Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Астрономия – ғылым ретінде, жұлдызды аспан
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

Астрономия – ғылым ретінде, жұлдызды аспан

библиотека
материалов

Сыныбы__5_ Күні_________

Тақырыбы: Астрономия – ғылым ретінде, жұлдызды аспан

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Жұлдызды аспан және жұлдыздар жүйесі туралы білім беру жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын ояту, өзіне деген

сенімділікті, жұмыста өз бетінше орындауға, ұқыптылыққа, батылдылыққа,

ептілікке тәрбиелеу


Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтастыру, әңгіме-дәріс, кестемен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. саяхат деген не?

2. табиғат әлеміне саяхат.

3. Жаратылыстану ғылымы қандай топтарға бөлінеді?

4. Энциклопедист-ғылымдар кімдер?

5. Ежелгі ғылымдардың дүниеге келуі жайлы әңгімеле.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Астрономия грекше астрон - жұлдыз, ал номос - заң деген ұғымды білдіреді. Астрономия да, физика сияқты - табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Оның дамуына ертедегі адамдардың тұрмыс тіршілігіне байланысты қажеттілік себеп болды. Ол кезде уақытты, бағыт-бағдарды дәл көрсететін құралдар мен жабдықтар болмаған. Сондықтан да адамдар Күн мен Айға, аспандағы жұлдыздарға қарап жыл мерзімі мен уақытты айыратын болған. Ал мұндай жұмыс аспан денелерінің қозғалысын үнемі бақылап отыруды талап етті. Аспан денелерінің қозғалысын бақылау қажеттігінен туындаған ежелгі құрылыстардың орны Қазақстанда көптеп кездеседі.

Сөйтіп практикалық қажеттілік астрономия ғылымының тууына ең басты түрткі болды.

Қазіргі астрономияның зерттеу ауқымы кеңейіп, көп салалы ғылымға айналды. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Аспан денелеріне жұлдыздар (соның бірі - Күн), планеталар (соның бірі - Жер), планеталардың серіктері; мысалы, Жер серігі - Ай, сондай-ақ кометалар, метеориттер жатады. Жүлдыздар жүйелері шар немесе оралым (спираль) бұтақтары тәріздес шоғырларды құрайды. Оларды галактикалар деп атайды.

Шексіз әлемнің біздер орналасқан бөлігін Біздің галактика деп атайды. Онда 150 миллиардтай жұлдыздар бар.

Күн - бізге ең жақын, қатардағы орташа жұлдыз. Бір секундта 300 000 шақырым жылдамдықпен таралатын жарық Күннен Жер бетіне 8 минутта, ал Біздің галактиканың бір шетінен екінші шетіне жүз мың жылда жетеді.


1.Жұлдыз дегеніміз бірнеше мың градус температураға қызып тұрған аспанның жарық денесі.

2.Темірқазық жұлдызы әрдайым солтүстік бағытты көрсетеді.

3.Жеке жұлдыздар тобын Галактика деп атайды.

1.Жұлдызды аспан әртүрлі пішіндегі бір-біріне ұқсамайтын аспан денелері.

2.Жұлдыздар аспан кеңістігінде ретсіз топталып белгілі бір жерге шоғырланып орналасқан.

1.Ауа-райы жақсы жағдайда ,түнде бір мезгілде 2,5 мыңдай жұлдызды көруге болады.

2.Галактика сутегіден тұратын газды бұлттардан пайда болады.

3.Біздің Галактикамыз- Құсжолы.

1.Шоқжұлдыздар: Жетіқарақшы, Таразы, Айдаһар,Жолбарыс т.б.

2.Ғарыштық Құсжолын Галактика деп атап,үлкен әріппен жазады.Басқа галактикаларды кіші әріппен жазады.


Жұлдызды Аспанаспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы. Түнде жай көзбен аспан сферасының жартысынан, ауа райы жақсы жағдайда, бір мезгілде 2,5 мыңдай жұлдызды (6-жұлдыздық шамаға дейін) көруге болады. Олардың көбісі Құс жолы жолағының маңына орналасқан (кестені қ.). Бағдарлауға қолайлы болу үшін Жұлдызды аспан, шартты түрде, шоқжұлдыздарға (жалпы саны 88) бөлінген. Жұлдыздарды адамдар ежелден-ақ басты-басты шоқжұлдыздар мен зодиактік жұлдыздарға ажыратқан. Шоқжұлдыздардың атаулары ежелгі гректер мен римдіктердің мифологиясынан алынған (мысалы, Андромеда, Персей, Дельфин, т.б.) немесе егін, мал, аң шаруашылығына (мысалы, Сиыршы, Балықтар, Қоян, т.б.) байланысты қойылған, кейінірек белгіленген шоқжұлдыздардың аттары техниканың дамуына (мыс., Секстант, Микроскоп, т.б.) байланысты қойылды. Шоқжұлдыздардың шекарасы Халықаралық астрономиялық одақтың шешімі бойынша белгіленген (1930). Шоқжұлдыздардағы жарық жұлдыздар грек алфавитінің әріптерімен не цифрлармен, ал кейбір жұлдыздар арнаулы белгілермен белгіленеді. Бірсыпыра жұлдыздың меншікті атауы бар. Көптеген жұлдыздар жұлдыздар каталогындағы атымен аталып, оған каталогтегі жұлдыздың нөмірі қоса тіркеледі (мыс., Лакайль 9352). Жұлдызды аспаннан жұлдыздар шоғырын, жұлдыздар қауымдастығын, галактикалық тұмандықты, галактикаларды, квазарларды, т.б., сондай-ақ планеталарды, кіші планеталарды, құйрықты жұлдыздарды, Жердің жасанды серіктерін, т.б. бақылауға болады. Бұл нысандардың көпшілігі телескоппен бақыланады. Ал Торпақ шоқжұлдызындағы шашыранды жұлдыздар шоғырын (Үркер мен Гиадтарды), Тукан мен Центавр шоқжұлдызындағы шар тәрізді жұлдыздар шоғырын, Орион шоқжұлдызындағы галактикалық тұмандықты, сондай-ақ Шолпан, Юпитер, Марс, Сатурн, Меркурий, Уран сияқты планеталарды, қүйрықты жұлдыздарды, т.б. жай көзбен-ақ көруге болады. Жер атмосферасының жоғарғы қабатында өтетін атом. процестердің әсерінен аспан аз ғана жарқырап, аспан реңі ешуақытта қара болмайды. Жердің айналуынан болатын аспан сферасының көрінерлік тәуліктік айналуы салдарынан Жұлдызды аспан үздіксіз өзгеріп отырады

Галактика (көне грекше: Γαλαξίας — Құс жолы)– құрамына Күн жүйесі енетін алып аумақты жұлдыздық жүйе. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған.Жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты галактика құс жолы жүйесі деп те аталады. Құрамына Күн енетін галактиканы басқа галактикалардан ажырату үшін, оны кейде «біздің галактика» деп те атайды. Құс жолы – кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан орасан көп жұлдыз шоғыры. Алайда аспан сферасына қатарласа проекцияланатын жұлдыздар кеңістікте бір-бірінен алшақ орналасқан. Сондықтан әр түрлі бағытта секундына ондаған, жүздеген километр жылдамдықпен қозғалатындығына қарамастан, олар бір-бірімен ешқашан соқтығыспайды. Жұлдыздардың кеңістікте таралу тығыздығы Галактика полюстерінің бағытында тым аз болады. Жұлдызаралық зат та кеңістікке бір қалыпты таралмаған, олардың басым көпшілігі жеке бұлттар мен тұмандықтар түрінде галактикалық жазықтықтың маңына шоғырланған. Құс жолының жұлдыздық табиғатын тұңғыш рет 1610 жылы Галилео Галилей байқаған


IV. Жаңа сабақты бекіту.

  • Ғаламшардың жұлдыздан айырмашылығы неде?

  • Қандай аспан денелері өзінен жарық бөледі?

  • Күн жүйесіне жататын қандай аспан денелерін білесіңдер?

  • Жұлдыз деген не?

  • Солтүстік бағытты қай жұлдызға қарап анықтайды?

  • Галактика деген не?

  • Шоқжұлдыздарды атаңдар.

  • Жұлдызды аспан деген не ?

  • Жұлдыздар аспан кеңістігінде қалай орналасқан?

  • Галактика қалай пайда болған?

  • Біздің галактикамыз қалай аталады?



V. Қорытындылау.

Жұлдызды Аспанаспан күмбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы. Галактика құрамына Күн жүйесі енетін алып аумақты жұлдыздық жүйе.



VІ. Үйге тапсырма беру. Жұлдызды аспан. Жұлдыздар жүйесін салып келу


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.10.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2447
Номер материала ДВ-032139
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх