Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Ата- аналар жиналысы"Баланың жаны таза, жүрегі пәк" дөңгелек үстел

Ата- аналар жиналысы"Баланың жаны таза, жүрегі пәк" дөңгелек үстел



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов
































































Жиналыстың тақырыбы: «Баланың жаны таза, жүрегі пәк»
Мақсаты: бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата – ана тәрбиесі, өнегесі және ата – ана балалардың бас ұстазы екендігін түсіндіру.
Көрнектілігі: қанатты сөздер «Отан отбасының басты ұясы», «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» «Ұяда не көрсе, ұшқанында соны іледі.»

Барысы
Кіріспе сөз.
Жылдағы дәстүр бойынша өтетін жалпы ата - аналар жиналысын ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі ата – аналар жиналысы дөңгелек үстел үстінде пікірлесу, ой бөлісу негізінде өтпек.( Осы жерде жиналыстың мақсаты, тақырыбы айтылып кетеді). Алдымен, бүгінгі жиналыста топқа бөлінген ата – аналарды ортаға шақырсақ. Бірінші топ бастауыш сынып ата – аналары, екінші топ орта буын ата – аналары, үшінші топ жоғарғы сынып ата – аналары.
Бала тәрбиесі ата – ана үшінде күрделі де жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата – ананың орны бөлек. Осы екі жақты бірлескен жұмыс істеген жағдайда ғана бала тәрбиесінде жақсы нәтиже көруге болады.
Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата – анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл - ойы адамгершілігі әсер етпек. Олай болса бүгінгі жиналыстың шарттарымен таныстырып өтсек.

Шарттары:
1. Мен қандай ата – анамын? (Сұрақтарға жауап алынады)
2. Жағдаяттарға талдау жасау.
3. Сауалнама.

Алдымен ата – аналарға сұрақтар беріледі. Дайындалуға бір минут уақыт беріледі.
1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2. Бала үшін ата – ананың қайсысының беделі жоғары деп ойлайсыз?
3. Дені сау, тәрбиелі өрелі бала өсіру үшін не қажет деп білесіз?
4. Бала дүниеге жаман күйде келмейді, бірақ бала өсе келе әрқилы жағымсыз әрекеттерге бой ұрып, әртүрлі мінез көрсетеді, бұған сіздердің көзқарастарыңыз қандай?

Келесі кезекті баланың күнделікті өмірінен алынған кейбір жағдаяттарға кезекті береміз.
1 Жағдаят
(Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Самат пен Сәкен біраз ақылдасты. Саматтың есіне асханада ақша ұсатқан Ербол түседі. Сол Ерболды қорқытып ақшасын тартып алу керек керектігін Сәкенге айтады.)
Сәкен: Ербол мұнда кел, Мен ақша тауып алдым.
Ербол: Қане ақша?
Самат: Ербол сен асханада ақша ұсатып тұрғаныңды көргенмін. Сол ақшаң қайда? Бізге бер.
Ербол: Жоқ бере алмаймын. Анам ақшаны қайтарып әкел деген. Анама қайтарып беремін.
Сәкен: Әкел ақшаны. Ақша қалтаңда ғой) қалтасынан ақшаны тартып алады)
Самат: Сен біздің ақша алғанымызды ешкімге айтпайсың? Айтсан саған жаман болады.
Ербол: Анама айтамын (Жылап кетіп қалады)
Сұрақ: Осы көріністе баланың қандай қылығын байқадыңыз? (ата – ананың жауабы тыңдалады)

2 – Жағдаят
Нұрлан 3 - сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға деген ынтасы жақсы. Оқыса жақсы оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата – анасы бала тәрбиесіне жауапсыз қарайды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, кейде тіпті апталап қалдыратын кездері болады. Мектепте өтетін жиындарға келмейді. Білім алу баланың басты міндеті екендігін біле тұра соны орындауға салғырт қарайды.

Сұрақ.
1. Нұрланның ата – анасының қылығын қалай бағалайсыз?
2. Ата – ананың бала алдындағы міндеттері қандай?
3 Жағдаят
Айжан: Дина маған анам ұялы телефон сатып әперді.
Дина: кәне өте әдемі екен қарашы, Айнұр.
Айнұр: Әдемі екен бірақ «ең алдымен маған анам білім ал, сабақты жасы оқы. Өскен соң еңбек етіп, қымбат телефонды сол кезде өзің сатып аласың» деген.
Айжан: Айнұр сен сабақ, сабақ деп жүресің. Маған ата - анам «ақша болса бәрін сатып алуға болады» деді.

Сұрақтар:
1. Қазіргі кезде балаларға қымбат зат алып беруді дұрыс деп санайсыз ба?
2. Білімді ақшаға сатып алуға бола ма?
4 жағдаят
Балаңыз мұғалімді жамандап, оның сөйлеген сөзін, қозғалысын салып кемітеді. Сіздің көзқарасыңыз?
Кезекті алдын ала алынған сауалнамалардың қорытындысына берсек. Бүгінгі жиналысқа қатысушы топтар, сіздер қазір бүгінгі жиналыстан алған әсерлеріңізді, жиналыстың дұрыс ұйымдастырылуы жайлы, бұндағы бала тәрбиесі жөніндегі сөз болған мәселелердің маңыздылығы туралы қорытынды пікірлеріңізді жазып, қорғайсыздар.

Қорытынды.
Бала өмірдің жалғасы. Балаға өнер үйретіп тиянақты білім беру, абзал азамат етіп тәрбиелеу қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Жанұяның жемісі алтын тірегі, діңгегі – бала. Әр ата – ана өзінің баласын тәрбиелей отырып, өзінің қоғам алдындағы, жауапкершілігін еш уақытта ұмытпауы тиіс. Егер ата – ана баласын саналы, адамгершілігі мол, рухани жағынан жетілген, еңбекқор етіп тәрбиелесе онда еліміздің болашағы жарқын деп айта алар едік. Кейбір ата – аналар өз перзенттерін шектен тыс еркелетіп баланың бетінен қақпай көңіліне қарап тәрбиелейді немесе отбасындағы өнегелі тәрбие мөлшеріне немқұрайлықпен қарайды. Ал мұндай көріністер баланың бойында кері қасиет пайда болуына тікелей себеп болады. Бүгінгі берілген сұрақтар, жағдаяттар да біз баланың бойында кездесіп қалатын осындай әрекеттерді, қылықтарды көрсете отырып, одан аулақ болудың әдістерін қарастырып көрдік. Дұрыс тәрбие көрсе ғана баланың саналы, жоғары адамгершілікті, рухани бай, тұлға болып қалыптасатындығына көзімізді жеткіздік. Ата – ана баласына білім беріп, өмірге нұсқау беретін, ұстаз еңбегін бағалайтындығын түсіндік. Сондықтан үйде ата – ана, мектепте ұстаз бала жүрегінен жол табатындай тәрбиелік мәні зор еңбек етсе, тәрбие өз орнын табар еді деп бүгінгі дөңгелек үстел басындағы пікір - сайысымызды аяқтаймыз.



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-365950

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>