Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыАта- аналар жиналысының тақырыбы: "Қырсық балалар. Бала қырсықтығының себептері" (7 сынып)

Ата- аналар жиналысының тақырыбы: "Қырсық балалар. Бала қырсықтығының себептері" (7 сынып)

Скачать материал

Ата- аналар жиналысының тақырыбы: Қырсық балалар. Бала қырсықтығының себептері

Ата- аналар жиналысының мақсаты:

 1.Отбасылық тәрбиенің озық үлгілерін насихаттау.

2.Ата- аналардың мектеппен тұрақты қарым - қатынасын , белсенді педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру.

3.Үлкенді сыйлауға ,ілтипатты болуға ата ана алдындағы парызын түсінуге тәрбиелеу.

4. Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету .

Ата- аналарының жиналысының міндеттері:

Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. 

7 "Ә" сыныбының ата- аналары

Пән мұғалімі: Темиржанова Меруерт Асетовна

Қысқа мерзімді жоспар

ПӘНІ

Ата- аналар жиналысы

КЛАСЫ

7 "Ә"

ТАҚЫРЫП

Қырсық балалар. Бала қырсықтығының себептері

 

ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІ

Ата- аналар басқалармен қарым-қатынас жасай береді; басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйренеді; өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды; керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйренеді, оның дамуын қамтамасыз етеді.

ТҮЙІНДІ ИДЕЯСЫ

Сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру.

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

—  Сәлемдесу рәсімі

—  "Зейінді ата- ана" тренинг

—  Топтастыру

—  Тапсырма

—  Жақсы қасиеттер

—  Аяқталмаған сөйлем

—  "Мен былай алмастырамын"

—  Жағдаяттар

 

 

 

КЕЗЕҢДЕРІ

МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ

АТА- АНА ӘРЕКЕТІ

БАҒАЛАУ

РЕСУРСТАР

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

(Психологиялық ахуалды жақсарту).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Амандасу, түгендеу.

Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата- аналар!

Бүгінгі біздің "Бала тәрбиесі баршаға ортақ" атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер! Ата- ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз". Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата- ана.

"Зейінді ата- ана" тренингін бастамас бұрын ата- аналарды ортаға шақырамын. Екі қатар тұрып, бір- бірірне мұқият қарайды. Одан кейін қарсы қатар теріс қарайды, ал оларға қарап тұрған қатар өздерінен бір нәрсені өзгертеді.

Амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Есімдер аллитерациясы" - алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.

Мысалы: Мен гүлдей- Гүлнармын,

Мен айдай- Айдынмын.

Жарайсыңдар, жақсы.

Интербелсенді тақта

Топтастыру

Прямоугольник: скругленные углы: Қырсық бала қандай болады?Прямоугольник: скругленные углы: Қырсық деген не?

Топтастыру арқылы ата- аналардың ойын білу

 

Тапсырма

Үш топқа тақырып беріледі

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын постерге салып, қорғайды

 

 

 

 

І топ:

Бала- білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата- ана қандай жағдай жасауы керек?

ІІ топ:

Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?

ІІІ топ:

Мұғалім мен ата- ана байланысының тиімділігі бар ма?

Смайлик арқылы бағалау

 

Жақсы қасиеттер

Қызықты сұрақтар (доп лақтыру арқылы)

1.Балаңыздың сүйікті түсі қандай?

2. Сынып жетекшісінің толық аты- жөні

3. Балаңыздың сүйікті мультфильмі қандай?

4.Қандай жануарды жақсы көреді?

5. Балаңызды қалай еркелетесіз?

6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?

7. Балаңыздың жақын досы кім?

8. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен қандай сөз ауызыңызға түседі?

 

 

"Аяқталмаған сөйлем"

Дұрыс жауаптары:

–     Егер баланы үнемі сынап отырса, ... (оның оқуғы құлқы болмайды).

–     Егер балаға үнемі күлсе, ... (ол бұйығы болып кетеді).

–     Егер баланы үнемі мақтап отырса, ... (ол өз қадірі үшін оқиды).

–     Егер бала төзімділікте өссе, ... (ол басқаларды түсінуге тырысады).

–     Егер бала адалдықта өссе, ... (ол адал болып жетеді).

–     Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ... (ол адамдарға сеніммен қарайды).

–     Егер бала кекшілдікте өссе, ... (ол қатыгез болып өседі)

–     Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ... (ол әлемнен махаббат табуды үйренеді).

Аяқталмаған сөйлем:

–     Егер баланы үнемі сынап отырса, ...

–     Егер балаға үнемі күлсе, ...

–     Егер баланы үнемі мақтап отырса, ...

–     Егер бала төзімділікте өссе, ...

–     Егер бала адалдықта өссе, ...

–     Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе, ...

–     Егер бала кекшілдікте өссе, ...

–     Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ...

 

Смайликтер арқылы бағалау

 

"Мен былай алмастырамын"

 Дұрыс жауаптары:

Ата-аналар осы сөздерді былай алмастыруына болады:

1. «Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» - деп, үміт артуы керек.

2. «Сенің де басқалардан өзгеше болуына құқын бар, сенің де қолыңнан келеді» - деп, сенім артуы керек.

3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » - деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

4. «Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

5. «Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

 

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған ұрыс сөзі де баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес.

Кінәлі сөздер

1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

2. Неге сен басқа балалардай емессің?

3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

 

 

 

 

 

 

Смайликтер арқылы бағалау

 

Сергіту сәті

(3 минут)

Сергіту сәтін ұйымдастырады.

Сергіту сәтіне қатысып, көңіл-күйлері көтеріледі.

 

Интерактивті тақта

Баяндама

Әке көрген оқ жанар,

шеше көрген тон пішер.

 

Қатыгездік мінез-құлықты мектепте де, үйде де кездестіруге болады. Балалар көбінесе ата-аналардың ілтипаты мен қамқорлығының тапшылығынан агрессияға ұшырайды. Қатыгездік – баланың өз тәуелсіздігін, осы қоғамның құндылықтарын қабылдамауы әлемге дәлелдеу тәсілі. Қатыгездік дәл осы жағдайда – бұл ашудың сыртқа шығуы, түгел алмаған мейіріміне, ілтипатына өкпелеу. Осы нәтижеге отбасындағы қатыгездіктің салдарынан баланың моральдік не болмаса дене қысымына әкеп соқтырады. Сәтті отбасы – жасөспірімнің қатыгездікті көрсетпеуіне кепіл емес.

Бала қатігездігі бұрыннан бар. Баланы құрдастарымен ұрып соғу жағдайлары мектепте, көшеде кездеседі. Қазіргі жасөспірімдер қадыр-қасиетін қорлауын намысына тию қылықтарын жиі кездесетін қатыгездікті -  ұялы телефонына түсіреді, содан болған егжей – тегжейлерін түрлі сипатта ойласады. Және де белгілі жасөспірімдер ортасында басқаларға қатысты қатыгездіктің көрсетуі – бұл мінез – құлықтың нормасы сезімінің қалыптасуына себепші болады.  

Бұл балаларда қайдан пайда болды? Оларды осыған кім үйретеді? Жасөспірімдер қатыгездікті, біреуді азаптауға, агрессияны кей кезде теледидарлық хабардан алады, және осы барлық жағымсыз үлгілер біздің балаларымыздың сана – сезімінде аласаратыны екенін мойындауымыз қажет. Балалар ысқыш сияқты, барлығын өзіне сіңіп алады. Интернетте белгілі сайттарды сұмдық фильмдердің, боевиктердің қарап шығуы – бала қатыгездігінің пайда болуына негізгі себеп болып табылады. 

Ата-аналар және баланы тәрбиелейтін басқа отбасы мүшелері, күнбе-күнгі өмірде мейірімділік, рақымдылық үлгілерін көрсетуі керек, себебі бала сөздерді, сөйлеуін, өзге жағдайларға әрекет жасауын қайталайды, демек үлкендерге және өз сезімдеріне еліктіреді. 

Бала қатыгездігін алдын алу үшін ата – аналар не істей алады?

     Мұқияттылықпен және инабаттылықпен қадағалаңыз, бала кіммен дос, немен шұғылданады, нені қарайды және не оқиды.

       Балауса кезінен бастап өз қылықтары үшін дербестікке және жауапкершілікке үйретіңіз, жан ашуы мен бастан кешу қабілетін қалыптастырыңыз.

       Теледидарды және компьютерлік ойындарды қарауға уақытын шектеңіздер, бірақ тура бұйрықпен және тыйым салумен емес, қызықты іспен айналасуға ұсыну.

       Отбасында дене жазалауына жол бермеу, құрдастар, үлкендер және барлық тірі жандар үшін жан ашу, эмпатия сезіміне дамытыңыздар.         Балада адамгершілік сезімін ынталандыру.      

   Агрессорларға дұрыс әсер етуіне үйрету.

       Түрлі әлеуметтік құбылыстарға қатынасы туралы жиі әңгімелесіңіз.

      Өз шамасы жоқтығына және көмексіздігіне айыптауына қауіптене отыра, өз балаңыздың қатыгездігіне және оның қылықтарын айыпсыз қалдырмауға тырысыңыз.

       Балаңызға тек «мен солай істегім келеді» ғана емес, сонымен қатар оның міндеттері бар екенін ескерту, басқа адамдармен санасу қажет екенін түсіндіріңіз.         Мәселелерін ескермеңіз, жазалауды пайдаланбаңыз, мінсіз мінез-қылықтарды талап етпеңіз.

Демек, балаға қамқорлық жасау, бағаларын қадағалау, киіндіру мен тамақтандыру ғана емес. Балаға қамқор жасау – бұл ең алдымен оның мәселелеріне көңіл бөлу, таланттарын ашу мен дамыту, достармен қатынасу, баланың өзіне және қоршаған әлеміне деген махабаты мен құрметін қалыптастыру.

Ендеше өз балаларымызды адамгершілікті, мейірімді өсіруге тырысайық!

Ата- аналар құлақ салып, мұқият тыңдайды

 

 

Мағынаны тану

Жағдаяттарды талқылау

Жағдаят №1

Нұрлан 5-сыныпта оқиды. Нұрланның білім алуға талабы жақсы. Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата-анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайындырды. Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Мектепте, сыныпта ата-аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді.

Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата-анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенімен еш нәтиже шықпайды. Ата-анасы құр уәде беріп, шығарып салады. Бір жетіден соң жағдай қайталанады. Білім алу баланың басты міндеті екенін біле тұра, соны орындамауда ата-анасы салғырттық танытты.

Жағдаят №2

Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасты. Ерланның есіне асханадағы ақша майдалатқан Қайрат есіне түсті. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып ал керектігін Маратқа айтты. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырды. Ойында ештене жоқ Қайратты Ерлан артынан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етті. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол, ақшасының жоқ екенін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екенін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере  салды. Аман-есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертті. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтса, онда жақсылық болмайтынын Қайратқа жақсылап ұғындырды.

Сұрақтары:

Жағдаят №1

Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?

Сынып жетекшісінің орнында не істер едіңіз?

Ата-ананың бала алдындағы міндеті қандай?

Осы жағдайға байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз?

 

 

 

 

 

 

Сұрақтары:

Жағдаят №2

Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады?

Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелді?

Сіз ата-ана ретінде қандай пікірлер ұсынасыз?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау

(5 минут)

 

 

 

 

 

 

 

Бала дегеніміз- болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениеттті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі- ата- ананың өнегелі тәрбиесінде.

 

—  Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейірімді жүрекке айналу қажет.

—  2 жұлдыз, 1 тілек

 

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау

Смайликтер

Стикерлер, қабырға газеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ата- аналар жиналысының тақырыбы: Қырсық балалар. Бала қырсықтығының себептері

Ата- аналар жиналысының мақсаты:

 1.Отбасылық тәрбиенің озық үлгілерін насихаттау.

2.Ата- аналардың мектеппен тұрақты қарым - қатынасын , белсенді педагогикалық ұстанымдарын қалыптастыру.

3.Үлкенді сыйлауға ,ілтипатты болуға ата ана алдындағы парызын түсінуге тәрбиелеу.

4. Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету .

Ата- аналарының жиналысының міндеттері:

Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. 

 

 

Күн тәртібінде:

1. Балаларды зорлық-зомбылықтан сақтау туралы әңгімелесу. Павлодар қаласының №4 қақалық емханасынан гинеколог-дәрігермен кеңесу. Мектеп ішіндегі оқушылардың тәртіп бұзушылық туралы әңгімелесу. Ата-аналарды оқушылардың мінез-құлық ережесімен таныстыру, ата-аналардан қолхат алу.

2. І тоқсан аяқталуы.

3. Мектепке Әбілқайыр Баймолдиннің атын беру туралы баяндау, Ұлы Отан соғысы ардагерінің өмірбаянымен таныстыру.

4. Әртүрлі сұрақтар.

Ата- аналармен тақырып төңірегінде топтық жұмыс жүргізілді.

—  Сәлемдесу рәсімі

—  "Зейінді ата- ана" тренинг

—  Топтастыру

—  Тапсырма

—  Жақсы қасиеттер

—  Аяқталмаған сөйлем

—  "Мен былай алмастырамын"

—  Жағдаяттар

—  қорытынды

 

 

                                                                              Жиналыстың барысы:

                  1. Балаларды зорлық-зомбылықтан сақтау туралы Павлодар қаласының №4 қақалық емханасынан гинеколог-дәрігермен кеңес өткізілді. Мектеп ішіндегі оқушылардың тәртіп бұзушылық туралы әңгімеле жүргізілді. Ата-аналарды оқушылардың мінез-құлық ережесімен таныстырып, ата-аналардан қолхат алдық.

          2. І тоқсан қорытындысы туралы айтылды. Үздік оқушы: Жумагалиева Алия. Озат оқушылар: Амренова Альмира, Кизирова Дариға, Мусатаева Айдана, Мұқатай Диана, Нұртазина Ботагөз, Рамазанов Алмас, Сайдағали Анель,Зейноллаев Ерсұлтан. Сапа: 50% . Үлгерім: 100 % . Бір "3" шыққан оқушылар: Әбілқайыр Солтан- ағылшын тілі, Дюсембаев Дастан- орыс тілі, Мардан Әдия- орыс тілі, Саятов Ернар- география пәнінен.

                   3. Мектепке Әбілқайыр Баймолдиннің атын беру туралы баяндадым, Ұлы Отан соғысы ардагерінің өмірбаянымен бейнесюжет арқылы таныстырдым. Ата- аналар бір ауыздан қолдап, өз келісімдерін жазбаша түрде берді.

                           4. Ата- аналармен тренинг өткізуді ұйғардым. "Зейінді ата- ана" тренингін бастамас бұрын ата- аналарды ортаға шақырамын. Екі қатарға тұрып, бір- біріне мұқият қарайды. Одан кейін қарсы қатар теріс қарайды, ал оларға қарап тұрған қатар өздерінен бір нәрсені өзгертеді. Қарсы ата- анадан не өзгергенін тауып алу болды. Ата-аналар шаттық шеңберге тұрып, бір-біріне жүрекше  арқылы жылы лебіздерін білдіреді.Топтастыру арқылы ата- аналардың ойын білу керек болатын. Оларға "Қырсық деген не?", "Қырсық бала қандай болады?" деген салыстыру берілді. Ата- аналар оны ауызша талдап, қорғап шықты. Олардың өздері балалар сияқты, осы стратегияда олар бір серігіп алды. Ойларын еркін айтты.Келесі кезекте әр топқа тапсырма берілді.

 І топ: Бала- білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата- ана қандай жағдай жасауы керек?

ІІ топ: Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?

ІІІ топ: Мұғалім мен ата- ана байланысының тиімділігі бар ма? Олар постер жасап, қорғады.

Жаққсы қасиеттер кезеңінде ата- аналарға қызықты сұрақтар (доп лақтыру арқылы) қойылды. Ата- аналар топ ішінде бір- бірімен жұпта ақылдасып, бір келісімге келіп, сұрақтарға жауап берді.

         Аяқталмаған сөйлемдер кезеңінде ата- аналар дұрыс жауап беруге тырысты. Алайда ата- аналардың басым көпшілігінің жауаптары дұрыс келмеді. "Мен былай алмастырамын" кезеңінде ата-аналар дұрыс жауап берді.

Сергіту сәтіне белсене қатысып, көңіл-күйлері көтерілді.

            Мен өз кезегімде тақырып бойынша баяндама оқыдым. Қатыгездік мінез-құлықты мектепте де, үйде де кездестіруге болады. Балалар көбінесе ата-аналардың ілтипаты мен қамқорлығының тапшылығынан агрессияға ұшырайды. Қатыгездік – баланың өз тәуелсіздігін, осы қоғамның құндылықтарын қабылдамауы әлемге дәлелдеу тәсілі. Қатыгездік дәл осы жағдайда – бұл ашудың сыртқа шығуы, түгел алмаған мейіріміне, ілтипатына өкпелеу. Осы нәтижеге отбасындағы қатыгездіктің салдарынан баланың моральдік не болмаса дене қысымына әкеп соқтырады. Сәтті отбасы – жасөспірімнің қатыгездікті көрсетпеуіне кепіл емес.

Бала қатігездігі бұрыннан бар. Баланы құрдастарымен ұрып соғу жағдайлары мектепте, көшеде кездеседі. Қазіргі жасөспірімдер қадыр-қасиетін қорлауын намысына тию қылықтарын жиі кездесетін қатыгездікті -  ұялы телефонына түсіреді, содан болған егжей – тегжейлерін түрлі сипатта ойласады. Және де белгілі жасөспірімдер ортасында басқаларға қатысты қатыгездіктің көрсетуі – бұл мінез – құлықтың нормасы сезімінің қалыптасуына себепші болады.  

Бұл балаларда қайдан пайда болды? Оларды осыған кім үйретеді? Жасөспірімдер қатыгездікті, біреуді азаптауға, агрессияны кей кезде теледидарлық хабардан алады, және осы барлық жағымсыз үлгілер біздің балаларымыздың сана – сезімінде аласаратыны екенін мойындауымыз қажет. Балалар ысқыш сияқты, барлығын өзіне сіңіп алады. Интернетте белгілі сайттарды сұмдық фильмдердің, боевиктердің қарап шығуы – бала қатыгездігінің пайда болуына негізгі себеп болып табылады. 

Ата-аналар және баланы тәрбиелейтін басқа отбасы мүшелері, күнбе-күнгі өмірде мейірімділік, рақымдылық үлгілерін көрсетуі керек, себебі бала сөздерді, сөйлеуін, өзге жағдайларға әрекет жасауын қайталайды, демек үлкендерге және өз сезімдеріне еліктіреді. 

Бала қатыгездігін алдын алу үшін ата – аналар не істей алады?

     Мұқияттылықпен және инабаттылықпен қадағалаңыз, бала кіммен дос, немен шұғылданады, нені қарайды және не оқиды.Балауса кезінен бастап өз қылықтары үшін дербестікке және жауапкершілікке үйретіңіз, жан ашуы мен бастан кешу қабілетін қалыптастырыңыз. Теледидарды және компьютерлік ойындарды қарауға уақытын шектеңіздер, бірақ тура бұйрықпен және тыйым салумен емес, қызықты іспен айналасуға ұсыну.Отбасында дене жазалауына жол бермеу, құрдастар, үлкендер және барлық тірі жандар үшін жан ашу, эмпатия сезіміне дамытыңыздар.         Балада адамгершілік сезімін ынталандыру. Агрессорларға дұрыс әсер етуіне үйрету.Түрлі әлеуметтік құбылыстарға қатынасы туралы жиі әңгімелесіңіз.Өз шамасы жоқтығына және көмексіздігіне айыптауына қауіптене отыра, өз балаңыздың қатыгездігіне және оның қылықтарын айыпсыз қалдырмауға тырысыңыз.Балаңызға тек «мен солай істегім келеді» ғана емес, сонымен қатар оның міндеттері бар екенін ескерту, басқа адамдармен санасу қажет екенін түсіндіріңіз. Мәселелерін ескермеңіз, жазалауды пайдаланбаңыз, мінсіз мінез-қылықтарды талап етпеңіз. Демек, балаға қамқорлық жасау, бағаларын қадағалау, киіндіру мен тамақтандыру ғана емес. Балаға қамқор жасау – бұл ең алдымен оның мәселелеріне көңіл бөлу, таланттарын ашу мен дамыту, достармен қатынасу, баланың өзіне және қоршаған әлеміне деген махабаты мен құрметін қалыптастыру.Ендеше өз балаларымызды адамгершілікті, мейірімді өсіруге тырысайық!

         Баяндамадан кейін екі топқа түрлі жағдаяттар берілді. Оларға  ата- аналар белсене қатысып, сахналық көрініс жасап, түрлі образға кіріп, қызықты өтті.

Қорытынды кезеңінде мен баланың біздің бауыр етіміз, оларға көңіл бөлу қажет екені айтылды. Бала дегеніміз- болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениеттті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны атсалысқан жөн. Бала бақытының кепілі- ата- ананың өнегелі тәрбиесінде.

—  Нұсқау: Бала тәрбиелеудегі жүрек жылуын алдарыңыздағы жүрек қағаздарға жазылу ұсынылады. Жақсы сөздер арқылы мейірімді жүрекке айналу қажет.

—  2 жұлдыз, 1 тілек арқылы һздерінің ойтандырып жүрген сұрақтарын және ұсыныстарын жазып кетті.

 

Ұсыныс: Балаларымыздың бойында саналы тәрбие қалыптастыру үшін отбасы мен мектеп серіктестігі қажет.

 

 

Слайд6

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата- аналар жиналысының тақырыбы: "Қырсық балалар. Бала қырсықтығының себептері" (7 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 942 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2015 2720
    • DOCX 124.3 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Темиржанова Меруерт Асетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Темиржанова Меруерт Асетовна
    Темиржанова Меруерт Асетовна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 112978
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 752 человека из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 979 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 121 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 250 человек

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продажи и управление клиентским опытом: стратегии и аналитика

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ЕГЭ по биологии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе