Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыҚасым хан мен хақназар ғылыми жоба

Қасым хан мен хақназар ғылыми жоба

Скачать материал

 

Жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектеп

Сырым ауданы, Жымпиты ауылы

 

 

 

 

 

Авторлары: Ізбасар Әдемі, 9 сынып;

Жаужиева Гүлназ, 9 сынып;

Мұханбетқалиева Назерке, 9 сынып;

 

 

 

 

 

Ғылыми мультимедиялық жобаның тақырыбы:

«Қасым мен Хақназар кезіндегі қазақ хандығының өркендеуі»

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетекшісі: Өтеғали Ерлан Алпысбайұлы,

информатика пәнінің мұғалімі

Кеңесшісі: Тресова Арайлым Жасылбековна,

тарих пәнінің мұғалімі

 

 

 

 

2015 жыл

 

Мазмұны:

I . Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1.     Қасым хан туралы  тарихи деректер және  шығу тегі мен билік басына келу тарихы. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатының нығаюы, Сыр бойындағы қалалар үшін күресі

2.     Хақназардың Қазақ хандығының көршілес  елдермен арадағы дипломатиялық қарым-қатынастары, өркендеуі

III. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 

Бұл ғылыми мультимедиялық жобада Қасым (1511-1518) мен Хақназар (1538-1580) хандар кезіндегі қазақ хандығының ішкі-сыртқы саясаты, хандықтың өркендеу тарихы қарастырылған. Сонымен қатар, Қасым  мен Хақназар туралы белгілі тарихшы ғалымдардың тарихи деректері, арнайы зерттеулері келтірілген.Атап айтқанда, Хақназар ханның хандықтың шекарасын Еділ, Жайық өзеніне дейін кеңейтіп, көршілес мемлекеттермен байланыстарды нығайтқандығы жазылған. Автор  Хақназардың қазақтардың басын біріктіріп қана қоймай, сонымен бірге қырғыз, башқұрт, ноғай, моғол, өзбектің біраз бөлігін өз хандығының құрамына қосқандығы жөнінде тың деректер келтіреді.Әсіресе, Қасым ханның заңдар  жинағы анық және түсінікті нұқада берілген: қылмыс пен жаза, әскери қызмет, елшілік қатынастар, халықтық дәстүрлерді өткізу, мал-мүлік және жер мәселесі. Хақназар тұсында орыс мемлекетімен саяси және сауда қатынастары дамыды. С.Мальцев, Т.Чебуков, Строгановтар әулетімен сауда- саттық қазақ хандығы мен Ресей патшалығы арасындағы қарым –қатынастың орнауына түрткі болды. Деректерде Хақназарды «қазақтар мен қырғыздардың ханы» деп атайды.Аталмыш ғылыми жобада Хақназар хан кезінде Қазақ хандығының жер аумағы Сырдария, Арал маңы, Жетісу, Жайық жағалауына дейін кеңейгендігі туралы мәліметтер кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I . Кіріспе

 

Тақырып таңдау негіздемесі: ғылыми жобаның тақырыбын таңдаудағы себеп, Қасым мен Хақназардың кезінде хандықтың қуаты мен беделі алыс елдерге танылды. Қасым ханның Қазақ хандығына хан болуы кездейсоқ емес, XV ғ.ортасы – XVI ғ.басында қазақ қоғамындағы ішкі саяси дамудың заңды қорытындысы. Қаысм хан – хандықтың кеңеюі мен нығаюына белсене араласып, өз елін алыс-жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға. Ол бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды. Қазақ халқының халықаралық жағдайын нығайтуға Хақназар хан зор үлес қосты. Хақназар батыстағы Ноғай Ордасымен, Оңтүстік, Орта Азия хандықтарымен, солтүстіктегі Сібір хандығымен, іргелес жатқан Шайбани әулетімен сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға қол жеткізді.

Тақырыптың өзектілігі:  Қасым мен Хақназар билік жүргізген кезде елдің ішкі-сыртқы жағдайында пайда болған өзгеріс, жаңалықтарға лайық, икемді саясчат қолданып отырды. Осы кездерде елдің саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталығы болған қалалардың тарихта маңыздылығы артты.Осы хандар кезінде мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат, дипломатиялық қарым-қатынас салаларында айтарлықтай табыстарға қол жеткізгендігін зерттеу, оны насихаттау – қазіргі таңда ел бірлігін, тарихын, ынтымақтастығын сақтап, жалғастырудағы ең басты құндылықтардың бірі болып отыр.   

Жобаның зерттеу мәні:  Осы жобаны, тақырыпты зерттеудің мәні өте жоғары. Тәуелсіз еліміз дамудың биік шыңдарын бағындыруда аянбай, талмай еңбектеніп келеді. Оның барлығы ел тарихын, өткенімізді түгендеп, болашағымызды бағдарлаудың қажеттілігінен туындап, болашақ ұрпаққа тиімді әрі бейімді жеткізудің арқасында деп айтуға болады. Сондықтан қазақ елі, қазақ жұрты тарихта маңызды  орын алған осындай ұлы тұлғалардың болғандығын білу – уақыт талабы болса, жеткізу, таныстыру – біздің міндетіміз.

Мақсаты: Қасым және Хақназар хандар кезіндегі хандықтың өркендеу тарихын зерттей отырып, олардың тарихтағы орнын зерделеу;  аталмыш хандардың елді басқарудағы, ішкі-сыртқы саясатты жүргізудегі реформалары мен заңдылықтарын зерттеу, тану және болашақ ұрпаққа жеткізу, отандық тарихтың дамуына үлес қосу.

 

Міндеті: 1) өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру; 2) Қасым және хақназар хандар туралы жазылған деректерді іздеу, салыстыру, жинастыру; 3) бүгінгі қоғамда жаңа технологиялық мультимедиялық ерекшеліктерін насихаттау; 4) «Қасым ханның қасқа жолын» оқып, оның саяси маңыздылы мен заңдылығын анықтау;

 

 

 

 

 

II . Негізгі бөлім

2.1.          «Қасым хан туралы  тарихи деректер және  шығу тегі мен билік басына келу тарихы. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатының нығаюы, Сыр бойындағы қалалар үшін күресі» туралы бейнеролик нұсқасы

2.2.          Хақназар – Қазақ ханы, Қасым ханның ұлы. Анасы – Қаныкей. 1520ж.жылдары дүниеге келіп, 1580 ж.қайтыс болады. Қазақ ордасы үшін ауыр жылдарда ірі қолбасшы болып танылған Хақназар 1560ж.хан тағына отырады. Әкесінің ісін жалғастырып, Ноғай Ордасының біраз бөлігін Қазақ хандығына қосады. Башқұрт халқының Ресейге мойынсұнбаған бөлігі де Қазақ хандығына қосылды. Ресей патшасы Хақназарға елшілер жіберіп тұрған. Хақназар хан Сібірде Көшім ханды талқандап, шығыста ойраттарға қарсы 1554ж.соққы береді. Түркістан, Сығанақ, Сайрам, Сауран қалаларын Моғолстаннан қайтарып алады. Қырғыздардың бір бөлігі де Хақназарды хан деп таниды.Бұхар ханы Абдолла мен Ташкент әмірі Баба сұлтанның алауыздығын пайдаланып, Ташкентті қосып алуды көздеп жүрген Хақназар жорықта қаза табады. Хақназардың Дінмұхаммед, Мұңғытай, Бозғыл есімді балалары қалған. (Жаужиева Гүлназ ауызша баяндайды)

Қазақ жүздерінің Хақназар тұсында пайда болғандығын ауыз әдебиетіміздің асыл мұраларының бірінде мына өлең жолдары дәлелдей түседі:

«Алаштан қазақ тараған,

Ноғайлыға қараған.

Жауға алдырмай ноғайлар

Бір-біріне  жараған

Ноғайдан қазақ бөлініп,

Үш жүз болып тараған.» (Мұханбеткалиева Назерке ауызша баяндайды)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

XVI ғ.ортасында Қазақ хандығының қай жағынан болсын даму деңгейі жоғары болды. Этникалық, әлеуметтік - экономикалық, дипломатияялық жағынан өркендеп нығайды. Тәуке ханның кезінде де "Қасым ханның қасқа жолы"    заңдар жинағы жалғасын тауып, халықтың құнды құжатына айналды. Қасым мен Хақназар

хандар салып кеткен даңғыл сара жол қазір де тәуелсіз еліміздің көшбасшыларының да негізге алатын стратегиялық бағыт -бағдарына айналды.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қасым хан мен хақназар ғылыми жоба"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 975 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Проверочная работа по теме "Первые революции Нового времени. Международные отношения в XVI-XVIII веках" (7 класс).
  • Учебник: «Всеобщая история. История Нового времени», Юдовская А.Я., Баранов П.А., Ванюшкина Л.М./Под ред. Искендерова А.А.
Рейтинг: 1 из 5
  • 21.12.2015
  • 10138
  • 50
«Всеобщая история. История Нового времени», Юдовская А.Я., Баранов П.А., Ванюшкина Л.М./Под ред. Искендерова А.А.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.12.2015 2289
    • DOCX 20.1 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тресова Арайлым Жасылбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тресова Арайлым Жасылбековна
    Тресова Арайлым Жасылбековна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8656
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Анализ результатов образовательной деятельности в работе учителя истории

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 24 регионов

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 171 человек из 56 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Развитие мотивации к обучению

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 42 регионов

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 23 регионов