Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Видеоуроки / Асыл ана ардақтым! 5класс

Асыл ана ардақтым! 5класс

  • Русский язык и литература

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

 Тақырыбы: «Асыл ана ардақтым!»

 Мақсаты: 1. Ұстаздарды, ата - аналарды, балаларды мерекелерімен құттықтау;

2. Халқымыздың ата - бабадан келе жатқан асыл салты ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау т. б. үлгі өнеге, жасы үлкенді сыйлау, парасатты мейірімді болуға үйрету;

3. Бала бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық т. б. жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Зал мерекеге сәйкес безендірілген, қабырға газеттері, шарлар, гүлдер, ана туралы жазылған қанатты сөздер, техникалық құралдар.

Жоспар: 1. Өз орныңды тап

2. Таныстыру

3. Өз өнеріңді көрсет

4. Тығырықтан шығу

5. Ойлан, тап

6. Анам әзірлеген дастархан

7. Қорытынды

1 - жүргізуші: Армысыздар, ару қыздар, абзал ана,

Анаға тең келетін бар ма дана?

Мерекең бүгінгі күн құтты болсын,

Қуанышпен құшақтарға гүлдер толсын.

2 - жүргізуші: Құрметті аналар, ұстаздар, және оқушылар, бүгінгі мерекелік кешке қош келдіңіздер! Мереке қарсаңында өткелі отырған «Асыл ана ардақтым!» атты аналар сайысына қатысушы аналарымызды ортаға шақырамыз. (Музыка ойналып тұрады ортаға аналар шығады)

1 - жүргізуші: Армысыздар қадірменді асыл халқым,

Арта берсін абыройың атақ - даңқың.

Қарсы алайық бүгінгі аналарды,

Ұстаған қазағымның ата - салтын.

2 - жүргізуші: Құрметті көрермендер! Сіздердің алдарыңызда бүгінгі сайысқа қатысушы аналар!

Сайыстың жастарына көз тимесін,

Аналарға ешқашан сөз тимесін.

Зарина мен Нұрсезім ән шырқаса,

Тоты мен Ырысгүл дөңгеленіп би билесін.

1 - жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысты бастамас бұрын сіздерді сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (Қазылар алқасы таныстырылады )

2 - жүргізуші: Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейсіз.

Сайысқа келген аналар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз!

Аналарымыздың таныстыруына кезек береміз! (Аналар өздерін өнер

жолдарымен таныстырады )

1 - жүргізуші: Өнерлерің өрге жүзсін, жас ұрпағым,

Сарқылмасын бойларыңда таланттарың — деп аналарымыздың өнеріне кезек береміз; «Өз өнеріңді көрсет»

(Аналар би билеп, ән шырқап өз өнерлерін көрсетеді )

1 - жүргізуші: Ал аналар сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар,

Тапсырма ал қоржыннан қысылмай кеп,

Жауап берсеңдер сұраққа, жарайсыңдар!

(Аналар сұрақтарға жауап береді)

Би: Өзбекше Айгүл,Дилназ билейді

Ән: Бесік жыры. Орындайтын Гүлім.

1 - жүргізуші: Ал, халайық ықыласпен демейік,

Әділдікпен бағаларын берейік — деп қазылардан 3 бөлімнің бағасын сұраймыз!?

2 - жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер,

Бір - біріңе еріңдер

Білімдеріңді тексеріп

Бір таласып көріңдер — деп аналарымызды мақал - мәтелдердің жалғасын табуға шақырамыз!

(Мақал - мәтелдер айтылады)

Ана үйдегі бақ

Әке отыратын тақ

Анасыз бала ұйықтамайды

Қатықсыз айран ұйымайды

Анасын көріп қызын ал

Табағын көріп асын іш

Анаға қарап қыз өсер

Атаға қарап ұл өсер

Ана сүтін ақтамағанды

Ешкім жақтырмайды

Ана ақылды болса — үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы

1 - жүргізуші: «Өнер — адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі» -- деп орыс жазушысы Л. Толстой айтқандай Келесі кезекті «анам әзірлеген дастархан» бөліміне береміз. (Аналарымыз үйден дайындап келген тағамдарын көрсетіп жасалу жолын айтады)

Қазылар алқасы аналардың қорытынды бағасын қорытындылап болғанша балаларымыз «Әжем жатыр ұйықтап» өлеңін айтып береді.

Би: Қазақша. Ағлен, Гүлімнің орындауында

1 - жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

2 - жүргізуші: Аналар – әрқашан үлкен тірек,

Бұл өмірде бірлескен біздің тілек.

Шын көңілден құттықтаймыз мерекемен,

Алғысқа бөлене бер деп тілейді біздің жүрек!

1 - жүргізуші: Гүлден ұрық шашылса, гүл тарайды әлемге - деп Сәбит

Мұқанов айтқанындай аналар, жеңгелер гүл болып шешек

атса, аруларымыз гүл болып әлемге шашылары анық.

Құрметті аналарымыз жеңістеріңіз құтты болсын!!!

Сау болыңыздар!!!

 

Автор
Дата добавления 20.03.2015
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Видеоуроки
Просмотров306
Номер материала 450645
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх