Инфоурок Классному руководителю КонспектыАта- аналарға арналған коучинг сессия " Балам бакытым"

Ата- аналарға арналған коучинг сессия " Балам бакытым"

Скачать материал

Розакулова О.А.

Күні: 5. 11.2015

Ата- аналарға арналған коучинг сессия

Сабақтың тақырыбы:

Балам- бақытым

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 

Жалпы мақсаты:

Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Оқу нәтижелері:

- Ата - ана жасөспірім бала бойындағы болып жатқан физиологиялық, психологиялық өзгерістерді түсінеді, баламен үнемі ашық сөйлесіп отыру қажеттігін ұғады.

Негізгі идеялар:

Тәрбиелі бала  - бақытты кәрілік

 

 

 

 

 

 

 

 

1. «Танысу» жаттығуы

 

 

 

ІІ.Топқа бөлу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.«Ротация»  әдісі

 

 

 

 

 

 

 

IV. Ситуациялық сұрақтар:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кері  байланыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды:

 

-Тренинг « Шаттық шеңбері»

—         Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

1. «Танысу» жаттығуы:

Танысу: Бір шаңырақ иесі ретінде бір-бірімізбен жақынырақ танысайық. Мына үлгі бойынша: өз есіміңіздің алдына сын есім қосып айтасыз. Мысалы: мен сымбатты Сайрангүлмін. Ал, мен ақкөңіл Анармын.... Олай болса барлығымыз орнымызға жайғасайық.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

ІІ.Топқа бөлу
От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу (2 мин)

Топ мүшелеріне мінездеме
От. Қай кезде де, қандай жағдайда да от болып жанып, өз білімдерін насихаттай білетін жандар.
Су. Жандары жақсылықты сүйетін, көңілдері судай таза, жаңалықтарға жаны құмар оқушылар.
Күн. Жанындағыларға жылу сыйлап жарқырап жүретін сәуле шашып белсенділікпен жұмыс жасайтын топ.
Ай. Ойшыл да арманшыл, қиындықтарға мойымайтын ержүрек, батыл жандар.

ІІІ.«Ротация»  әдісі -Топтық жұмыс

Үш топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III-топ. Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек

ІV- топ. Әр бала бақытты болуы үшін не кажет?

 (Ұсынылған проблема бойынша топтар әртүрлі  түс маркерімен  постерге дәлелдемелер арқылы білдіреді. Белгі берумен сағат тілі бойынша постерлерді алмастырып отырады).

IV. Ситуациялық сұрақтар:

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1.     Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

2.     Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

3.     Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

4.     Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

5.     Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?

6.     Балаңыздың сабағы тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрсыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?

«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:

-   Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.

-   Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.

-   Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.

-   Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.

Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.

Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:

Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.

Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.

Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл студент – қарым-қатынасқа ашық адам.

Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.

Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.

Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.

Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.

Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.

Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.

Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді.

Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.

Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.

Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.

 

Кері  байланыс:                    «Ашық айтсам...» жаттығуы

 

                     Ашық айтсам...»

Коучингтің жүргізілген күні___________________________________________

Менің есімім_____________________________________________

Менің  коучинг  барысында түйгенім____________________________________

__________________________________________________________________                         Ата-аналар жиналысының мұндай формасы бізге қажет пе?_______________________________________________________________________________

Бәрінен де маған  ұнады_________________________________                                                              Сіздің пікіріңізше не нәрсе артық болды,нені қосу керек еді?

______________________________________________________________________________

 ұсыныс_________________________________________________                                                             Келесіде қандай тақырыпта әңгімелесуді ұсынар едіңіз?_______________________________

_________________________________________________________________ Қолы__________________

 

Қорытынды: Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Сондықтан, қымбатты ата-аналар, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік ой-көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп шығару мектеп пен отбасының тәрбиесі ұштасып, ортақ бір мүддеге бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге асады

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ата- аналарға арналған коучинг сессия " Балам бакытым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 752 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.01.2016 7339
    • DOCX 2.1 мбайт
    • 115 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Розакулова Ольга Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 299976
    • Всего материалов: 41

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 247 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 991 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 410 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 542 человека

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе