Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Ата – ана мен бала арасындағы мәдениетті қарым – қатынас орнату. Тренинг.

Ата – ана мен бала арасындағы мәдениетті қарым – қатынас орнату. Тренинг.

  • Школьному психологу

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m254cd2e0.gif












Тренинг сабағы


Тақырыбы: Ата – ана мен бала арасындағы мәдениетті қарым – қатынас орнату.



















Сәлеметсіз бе! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!


Кіріспе сөз: Мектеп өміріндегі ең маңызды, жауапкершілікті талап ететін жұмыстардың бірі – ата – аналар жиналысы. Жиналысты қалай қызықты, әрі пайдалы өткізуге болады?

Бүгін біз ата – аналар жиналысына кішігірім тренинг ұйымдастырғалы отырмыз. Бәріміз бірге атсалыса отырып, қызықты өткіземіз деген ойдамын.

Тренинг тақырыбы: Ата – аналар мен бала арасындағы мәдениетті қарым – қатынас.

Мақсаты:Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Әдісі: сұрақ –жауап, топпен жұмыс, илюстративті, тест, баяндау,

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, шам, А4, түрлі-түсті қарандаштар, жапсырмалар.


Тренинг бағдарламасы:

1. Кіріспе.

2. Біздің эмоциямыз бен көңіл-күйіміз.

3. «Өз отбасыңыздың» суретін табыңыз.

4. «Өтінемін!» ойыны.

5. «Біздің отбасымыздың суреті».

6.Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы.

7. «Тілек шамы».

8. Біздің эмоциямыз бен көңіл-күйіміз.

9. Ой толғаныс: «Бақытты отбасы».

10. Қорытынды.




  1. Кіріспе.


  1. «Біздің эмоциямыз бен көңіл – күйіміз».

Құрметті оқушылар және ата – аналар мына түстердің біреуін таңдаңыз және есте сақтаңыз. Түстер сырын тренинг соңында білетін боласыз.

  1. «Өз отбасыңыздың» суретін табыңыз.

Құрметті ата – аналар алдыңғы сабақта оқушылар отбасы суретін салған болатын, енді осы алдарыңдағы суреттер арсынан өз балаңыздыңсалған, суретін табуыңыз сұралады.hello_html_m7ba157d0.jpg

  1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?

  2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?

  3. Суреттерден өз отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?


  1. «Өтінемін» ойыны.

Мақсаты: Ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты жақсарту, бір – біріне көңіл бөлу, бір – бірін тыңдай білуге үйрету.

Қатысушылар ортаға жартылау шеңбер жасап тұрады.

  • Құрметті ата – аналар, студенттер! Сіздер қандай «сиқырлы» күші бар сөздерді білесіңдер?

  • Рахмет, өтінемін, т.б

  • Мен әр түрлі өтініштер жасаймын, егер мен «өтінемін» деген сөзді айтсам сіздер оны орындауларыңыз қажет. «Өтінемін» деген сөзді айтпасам, сіздер ол өтінішті орындамайсыздар.hello_html_6c78a95b.jpg

  • Секіріңдер

  • Оң аяқтарыңды көтеріңдер

  • Өтінемін, алақанмен қол шапалақтаңдар

  • Өтінемін, бір – біріңді құшақтаңдар

  • Оң қолдарыңмен сол құлақтарыңды уқалаңдар


  1. «Біздің отбасымыздың суреті».

Суретті бір – бірімен ақылдаспай салады. Баласы суретті бастайды, әкесі жалғастырады және екінші суретті бастап кетеді, анасы ол суретті жалғастыру және келесі суретті бастап кетеді, баласы суретті аяқтау керек.hello_html_7de2104c.jpg

Талдау:

  1. Сіздің бастаған суретіңіз ойыңыздан шықты ма?

  2. Алға қойған мақсатқа жету үшін кедергі болды ма?

  3. Бір – біріңізді қалай түсіндіңіз?

  4. Өзіңіз суретке қанағаттанасыз ба? Жоқ болса неге?

Әр отбасының салған суреттерін талқылауға уақыт беріледі.

  1. Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы

Мақсаты:Ата-ананың қарым-қатынасының тест-сауалнамасы – бұл психодиагностикалық құрал, ол балаларды тәрбиелеу және олармен қатынасу сұрақтарымен психологиялық көмек сұрап келген адамдардың ата-аналық қарым-қатынасын айқындауға арналған.hello_html_m7e77f162.jpg

Ата-аналық қарым-қатынас дегеніміз, балаға қатысты түрлі сезімдердің, іс-әрекет стереотиптерінің, баланы түсіну және қабылдау ерекшеліктері.


  1. «Тілек шамы»

Мақсаты: тренинг туралы пікірлерін ортаға салу.

Құрметті ата – аналар, студенттер. Біз сіздермен жанұядағы ата – ан мен балалар арасындағы қарым – қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан – жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екнін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір – бірімізге тілек айта отырып жүргізейік. Бір – бірімізге мына шамды бере отырып бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде айтуларыңызды сұраймын.hello_html_m51a77c60.jpg

  1. «Біздің эмоциямыз бен көңіл – күйіміз»

Құрметті оқушылар және ата – аналар қазір мына түстерден біреуін таңдаңыз және тренинг басында қандай түс таңдағаныңызды есіңізге түсіріңіз. Тренинг басында қандай түс болды, енді қандай түс? Түстер өзгерді ме? Жауабын білгенде қандай сезімде болдыңыз?



  1. Ой – толғаныс: «Бақытты отбасы»

Алдарыңдағы түрлі жапсырмалар бар. Осы белгілер бойынша ата –анаға, оқушыларға, оқытушыға өз ұсынысыңызды немесе ой – пікіріңізді жазуыңызға болады. Жағзан пікірлеріңізді оқи отырып, «Бақытты отбасы» бейнесін шығарамыз.F:\Lovely_illustration_of_Happy_family_with_love_wallcoo.com.jpg

  1. Қорытынды.






















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Тренинг сабақ. Тақырыбы: Ата – ана мен бала арасындағы мәдениетті қарым – қатынас орнату. Бұл тренингті ата-ана жиналысында қолдануға арналған. Презентациясы осы сайтқа енгізілген.

Тренинг бағдарламасы:

1. Кіріспе.

2. Біздің эмоциямыз бен көңіл-күйіміз.

3. «Өз отбасыңыздың» суретін табыңыз.

4. «Өтінемін!» ойыны.

5. «Біздің отбасымыздың суреті».

6.Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы.

7. «Тілек шамы».

8. Біздің эмоциямыз бен көңіл-күйіміз.

9. Ой толғаныс: «Бақытты отбасы».

10. Қорытынды.

Автор
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1908
Номер материала 276509
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы
Тренинги
12.05.2015
Просмотров: 967
Комментариев: 0

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх