Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Асинхронды электр қозғалтқыштары айналу жылдамдығын реттеу
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Асинхронды электр қозғалтқыштары айналу жылдамдығын реттеу

библиотека
материалов

БЕКІТЕМІН

«Қаракемер кәсіптік колледжі»

МКҚК Аға шебері

____________ Тукеева Ж.С.


Сабақ жоспары №19


Күні-айы: __________ Топ: ЭМ - 02 Курс: I

Мамандығы: 1504000 - фермер шаруашылығы.

Біліктілігі: 1504092 – Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер.

Бөлімнің тақырыбы: Электр құрал жабдықтарына қызмет көрсету.

Сабақтың тақырыбы: Асинхронды электр қозғалтқыштардың айналу жылдамдығын реттеу.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Электр қондырғысын бөлшектеу және жинақтау, оның механикалық бөлімін тексеру және техникалық күтімінің іске асыруын үйрену.

Дамытушылық: Техника қауіпсіздік ережелерін сақтап, электр қозғалтқыштың құрылысын, сұлбалар бойынша оларды қосып үйрету және соған дағдыландыру.

Тәрбиелік: Осы таңдаған мамандыққа студенттердің қызығушылығын арттыру. Оқу – өндірістік тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету сабағы.

Сабақтың әдістері: Ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау).

Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: Бөлшектеу мен жинақтауға арналған, қысқа тұйықталған роторлы, үш фазалы, асинхронды қозғалтқыш, съемник, гайкалы кілт, бұрауыш.

Өткізілетін орны: Ауылшаруашылық агрегаттарымен дәстүрлі емес электр энергиясы көздерін электр қондырғыларымен жабдықтау және автоматтандыру зертханасы.


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3. Білім алушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру.

2. Кіріспе нұсқау: (45 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру:

  1. Генератор дегеніміз не?

  2. Синхронды және асинхронды жылдамдық дегеніміз не?

  3. Электр машиналарының жұмыс істеу принцмпі неге негізделген?

  4. Электр машиналарының түрлерін атаңыз.

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету.


Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Бұл өрнектен ротордың айналым санын анықтайтың үш түрлі шаманың кез келгенін, яғни желідегі тоқ жиілігін f1 қос полюстің санын p және сырғанауды S өзгерту арқылы реттеуге болатындығы көрінеді.

Алайда, желідегі ток жиілігінің өзгерісінде асинхронды қозғалтқыштың жылдамдығын реттеу үшін кез келген бір реттеуші түрлендіргіш немесе жеке генератор қажет болады. Қазіргі кезде жиілікті түрлендіргіш ретінде жартылай өткізгішті аспаптап тұратын статикалық түрлендіргіштер кең қолданылады.

Егер статор полюс санын әр түрлі бірнеше орама (әдетте,екеу) түрінде немесе поюс санын әр түрлі етіп ауыстырып қосуға мүмкіндік беретін бір орама түрінде жасаған болса, онда машина полюсінің санын өзгертуге мүмкіндік туады. Статорда әрқайсысын әр түрлі полюс санына ауыстырып қосуға болатын екі орама болуы мүмкін. Олардың бойымен ток жүргенде, төрт полюсі бар магнит өрісі пайда болады.

Егер орауыштардың біреуіндегі токтың бағытын өзгертіп, оларды қарама-қарсы бағытта қоссақ, онда орама қос полюсті магнит өрісін туғызады. Статор орамасының полюстер санын өзгерткенде, оның магнит өрісінің айналу жылдамдығы өзгереді, ендеше қозғалтқыштардың ротор жылдамдығыда өзгереді. Асихронды қозғалтқыштың жылдамдығын осы тәсілмен реттеу экономикалық жағынан тиімді, бірақоның кемшілігіне жылдамдығының сатыланып өзгеруі жатады. Бұдан басқа, статор орамасының құрылысын күрделенуден және машинаның габаритін арттырудан қозғалтқыштың құны анағұрлым өседі. Полюстерінің санын өзгерту арқылы жылдамдығын реттеу қысқа тұйықталған роторы бар қозғалтқыштарда қолданылады, статор орамасының полюс санын өзгертумен қатар, ротордың айналмалы полюстерінің санын да өзгерту қажет болатындықтан, бұл тәсіл түйіспелі сақинасы бар қозғалтқышта пайдаланылмайды, бұл өте күрделі.

Зауыттардан синхронды жылдамдықтағы айналуы 500-750-1000-1500 айн/мин. Екі, үш және төрт жылдамдықты қозғалтқыштар шығарады. Мұндай қозғалтқыштардың статорында әрқайысысы әр түрлі полюстер санына ауыстырылып-қосылатын екі орама болады.

Сырғанауды ротор орамасыныңтізбегіне реттеуші реостат енгізу арқылы өзгертуге болады.

Реттеуші реостат фазалық ротор орамасының тізбегіне жүргізуші реостат сияқты қосылады, бірақ жүргізуші реостаттан мұның айырмашылығы – бұл токтың ұзақ уақыттағы жүктелуіне есептелген.

Айналу жылдамдығын реттеудің бұл тәсілі тек фазалық роторы бар қозғалтқыштарда қолданылады, экономикалық жағынан тиімсіздігіне қарамастан (реттеуші реостатта едәуір көп энергия шығыны болады), ол кең қолданылады.




Техника қауіпсіздігі.


Жұмыс барысында автоматты ажыратқыштың қақпағын ашқан кезде жарақат алмау, сымдардың ашық жерін қолмен ұстамау, тәртіпке бағыну, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5. Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

  1. Асихронды апарат қандай қызмет атқарады?

  2. Синхронды және асинхронды жылдамдық дегеніміз не?

  3. Электр машиналарының жұмыс істеу принціпі?

  4. Асихронның қандай түрлері бар?

2.7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;

3. Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (4сағат).

  1. Қозғалтқыш құрылысын оқып үйрену;

  2. Бөлшектерінің шаң басқан және кірленген жерін тазалаңыз;

  3. Подшибниктің қақпағын алып, орналасу жағдайын тексеріңіз;

  4. Білікті қолмен айналдырып, қозғалмайтын бөліктерге тимейтіндігіне көз жеткізіңіз;

3.2. Ағымдағы нұсқау:

  1. Жұмыс орнын дайындауды бақылау.

  2. Жұмыс орнында білім алушылардың жұмысын бақылау.

  3. Еңбек тәсілдерін, орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

  4. Жұмысты қабылдау.

4. Қорытынды нұсқау (15 мин):

4.1. Сабақты қорытындылау.

4.2. Жіберілген қателерді талдау.

4.3. Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру.

4.4. Үй тапсырмасы: Асинхронды қозғалтқыштың кемшілігін оқу.

5. Жұмыс орнын жинастыру.





Ө/о шебері:_______________Желеубай Е.








Инструктивті технологиялық нұсқау картасы№19

Тақырыбы: Асинхронды электр қозғалтқыштардың айналу жылдамдығын реттеу.

Мақсаты: Тақырыбы: Электр қондырғысын бөлшектеу және жинақтау.

Жұмыстың реті

Жұмыстың мазмұны

Қажетті құрал -жабдықтар

1

Роторы қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыштың құрлысын үйрену.


hello_html_5989ac97.png

Роторы қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыш.

2

Роторы қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыштың құрлысын үйрену.

hello_html_6d1f2bee.jpg

Роторы қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыш.

3

Асинхронды қозғалтқыш кернеуі 6кВ

hello_html_1bcde478.png

Үш фазалы асинхронды қозғалтқыш, роторы қысқа тұйықталған.

Жұмыстың сапалы орындалуын тексеру



Ө/о шебері:_______________Айдархан А.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.07.2016
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров437
Номер материала ДБ-136799
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх