hello_html_m6228d09d.gifhello_html_m77dae311.gif


hello_html_4641c3ba.gifқамқор ойлы

данышпан

Қорытындылау. 9-слайд

Бүгін қазақ әдебиеті сабағы мен үшін... Неге үйрендім?

Л – Лұқман Хакімдей адал, қамқор жанның өмірде бар болғанын түсіндім.

Ұ – ұрпаққа арнаған ұлағатын ұқтым

Қ – қазақ әдебиетінің терең тамырлы сабақтастығын түсіндім.

М – мейірімді болу керектігін түсіндім

А – адамгершіілк қасиеттерді жинақтадым

Н – нағыз азамат болуды үйрендім

Мұғалім сөзі:

    • Жарайсыңдар, балалар!

    • Ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Рабғузи еңбегіне енген қысқа-қысқа қиссалардың сіздерге берер тәлімі мен тәрбесі мол болғанын көріп тұрмын.

Осы отырған барлықтарыңыздың да балапан жүректеріңіз:

10-слайд

Р - рухани

А - азық

Б - балапан

Ғ - ғалымның

У - уағызын

З – зейінге тоқып алатын

И – инабатты да ибалы

Қазақтың адамгершілігі мол ұрпағы мен боламын, - деп соғары даусыз.


Үйге тапсырма: 11-слайд

  1. Адамгершілік - ардың ісі (ой толғау немесе мәтін құрау)

  2. Адамгершілік туралы мақал-мәтел жазып келу, жаттау

Бағалау.







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.10.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров866
Номер материала ДВ-104830
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх