Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Астана –елімнің құт мекені»

«Астана –елімнің құт мекені»

Скачать материал

Тақырыбы: «Астана –елімнің құт мекені»

Мақсаты: Оқушылардың Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу.

Астана туралы деректермен білімін дамыту. Отанға деген сүйіспеншілігі мол елжанды азамат тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: саяхат сабақ

Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың портреті, Бәйтерек бейнесі, интерактивті тақта /слайд-шоу/

  Барысы:

I.Кіріспе

1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы- «Астана –елімнің құт мекені». Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана-Тәуелсіздік перзенті, Астана-жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі.

 

Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,

Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.

Аңсаған сан ғасырлық арман болып,

Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

 

 2-жүргізуші: Қуаныштан қалай кеуде кермесін,

 Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.

 Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,

 Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалсын!

 

1-жүргізуші: Тәуелсіз ел болу дегеніміз- кеудеңді кере дем алып, еңсеңді көтере ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып келе жатқан салт-дәстүріңді , әдет ғұрпыңды айқындап көрсететін, өзіңнің өзгелермен тең екендігін сезіну және ана тіліңде емін-еркін сөйлеуің деп білемін. Тәуелсіздік мағынасы зор, тамыры терең ұғым. Оған миллиондаған адамдарын құрбандыққа шала отырып қол жеткізеді.

 2- жүргізуші: Ендеше, құрметі ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейлі тойымен

 Екеуі бірге: шын жүректен құттықтаймыз!

 1-жүргізуші: Олай болса, «Тәуелсіздіктің жиырма щыңы» – 20 жұлдызды күн деп аталатын іс – шара аясында 7 «в» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Жұлдызы қала — Астана» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

 2- жүргізуші: Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар. Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

 1- оқушы: Отан деген от басынан басталар,

 Отбасыма от салмасын басқалар.

 Отан деген қасиетті, киелі,

 Отан десем оянады асқақ ар!

 2- оқушы: Отансыздар мына өмірде бос қалар,

 Сүйеуі жоқ, тіреуі жоқ жасқанар.

 Отанымды күзетеді адалдық,

 Сәттерімде мүлт кетпестен қас қағар.

 3- оқушы: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

 Басқалардың тимесінші кесірі.

 Елдің көшін өрге бастап барады,

 Нұрағаңмен егіз болар есімі.

 4- оқушы: Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі,

 Бесігімде тербеледі дос үні,

 Ұлттардың ұйып тұрған ұясы,

 Ұмытпайық, ұлықтайық осыны!

 Бәрі: Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке

 Ақ боз аттың алдынан жанды үміт те.

 Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты,

 Қазақстан бет алды мәңгілікке!

 Хор: «Егеменді Қазақстан»

 

Оқушы: Тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден- ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартады. Археологтар бүгінгі «Ақорда» резиденциясының маңынан ХІ ғасырдың Бозоқ қалашығының орнын тапты.Бірнеше ғасыр бойы бұл жерде Қараөткел транзиттік және сауда-айырбас орталығы орын алды. Уақыт өте келе ол Ақмола елді мекеніне айналды. 1832 жылы бұл жерде Ақмола приказы мен сыртқы округі ашылып, 1862 жылы округтік қала мәртебесіне ие болды. 1961 жылы Ақмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілді және ол республикамыздың бірнеше ірі облыстары кірген Тың өлкесінің орталығына айналды.

 Оқушы: Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы қалаға тарихи Ақмола атауы қайтарылып берілді. Бес жыл өткен соң, яғни 1997 жыл 10 желтоқсанда бұрынғы тыңның астанасы Ақмола қаласы күллі Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды.

 Оқушы: Бірақ Ақмола атауы ұзақ тұрмады, 1998 жылы 6 — мамырда Ақмола Астана болып қайта аталды. Міне осындай әдемі, әуезді әрі ауқымды атау — Астана атымен Қазақстан Республикасының жаңа елордасы үшінші мыңжылдыққа енді.

 

«Жасауы ғасыр жарасып»

 

1-оқушы: Айқындар небір өткелін,

 Кеңейтіп тарих беттерін.

 Сенімін саған тапсырған,

 Тәуелсіз елдің, текті елдің.

 2-оқушы: Мұздақпен жапқан жотасын,

 Алатау -саған ата шын.

 «Астана –кіші інім»,- деп,

 Алматы берген батасын.

 3-оқушы: Қастерлей тыңдап осы үнді,

 Құлақтан еміп Есілді.

 Қанатын жайып, көкке өрлеп,

 Астана кеңге көсілді.

 4-оқушы: Қазақтың үлкен үйісің,

 Шежіре, аңыз күйісің,

 Әділдік жақтап наркескен,

 Дуалы сөздің биісің.

 5-оқушы: Өсірер әлі-ақ тербетіп.

 Болшаққа ұл-қыз бесігін.

 Астана таңы арайлы,

 Әлемге барша қарайды.

 Бәрі бірге: Шығармай жұртты қақпадан,

 Басылар соқса ақ боран.

 Ортаймас ырыс-құттары,

 Астана жайна, баққа оран.

 1-жүргізуші: Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін!

 

Хор: «Астана»

 

1-жүргізуші: Есіл өзені қаланы екіге бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында көбіне тұрғын үйлер орналасқан, ал сол жағалауы жалпы Қазақстанның саяси орталығы болып табылады.

 2-жүргізуші: Есіл өзенінің сол жағалауында Президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, Конгресс холл, тағы басқа негізгі экономикалық, саяси орталықтар орналасқан.

 1-жүргізуші: Ендеше, бәріміз бірге Астана қаласының көрнекі жерлерін аралап, олармен таныс болайық.

 

Көрініс: «Астана – Бәйтерек» монументі

 

Атасы мен немересі шай ішіп отырады. Немересі Бәйтеректің бейнесін ұстап отырып, атасына былай деп сұрақ қояды.

 Немересі: Ата, Осы Бәйтерек қандай мағына береді, оған неге Бәйтерек деп ат қойған?

 Атасы: Ой, балам-ай, Бәйтеректің шығу тарихы, мағынасы өте тереңде жатыр.

 Немересі: Ата, маған Бәйтеректуралы айтып беріңізші. Менің білгім келеді.

 Атасы: Онда тыңда, балам.

 Ол бірінші — “Астана — Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген, балам. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылылыс, балам.. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады

 Немересі: Ата, барлық нәрсе тарихқа байланысты құрылады екен ғой. Енді менің есімде Бәйтеректің шығу тарихы әрқашан сақталып қалады.

 Атасы: Иә, еліңнің, жеріңнің тарихын білу, әрі оны қорғау сендердің парыздарың, балам.

 Немересі: Ата, мен сізге өзімнің Бәйтерек туралы жаттаған өлеңімді айтып берсем бола ма?

 Атасы: Айта ғой, балам, айта ғой.

 Немересі: (өлеңін оқып береді)

 «Бәйтерек»

 Қазағым, қара орманым-байтақ елім,

 Жақсыны,жаманды да байқап едің.

 Асырған мерейіңді асқақтатып,

 Елбасы – бойлап өскен Бәйтерегің!

 Нұрсұлтан – ел тірегі, алтын діңгек,

 Алыптың халқы ғана нарқын білмек.

 Қазағым, шаттанатын кезің келді,

 Алашқа қорған болар ұл тудым деп.

 Танытып терезесі теңдігіңді,

 Әлемге әйгіледі елдігіңді!

 Тереңге тамыр жайды Бәйтерегің,

 Сақтай біл, ұлан- байтақ кеңдігіңді.

 Атасы: Бәрекелді, балам! Жүр, онан да Бәйтеректен Астананың қандай екенін тамашалайық! (шығып кетеді)

 

 Оқушы: Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы. Ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы көлемі 25,5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен, Қазақстан храмының олардан айырмашылығы – өзара келісім аясында тиімді сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай.

 Оқушы: "Қазақ елі" монументі дәл осылай аталатын жаңа алаңның ортасында бой көтерді, ол Астананың символдық мәнге ие нысандары — Бейбітшілік пен келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Өнер университетімен бірегей ансамбль құрып тұр. “Қазақ Елі” монументінің жалпы аумағы 16 гектар. Ал негізгі ескерткіштің биіктігі тәуелсіздік алған жылдың символы ретінде 91 метрді құрайды.

 Оқушы: Тәуелсіздік сарайы.Үш этаждан тұратын Сарайдың өзіндік архитектуралық ойынан шығады. Бірінші этажда бір мезгілде 3100 адамды орналастыратын жиналыс залы бар. Тәуелсіздік сарайының ерекше мақтанышы болып үшінші қабатта орналасқан Астананың тарихына арналған мұражай «Астана кеше, бүгін, ертең…» табылады. Мұражай Қазақстанның жаңа астанасының бүкіл қалыптасу тарихын көрсетеді.

 Оқушы: Президент саябағы Бейбітшілік және келісім сарайы мен Ақорданың жанында орналасқан. Паркте "Самұрық құс", "Төменгі алаң", "Үлкен каскад", "Грот", "Көл — қайнар көз" атты бес су бұрқақтары кешені, сегіз жасанды тоған мен каналдар бар. Саябақтың орталық бөлігі көп адамның қатысуымен өтетін салтанатты шараларды өткізуге арналып салынған, 1 мың автокөлікке арналған тұрағы бар.

 Оқушы: "Думан" ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралдың су қоры — 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда. Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақтанған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізі бар және әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады.

 2-жүргізуші: Міне, осы «Думан» ойын-сауық орталығында балалар, тіпті үлкен ересектер де көңіл көтереді. Көрген адам көз тоярлықтай нәрсенің барлығы осы жерде. Олар қызықты ойын ойнап, әр түрлі балықтар, жан-жануарларды қызықтап қарап, өлең айтып, түрлі билер де осы жерде биленеді.

 1-жүргізуші: Міне, осы құнды дүниелер батырларымыздың қанымен, ерен еңбектерімен келген тәуелсіздігіміздің қадір – қасиетін бағалай білейік!

 

 

2-жүргізуші: Көркем сөз: «Астана»

Ақша бұлттар аспанында

 Ақ ботадай ойнақтаған, жас қала.

 Жүз түрленіп қас-қағымда,

 Жан сырына бойлатпаған, Астана.

 Көшелері күнге ғашық,

 Әрбір тасы ән салатын, Астана.

 Жырын толғап, биге басып,

 Жер-жаһанды қарсы алатын, жас қала,

 Аппақ түнде арайыңды

 Аңсап тұрып жұтып бағам, Астана.

 Жусан иісі танауыңды

 Жұпарымен қытықтаған, жас қала.

 Еркелеген Есіл ару,

 Бұрымдары жарқылдаған, жас қала.

 Таңы — сұлу, кеші — дәру,

 Ақ самалы аңқылдаған, Астана.

 2-жүргізуші: Көкжал мінез қазақтың жүрек құсы,

 Таңғажайып тұғырды тілеп мысы.

 Қарсы алыңдар жанартау жабықпайтын

 Қаражорға елімнің тіректісі.

 

Би: «Қара жорға»

 

 1-жүргізуші: Бүгінгі Астананың нұры қандай!

 Көгінде желбіреген Туы қандай!

 Еуропаның төрінде билік айттық,

 Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.

 2-жүргізуші: Астана бар әлемді елеңдетті,

 Тамырын Бәйтерек те тереңдетті.

 Аз жылда жаңа Астана салып алдық,

 Қай халық көрді мұндай кереметті.

 Қазіргі таңда белгілі өзіміздің Астанамызда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар осы шаңырақ астында бірге, ынтымағы, бірлігі жарасып тұрып жатыр.

 Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер! Қазір біздің студиямызға Астана қаласын аралап жаңа ғана болған үш қонағымыз келеді. Бұл қонақтарымыз ағылшын елі мен орыс елінің ұлт өкілдері және қазақ болса да шет елінде тұрып жатқан өзіміздің қазақ ұлтымыз. Қошеметпен қарсы алайық! ( студияға үш ұлт өкілі кіріп келеді)

 Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Қалай сіздерге Астана қаласы ұнады ма?

 Ағылшын: Of course I liked Astana.

 Орыс: Конечно понравился. Нас очень удивило красота Астаны.

 Қазақ: Әрине, ұнады, Астана қаласын тамашалап, үлкен әсер алдық.

 Жүргізуші: Сіздерге Астана қандай ерекшелігімен ұнады?

 Ағылшын: I have words describe this city. Astana is famas for itis beldings suchas. Baiterek, Akorda, The House of Parlament, We mast say «thank you» to our Prezident Nursultan Nazarbaev. In such short time he biult a new sity. We are proud of our Astana.

 Орыс: Красату города Астаны невозможно описать словами. На вершине комплекса «Байтерек» можно увидеть весь город. Мы знаем, в прошлом году, в вашей республике состаялись седьмые зимние Азиатские игры. Для проведения этих игр, в городе Астана построили спротивный комплекс «Астана-Арена», которой нет аналогов в СНГ. Сейчас город Астана известна по всему миру. Вы должны гордится с Астаной и благодарить призедента — Нурсултана Абишевича Назарбаева!

 Қазақ: Астананың кереметтігін сөзбен айтып жеткізе алмассың. Астана әсем ғимаратарымен ерекше. Мәселен, Бәйтерек, Ақорда, Парламент үйі, Тәуелсіздік сарайы, т.б. жерлері қандай тамаша! Бәйтеректің төбесінде тұрып Астананың көрінісі анық көрінеді. Елбасы Нұрсұлтан ағаға көп рахмет! Осындай аз ғана жылдың ішінде жаңа қала, жаңа Астана тұрғызды. Мұндай іс ешкімнің қолынан келе бермейді. Әлемге әйгілі Астана қаласында былтыр ҮІІ қысқы Азия ойындарының өткенін білеміз. Осы қысқы Азия ойындарына арналып ТМД-да теңдесі жоқ спорт кешені салынды. Астананы бүкіл әлем таниды Біз осындай қалаларымыз үшін мақтануымыз керек.

 Жүргізуші: Рахмет сіздерге! Енді өздеріңіздің қандай өнерлеріңіз бар? Бізбен бөліссеңіздер.

 (Ұлт өкілдерінің өнерлері көрсетіледі).

 Ағылшын әні

 Орыс биі

 Қазақ биі

 

2-жүргізуші: — Міне, достар Астана қаласы 60-жылдардағы Тың игерудің орталығы болса, ал қазіргі таңда ақиқатқа айналған арман қала, дүниежүзі халықтарымен терезесі тең қазақ деп аталатын егеменді ұлттың, тәуелсіз Қазақстанымыздың киелі ордасы.

 1-жүргізуші: Астана бар әлемді елеңдетті,

 Тамырын Бәйтерек те тереңдетті.

 Аз жылда жаңа Астана салып алдық,

 Қай халық көрді мұндай кереметті.

 

2 –жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Еліміздің болашағы бүгіннен басталады» деген үндеуінде біздерге үміт артып отыр. Енді бір 20-30 жылдан кейінгі елімізді басқаратын және жоғарғы техниканы меңгерген жұмысшылар біздер боламыз.. Астана қаласы аз ғана уақыт ішінде қарқынды жылдамдықпен өсіп келе жатырған біздің бас қаламыз. Біздер терең білім алып, бас қаламыздай қалалар тұрғызуға өзіндік үлестерімізді қосуымыз керек.

 1 –жүргізуші: Сәбилер тыныш ұйықтап жөргегінде,

 Жастардың шаттық ойнап өңдерінде.

 «Орта Азия Барысы-Қазақстан»,-

 Деп жазсын жаңа заман өрнегіне!

 2 –жүргізуші: Жыл сайын табыс қоссын табысына,

 Әр қазақ берік болсын намысына.

 Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

 Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!

 Бәрі бірге: Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін!

 

Хор: «Атамекен»

 

1 –жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2 –жүргізуші: Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Астанамыз жұлдыздай жарқырай берсін!

 1 –жүргізуші: 20 жылдық мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!

 Бірге: Жұлдызды күндерде кездескенше күн нұрлы болғай!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Астана –елімнің құт мекені»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырыбы: «Астана –елімнің құт мекені» Мақсаты: Оқушылардың Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу. Астана туралы деректермен білімін дамыту. Отанға деген сүйіспеншілігі мол елжанды азамат тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: саяхат сабақ Көрнекілігі: Н.Назарбаевтың портреті, Бәйтерек бейнесі, интерактивті тақта /слайд-шоу/ Барысы: I.Кіріспе 1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы- «Астана –елімнің құт мекені». Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылуда. Астана-Тәуелсіздік перзенті, Астана-жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі. Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы, Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады. Аңсаған сан ғасырлық арман болып, Қол жеткізген шындық жырын жырлады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 820 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.08.2020 460
    • DOCX 31.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гобузова Татьяна Ивановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гобузова Татьяна Ивановна
    Гобузова Татьяна Ивановна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 61435
    • Всего материалов: 218

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе