Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ғасыр індетінен сақтанайық" атты тәрбие сағаты

"Ғасыр індетінен сақтанайық" атты тәрбие сағаты

Скачать материал

Мұнайлы ауданы

Қызылтөбе лицейі

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ғасыр індетінен сақтанайық!»  ( тәрбие сағаты!)

 

 

 

 

 

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
Қызылтөбе лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Джувбаева Алия Элимбаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 оқу жылы

Тәрбие сағаттың тақырыбы: «Ғасыр індетінен сақтанайық!»


Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: Оқушыларды зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін оларға ішімдіктің, темекі мен есірткінің қауіпті зардабы туралы білім беру;

 

Тәрбиелік:  Салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу;

 

Дамытушылық: Өз өмірі мен денсаулығын бағалай білуге, оны сақтауға дағдыландыру;


Сабақтың  әдісі: Ой қозғау, топтастыру, баяндау.

Сабақтың  көрнекілігі: Буклет, плакаттар, слайд, қанатты сөздер.                           
Пәнаралық байланыс: медицина, биология, валеология.

Сабақтың  барысы:

 

I.                  Ұйымдастыру .  (1 мин)

 

1.   Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде .
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға
. - дей отырып «Ғасыр індетінен сақтанайық!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.

 

2. Топтастыру. (Оқушыларды 3 топқа бөлу. Оқушылар тақтада  турған түрлі түсті стикерді таңдау керек)      (3 мин)

Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар! Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адам денсаулығы. Жалпы денсаулық дегеніміз не? Дені сау адам дегеніміз ол физикалық, психологиялық және рухани жан дүниесі таза адам. Қазіргі таңда адам өміріне қауіп төндіретін, яғни адам ағзасын азғындайтын зиянды әрекеттер бар. Бұлар қандай әрекеттер? Қысқаша түсінік беріп өтсек:
Бұлар: шылымқорлық, ішімдік, нашақорлық және XXI – ғасыр індетіне айналып отырған ЖИТС ауруы. (Осы жерде топтарға тапсырма беріледі. Әр топ мұғалімнің  берген  тақырыбына қысқаша мәлімет беріп, плакат корғайды).

 

 

 

 

 

 

 

 


II.               Жаңа сабақ материалын түсіндіру.  (5 мин)

1.     Слайд арқылы оқушыларды «ғасыр індеттерімен» таныстыру және олардың кесірінен адам өміріне әкелетін зиянын түсіндіру.

(Слайд – 1) Алкоголь

 

(Слайд – 2) Никотин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(Слайд – 2) Есірткі

2.  Мұғалімнің сөзі:  (2мин)

Денсаулық-адамның ең қасиетті де, құнды қайталанбас, жоғалса қайта орны толмас асыл қазынасы. Жаңа өздерің айтып кеткен зиянды әрекеттермен пайдаланған адамдардың, оған дейінгі және кейінгі күйлеріне назар аударайық. Ол үшін шағын  бейнероликті тамашалаңыздар. Экранда бейнеролик көрсетіледі. (Бейнеролик арқылы оқушылар есірткінің адамға қаншалықты зиянды екенін түсінеді).

Бейнероликтен кейін, оқушыларға сұрақ қойылады:

-         Роликтегі адамдардың өмірін, денсаулығын, сырт келбетін өзгеруіне не әсер етті?

-         Неге  адам баласы зиянды әдеттерге әуес келеді?

-         Денсаулық туралы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер?

1)Денсаулық - зор байлық

2) Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.

3) Жан ауырса, тән азады.

4) Тәні саудың – жаны сау.

5) Тәуіптің жақсылығы - ауруға ауру жамамағандығы

 

3. Егер кез келген адамның алдында зиянды әдеттер кездессе, ол қандай шешім қабылдар еді? – деген сұраққа келесі көрінісіміз арқылы көрсетейік. (7-8 мин)

 

Көрініс «Зиянды әдеттер» (Рольдер - адам, денсаулық, темекі, арақ, есірткі)

Адам: Уһ, жаным-ай, мына күйкілжің күйбең тіршілік   менің жанымды жегідей жеді. Істейін десең, жұмыс жоқ, жаныма әбден батты. Ең құрығанда, өзімнің кішкене бизнесім де жүрмеді. Нарық көтермеді, ішім күйіп барады, жанымды қоярға жер таппаймын. Өкіметтен үй саламын деп несие алғанмын, оны да төлей алмадым. Қарызым екі миллионнан асып кетті, не істеймін, не істесем жаным жай табады?

Арақ шығады: Әй, Адам, сен күйінбе. Иә мына мені ішіп ал, жаныңа рахат аласың. Қарашы,  мен қандай мөлдірмін! Мына мені ішсең бар ғой, көңіл күйің көтеріледі, қайғы-шердің бәрін де ұмытасың. Мә, мені ішіп ал.

Денсаулық: Тоқтат, арақ, адамды азғырма. Арақ-ол спирттік ішімдік. Ол адам ағзасын ірітетін зат. Спирттің құрамында адамға зиянды улы заттар көп. Біздің ағзамызда қанға өткен қажетсіз өнімдерді сүзіп алып несеп жасайтын сүзгіміз бар, ол – бүйрек. Сол сияқты, адам ағзасының зертханасы деп аталатын бауырымыз бар. Міне спирт алдымен бауырды, содан соң он екі ішекті, асқазанды, әрі қарай бүйректі, жүректі, қан тамырларын зақымдайды және  адамның жүйке жүйесіне қатты зақым келтіреді. Ең соңында орын толмас қайғыға әкеліп соқтырады. Сондықтан, адамдар, арақтан аулақ болыңдар. Кет, жоғал арақ! Адамның өміріне араласушы болма!

 Темекі шығады: Ал мен өте әдемі және тартымдымын, исім қандай жағымды десеңші, шіркін! Эй, адам шегіп ал да бар шаршағаныңды ұмыт, рахатқа бөленсеңші. Менің досым болуға келісесің бе, Адам? Менің досым болшы.

Денсаулық: Тоқтат, темекі, өзіңнің уағызыңды!  Темекі шегу – бұл халықтың арасында тараған зиянды әдет және де ол адам ағзасын іштей жейтін құрт. «Әрбір тартылған темекінің талы адам өмірін сегіз сағатқа қысқартады» деп есептейді ғылымда. Үздіксіз темекі шегетін адамның өқпесі бір жылда 1 литр смола, яғни шайыр жиналады екен. Сонымен қатар темекі түтінінде никотын сияқты улы заттар болады. Ол заттар қан тамырларын тартылып, тамырлар арқылы қанның жүруін қиындатады. Адамды өкпе туберкулезі,  өкпе рагі, сол сияқты тыныс алу мүшелерінің ауруларына шалдықтырады. Сен, темекі, адамнан аулақ жүр!

Есірткі: Бәрінен де мен күштімін! Көңілі құлазыған, ісі еріккен, байлықтан басы айналған адамдар үшін ең рахаты, ең тиімдісі мен боламын. Мені ішкенде немесе пайдаланғанда күш-жігерің артады, көңіл күйің көтеріледі. Өміріңдегі барлық қайғы-мұңды ұмытасың, тіптен мүлдем ойламайсың. Әй, Адам, келе ғой, менімен дос болшы, мен сені еш уақытта да тастамаймын.

Денсаулық: Тоқтат, тоқтат, наша, сиқырлы әңгімеңді! Еліміздің экономикасы дамыған сайын есірткі заттардың да түрлері көбейіп кетті. Нашақорлықтың, нашақор адамдардың болашағы жоқ, келешегі күңгірт. Есірткі заттар – адам ағзасын, жүйкесін тіпті шашынан тырнағына дейін уландыратын ең күшті улы заттар. Ең жаманы – нашаға тәуелді болып қалу. Нашаға тәуелді болып қалу – ол сенің болашағыңның балталанғаны деген сөз.

Адам: Ей, жауыздар! Сырты жылтын, іші қотыр жауыздар! Кетіңдер. Кетіңдер. Кетіңдер әрі, аш қасқырдай анталайсыңдар ғой келіп. Менің алда көрер қызығыма сендер неге кедергі боласыңдар. Егер сендерге еріп, сендермен дос болсам, менің өмір есігін ашатын болашақ ұрпағым қандай болмақ? Егер адамдар жеңіл өмір іздеп сендерге еріп кетсе,  онда ол ертеңгі ұрпақтарына қалай жауап береді.? Ертеңгі ұрпағы «Әке, сен маған қандай тәрбие бердің» немесе «Әке, неге мені мүгедек етіп дүниеге әкелдің» десе не деп жауап бермек адамдар?! Мен денсаулықты таңдаймын. Адам деген асыл атымды мұндай жауыз заттармен кірлетпеймін!

I.                  Қорытындылау. (3 мин)

 

1. Мұғалімнің сөзі: 

Құрметті оқушылар! Бұл көріністе адам денсаулықты таңдады. Сіз қалай ойлайсыз, ол дұрыс па әлде бұрыс па?...(оқушылар жауап беріп болғаннан кейін). Адамға өмірде не қымбатырақ? Байлық па, әлде атақ па? деп ақсақалға біреу сұрақ қойған екен. Сонда ақсақал: «Байлық та, атақ та, адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болуы үшін оған денсаулық керек, ал денсаулық кепілі-сауаттылық. Олай болса Омар Ақмаралдың орындауында «_____ » термені тамашалаңыздар!

 

2.  Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар денсаулықтарыңыз мықты болсын! Болашақта еліміздің дамуына үлес қосып, Қазақ елінің атын әлемге танытып, көк туымызды биік белестерге көтере білетін, білімді, денісау саналы ұрпақ болуға ат салысайық!!! Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

 

3. Слайд шоу. (Бейнеролик оқушыларға денсаулық – адам баласының азбас қазынасы, асқан байлығы, өмірінің тірегі екенін түсіндіреді)

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ғасыр індетінен сақтанайық" атты тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 398 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.10.2015 3873
    • DOCX 1.3 мбайт
    • 90 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джувбаева Алия Элимбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джувбаева Алия Элимбаевна
    Джувбаева Алия Элимбаевна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 56420
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 174 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе