Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Ата- аналар мен балаларға арналған сыныптан тыс іс- шара Тақырыбы: "Отбасы құндылығы - рухани-адамгершілік тәрбие негізі"

Ата- аналар мен балаларға арналған сыныптан тыс іс- шара Тақырыбы: "Отбасы құндылығы - рухани-адамгершілік тәрбие негізі"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Ата- аналар мен балаларға арналған сыныптан тыс іс- шара

Қатысатын: 5 «а» сынып оқушылары мен олардың ата- аналары

Тақырыбы: Отбасы құндылығы - рухани-адамгершілік тәрбие негізі

Мақсаты: Ата-аналар мен балалардың арасында отбасы құндылығы, рухани-адамгершілік қарым-қатынас қасиеттерін кеңейте отырып, оқушылардың бойында жанұяға деген ыстық ықылас, өзара сыйластық туралы түсінік қалыптастыру . Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Түрі: Пікірталас

Әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар, мазмұнды суреттер.

Өту барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Сәлемдесу .

Ә) Шаттық шеңбері

( Жайлы әуен ойнап тұрады. Оқушылар мен ата-аналар шеңбер құрып отырады.)

Кіріспе сөз

  • Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар, оқушылар! Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздерді бүгінгі 15 мамыр –Халықаралық отбасы күні мерекесімен құттықтаймын. Жанұяларыңызға мол бақыт, береке тілей отырып, бүгін сіздермен өткізгелі отырған «Отбасы құндылығы-рухани-адамгершілік тәрбие негізі» атты сыныптан тыс іс- шарамызды ашық деп жариялаймыз. // «Жақсы сөз, жарым ырыс» деп ата-бабамыз текке айтпаған екен. Өз жанұямыздың өмірі жарқын, тату-тәтті болу үшін жақсы сөздер айтып бір-бірімізді қуантуға тырысып жатамыз. ( үстел үстіндегі гүлдерді бос себетке тілек тілеу арқылы салып отырады ) Олай болса, алдыңыздағы гүлді алып осы бүгінгі мерекемізге арнап тілек тілеп, себеттің ішін әдемі сөздермен толтырып, көтеріңкі көңіл күй сыйлайық.

( Ата-аналар мен оқушылар орындайды)

Мұғалім:

  • Рахмет, ата-аналар, оқушылар! Ал, балалар, осы тілектер орындалғанда отбасыда қандай күндер орнамақ? (Балалардың жауабы тыңдалады.)

Мұғалім:

- Олай болса, бүгінгі жиынымыздың мақсаты отбасының құндылығы, ерекшелігі, және отбасыларыңызда болатын бір-бірлеріңізге деген сүйіспеншілік, тәрбиенің негізгі көзі екені өз отбасыларыңызды қаншалықты жоғары бағалайтындарыңыз туралы бүгінгі іс-шарамыздың мақсаты арқылы ойымызды ортаға салу

Мұғалім:

Жоғарыда айтып өткендей, әр жыл сайын біз үшін ерекше аталып өтетін отбасы күні мерекесі бар екенін білеміз. Бұл мереке 1993 жылы 15 мамыр айында БҰҰ Бас Ассамблеясы тарапынан құрылды.

- Осы мерекені отбасыларыңызбен қалай өткізесіздер?( ата-ана, оқушылар жауабы)

Әр отбасында бір өзіндік дәстүр қалыптасқан. Мысалы өнер жолымен айналысқан отбасылар, саяхат жасау, спортпен шұғылдану, мерекелік күндерді мол дастарханмен қарсы алу сияқты отбасыда қалыптасқан дәстүрлер болып жатады

-Айтыңдаршы, балалар, өз отбасыларыңда қандай дәстүр қалыптасқан?(оқушылар дың жауабы тыңдалады сурет салу, спортпен шұғылдану, үйдегі қуанышты жағдайларды кішігірім мерекелік дастархан жасау. т.б.)

-Сен өз отбасыңа тағы қандай дәстүрді енгізгің келеді?

- Өз отбасыңда сенің орның қандай?( немересі, ағасы, әпкесі кенжесі, тұңғышы, ортаңғысы).

- Ендеше балалар, осы тақырып көлемінде сөзжұмбақтың жауаптарын табайық.
















































1.Отбасының тірегі. Жанұяның жанашыры, қамқоршысы. «Әке» сөзіне мағынасы жуық сөздермен қалай атап айтуға болады. ( отағасы)

2. ... тал бесіктен басталатын, біліммен қатар жүретін не? (тәрбие)

3. Әке-шешенің перзенті, ұрпағы? (бала)

4. Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (ана)

5. Отбасында бір-бірін түсіну үшін, жақсы қарым-қатынас жасау үшін қандай қасиет қажет? (сыйластық)

6. «Үй» сөзіне мағынасы жуық сөздермен қалай атап айтуға болады? (шаңырақ)

Мұғалім:

  • Бәрекелді балалар, сөзжұмбақтың сұрақтарына шапшаңдықпен жауап бердіңдер. Сонымен, балалар, отбасы деген ұғымды қалай түсінесіңдер?(оқушылар жауабы) Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасының әсері мол. Сондықтан, бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі-ата-аналарымыз екен. Ата-ананың балаға берер тәрбиесі мол. Ендеше, экрандағы сурет бойынша ата-аналарымыздың ойын тыңдайық.

  • Құрметті ата-аналар, экрандағы суретте не бейнелеген? Сіздер бұл суретті бүгінгі біздің тақырыпқа байланыстыра отырып қандай ой айта аласыздар?

( Тақтада түзу өскен ағаш пен қисық өскен ағаштың суреті көрсетіледі)

(ата-ана өз ойларын айтып өтеді)

Мұғалім:

- Иә, шынында да ата-бабаларымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті қалыптастыруда отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады- деп айта отырып, ал осыған бала ықпал етпесе, еш нәтиже болмайды.

Мұғалім:

  • Ал, балалар, осы жағдайға байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып көрейік.

(слайдтан мақал-мәтелдердің бастапқы сөздері шығады, балалар жалғасын айтады)

  1. Әдепті бала- арлы бала, ... (Әдепсіз бала- сорлы бала)

  2. Қозы баққан озар,... (Доп қуалаған тозар)

  3. Балапан ұяда не көрсе,... (Ұшқанда соны алады)

  4. Анаңа ауыр сөз айтпа! ...( Атыңа ауыр жүк артпа!)

  5. Аға әдепті болса, іні әдепті,...( Апа әдепті болса, сіңілі әдепті)

  6. Қисық ағаш қиыспайды,...( Қыңыр адам сыйыспайды)

Мұғалім:

  • Иә, осы айтылып жатқан мақал-мәтелдердің отбасыға берер тәлім-тәрбиесі, үлгі-өнегесі мол. Ендеше, алдарыңыздағы «Өнегелі отбасы» сөзі берілген. Осы тақырыпқа ассасация құрайық.

Мақсаты: Ата-аналар мен оқушыларға топтық жұмыс жүргізе отырып, «Өнегелі отбасы» тақырыбында отбасы тәрбиесі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Шарты: Ата- аналар мен оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топтың алдында А3 қағазы жатады, қағаздың ортасында «Өнегелі отбасы», «Отбасы құндылығы», «» деген сөз жазылған, ата- аналар мен оқушылар өз ойларын жазып, қорғауы қажет.

«Ассосация» жазу


hello_html_m454dd003.png

hello_html_24f37cad.png

hello_html_40d7b3c2.png

Мұғалім:

Әр топтан бір адам шығып, берілген тапсырманы түсіндіріп өтсеңіздер.

(Әр топтың бір мүшесі қорғайды.)

Мысалы:

І топ. Егер ата-ана өз еңбегімен, өмірге деген саналы көзқарасы, тек жақсы қасиеттері арқылы сыйластықпен ғұмыр кешсе, олар өз балаларына өнеге бола алады.

ІІ топ. Ата — ана өз баласына өнеге бола алады, егер өздері білімді, тәрбиелі, жауапкершіліктері мол адамдар болса.

ІІІ топ. Ата — ана өз баласына үнемі қолдау көрсетіп, барлық істерін қадағалап, бағыт беріп отырса, нағыз өнегелі отбасы бола алады.

Мұғалім:

  • Сондықтан да, қандай ата-ана болмасын өз отабысының түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбінесе әке мен ананың үлкен үйден алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты.

  • Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Ендеше, бүгінгі тақырып төңірегі бойынша бейнефильмге назар аударайық.



ІҮ кезең: Ситуациялық жағдаяттарды шешу.

«Менім атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.

-Ал, осы фильмнің үзіндісін көре отырып, Қожаның мінезінен екі жақты қасиет көруімізге болады. Балалар, сендер өздеріңнің көз-қарастарыңды, ата-аналар сіздер де өз ойларыңызды айтып өтсеңіздер?

Мұғалім:

  • Қазір біз сіздермен « Қол - аяғы буылған бала» ойынын көрсетеміз. Өз баламыздың қанатын қақтырып, биікке жеткізе алмайтын, шыңдардың шыңына жете алмайтын ата-аналардың отбасында жіберетін кемшіліктері бар. Осы кемшіліктерді, жіберетін қателіктерімізді ойын арқылы ойымызды ұштастырайық.

Шарты: Ортаға бір ата-ана шақырылады. Ол баланың ролін ойнайды. Басқа ата-аналарға мына кесте таратылады.

-Біз балаларға жүгірме, құлама деп - / аяқтарын байлаймыз/

-Біз балаларға мынаны ұстауға болмайды, ананы алуға болмайды деп-

қолдарын байлаймыз/

-мынаны тыңдама, ол сен тыңдайтын әңгіме емес деп- / құлақтарын бітейміз/

-айқайлама, қатты сөйлеме деп- ауыздарын жабамыз/

-Бұл киноны саған көруге болмайды деп- көздерін жабамыз. Ал енді бұл баламыздан сұрайық, ол өзін қалай сезініп тұр екен? Иә, балаларды өз еркіне жіберуге болмайды, бірақ сондай қатты талаптар қою да шарт емес.

4. Үй моделін жасау

Мұғалім: Баспана болмаса, ешбір тіршіліктің мәні жоқ деп ойлаймын. Отбасы-

шаңырақтан құрылады. Өз баспанаңыздың шаңырағы биік, босағасы берік болу үшін қандай қасиеттерді қалар едіңіз? Ендеше қолымдағы әдемі жолақтарға қасиетті сөздерді жазып, шаңыраққа байлап , үйдің моделін жасайық. ( Үй моделін жасау мақсатында ата-аналардың ой-пікірмен үй құрылысы тұрғызылады) Шарты: Үй моделін жасау үшін қажетті сөздер: (қамқорлық, сүйіспеншілік, адамгершілік, түсіністік, сыйластық, төзімділік, құрмет, шынайылық, жауапкершілік, көңіл бөлушілік, жүрек жылуы, махаббат, адалдық, кішіпейілділік, сенімділік)

-Мінеки, құрметті ата-аналар, оқушылар! Шаңырағымыз да бой көтерді. Жоғарыда айтып өткендей әдемі гүлдерімізді жақсы тілектер арқылы себетімізді толтырдық . Осы себетті бүгінгі шаңырағымыздың сәні ретінде ортаға қоя отырып, себеттегі барлық тілектер сіздердің шаңырақтарыңызда да орындала берсін демекпін!

Отбасы – адам баласының өсіп- өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасының беріктігі ең бірінші шаңырақ көтерген екі адамның бір-біріне деген сүйіспеншілігі, сенімділігі,жауапкершілігі, құрмет-сезімі, адалдылығы, пәк тазалығы, ар-ұяты, сұлулығы болса, келер ұрпағына да сол қасиеттерді бойына дарытып нағыз босағасы берік отбасы бола алады. Сондықтан өздеріңіз құраған үй моделіндегі жақсы сөздерді өз отбасыларыңызға тілеп, өскелең ұрпағымыздың санасы биік, рухани-адамгершілігі бай, нағыз қазақ елінің өрісін кеңейтетін азаматтарды өз ұямыздан мықты тәрбиелеп, қанаттары талмас биіктерге самғатайық!


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров250
Номер материала ДВ-423316
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх